Сурет-4
ІІІ тарау. Жайық өзенінің ертеңі
Қорытынды
Қорытындылай келе Жайық өңіріндегі өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының дамуы табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды талап етеді. Өнеркәсіпті дамыту қоршаған ортаның ластануына, адамның денсаулығының бұзылуына, су мен ауа сапасының нашарлауына себепші болады. Ол өз кезегінде жер ресурстарының бұзылуына, эрозияға ұшырауынан, фауна мен флораның сиреп немесе жайылып кетуіне жол береді. Ару Жайықтың жыл санап арнасы тартылып, суы тартылып, ластанып, жалпы экожүйесінің дабыл қағарлық жағдайға жеткенін біз біраз жылдан бері басты тақырыбымызға айналдырып келеміз. Жайық республикадағы кеме қатынасына қолайлы екінші өзен болып саналады. Жайықтың арнасын тереңдету, тазалау жұмыстары сол жылдардан күні кешеге дейін мүлдем жүргізілген жоқ. Тек соңғы уақытта бірер техника, қаржы бөліне бастағаннан кейін бұл сала ептеп жанданып келеді. Жайық өзенінің тағдыры-еліміздің тағдыры. Осынау табиғаттың ұлы сыйын тиімді пайдаланудың орнына қазіргі таңда одан айрылып қалу қаупі туып отыр. Әсіресе, Жайықтың бойын жайлаған және өзеннің жағасын да қажетке жарататын тұрғын, ірі кәсіпорындар мен шаруашылық басшылары судың сұрауы барын ұмытып кетуі дағдыға айналдырған.
Ұсыныстар
Судың есебі дұрыс алынуы керек. Мәселен ауыз суды өндіріске пайдалануға болмайтыны су туралы кодексте жазылғанымен, әкімшілік кодексте оған салынатын айыппұл көлемі қарастырылмаған
Өзеннің су жүйелерін тазалайтын балықтарды келешекте канал немесе арық суларында өсіруді қолға алған жөн
Облыстың елді – мекендеріндегі суды тазарту ғимараттары мен канализация желілерін қайта жөндеу керек
Сарқынды суларды тазарту әдістерін жетілдіру, су үнемдеуші технологияларды енгізу керек
Жайық өзенін мемлекеттік ерекше маңызы бар обьектілер тізіміне қосу қажет
Оған ерекше қорғалатын аймақ деген мәртебе беру керек
Өзен астын тазарту және тереңдету жұмыстарына қаржы көлемін көбейту мәселесін шешу керек
Ең басты, шешуші фактордың бірі-Жайық өзені бойында ғылыми зерттеулерге негізделген контрегулятор құрылысын салуды ойластыру қажет.
Өзеннің су қорғау аймақтарында орналасқан күл төгу,қоқыс жинау, қалдық сақтау орындарын қайта өңдеу және залалсыздандыру қажет.
Жайық трансшекаралық обьектісі болғандықтан оны сақтау, қорғау-Қазақстан мен Ресей үшін ортақ міндет. Сол себепті мемлекетаралық комитет құру қажет және трансшекаралық Жайық өзенін бірлесе пайдалануда мемлекетаралық келісім қабылдау қажет.
Жайық-ғажап өзен. Болашақта Жайық өзені бекіре тұқымдастарды сақтаудың қорығы болып қалуы тиіс. Ол үшін мемлекеттік тұрғыда Жайық өзенін экологиялық апаттан аман қалудың кешенді бағдарламасы жасалуы тиіс. Ақ Жайық-табиғаттың сыйы. Жылдар, ғасырлар бойы ол бізді асырап, халықтың өсуіне, экономикалық өркендеуіне мүмкіндік берді. Бүгінде Жайықтың өзі бізден көмек күтеді. Сондықтан өмір өзені болып отырған осы су көзін сақтау - бүкіл мемлекеттік, жалпы халықтық міндет, ұрпақтар алдындағы парыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы - 2001 жыл 473-474 беттер
2. Облыстық мұрағат материалы. 47 орама №712 құжат
3. http://www.aikyn.kz/articles/view/25656
4. Ғалымов А.Е. Амельченко В.И. Ғалымов М.А. «Батыс Қазақстан облысының географиясы» Орал «Полиграф сервис 2003ж».
5. «Жайық табиғаты» №1-2. 5 маусым 2009 ж.
6. «Жайық өңірі», «Приуралье», 2001ж.
7. Исаченко А.Г. «География сегодня» Москва просвещение 1979ж.
8. Кузменько Б.Т. «Приуралье» Алматы, Қайнар 1981ж.
9. В. П. Поляничко «Река весны»
10. «Орал өңірі» 2 шілде 2009ж «Экологиялық мәдениет төмен».
11. http://kk.wikipedia.org/wiki/Жайық
12. «Орал өңірі» 6 тамыз 2009 ж « Таза қала».
13. «Орал өңірі» 12 тамыз 2009 ж «Қалаға саяхат».
14. http://www.zkolib.kz/akzhaikonline/kz/btn_mnu6.php
15. «Приуралье» 6 тамыз 2008г «На зеленом фронте без перемен».
16. Суетин А. «Река нашей жизни».
17. Энциклопедический словарь Ф.А. Брокгауза и И.А. Ефрона
Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары
Таштамышева Аида мен Бекболова Маликаның
“ Жайық өзенінің болашағы ” атты ғылыми жобасына
СЫН ПІКІР
Малика мен Аиданың таңдаған тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі экологияны қамтиды. Ғылыми жобада оқушы Жайық өзенінің экологиясы мен адамның шаруашылық іс әрекетін зерттеген.
Жоба барысында оқушылар Жайық өзені туралы мәліметтерді толық, жүйелі түрде жинады. Жұмыс барысында Экология департаменті мәліметі мен мұрағат материалдарын, БАҚ материалдарын пайдаланған және өзен жағасында зерттеу жұмысын жасады.
Зерттеу жұмысын жүргізе келе экологиялық ахуалы орташа деңгейдегі Жайық өзенін қорғау туралы өзіндік жоба ұсынады.
Жұмыс нәтижесінің орасан зор тәрбиелік маңызы бар. Оқушылар ең бірінші туған жерінің табиғатына жанашырлықпен қарайды, жауапкершілікке шақырады.
Оқушылардың жұмысы оқушылардың ғылыми жобасына қатысуға толық мүмкіндігі бар деп есептеймін.
География және
биология пәні мұғалімі: Амангалиева С.А.
