- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •6.6 Әдебиеттер:
- •Есеп №1
- •Есеп №2
- •Есеп №3
- •6.7. Бақылау
- •7.1.Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру.
- •7.2.Сабақтың мақсаты:
- •7.3.Оқыту міндеттері:
- •Есеп №4
- •Есеп №5
- •7.6. Таратылатын материалдар
- •7.7. Әдебиеттер:
- •7.8. Аралық бақылау (2сағ)
- •Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі.
- •8.Аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
- •8.1.1.№ 1 Тақырып «Мешел патофизиологиясы»
- •8.1.8. Әдебиеттер
- •9.4.Тәжірибелік дағдЫлар тізімі
Тәжірибелік жұмыс
. |
№ 2 тапсырма. Остеопороз патогенезінің сызбанұсқасын оқып үйрену
№ 3 тапсырма. Буындық синдромның негізгі көріністерін атау, патогенезін көрсету
№ 4 тапсырма. Остеоартроздың патогенездік сызбанұсқасын толықтыру
өмендеу кезінде буынға әдеттегі механикалық жүктеменің түсуі ↓
↓
↓ Шеміршектің дегенерациясы және нәрсізденуі ↓ Синовит, шеміршек асты сүйектің зақымдануы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№5 тапсырма. |
Ситуациялық есептерді шешу.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№ 1 есеп. Емханаға 45 жастағы науқас екі қолының білезік, саусақ буындарындағы орташа ауыру сезіміне, олардың ісінуіне және таңертең қозғалыстың шектелуіне шағымданып келді. Ауыру сезімі көбіне қимылдағанда пайда болады. Сонымен қатар кешкі уақыттарда науқастың дене температурасының 37,5-38,0ºС- қа дейін көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық күш түскенде ентігу, әлсіздік, селқостық, арықтау мазалайды. Науқастың анамнезінен (сыртартқысынан) оның буындарындағы ауыру сезімі жедел тыныстық вирустық жұқпаны басынан өткізгеннен 3 айдан бері мазалайтындығы белгілі. Соңғы 1 айда дене қызымының көтерілуін, жүрек қағуын, арықтауын байқаған. Сол кезде тағы саусақ буындарының ісінуі мен қозғалыстың шектелуін байқаған. Ем қабылдамаған. Науқастың ата-анасы қартайған шағында өлген, бірақ ол анасының аяқ-қолдарындағы буындарының ауыратындығына жиі шағымданғанын айтады.
Зерттеу мәліметтері: бойы – 168 см, салмағы - 48 кг, дене қызымы– 37,6, АҚ – 90/60 мм.с.б.,
Пульсі (ТСЖ -тамыр соғу жиілігі) - 100/мин, ТЖ-20/мин. Бұлшық ет-сүйек жүйесі: екі қолының үстіңгі жақтық бунақ аралық алақан бунақтық және білезік буындары ісінген, пішіні шамалы жойылған, терісі қызарған, ауыру сезіміне байланысты қимылы біраз шектелген. Қол саусақтары ұршық тәрізді. Шынтақ буындарының сыртқы бетінде теріастылық түйіндер және саусақ бұлшық еттерінің шамалы семуі байқалады .
Қан талданымы:
Эритроциттер 3,0 х1012 Ретикулоциттер 5 ‰
Гемоглобин 100 г/л
Түстік көрсеткіш 0,8
Лейкоциттер 10,0 х 109 /л
Эозинофилдер 3, 0 %
Таяқша ядролы лейкоциттер 8 % ; б/я - 67 %
Лимфоциттер 14 %; Моноциттер - 4 %
Тромбоциттер 240 х109 /л
ЭШЖ 35 мм/сағ.
Қан жағындысында - гипохромия - ++;
Қанның биохимиялық талданымы: С-әсерлі нәруыз (СӘН) +++
