Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ae7f898b4ab8918cdadbe87c367b219f.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
371 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Қорыта келгенде – өнер - эстетикалық шығармашылық, сондықтан Ислам оған қарсылық білдірмейді. Ислам эстетикалық негіздермен салыстырғанда, адамгершілік негіздеріне басым мән береді, яғни эстетикалық негіздер адамгершілік негіздерінен кейін тұрып, онымен тығыз байланыста болады. Бұл Ислам дініндегі өнердің барлық түріне қатысты көзқарасы. Өнердің қай түрінде болмасын, оның құндылық дәрежесін анықтауда: ”көркемділік - жақсылық, жағымсызда - жамандық бар” деген Исламдық ұстаным басшылыққа алынады.

Мұсылман көркем суретінің дамуы жер шарының әр бұрышында әр түрлі болды. Алайда оның негізгі тенденциялары баяғыдан - ақ анықталған. Ол ислам руханилығының негіздеріне сүйенген. Осы тақырыпқа байланысты жазылған еңбектерде керемет шығармашылық талғам мен жоғары кәсіби шеберлік жатыр.

Мұсылман сәулет өнерінің тілі өте бай, әралуан және күрделі. Себебі ол әрқашан ислам қоғамының дүниетанымы мен идеяларымен байланысты болды. Олардың басты қызығушы күші жоғарғы ислам руханилылығы болып табылады. Алла Тағаланың атымен мұсылман сәулетшілері тасқа қашап шынайы үйлесімділікті жасады. Мұсылман сәулет өнерінде үлкен мағынаға ритм ие, яғни мекеменің жеке элементтерімен бөліктерін өте айқын етіп бөліп көрсету.

Сонымен қатар ислам сәулетшілерінің еңбектері оюлармен безендіріліп, өз формасы мен байлығымен ерекшеленеді. Исламның мәдени құрылыс нысандарына әдемілік, қапырық күннің, ыстық құммен тыныш оазистің образдары тән. Мешіттің көгілдір күмбездері, минареттің тамаша мұнаралары, фантандағы судың сылдыры адам жанына жеке өз сенімділігін ұялатады және оған жарқын да қуанышты дүниетанымдылықты сыйлайды.

Әрине, ислам суретшілері үшін ең көріп салатын суреттері – ол кез келген мұсылман үшін қасиетті Ал – Каба, исламның екі қасиетті қаласы – Мекке мен Медина, қасиетті құранның суреті және сонымен бірге арабша жазылған Құдіретті Алла Тағаланың аты.

Ислам дінінің сөз өнері, поэзиясы, көркем әдебинеті жайында айтар болсақ, мұсылман сөз өнері, мұсылман поэзиясы ретінде дүние жүзілік мәдениеттің қорына теңдесы жоқ үлес қосты. Жаратқан Алланы мадақтап, әділетсіздік пен зұлымдықты құр бос уақыт өткізумен, жалқаулықты қатты сынға алып адамды шынайы, рухани өсіруге, олардың жүрегінде имандылығын жабуға, өз өлеңдерімен мұсылман ақындары өз үлестерін қосты. Мұсылман поэзиясы жалпы әлемдік мәдениетке бағаланбас үлес қосты. Ол ақындық сөздердің ұлы шеберлігін көрсетеді. Мұсылман ақындары өз заманының алдыңғы қатарлы және білімді адамдары болған. Қазіргі көптеген ақындардың шығармашылығы солардың ықпалымен дамуда.

Тамаша әуен, жоғары өнегелі сөз әсем дауыспен орындалар саз бен әнге Ислам қарсы емес. Тек өлең мағынасы адамгершілік пен саналылықтың шегінен шықпай, адамды рухтандырып, сезімдер мен жан дүниесін байытуға қызмет етуі тиіс.

VII ғасырда ислам діні шығыс көгіне өрлеп шыққанда, да осы ежелгі дәстүр ізімен дамып, дауысталып, арнайы мақаммен оқылатын болған. Қандайда бір ырғақты қозғалыс болмасын, барлығы дерлік дыбыс негізінде құрылып өркендеп отырған. Алайда дін иелері Құранды жатқа білумен қатар оны мақамдап әуендетіп айта білуді міндеттеген.

Мысалы, Әбу Муса Әл - Әшғари (р.л.ғ.) Құран Кәрімде оқыған уақытта, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оның дауысын мақтайтын. Пайғамбар (с.ғ.с.) сақабалары (р.л.ғ.) арасынан дауытары ең әдемілерін таңдап, азан айтуға бекітетін. Сонымен бірге Пайғамбар (с.ғ.с.) тамбурин (барабанның бір түрі) мен сырнай тыңдауға құлықсыз емес-ті.

Сонымен бірге араб тілі, араб мәдениеті және мемлекеттері ислам әлемін құруда, бүкіл ислами мемлекеттердің бір - бірімен қарым - қатынас жасауында үлкен роль атқарды. Қысқаша айтқанда, араби ислам салт – дәстүрі "Ислам елемік" қалыптастырды. Қайткенде де ислам көптеген ғасырдан бері өзіндік салт - дәстүрімен Еуропаны; Азиядан, Европаны Африкадан географиялық территориясы ғана емес, қайта діни мәдениет жағынан да бөліп тұрды.

Араб, иран мәдениеттерінің нышандары бар ислам мәдениеті орта ғасырдағы қазақ мәдениетінің қолөнерлік, зергерлік салаларына әсерін тигізбей қоймады. Мұны біз Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінен көре аламыз. Онда ІХ - ХІІ ғасырдағы Ислам елдері қалаларына тән рабаттары, мешіт, моншалары бар қала құрылыстары табылған.

Қазақ даласында кеңінен тараған ислам өнерінің үлгілерінің бірі шебер жазу өнері. Негізінде бұл жазулар геометриялық фигура немесе өсімдік бейнесінде куф, сулс деп аталатын араб классикалық жазу үлгісінде Құран аяттарын, әртүрлі тақырыптағы хадистерді шеберлілікпен, бояу арқылы немесе ойып, бедерлеп жазу. Мұндай жазу үлгілері жоғарыда атап өткен кесене, мешіттерді безендіруге қолданылған. Сонымен қатар мұндай куф араб жазуларымен безендірілген жезден жасалған майшам тұғырлары, ыдыс - аяқтар (ҮІІІ-ХІ ғ.) Қазақстан территориясынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.

Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын, этно - мәдени танымды, даналар сөзін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің көшпелі халық үшін, ең бір тиімді, кеңінен дамыған түрлерінің бірі ауыз әдебиеті. Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын халық ауыз әдебиетіне де Ислам дінінің өзіндік әсері болды.