Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
703-06-12. Силлабус.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆

Аудиториялық және сөж сабақтарын өткіузге талаптар

  • барлық аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтар методикалық нұсқаулықтармен қамсыздандырылуы қажет;

Студенттерге қойылатын талаптар

- семинар және дәріс сабақатарына қатысуға міндетті;

- киім үлгісі;

- еңбек тәртібін сақтау;

- оқу процесін ұйымдастыру туралы нұсқауға сәйкес айыптық санкциялар

- студенттердің ғылыми жұмыстарға, студенттік конференцияларына қатысқаны үшін кафедраның қарауына қарай қосымша бонустар

1. Кіріспе. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой-өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Білім беру деңгейін арттыру мен тәуелсіз Қазақстанның жаңа қатарының дүние танымдарын қалыптастыруда экономикалық теорияның орны ерекше. Экономикалық теорияны оқу табиғаттағы, қоғамдағы, экономикадағы адамның орны мен ролін объективті және сауатты анықтауға, экономикалық процестер арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге мүмкіндік береді. Ол экономикалық процестердің ғылыми-техникалық прогреспен, мемлекеттік саясатпен, ұлттық және әлем мәдениетімен өзара байланысты зерттейді.

«Экономикалық теория негіздері» курсының типтік бағдарламасында оқытылуы міндетті тиіс экономикалық категориялар мен экономикалық заңдардың талаптары нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу құралдары, экономиканы мемлекеттік реттеудің рөлі мен орны, сонымен қатар Қазақстан Республикасында қарқынды дамып жатқан әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика үлгісінің ерекшеліктері мен болашағы анықталған.

Пәннің зерттеу объектісі микро-, макро-, мегадеңгейлердегі нарық субъектілері арасындағы, мемлекет пен нарық субъектілері, мемлекет пен қоғам арасындағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму заңдылықтары, Қазақстандағы әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика үлгісінің ерекшеліктері мен болашағы болып табылады.

Экономикалық теория негіздерін оқыту әдістеріне тарих пен логиканың біртұтастығы, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, ғылыми абстракция, математикалық моделдеу, экономикалық тәжірибе мен болжау жатады.

Экономикалық теория салалық, функционалдық және салааралық экономикалық ғылымдардың әдістемелік негізі болып табылады.

Берілген типтік бағдарлама «Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша арнайы курстар (арнайы семинарлар) жасауда Жалпы теориялық және әдістемелік негіз болып табылады.

2. Пәннің мақсаты: «Экономикалық теория негіздері» курсының мақсаты мен міндеттері студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының эволюциясы мен заңдылықтары туралы, сонымен қатар шектеулі ресурстар жағдайында адамның экономикалық іс-әрекетінің қағидалары мен мотивтері туралы теориялық білім беру, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда экономикалық дүние таным мен белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру болып табылады.

Экономикалық теория пәні жоғарғы оқу орындарының студенттерінің экономикалық біліктілігін арттырып, аралас нарықтық экономиканы жақсы оқып-түсінген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін мамандар дайындауға көмек береді.

3. Оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой-өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, «Экономикалық теория негіздері» курсының бағдарламасы алдымен қазіргі замаңғы демократиялық қоғам қалыптастыру идеясынан туындайтын, стратегиялық мақсаттарды шешу жолдарын нұсқап, отандық әрі әлемдік экономикалық проблемаларын қарастырған.

Экономикалық теория негіздерін оқитын студенттер алатын білім, білік пен дағдының ең төмендегі деңгейі келесілерді қамтиды:

  • экономикалық мәселелер бойынша ғылыми мұрада жинақталған негізгі теориялық көзқарастарды білу;

  • әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, экономикалық құбылыстардың мәнін жүйелей алу;

  • шектеулі ресурстар жағдайындағы нарықтың өзін-өзі реттеу механизмдреін білу;

  • экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидаларын білу.

Пәнді оқыту барысында «Қазақстан -2030» стратегиясына қатысты мәселелер және экономикалық білімнің әлеуметттік-гуманитарлық астары да кеңінен қарастырылған.

4. Оқытудың соңғы нәтижелері: Болашақ дәрігер экономикалық терминдерді түсініп, экономикалық ілімнің пайда болуын, даму тарихын біліп, макроэкономикалық теорияларды түсініп, кәсіпкерлік қызметтің мәнін, өндірісті басқару және менеджмент негіздерін түсініп-білу керек. Нарықтық экономиканың заңдарын, принциптерін түсініп, оларды күнделікті өмірде қолданып білу қажет. Мемлекеттің экономикалық саясатын, әлемдік шаруашылықтың ерекшеліктерін түсіну керек.

5. Реквизитке дейінгі: «Экономикалық теория негіздерін» оқып білу келесі оқу пәндерінен алынған білімдерге сүйенуі қажет: Философия, Әлеуметтану және Саясаттану, Құқық негіздері, Тарих және Мәдениеттану, География, Математика және т.б.

Реквизиттен кейінгі: «Экономикалық теория негіздері» пәнін оқу барысында алған білім-дағдылар келесі пәндерді меңгеруге көмектеседі – Тарих, Әлеуметтану, Саясаттану, Құқық негіздері, Мәдениеттану, География, Экология, Психология және т.б.

6. Пәннің қысқаша мазмұны: Жалпы экономикалық теория осы ғылымның қалыптасу тарихына жасалатын шолумен тығыз байланыста қарастырылады. Экономикалық теорияның өткендегі және бүгінгі негіздерімен, сондай-ақ оның аса маңызды баптарымен де тікелей байланысты. Экономикалық ілімнің пайда болуы мен дамуы туралы мәселелер сипатталады. Макроэкономикалық теориялар және экономикалық дамудың заңдылықтары қарастырылған. Кәсіпорынның сипаттамасы, өнідірісті басқару, шаруашылық субъектісінің нарықтық қызметі көрсетіледі. Экономиканың өтпелі кезеңдегі нарық қатынастарының қалыптасуы, экономиканы реттеудің нарықтық және мемлекеттік нышандары баяндалады. Экономиканың халықаралық астары мен әлемдік шаруашылықтың ерекшеліктері көрсетіледі.