- •Пәні бойынша
- •5В030100 - «Құқықтану» бакалавриат мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (қосымша 1)
- •2 Күндізгі бөлімнің оқу жұмыс бағдарламасы
- •2.1 Сырттай бөлімнің оқу жұмыс бағдарламасы
- •2 Жылдық 2 курс сырттай бөлімі студенттеріне арналған
- •3 Жылдық 3 курс сырттай бөлімі студенттеріне арналған
- •3 Пән бойынша оқу бағдарламасы (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар жайлы мәлімет
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •6. Дәрістік кешен (дәрістер тезистері)
- •7. Семинарлық және тәжірибелік сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Тергеу әрекеттерінің және жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымы және аражігі
- •8 Тақырып. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздері мен шарттары
- •12 Тақырып. Жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қолдану тәртібі – 1 сағ.
- •14 Тақырып. Жедел-іздестіру процесінің түсінігі және оның сипаттамасы – 1 сағ.
- •15 Тақырып. Жедел-іздестіру процесіндегі іздеу – 1 сағ.
- •8. Пәнді оқуға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Тергеу әрекеттерінің және жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымы және аражігі
- •8 Тақырып. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздері мен шарттары
- •9 Тақырып. Жалпы жедел-іздестіру шаралары
- •11 Тақырып. Жедел эксперимент жедел іздестіру шарасы ретінде және жедел-іздестіру қызметін арнайы техникалық қамтамасыз ету
- •12 Тақырып. Жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қолдану тәртібі
- •15 Тақырып. Жедел-іздестіру үрдісіндегі іздеу.
- •10.2 Студентердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •10.4 Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •11. Оқу, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибені өту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар мен есеп құжаттарының нысандары (2 сілтеме)
- •12.1 Баға туралы мәлімет
- •Білімді бағалау критерийі:
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық нысанда өткізу
- •Мазмұны
- •«Тергеу және жедел-іздестіру әрекеттері»
- •5В030100 - «Құқықтану» мамандығына арналған
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
11. Оқу, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибені өту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар мен есеп құжаттарының нысандары (2 сілтеме)
12.1 Баға туралы мәлімет
Студенттердің білімін бағалау рейтингтік бағана
Рейтинг |
Баллдар |
Ағымдық |
50-100 |
Аралық |
50-100 |
Қорытынды |
50-100 |
Барлығы: |
50-100 |
Білімді бағалау критерийі:
Рейтинг (әріптік эквивалент) |
Өлшемдері |
0-49 (F)
|
Бағдарламалық материал бойынша білімнің болмауы; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеуі және үлкен қателіктерді жіберу |
50-74 (D, D+, C-, C,C+) |
Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; бағдарламалық материалды жеткілікті терең түсінбейтіндігі байқалады; негізгі ойлар мен теориялық ережелерді баяндауда жеке қателіктер болғанда; материалды репродуктивті баяндау іскерлігі ғана байқалады; өз еркімен қорыту және талқылау байқалмайды |
75-89 (B-, B, B+) |
Жауап толық, дұрыс; тақырып бойынша негізгі ойлар, ережелер жайлы білімі көрсетілді. Нақтылы материалды, негізгі түсініктер мен заңдарды білу. Материалды басқа оқу құралдарын, периодты баспаларын қолдана отырып баяндау. Дәлелдеме жүргізу, дәлелдеу іскерлігі, жоққа шығару, қорытындылай және жалпылама жасауы, бірақ, баяндауда дәлдік жоқ, негізгі емес, мазмұны бұрмаланған. |
90-100 (A-, A) |
Жауап толық, дұрыс; тақырып бойынша негізгі ойлар, ережелер жайлы білімі көрсетілді. Нақтылы материалды, негізгі түсініктер мен заңдарды білу. Материалды басқа оқу құралдарын, периодты баспаларын қолдана отырып баяндау. Дәлелдеме жүргізу, дәлелдеу іскерлігі, жоққа шығару, қорытындылай және жалпылама жасауы
.
|
12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
1. Жедел-іздестіру қызметі мен криминалистикада толығымен сәйкес келеді:
A) мақсаттары
B) міндеттері
C) объектісі
D) субъектісі
E) нысаны мен құралдары
2. Жедел-іздестіру қызметі мен қылмыстық іс жүргізу қызметінде толығымен сәйкес келеді:
A) мақсаттары
B) міндеттері
C) объектісі
D) субъектісі
E) тәсілдері
3. Жедел-іздестіру қызметінің құқық қорғау функциясы және қылмыстық іс жүргізу қызметі келесі ортақ міндетті шешеді:
A) мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, оның экономикалық потенциалы мен қорғаныс қабілеттігін нығайтуға жәрдемдеседі
B) қылмыстарды анықтау, алдын алу және тергеу
C) қылмыстарды ашу
D) әшкерелеу және қылмыстарды жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту
E) әділ соттық талқылау
4. Жедел-іздестіру қызметіне қарағанда қылмыстық іс жүргізу қызметінің объектілері болып табылады (дұрыс жауапты көрсетіңіз):
A) құқыққа қайшы әрекет жасауға қатысының мүмкін болатындығы туралы мәліметі бар тұлғалар
B) құқыққа қайшы әрекет жасауда қатысының анықталғандығы туралы мәліметі бар тұлғалар
C) қылмыс жасауға сезікті және айыпталушы тұлғалар
D) құқыққа қайшы әрекет жасауда қатысының мүмкін болатындығы туралы мәліметі бар ұйымдар
E) құқыққа қайшы әрекет жасауда қатысының анықталғандығы туралы мәліметі бар ұйымдар
5. Жедел-іздестіру қызметінің құқық қорғау функциясы мен қылмыстық іс жүргізу қызметінің келесі ортақ субъектілері бар (дұрыс жауапты көрсетіңіз):
A) Жедел-іздестіру қызметінің құқық қорғау функциясын жүзеге асыруға уәкілетті органдар
B) Жедел-іздестіру қызметінің жүзеге асыруға уәкілетті емес анықтау органдары
C) прокуратура
D) сот
E) тергеуші
6. Тек жедел-іздестіру қызметіне тән қағиданы анықтаныз:
A) Заңдылық
B) Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау
C) Азаматтардың заң алдында теңдігі
D) Жариялылық
E) астыртын әрекет ету
7. Мыналардың қайсысы жедел-іздестіру қызметінің құқықтық негізін құрамайды:
A) Конституция
B) Жедел-іздестіру қызметі туралы заң
C) Жедел-іздестіру қызметі туралы теориалық білімдер жиынтығы
D) Мемлекеттік құпия туралы заң
E) Жедел-іздестіру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер
8. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға құқылы шетел мемлекеттерінің органдары Қазақстанның территориясында жедел-іздестіру шараларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге құқығы бар ма:
A) Жедел-іздестіру қызметі туралы заңға және мемлекет аралық келісімдер негізінде құқылы
B) құқығы жоқ
C) ҚР Үкіметінің рұқсатын алу негізінде құқылы
D) ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Бас прокуратурасының келісімімен құқылы
E) құқығы бар
9. Мыналардың қайсысы жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар қатарына жатпайды:
A) Ішкі істер органдары
B) Ұлттық қауіпсіздік органдары
C) Қаржы полициясы органдары
D) Тергеу органдары
E) Кеден органдары
10. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жасырын көмек көрсететін тұлғалар қай жағдайда өзіне жүктелген міндеттерін орындамаған кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін (дұрыс жауапты көрсетіңіз):
A) барлық жағдайда
B) тапсырманы орындаудан бас тартқан жағдайда
C) көмек көрсету кезінде мәлім болған мәліметтерді жария еткен кезде
D) біле тұра жалған мәлімет берген жағдайда
E) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға көмек көрсететіндігі жөнінде біле тұра жария еткен жағдайда
11. ҚР заңын бұзуға жол берген жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қай заңға сәйкес жауаптылыққа тартылады (дұрыс жауапты көрсетіңіз):
A) Жедел-іздестіру қызметі туралы заң
B) Қылмыстық Кодекс
C) Қылмыстық іс жүргізу кодексі
D) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс
E) Ішкі веодмстволық нормативтік актілер
12. Сотталғандардың корреспонденциясын цензуралау жүргізеді:
A) Ұлттық қауіпсіздік органдарымен
B) Ішкі істер, қаржы полициясы мен Әділет Министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарымен
C) Президенттің Күзет қызметімен
D) ҚР қауіпсіздік министрлігінің барлау қызметімен
E) Кеден органдары
13. Пошталық жіберілімдерге толық көлемде бақылауды жүзеге асыруға құқылы (дұрыс жауапты көрсетіңіз):
A) Ұлттық қауапсіздік органдары
B) Ішкі істер органдары
C) Президенттің Күзет қызметі
D) Қаржы полициясы
E) Әскери барлау қызметі
14. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын барлық органдардың мүддесі үшін байланыс мекемелерінің телефондық байланыс және пошталық каналдарды қолданумен байланысты арнайы жедел іздестіру шаралары жүргізіледі:
A) Ұлттық қауіпсіздік органдарымен
B) Ішкі істер органдарымен
C) Президеттің Күзет қызметімен
D) Қаржы полициясымен
E) Әскери барлау қызметімен
15. Арнайы жедел іздестіру шараларын тек өзінің жедел қамтамасыз ету объектілерінде жүргізе алатын орган:
A) Ұлттық қауіпсіздік органдарымен
B) Ішкі істер органдарымен
C) Президеттің Күзет қызметімен
D) Қаржы полициясымен
E) Әскери барлау қызметімен
16. Қандай жағдайларда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның бастығымен бекітілген қаулының негізінде, 24 сағаттың ішінде прокурорды міндетті түрде хабарлаумен азаматтардың жазбаша келісімімен телефондық сөйлесулерді тыңдауға болады:
A) белгілі бір тұлғалардың өміріне, денсаулығына, меншігіне қауіп төнгенде
B) ауыр қылмыстың дайындалуы туралы мәліметтер алынғанда
C) жедел іздестіру үшін аса маңызды ақпаратты нақты алу мүмкіндігі пайда болғанда
D) тыңдауға барлық жағдайда жол берілмейді
E) барлық жағдайда тыңдауға болады
17. Жедел-іздестіру қызметі туралы заң бойынша жедел-іздестіру шаралары келесі түрлерге бөлінеді:
A) Жалпы және жеке
B) Жеке және құпия
C) Жалпы және арнаулы
D) Жалпы және жасырын
E) Жалпы, жеке және құпия
18. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде не алынады:
A) Дәлелдеме
B) Ақпарат
C) Ештеме алынбайды
D) Дәйектеме
E) Құжаттар
19. Азаматтардың жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мағлұматтар сақталуы мүмкін бе:
А) Сақталмайды
B) Сақталады
С) Егер оларда заңмен тиым салынған іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлама болса сақталады
D) Егер жедел-іздестіру органының бастығы рұқсат берсе сақталады
E) Олар барлық жағдайда жойылуға жатады
20. Жедел-іздестіру қызметіне қадағалауды кім жүргізеді:
A) Жедел уәкіл
B) Сол органның бастығы тек
C) Анықтаушы
D)Тергеуші
E) Прокурор
