- •1.Қант диабеті 1 тип:
- •2.Қант диабеті 2 тип:
- •3 Қантсыз диабет:
- •Қантсыз диабет
- •Қантты диабет і тип
- •Қантты диабет 2 тип
- •Қантты диабет і тип
- •Клиникалық диагнозды негіздеу
- •Алғашқы диагнозды негіздеу.
- •Зерттеу жоспары
- •Қантсыз диабет
- •Негізгі ауруды емдеу принциптері
- •3.Инсулинотерапия:
- •Күнделік
- •Эпикриз
Алғашқы диагнозды негіздеу.
Науқастағы инсипидарлы синдромға байланысты:шөлдеу.Объективті қарағанда:аяқтағы озгерістердің болуы(екі табанындағы гиперпигментация,ауыздан ацетон иісінің байқалуына байланысты қант диабетінің І тип деген диагноз қойылды:
Диагнозды нақтылау үшін қосымша лабороторлы және аспаптық зерттеу әдістері қажет.
Зерттеу жоспары
1.ЖҚА
2.ЖЗА
3.Қанның БХ анализі:жалпы белок,белок фракциялары,креатинин,мочевина,билирубин,АЛТ,АСТ,гликозирленген гемоглобин,электролиттер.
4.Гликемиялық профиль.
5.Зимницкий бойынша зәр анализі.
6.ЭКГ.
7.УДЗ:құрсақ қуысының.
8.Офтольмолог кеңезі.
9.Нефропатолог кеңесі.
10.Кеуде клеткасының жлпы шолу рентгенографиясы
11.Доплерография.
Ажыратпалы диагноздың ІІ кезеңі.
Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне байланысты,ГИПЕРГЛИКЕМИЯ СИНДРОМЫ анықталады.Осы синдроммен ажыратпалы диагноздың екінші кезеңін жүргіземін.
Қантсыз диабет
Қантсыз диабетте жалпы қан анализінде глюкоза деңгейі 3,3-5,5ммолл/л,қанның биохимиялық анализінде гликозирленген гемоглобин 4,5-6,1% деңгейінде болады,ал менің науқсымда глюкоза 16,0 ммоль/л,Гликозирленген гемоглобин 6,8%,қантсыз диабетте жалпы зәр анализінде глюкоза болмайды,ал менің науқасымда глюкозурия.Сондықтан қантсыз диабетті жоққа шығарамын.Қосымша:Қантсыз диабетте зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1010-ден төмен,ацетонурия болмайды,ал менің науқасымда 1014-1015.Қантсыз диабетте қандағы зәр қышқылының деңгейі 5ммол/л ден жо5ары,натрий мөлшері 115ммоль/лден жоғары болады,ал менің науқасымда зөр қышқылы 0,12ммоль/л,натрий 130,5ммоль/л.
Құрсақ қуысының УДЗ-нде ұйқы безінің патологиясы болмау керек.
Қантты диабет і тип
Қант диабеті І типке жалпы қан анализінде гипергликемия тән,менің науқасымда глюкоза 18,0 ммоль/л, деңгейінде,Жалпы зәр анализінде глюкозурия,ацетонурия,кетонурия,гиперстенурия болады, науқасымда глюкозурия,қанның биохимиялық анализінде гликозирленген гемоглобин денңгейі жоғарылайды,менің науқасымда гликозирленген гемоглобин 6,8%
Менің науқасымның лабороторлы және аспаптық зерттеу қорытындыларына сүйене отырып,бұл қорытындылардың қант диабеті І тип ауруында анықталатынына байланысты,науқасыма қант диабеті І тип диагнозын қоямын.
Клиникалық диагнозды негіздеу
Қант диабеті,І тип,ауыр дәрежелі,декомпенсация сатысы.Диабеттік ретинопатия.Диабеттік нефропатия ІІІ дәреже.Дистальды симметриялы полинейропатия,ІІдәреже.Диабеттік гастропатия.
Макроангиопатия:Дисциркуляторлы энцефалопатия ІІ дәреже.
Қант диабеті-науқастағы инсипидарлы синдромға(шөлдеу күніне 6литр су ішеді).жалпы қан анализіндегі гипергликемиялық синдромға(17- 24ммоль/л деңгейінде,гликозирленген гемоглобин 6,8%):жалпы зәр анализіндегі глюкозурия,жалпы қарағанда мықын кіндік маңындағы инсулиннің иньекциялық аймақтарының қызаруына байланысты,аяғындағы гиперпигментация,парестезиясына,глюкометр болуына байланысты қойылды.
І тип-аурудың жедел кетоацидозбен манифестациясына,артық салмағының болиауына анамнезінде бірден инсулинмен терапияның басталуына,тұқымқуалаушылық анамнезінің қант диабеті бойынша таза болуына байланысты қойылды.
Ауыр дәрежелі-кетоацидоз,асқыныстарына байланысты(диабеттік ретинопатия,бастапқы катарактамен асқынған,диабеттік симметриялы полинейропатия,диабеттік нефропатия,диабеттік гастропатия)
Декомпенсация сатысы-кетоацидоз,асқыныстардың болуына байланысты,глик.гемоглобин 6,8% және таңертеңгі ашқарындық глюкоза 7,2ммоль/ болуына:бір күнде 5 литр су ішуіне байланысты қойылды.
Диабеттік ретинопатия:офтальмолог қорытындысына(торлы қабықтың диабеттік микроангиопатиясы,
Диабеттік симметриялы полинейропатия,ІІ дәреже -объективті қарағанда екі табанында гиперпигментация,оң жақтағы бірінші бақайының қызаруы,проприоцептивті сезімталдығының төмендегеніне,невропотолог қорытындысында(диабеттік полинейропатия ІІ дәреже)байланысты қойылды.
Науқасты госпитализациялаудың мақсаты:
>инсулиннің мөлшерін оптимизациялау және коррекциялау
>асқыныстарды емдеу
