Геотермалдық энергия
Жер энергетикасы – геотермалдық энергетика Жердің табиғи жылулық энергиясын қолдануды өзінің базалық нүкте ретінде алады. Бір киломметр тереңдікті есепке алып Жер қыртысының үстіңгі қабатының темературалық градиенті 20-300С, және, Уайттың мәліметтері бойынша(1965 ж.), тереңдігі 10 км жер қыртысының жылу мөлшері 12*1026Дж. Бұл жылулық ресурстар 4,6*1016т көмірдің жылулық ресурсына эквивалентті. Бұл техникалық және экономикалық әлемдегі көмір ресурстарының жылулық ресурстарынан 70 мыңнан астам рет көп. Бірақ, жер қыртысының үстінгі қабатындағы (10 км тереңдікке дейін) геотермалдық жылулық, оның көмегімен әлемдегі энергетикалық проблемаларды шешу үшін өте жайылған. Өнеркәсіпте қолдану үшін қажет ресурстар жекелеген геотермалдық энергияның қайнар көздері ретінде берілген, олар қолайлы тереңдікте шоғырланған, өздерінің температурасы және көлемі электр энергия ретінде немесе жылу ретінде қолдану үшін жеткілікті.
Геотермалдық энергетика — энергияны Жердің ішкі жылуынан алу. Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына суды және басқа сұйықтарды жәнегаз тәрізді заттарды айдап сіңіруден альшады. Геотермалды энергетика тұрмыстық қажетте жөне жылыту қондырғыларында кең қолданылады. Кем тұсы — жылы сулардың жоғарғы улылығы және сұйықтар мен газдардың химиялық зиянды реакциялары.
Гидроэнергия.
Су электр станциялары (СЭС) су ағымының әлеуетті энергиясын элекр энергиясына айналдыруға қолданылады. Су электр станциялары көбінесе өзен бойында тоған және су қоймаларын құра отырып салынады. Сондай-ақ, су ағымының кинетикалық энергиясын еркін ағымдық СЭС-терде қолдануға болады.
Ерекшеліктері:
СЭС электр энергиясының өзіндік құны басқа электр станция түрлеріне қарағанда әлдеқайда төмен.
СЭС генераторларын қажеттілікке сай жылдам өшіріп-қосуға болады.
Жаңартылатын энергия көзі болып табылады
Қоршаған ауаға әсері басқа электр станцияларға қарағанда анағұрлым азырақ
СЭС құрылысы капиталды көбірек қажетсінеді
Тиімді СЭС-тер тұтынушылардан жиі алыс орналасады
Су қоймалары едәуір аумақтарды алып жатады
2010 жылы су энергетикасы әлемдік электр энергиясының 16% пайыз, ал жаңартылатын энергияның 76 %-ын қамтамасыз еткен. Тіркелген энегетикалық қуаттылығы 1015 ГВт құраған. Адам санына шаққанда су энергиясын өндіруде Норвегия, Исландия мен Канада елдері көшбасшылар қатарында.
Қорытынды
Қорыта келе айтарымыз: Күн энергиясын өз мақсатымыз үшін пайдаланудың болашағы зор. Ғалымдардың болжауынша 2050 жылға қарай Күн энергиясы адамзаттың электр энергиясына деген 20-25%-дай қажеттілігін өтей алады. Сол сияқты Халықаралық энергетикалық агенттіктіктің мәліметі бойынша 40 жылдан кейін Күн энергетикасы көмегімен атмосфераға көмірқышқыл газының түсуін жылына 6 млрд тоннаға дейін қысқартуға болады екен. Осындай тұжырымдар негізінде Күннен өндірілетін энергияның адамзат үшін сарқылмайтын байлық екендігіне әбден көз жеткізуге болады деп ойлаймыз.
Мұхит толқындары-энергия көзі болып табылады.Әлемдік мұхитқа келіп түсетін энергияның негізгі бөлігі күн сәулесінің шағылысуы нәтижесінде болады.Мұхитқа энергия сонымен қатар ғарыштық денелердің және ғаламшардың су массасының гравитациялық әрекеттесуі және ғаламшар түбінен келетін жылу нәтижесінде келеді.Әлемдік мұхит кеңістігі барлық ғаламшардың шамамен 70% алып жатыр және шамамен 360 млн.кмә болады.Осы кеңістіктің көп бөлігі мұздың әсерінен әрқашан бос және күн сәулесін жақсы шағылыстырады.Мұхит суында шамамен күн сәулесінің 65% судың алғашқы бір метрінен бастап 90% он метрлік қабатпен шағылысады.
Шындығында, қазіргі заманды электр энергиясынсыз мүлдем елестету мүмкін емес. Сол себепті де, электр энергияны алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр. Әлем бойынша электр энергиясын ең көп өңдіретін елдерге АҚШ, Қытай жатады. Бұл елдерде электр энергиясының өндірісі әлемдік өндірістің 20%-ын құрайды. Соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы қазбалардың жетіспеушілігі және оның географиялық біркелкі емес таралуы салдарынан электр энергиясын өндіру желэнергетикалық құрылғыларды, Күн батареяларын, газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады.
Жоспар
Кіріспе...............................................................................................................1
Негізгі бөлім
Энергетикалық баланс
Энергия дегеніміз не ?............................................................................................2
Энергетиканың негізгі түрлері.............................................................................2
Қайта жаңаратын энергия көздері
Жел энергиясы.........................................................................................................3
Күн энергетикасы. Күн батареялары.....................................................................4
Геотермалдық энергия............................................................................................6
Гидроэнергия...........................................................................................................6
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»
Мақала: Күн батареясы. – “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясы. 5-том, 127-бет. Алматы, 2003 жыл.
Мақала: Фотоэлемент. – “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясы. 9-том, 227-228 беттер. Алматы, 2007 жыл.
Берковский А.Г. и др. Фотоэлектронные приборы. Москва, 1965
Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
