- •Алматы, 2014 мазмұны
- •Оәж бойынша проректор
- •Жұмыс бағдарламасы
- •Алматы, 2014 ж.
- •1. Жалпы мәліметтер
- •2. Бағдарлама
- •2.2 Пәннің мақсаты
- •2.3 Пәнді оқыту міндеттері
- •2.4 Оқытудың қорытынды нәтижелері
- •2.7 Тематикалық жоспар Практикалық сабақтардың тематикалық жоспары
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының тематикалық жоспары – ожсөж,
- •5 Курс студенттеріне арналған «Медициналық (фармацевтикалық) өкілдің жұмыс ерекшеліктері және оны ақпараттық қамтамасыз ету» элективті пәнінен компетенциялар бойынша бағалау
- •5 Курс студенттеріне арналған «Медициналық (фармацевтикалық) өкілдің жұмыс ерекшеліктері және оны ақпараттық қамтамасыз ету» элективті пәнінен білімді бағалау парағы (максималды 100 балл)
- •5 Курс студенттеріне арналған «Медициналық (фармацевтикалық) өкілдің жұмыс ерекшеліктері және оны ақпараттық қамтамасыз ету»
- •5 Курс студенттеріне арналған ««Медициналық (фармацевтикалық) өкілдің жұмыс ерекшеліктері және оны ақпараттық қамтамасыз ету» элективті пәнінен сөж - дің пайыздық қатынасы
- •5. Әдебиет
- •Силлабус
- •Алматы, 2014
- •1. Жалпы мәліметтер
- •2. Бағдарлама
- •2.2 Пәннің мақсаты
- •2.3 Пәнді оқыту міндеттері
- •2.4 Оқытудың қорытынды нәтижелері
- •2.7 Тематикалық жоспар Практикалық сабақтардың тематикалық жоспары
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының тематикалық жоспары – ожсөж,
- •Студенттердің өзіндік жұмысының тематикалық жоспары – сөж
- •6. Оқыту әдістері
- •8. Бағалау критериі Пән бойынша әріптік-баллды-рейтингтік бағалау
- •2.10 Әдебиет
- •Емтихан сұрақтары (2 этап)
Силлабус
Пән: «Медициналық (фармацевтикалық) өкілдің жұмыс ерекшеліктері және
оны ақпараттық қамтамасыз ету»
Мамандығы: 5В110300 – «Фармация»
Модуль: «Фармацевт- менеджер»
Курс: 5, семестр: 9
Практикалық (семинарлық) сабақтар: 30 часов
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ): 14 часов
Барлық аудиторлық: 44 часов
Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СРС): 46 часов
Барлығы: 90 сағат (2 кредит)
Бақылау формасы: емтихан
Алматы, 2014
«Фармацевт- менеджер» модулінің доценті Шопабаева А.Р. және оқытушылар Кеукенова Ж.Қ., Асемова А.О. құрастырды, жұмыс бағдарламасына сәйкес дайындалды, модуль мәжілісінде қарастырылды, «____»____________2014 жыл, хаттама № ____.
«Фармацевт- менеджер» модулінің жетекшісі А.Р. Шопабаева
1. Жалпы мәліметтер
ЖОО-ның аты - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина
университеті
Модуль - «Фармацевт- менеджер»
Пән - «Медициналық (фармацевтикалық) өкілдің жұмыс
ерекшеліктері және оны ақпараттық қамтамасыз ету»
Мамандық - 5В051100 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі - 2 кредит (90 сағат)
Оқыту курсы және семестрі - 9 семестр
Кафедраның оқытушылары туралы мәліметтер:
№№ р/с |
Ф.А.Ж. |
Қызметі |
Дәрежесі |
1. |
Шопабаева Алма Рахимбаевна |
доцент |
фарм.ғ.к. |
2. |
Кеукенова Жұлдыз Қалибекқызы |
оқытушы |
магистр |
3. |
Асемова Айжан Ондасыновна |
оқытушы |
магистр |
Ақпарат
Мекен-жайы: Бөгенбай батыр, 151, № 1 оқу корпусы, екінші этаж
Телефондар: 292-64-87, ішкі 248, 249
Пәннің саясаты
Студенттер міндетті:
Дәріске, практикалық сабақтарға кешікпейкелуге және халатпен қатысуға.
Сабақты себепсіз қалдырмауға (ауруы бойынша ...), жіберілген сабақтарды өтеуге деканаттан берілген рұқсатты көрсетуге.
Жіберілген сабақтарды оқытушы белгілеген белгілі бір уақытта өтеуге.
Практикалық сабақтардың барлық тапсырмаларын талаптарға сәйкес рәсімдеуге және орындауға.
Барлық жұмыс түрлерін белгіленген мерзімдерде тапсыруға.
Үлгерімі, сабаққа қатысуы төмен болғанда, егерде студент келесі курсқа ауыстырылмайтын жағдай болғанда, оның жіберілген пәнді демалыс кезінде ақылы негізде өтеуге құқы бар.
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе
Фармацевтикалық ақпарат арнайы фармацевтикалық пәндердің бірі болып табылады, ол фармацевтикалық нарықта жұмыс істейтін маманда кәсіби білімді, дағдыны қалыптастырады.
Бұл пән «Фармацевтикалық қызметтің негіздері» пәнін оқытудың логикалық жалғасы болып табылады, басқа пәндердің негізінде дәрілік заттардың айналыс субъектілерінің ақпараттық және басқару қызметтерін қамтиды.
«Фармацевтикалық ақпарат» пәнінің оқу бағдарламасы ақпараттық қажеттіліктерді, фармацевтикалық бизнесті ақпаратпен қамтамасыз етуді және дәрілік препараттарды жарнамалаудың әдістемелік ыңғайларын оқып-үйренуге бағытталған.
Фармацевтика компаниясының өкілінің қызметі дәрілік заттарды нарықта жылжыту дәрігерлермен және дәріхана фармацевтерімен жұмыс жүргізуімен байланысты.
Мақсаты фармацевтикалық компаниялардың медициналық және фармацевтикалық өкіл-дерінің дәрігерлермен және дәріхана қызметкерлерімен жұмысы туралы жалпы білімді және дағдыларды қалыптастыру.
Заманауи қазақстандық фармацевтикалық нарық қазіргі кезде сапалық жағынан өзгерістерге ұшырады және белсенді түрде өсіп келеді. Препаратты өндіру мен жылжытудың жаңа технологияларын енгізе отырып отандық өндірушілер өздерінің бәсекелестік қабілетін арттыруға ұмтылады. Болып жатқан өзгерістерге сәйкес маркетинг және дәрілік заттарды жылжыту саласындағы жоғары білікті мамандарға деген сұраныс та өседі: сарапшыларға, маркетинг және жарнама бағытындағы мамандар мен жетекшілерге, продакт-менеджерлерге, медициналық өкілдерге.
