- •«Әлеуметтану ғылым ретінде»
- •«Әлеуметтанулық ойдың дамуының негізгі кезеңдері»
- •«Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы»
- •«Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы»
- •«Хх ғасыр әлеуметтануы»
- •«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде»
- •«Әлеуметтік институттар және процестер»
- •«Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация»
- •«Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары»
- •«Девиация және әлеуметтік бақылау»
- •«Білім әлеуметтануы»
- •«Саясат әлеуметтануы»
- •«Экономика әлеуметтануы»
- •«Отбасы әлеуметтануы»
- •«Мәдениет әлеуметтануы»
- •«Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы»
- •«Қолданбалы әлеуметтану»
- •«Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік жағдайы»
«Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы»
265. Қоғамға ықпал ету мақсатымен ақпаратты беру мен алмасудың, қарым-қатынас процесінің, материалдық және рухани әлемнің кез келген объектілерінің байланыс құралы қалай аталады?
А) ақпаратты беру;
В) коммуникация;
С) хабар формасы;
D) ақпарат тәсілі;
Е) ақпарат әдісі.
*****
266. Қоғамда қабылданған бірқатар әлеуметтік маңызды бағамдаулардың, нақты жағдайлардың, коммуникативтік салалардың және қарым-қатынас нормаларының негізінде құрылған адамдардың коммуникативтік қызметін не зерттейді?
А) психолингвистика;
В) лингвистика;
С) паралингвистика;
D) коммуникация әлеуметтануы;
Е) социолингвистика.
*****
267. Коммуникация саласында қалыптасқан қарым-қатынастың, өзара әрекеттің және ықпалдың ерекшеліктері болып саналады:
А) коммуникация әлеуметтануының пәні;
В) коммуникация әлеуметтануының объектісі;
С) коммуникация әлеуметтануының субъектісі;
D) коммуникация әлеуметтануының формасы;
Е) коммуникация әлеуметтануының тәсілі.
*****
268. Әртүрлі жіктердің көңіл-күй көтеру әлемімен байланысқан утилитарлық сұранысты қанағаттандырудың атқаратын функциясы:
А) коммуникативтік;
В) идеологиялық;
С) жарнама-анықтамалық;
D) мәдени-білімдік;
Е) рекреативтік.
*****
269. Коммуникация әлеуметтануын қандай типтегі тұлға қызықтырады?
А) «homo sapiens» - саналы адам;
В) «homo politicus» - қоғамдық адам;
С) «homo consumens» - тұтынушы адам;
D) «homo liber» - еркін адам;
Е) «homo loguens» - сөйлеуші адам.
*****
270. Алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша индивидтің мінез-құлқын өзгертуге әкелетін индивид санасын мақсатты ынталандырудың тәсілі – бұл:
А) жұқтыру;
В) дегеніне көндіру;
С) еліктеу;
D) күшпен кіру;
Е) қызықтыру.
*****
271. Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру тұжырымдамасына сәйкес бұқаралық коммуникацияның өз әрекетінде адамдардың қажеттіліктеріне бағыт-бағдар ұстайтындығын негіздеген:
А) Б.Берельсон;
В) У.Шрамм;
С) П.Лазарсфельд;
D) Р.Мертон;
Е) Г.Маклюэном.
*****
272. Мамандандырылған және бұқаралық ақпарат – бұл:
А) әлеуметтік ақпарат тәсілдері;
В) әлеуметтік ақпарат формалары;
С) әлеуметтік ақпарат типтері;
D) әлеуметтік ақпарат деңгейлері;
Е) әлеуметтік ақпарат міндеттері.
*****
273. Өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша әлеуметтанулық ақпаратқа қысқаша баспасөз беттерінде түсініктеме шолу жарияланған – бұл:
А) мақала;
В) очерк;
С) сурет салу;
D) эссе;
Е) әлеуметтанулық түйін.
*****
274. Баспасөз, радио, теледидар – бұлар:
А) бұқаралық коммуникацияның ішкі формалары;
В) бұқаралық коммуникацияның салалары;
С) бұқаралық коммуникацияның сыртқы формалары
D) бұқаралық коммуникацияның түрлері;
Е) бұқаралық коммуникацияның тәсілдері.
*****
«Қолданбалы әлеуметтану»
275. Әлеуметтанудың зерттейтіні – бұл:
А) зерттелетін объекті немесе құбылыс жөнінде нақты объективті мәлімет алуды мақсат еткен методологиялық, әдістемелік және ұйымдық-техникалық процедураның логикалық жүйесі;
В) зерттелетін әлеуметтік құбылыстар мен процестер жөнінде салыстырмалы түрдегі түсінікті анықтауға бағытталған процедура жүйесі;
С) зерттелетін пәннің немесе құбылыстың себептік сипатын анықтауға бағытталған процедура жүйесі;
D) зерттелетін пәннің немесе құбылыстың құрылымын қарастыруға бағытталған логикалық процедураның жүйесі;
Е) зерттелетін объектінің немесе құбылыстың сапалық сипаттарын қарастыруға бағытталған процедура жүйесі.
*****
276. Бұл құжат кез келген әлеуметтану зерттеуінің міндетті түрдегі бастауы болып саналады, онда зерттеудің методологиялық принциптері, мақсаттары және міндеттері, оларға жетудің тәсілдері көрсетілген:
А) жоспар;
В) сұрақтама;
С) бағдарлама;
D) анкета;
Е) түйін.
*****
277. Бастапқы ақпаратты жинаудың мақсаттарын, міндеттерін, тәсілдерін, құралдарын анықтау, оны өңдеу және талдау – бұл:
А) әлеуметтану зерттеулерінің процедурасы;
В) әлеуметтану зерттеулерінің кезеңдері;
С) әлеуметтану зерттеулерінің түрлері;
D) әлеуметтану зерттеулерінің типтері;
Е) әлеуметтану зерттеулерінің жолдары.
*****
278. Зерттеу пәнінің тереңдігі мен күрделілігіне талдау жасау әлеуметтануда әлеуметтанулық зерттеулердің келесі түрлерін ерекше көрсетеді:
А) нақтылы, қайталанған, панельді;
В) жаппай, сұрыпталған, локальды;
С) теориялық, эмпирикалық, іргелі;
D) барлау, суреттеме, сараптама;
Е) мониторингтік, экспериментальды, кешенді.
*****
279. Нақты зерттеулердің ерекшеліктеріне, ерекшелікті шешілетін міндеттеріне, зерттелетін құбылыстың ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтану зерттеулерінің принциптерін бейімдеу құралы – бұл:
А) талдау;
В) методология;
С) процедура;
D) техника;
Е) әдістеме.
*****
280. Талдамалы зертеудің мақсаты – бұл:
А) белгілі бір құбылыстың немесе процестің құрылымын, формаларын және сипатын анықтау;
В) құбылыстар мен процестердің негізіне жататын мәнді себептерді анықтау;
С) белгілі бір объекті жөнінде алғашқы ақпаратты алу;
D) зерттелетін процесс пен құбылыстың параметрлеріне сандық және сапалық баға беру;
Е) пән жөнінде жалпы мағлұмат алу.
*****
281. Практикалық қызмет пен таным принциптерінің, нормаларының, әдістерінің жиынтығының аталуы:
А) әлеуметтану зерттеуінің процедурасы;
В) әлеуметтану зерттеуінің әдісі;
С) әлеуметтану зерттеуінің амалы;
D) әлеуметтану зерттеуінің құралы;
Е) әлеуметтану зерттеуінің методологиясы.
*****
282. Әлеуметтануға жатпайтын әдіс:
A)сауалнама;
B)бақылау;
C)құжаттарды талдау;
D)тарифтік;
E)эксперимент.
*****
283. Адам жүріс-тұрысын анықтайтын және оларға бақылауды қамтамасыз ететін, ұйымдық құрылымды өзгертуге мақсатты бағытталған қолданбалы әлеуметтану амалдарының жиынтығы – бұл:
А) әлеуметтік инженерия;
В) басқарушылық кеңес;
С) әлеуметтік технология;
D) құрылымдық-функционалдық талдау;
Е) зерттеудің жұмыс жоспары.
*****
284. Ауызша және жазбаша ақпараттың көзі ретінде эмпирикалық зерттеуге қатысушы адам – бұл:
А) әлеуметтанушы;
В) саяси шолушы;
С) респондент;
D) журналист;
Е) публицист.
*****
285. Зерттелетін объектіні мақсатты және жоспарлы түйсіну әдісі – бұл:
А) эксперимент;
В) бақылау;
С) сұрыптау;
D) сауалнама;
Е) құжаттарды талдау.
*****
286. Сұхбатнама және анкеттеу қай әдіске жатады?
А) бақылау;
В) эксперимент;
С) сұрыптау;
D) сауалнама;
Е) құжаттарды талдау әдісі.
*****
287. Объектіні кейбір басқаратын және бақылайтын факторлардың ықпалының нәтижесінде объектінің қызметі мен жүріс-тұрысының сандық және сапалық өзгерістерінің көрсеткіші туралы ақпарат алудың тәсілі – бұл:
А) сұхбатнама;
В) бақылау;
С) верификация;
D) анкеттеу;
Е) эксперимент.
*****
