- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
5. Маржиналдық кіріс деген не?
а) бұл өнім сатудан түскен түсім мен өндірістік өзіндік құннын арасындағы айырма;
ә) бұл өнім сатудан түскен түсім мен оның өзгермелі өзіндік құнының арасындағы
б) бұл өнім сатудан түскен түсім мен оның толық өзіндік құнының арасындағы айырма;
в) барлық жауаптар дұрыс;
г) бірде-бір жауап дұрыс емес.
6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
а) бұл өнім сатудан түскен түсім мен өзгермелі өзіндік құнның арасындағы айырма;
ә) ұйымның жасанды шығындары мен пайдасының сомасы;
б) бұл өнім сатудан түскен түсім мен өндірістік өзіндік құнның арасындағы айырма;
в) алғашқы екі жауап дұрыс;
г) бірде-бір жауап дұрыс емес.
8-тарау. Бюджеттендіру.
Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
Нарықтық экономика елдерінің ұйымдарында жоспарлау мен бақылау үшін кеңінен пайдаланылатын басқарушылық есептің құралы бюджеттендіру болып табылады.
Бюджет –бұл жоспардың сан түрі, оны үйлестіруге және бақылауға арналған құрал. Бюджет жүйелері менеджерлерге қызметтің келешегін көруге және жағдайдың өзгеруіне дайындалуға көмектеседі. Бюджетте болашақтағы пайдаға, ақша қаражатының қозғалысы мен ұйымның қаржылық жай-күйіне қатысты болжамның қаржы аспектілері болады. Ұйымның бюджет жасау процесі бюджет циклы деп аталады. Бюджет циклына әдетте мынадай сатылар кіреді:
Жалпы ұйым мен оның бөлімшелерінің қызметін жоспарлау және ұжымдық жобалық ұсыныстарын біріктіру.
Бюджеттің жобасын әзірлеу.
Жоспардың нұсқаларын пысықтау, нақтылау енгізу.
Кері байланыс пен өзгеретін жағдайлардың есебін түпкілікті жоспарлау, жобалау.
Негізгі бюджет өндірісті, сатуды, бөлі мен қаржыландыруды қамтиды.
Бас бюджет – бұл менеджерлер әзірлеген қаржы бюджеттерінде қосылатын көрсеткіштер жүйесі арқылы болашақтағы уақыт кезеңіне (әдетте бір жылға) арналған операциялық және қаржы бюджеттерін жан-жақты көрсету. Бюджеттендіру – бұл қысқа мерзімді (жыл немесе ай) және ұзақ мерзімді жоспарлаудың ажырамас бөлігі.
Бюджеттендіру ұйымды стратегиялық талдау жүргізген кезде ерекше маңызды болып табылады.
Стратегиялық талдау, 8.1-суретте көрсетілгендей, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауға негізделеді.
8.1-сурет. – Стратегия, жоспарлау мен бюджеттер.
Сөйтіп, бюджет былайша жасалады: ең бірінші кезекте ұзақ мерзімді де, сондай-ақ қысқа мерзімді жоспарлау үшін де стратегиялық аспектілер бойынша талдау жасалады, содан кейін жоспарлар әзірленеді, ал ең соңында жоспардың негізінде бюджеттер қалыптастырылады. Стратегия, жоспарлар мен бюджеттер өзара тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.
Бюджет әзірлеген кезде нақты нәтижелерді бағалау базасы ретінде өткен кезеңдердің есептік деректерін емес бюджеттерді алған дұрыс. Өйткені өткен жылмен салыстырғанда өнім технологиясында, көлемі мен ассортиментінде өзгерістер болуы, сонымен бірге жалпы экологиялық ахуал да өзгеруі мүмкін.
Сонымен бірге өткен нәтижелерге есептегі қателер, нормативтіктен тыс шығындар, кәсіпорынның жұмысындағы басқа да кемшіліктер кіруі мүмкін. Осының барлығының салдарынан көрсеткіштерді салыстыру мүмкін болмайды.
Бюджеттендіру үйлестірумен және коммуникациялармен өзара байланысты.
Үйлестіру– бұл ұйымның мақсаттарына жету үшін ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметі мен бизнес-процестерін біріктіру және теңдестіру.
Үйлестірудің көмегімен жеке қызметкерлердің, бөлімшелердің, жалпы компанияның және компаниялардың арасындағы байланыс орнатылады. Коммуникация деп қызмет процесінде ақпаратты бір адамнан екінші адамға беру аталады. Ұйым дәл және толық ақпарат болған жағдайда тиімді жұмыс істейтін болады. Әр бөлімшенің өзінің ұйымының жоспары мен саясаты жөнінде толық ақпараты болуы тиіс. Жоғары басшылық сметаның арқасында барлық қызметкерлердің өзінің қызметін жүзеге асыру үшін оларды үйлестіруге мүмкіндігі болуы үшін неғұрлым төменгі деңгейдегі басшылықты өзінің ниеті туралы хабардар етеді. Алайда бюджеттің негізінде басқаруды орындаушылар қатаң бекітілмеуге тиіс. Жағдай өзгерген кезде жоспарлар да өзгереді. Жұмыс жағдайы өзгергенде цехтың немесе учаскенің бастығы басшыдан қосымша шығын жұмсауға, яғни бюджетті өзгертуге рұқсат сұрайды. Сөйтіп бюджет сол немесе басқа жұмысты орындау жөнінде шешім қабылдау үшін барынша икемді болуы тиіс.
Бюджеттердің түрлері. Бюджеттер бір жылдан бастап (немесе бір жылдан аз) он және одан астам жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Әдетте бюджеттендіру кезеңі бір жылды құрайды. Жылдық бюджет көбінесе тоқсандарға, ал бірінші тоқсан айларға бөлінеді. Жыл ішінде, мысалы, екінші тоқсанның соңында жаңа ақпараттың пайда болуына байланысты қалған тоқсандардың бюджеттері өзгереді.
Үздіксіз және сырғымалы бюджеттер кең қолданылады. Аталмыш бюджеттерде ай немесе тоқсанның аяқталу шамасына қарай бюджетке жаңа бюджет қосылады. Осылайша тұрақты он екі айлық жоспарлау қамтамасыз етіледі. Үздіксіз бюджеттендіру менеджерлерге босаңсуға мұрсат бермейді. Бюджеттендіру кезеңі бюджеттің деректері мен ұйымның қажеттілігіне орай таңдалады.
Кәсіпорындарда жылдық (негізгі) және сырғымалы бюджеттен басқа икемді бюджет (бұл туралы 8.4 параграфта баяндалады) пайдаланылады.
