Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану метод. указ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆
  1. Мәнжазба тақырыптары

  1. ҚР саяси жүйесі.

  2. Д.Истонның саяси жүйе туралы теориясы.

  3. Саяси мәдениет саяси жүйенің тармағы ретінде.

  4. Қазақ дәстүрлі қоғамының саяси мәдениеті.

  5. Қазақ дәстүрлі қоғамының саяси жүйесі

  6. Саяси жүйенің әлеуметтік негізі.

9) Әдебиеттер

1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. –

А., 2004

2. Анохин М.Г. Политические системы: адаптация, динамика, устойчивость. М.,1996

3. Борисов В.К. Теория политической системы. М.,1991

4. Истон Д. Категории системного анализа политики. // Антология мировой

политической мысли. Т. 2. М.,1997

5. Основы теории политической системы. – М. 2001

6. Политическая система общества: история и современнность. М.,2001

7. Проблемы развития политической системы Республики Казахстан. Алматы,1992

  1. №7 Сабақ

Тақырып Мемлекет және азаматтық қоғам

  1. Сабақ мақсаты Мемлекеттік пайда болуына, мәніне, қызметтеріне тоқталу. Мемлекет туралы айтқан батыстық және шығыстық ойшылдар еңбектерімен таныстыру.

  1. Семинар жоспары:

1. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде;

2. Азаматтық қоғам ұғымы. Азаматтық қоғамның құрылымы;

3. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілері;

4. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру

проблемалары;

  1. Блиц-тест

1. «Мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады» деп айтқан саясаткерлер:

А) Р.Арон, Ж.Бюрдо;

Б) Джон Локк, Ш.Л.Монтескье;

В) Р.Мартин, Ж.К.Шевалье;

Г) Ж.К.Шевалье, П.Моррис;

Д) А.Каплан, Ш.Л.Монтескье;

2. Республика қалай бөлінеді:

А) Президенттік;

Б) Парламенттік;

В) Аралас;

Г) Дұрыс жауабы жоқ;

Д) Барлық жауабы дұрыс;

3. Мемлекет құрылысы:

А) Унитарлық;

Б) Федерация;

В) Конфедерация;

Г) Дұрыс жауабы жоқ;

Д) Барлық жауабы дұрыс;

4. Мемлекет ұғымының кең мағынасын көрсетіңіз:

А) Үлкен әлеуметтік топ ұйымын білдіріп, “ халық ”, “ қоғам ” ,“ ел ” деген ұғымдары кіреді;

Б) Халықтың қалауы бойынша қалыптасуы;

В) Таптық , топтық , жеке адам саясаты;

Г) Мемлекет кейпін, сырт бейнесін, қоғамдағы рөлін бағалау;

Д) Дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың кіруі;

5. Мемлекет ұғымының тар мағынасын көрсетіңіз:

А) Басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп,

“үкімет”, “әкімшілік” ұғымдары кіреді;

Б) Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі;

В) Таптық , топтық , жеке адам саясаты;

Г) Саяси билікке ұмтылыс;

Д) Дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың кіруі;

6. Мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірген теория:

А) Теологиялық теория;

Б) Географиялық теория;

В) Бихевиористік теория;

Г) Танымдық бағыт теория;

Д) Психологиялық теория;

7. Географиялық теория бұл ..:

А) Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның ( ауа райы, жер бедері) өзгешеліктері;

Б) Адамдарға бағыну мен құлшылық ету мәңгі бақи;

В) Бір елді екінші елдің басып алу нәтижесі;

Г) Мемлекеттің пайда болуы жеке меншік пен таптардың шығуы;

Д) Адамдардың ұлттық мүддесін қорғау;

8. Ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздік , дербестік мемлекеттің қай белгісіне жатады:

А) Мемлекеттің егемендігі;

Б) Салық салу;

В) Аумақтың бөлінуі;

Г) Ерекше өкімет аппараты;

Д) Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру;

9. Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; өзін - өзі билеу, егемендігін сақтау; өз елінің саяси мүддесінің ықпалдығына, тиімділігіне жағдай жасау- бұлар мемлекеттің қай міндеттеріне жатады:

А) Сыртқы міндет;

Б) Жалпы міндет;

В) Түрлеріне жатады;

Г) Ішкі міндет;

Д) Шартсыз міндет;

10. Мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік – экономикалық және мәдени – рухани қоғамдық қатынастар жиынтығы бұл ...:

А) Азаматтық қоғам;

Б) Мемлекет;

В) Билік;

Г) Заң;

Д) Сайлау;

5) Бақылау сұрақтары

1. Мемлекеттің пайда болуы туралы қандай теорияларды білесіз? Оның қайсысы дұрыс деп санайсыз? Неге?

2. Мемлекеттің басқа саяси ұйымдардан айырмасы қандай?

3. Мемлекет кімге қызмет етуі керек: өзіне-өзі, адамдардың бір тобына, бүкіл қоғамға ма? Ойыңызды дәлелдеңіз.

4. Қоғамдық өмірдің мемлекеттенуі деген не? Ол қандай жағдайда пайда болады?

5. Мемлекеттің белгілері қандай? Бұл белгілерсіз мемлекет бола ала ма?

6. Мемлекет қандай қызметтерді атқарады (ішкі, сыртқы)?

7. Сайлау жүйесі деп нені айтады?

8. Сайлау жүйесінің қандай түрлерін білесіз, олар немен ерекшеленеді?

9. Азаматтық қоғам деген не?

10. Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде?