Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тұлға+социологиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35 Кб
Скачать
☆

2. Жеке тұлғаның бағыттылығы

Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.

Белсенділік — жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына, мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады.

Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттандырудың әлеуметтік сипаты туралы айтып отырмыз.

Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдармен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер (кітап және үнқағаз оқу, радио, теледидар тындау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады.

Адам қажеттілігі — адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене түсті.

Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі болып табылады. Тек қана қажеттілік адамды белгілі бағытта әрекет етуге итермелейді.

Қажеттілік — бұл өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін білдіретін жеке тұлғаның қалпы. Қажеттілік — жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі қажеттілік жалпы түрде байқалады.

3. Жеке тұлғаның қалыптасуы

Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында, оны оқыту және тәрбелеуде қалыптасады. Жеке тұлғаның дамуының, сонымен қатар барлық психикалық сапалар мен үрдістердің қозғаушы күштері не?

Психология тарихында бұл мәселені шешуде екі бағыт қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық.

Биогенетикалық бағыттың түсіндіруінше, жеке тұлғаның дамуы биологиялық, тұқым қуалау факторымен анықталады.

Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз еркімен) сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша, адам табиғатынан эмоциялық реакциясы жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып ғана қоймайды, сонымен қатар белгілі түрткілер жиынтығы бейімдік береді. (біреулер қылмыс істеуге бейім келеді, кейбіреулер ұйымдастырушылық қабілетке бейімділік аңғартады және т.б.). Адамдарда табиғатынан психикалық іс-әрекетінің түрлері бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен қатар оның мазмұны, психикалық даму кезендері және оның пайда болу тәртібі алдын ала анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзінің белсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекет етуінің жемісі ретінде қарастырады.

Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогенетиктер сияқты даму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімделушілік қызметін ескереді. Егер де социогенетикалық тұжырымдаманың айтқанына жүгінсек, онда мынадай мәселе түсініксіз болып қалады, неге бір әлеуметтік ортада әртүрлі адамдар қалыптасады, оның себебі неде?

Сонымен, биогенетикалық та, социогенетикалық тұжырымдама да жеке тұлғаның дамуы заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық та, социогенетикалық та психикалық дамудың қозғаушы күштерін анықтауға қабілетті емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]