- •1.4 Ортағасырлық философия
- •Кесте 1.4.1 Ортағасырлық батыс еуропалық философиясының негізгі даму кезеңдері
- •II.Cхоластика
- •1.4.2 Ортағасырлық батыс еуропалық философиясындағы реализм және номинализм арасындағы қайшылық
- •Араб әлемінің философиясы
- •Кесте 1.4.5 Ерте араб философиясының негізгі бағыттары (VII-iXғғ)
- •V Азаматтық ғылым - адам еркімен байланыстының барлығы. Жан туралы ілім. Этика. Саясат. Мемлекет туралы оқу. (қайырымды қала).
- •Бақылау сұрақтары
- •Сызба 1.4.8 Әл-Фарабидің таным теориясы /Жан туралы ілім/
- •Адам жаны әуел бастан тәуелсіз
II.Cхоластика
Номинализм Дунс Скотт
– индетерминизм У.Оккам,
«Оккам ұстарасы»: а)
Мәнді
кажеттіліктен
тым
асыра
көбейтпеу; б)
Қажеттіліксіз көпті бекітпеу; в)
Аз жігермен істелетін нәрсені асқан
жігермен істеу қажет емес. (Дүниенің
ешқандай жалпы заңдылықтары, олардың
баспалдақтық бір-бірімен
байланыстығы жоқ.)
Реализм Фома Аквинский
«Теология жинағы» а)
Ақиқаттың екі мәнділігі жайлы ілім, б)
Құдайдың болмысының 5 дәлелдемесі 1.
Құдай – алғашқы бастама, 2.
Құдай – алғашқы себеп, 3.
Құдай – қажеттіліктің көрініс табуы
ретінде, 4.
Құдай – жоғарғы мән, 5. Құдай –
бүкіл Дүниеге мақсат беруші.
Схоластика – орныққан мектептік-университеттік тәртіп. Мақсаты – діни ілімдер мен шіркеу догматтарын философия тұрғысынан негіздеу.
1.4.2 Ортағасырлық батыс еуропалық философиясындағы реализм және номинализм арасындағы қайшылық
Теоцентризм – Ортағасыр философиясының басты мәселесі.
Онтология – Креационизм – тірі және өлі табиғат пен адамның Құдайдан жаратылуы. Болмыс дуализмі.
Гносеология – Құдайға сүйіспеншілік (Божественное откровение). Құдайды тану мүмкін емес.
Аксиология – Христиан догматтарының ізін басу: күнәға бату, күнәдән арылу, құтқару. Аскетизм өмірлік норма ретінде.
Реализм
Ансельм Кентерберийский,
Альберт Великий, Фома Аквинский.
а) Универсалиилер (жалпы ұғымдар) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болған.
б) Универсалиилер «Заттарға дейін» Құдайдың ақыл-ойында, «Заттардың өз ішінде» олардың мәні немесе формасы ретінде және «Заттардан кейін», яғни абстракциялық ойлаудың нәтижесі ретінде адам санасында өмір сүреді.
в)
Таным: Құдайдан Адамға қарай қозғалыс
Түсіну үшін сенім қажет.
г) Сенім ақылдан жоғары.
д) Ф. Аквинский: Сенім мен ақыл үндестігінің принципі.
Сенім
Ақыл
Дін Ғылым
Номинализм
Абеляр, Росцелин, У. Оккам,
Д. Скотт.
а) Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар, олар тек қабылдайтын субъектінің санасында пайда болады.
б) Универсалииді субьект жаратады. Олар алғашында адам санасында, кейін оның қызметінде субъективті түрде өмір сүреді.
в) Таным: Адамнан Құдайға қарай қозғалыс.
Сену үшін түсіну қажет.
Тәжірибеден туындайтын білім.
г) У.Оккам: Эмпирикалық тәжірибе мен сенімнің бөлінуі.
«Оккам ұстарасы» - ойлау үнемділігінің принципі және эмпиризм ұраны.
Ақыл Сенім
Ғылым Дін
Араб әлемінің философиясы
Шығыс араб елдерінде өз заманына сай дамыған философия қалыптасты. Араб әлемі өзінің жаратылыстану саласындағы жетістіктерімен әйгілі болған.
Араб философиясының бастапқы негізін материя жайлы ілімді дамытушы Аль-Кинди қалаған. Аль-Кинди идеясын жалғастырушы – ғылымдардың жіктелуін ойлап тапқан XI ғ ірі ойшылы Әл-Фараби.
Шығыс араб елінің ірі ойшылдарының бірі – Ибн-Сина (Авиценна), «шығыс араб философиясының патшасы», «ғалымдар сұлтаны». Авиценна адамның әлемді тану мүмкіндігіне күмән келтірмеген, оның шығармашылығының көп бөлігін адам жаны туралы ілімдер құраған.
Араб философиясының көрнекті ойшылдарының бірі – ғылыми-рационалды ойлаудың діни көзқарасқа қарсы әсерін болдырмауды жақтаған Әл-Ғазали.
Ибн-Рушди (Аверроэс) керісінше өз заманында жаратылыс тану ғылымына қоскан үлесі орасан зор.
Араб немесе мұсылман әлемінің философиясы – шартты түсінік. Арабтармен қатар ортағасырлық араб мәдениетінің негізін кезінде Араб халифатының құрамына кірген барлық халықтар, парсылар, еврейлер, және түрік тілдес халықтар қалаған. Сондықтан шығыс халықтарының ортағасырлық философиясын араб тілдес деген ұғым қалыптасқан.
Исламның таралуы ескі феодалдық кезеңге дейінгі діндердің әлсіреуіне, монотеизмге – бір құдайға сенушілікке әкелді.
Әлемді құдай жаратты деген мұсылмандық түсінік ортағасырлық заманға сай дүниенің үйлесімдігі жайлы идеяның қалыптасуында маңызды роль атқарады.
Ортағасырлық Батыс Еуропада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу үрдісі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында араб ойшылдарының еңбегінің нәтижесінде философия, өнер және ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Араб философиясы грек – және еуропалық философияның кейінгі сатысы – схоластиканы байланыстырушы көпірге айналды. Сондықтан араб философиясы айналысқан мәселелер Батыс Еуропа философиясының тарихына елеулі түрде әсерін тигізді.
