- •Гинекология
- •Перзентхана құрылымы мен оның жұмысын ұйымдастыру.
- •Тақырып: Босану әрекетінің ауытқулары
- •Физиологиялық босану жайлы түсінік
- •Босану кезеңдері.
- •Жаңа туылған баланың гемолитикалық ауруы
- •Гинекология
- •Акушерлік жарақаттар
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі іріңді-септикалық аурулар
- •Нәрестенің физиологиясы. Нәрестенің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Партограмма
- •Жүкті әйелдердегі зәр шығару және эндокринді жүйесінің аурулары.
- •Нәрестенің гипоксиясы және асфиксиясы. Нәрестенің реанимациясы
- •Жүкті әйелдердегі жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорыту жүйесінің аурулары.
Жүкті әйелдердегі зәр шығару және эндокринді жүйесінің аурулары.
1372. Бүйректің тостағанша-түбекшелі жүйесінің қабырғасы, канальды аппаратының,
интерстициалды тіннің зақымдалуымен жүретін арнайы емес инфекциялық-қабыну
процесі аталады:
* цистит
* уретрит
* пиелонефрит
* гломерулонефрит
* зәр тас ауруы
1373. Бүйректің шумақшалы аппаратының зақымдалуымен жүретін инфекциялық-
аллергиялық ауруы аталады:
* цистит
* уретрит
* пиелонефрит
* гломерулонефрит
* зәр тас ауруы
1374. Пиелонефриттің жиі қоздырғыштарына келесі микроорганизмдер жатады:
* энтеробактериялар тобы
* А тобының стрептококктары
* В тобының стрептококктары
* стафилококктар
* энтерококктар
1375. Жүктіліктің I триместрінде жедел пиелонефритті емдеу үшін келесі
антибактериальды препараттарды тағайындауға болады:
* макролидтер
* фторхинолондар
* цефалоспориндер
* аминогликозидтер
* жартылай синтетикалық пенициллиндер
1376. Бүйректің келесі аурулары жүктілікті ары қарай жалғастыруға қарсы
көрсеткіштерінің бірі болып табылады:
* зәр тас ауруы
* гестациялық пиелонефрит
* созылмалы калькулезді пиелонефриттің өршуі
* жалғыз бүйректің пиелонефриті
* созылмалы пиелонефриттің өршуі
1377. Әйелдер кеңесіне созылмалы гломерулонефриті бар жүкті әйел жүктілік мерзімінің
10 аптасында келді. Жүктілікті ары қарай жалғастыру тұралы сұрақтарды шешу үшін
зерттеу қажет келесі жағдайда :
* емханада
* күндізгі стационар жағдайында
*әйелдер кеңесі жағдайда
* нефрология бөлімшесінде
* жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде
1378. Микропротеинурия, микрогематурия, цилиндрурия – симптомдары созылмалы
гломерулонефриттің келесі түрлеріне тән:
* нефротикалық
* гипертониялық
* аралас
* латентті
* жедел
1379. Ісіну, гипопротеинемия, протеинурия, гиперхолестеринемия – симптомдары
созылмалы гломерулонефриттің келесі түрлеріне тән:
* гипертониялық
* нефротикалық
* аралас
* латентті
* жедел
1380. Гипертензия, протеинурия, гематурия, цилиндрурия, ісіну – симптомдары
созылмалы гломерулонефриттің келесі түрлеріне тән:
* гипертониялық
* нефротикалық
* аралас
* латентті
* жедел
1381. Артериальды қан қысымының жоғарылауы, көз түбіндегі өзгерістер, сол
қарыншаның гипертрофиясы, қолқа үстіндегі 2-тонның акценті – симптомдары
созылмалы гломерулонефриттің келесі түріне тән:
* гипертониялық
*нефротикалық
* аралас
* латентті
* жедел
1382. Өмір сүру болжамы қолайсыз болып табылатын созылмалы гломерулонефриттің
формасы:
* нефротикалық
* гипертониялық
* аралас
* латентті
* жедел
1383. Созылмалы гломерулонефриттің келесі формасы жүктілікті ары қарай жалғастыруға
қарсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады:
* гипертониялық
* нефротикалық
* аралас
* латентті
* жедел
1384. Созылмалы пиелонефриті бар жүкті әйел, жүктіліктің 24 аптасында дене қызуының
38°С дейін жоғарылауына, жиі зәр шығаруына шағымданады, лейкоцитурия – 25 көру
алаңында, бактериурия. Бұл клиникалық көрініс сәйкес келеді:
* зәр тас ауруына
* жедел гломерулонефритке
*гестациалық пиелонефритке
* созылмалы пиелонефритке
* созылмалы пиелонефриттің өршуі
1385. Жүкті әйелдердегі пиелонефриттің кездесу жиілігі құрайды (%):
* 1-5
* 6-12
* 13-18
* 19-25
* 26-32
1386. Пиелонефрит жиі жүктіліктің келесі мерзімінде дамиды (апта):
* 12 аптаға дейін
* 13-23
* 24-32
* 33-36
* 37-40
1387. Алғашқы қаралуға келген соматикалық дені сау жүкті әйелде зәрдің ортаңғы
порциясының бактериологиялық зерттеу анализінде 1мл-де 10 6 микроб денелері
анықталды. Бұл клиникалық көрініс сәйкес келеді:
* зәр тас ауруына
*жедел пиелонефритке
* гестациалық пиелонефритке
* симптомсыз бактериурияға
* созылмалы пиелонефриттің өршуіне
1388. Әйелдер кеңесіне 2 жыл бұрын гидронефрозға байланысты оң бүйрегін алдырған
жүкті әйел жүктіліктің 8 аптасында келді. Жүктілікті ары қарай жалғастыру тұралы
сұрақтарды шешу үшін зерттеп тексеру қажет:
*емханада әйелдер кеңесі жағдайында
* күндізгі стационар жағдайында
* әйелдер кеңесі жағдайында патологиясы бөлімшесінде
* нефрология бөлімшесінде
* патология бөлімшесінде
1389. Таңғы зәрдің ортаңғы порциясындағы формалық элементтердің санын анықтау
сынамасы аталады:
* Адисса-Каковского
* Нечипоренко
* Зимницкий
* Манту
* Пирке
1390. Таңғы зәрдің 10-12 сағат ішінде формалық элементтердің санын анықтау сынамасы
аталады:
* Адисса-Каковского
* Нечипоренко
* Зимницкий
* Манту
* Пирке
1391. Тәулік бойы жиналған зәрдің сапалық және көлемдік сынамасы аталады:
* Адисса-Каковского
* Нечипоренко
* Зимницкий
* Манту
* Пирке
1392. Жүкті әйелде Нечипоренко сынамасы бойынша зәр анализінде анықталды:
лейкоциттер - 4000, эритроциттер - 1000, цилиндр 0-1 көру алаңында, бұл келесі
клиникалық көрініске сәйкес келеді:
* қалыпты
* пиелонефрит
* гломерулонефрит
* преэклампсия
* зәр қышқыл диатезі
1393. Жүкті әйелде Нечипоренко сынамасы бойынша зәр анализінде анықталды:
лейкоциттер - 8000, эритроциттер - 1000, цилиндр 2-4 көру алаңында, бұл нәтиже келесі
нозологияға сәйкес келеді:
* қалыпты
* пиелонефрит
* гломерулонефрит
* преэклампсия
* зәр қышқыл диатезі
1394. Жүкті әйелде Нечипоренко сынамасы бойынша зәр анализінде анықталды:
лейкоциттер - 3000, эритроциттер - 7000, цилиндр 5-6 көру алаңында, бұл нәтиже келесі
нозологияға сәйкес келеді:
* қалыпты
* пиелонефрит
* гломерулонефрит
* преэклампсия
* зәр қышқыл диатезі
1395. Дені сау адамда зәрдің таңертеңгі порциясының салыстырмалы тығыздығы
тербеледі:
* 1,005 - 1,014;
* 1,015 - 1,026;
* 1,027 - 1,030;
* 1,031 - 1,035;
* 1.036 - 1,046.
1396. Жүкті әйелдердегі оң жақ пиелонефритінің жиі дамуына оң жақ несепағардың
қысылуына алып келеді:
* үлкейген жатыр
* уродинамикасының бұзылысы
* сол жақ варикозды кеңейген аналық безі венасы
* оң жақ варикозды кеңейген аналық безі венасы
* оңға ығысқан жатыр
1397. Жүкті әйелдердегі гломерулонефриттің кездесу жиілігі құрайды (%):
* 0,001-0,002
* 0,01-0,02
* 0,1-0,2
* 1-2
* 10-20
1398. Ұрықтың қалқанша безі жүктіліктің келесі мерзімінде қызмет атқара бастайды
(апта):
* 5-11
* 12-16
* 17-22
* 23-32
* 33-40
1399. Тахикардия, ашуланшақтық, қолдың дірілдеуі, тершеңдік – симптомдары қалқанша
безінің келесі патологиясына тән:
* диффузды токсикалық зоб
* аутоиммунды тиреоидит
* түйінді токсикалық зоб
* гипотиреоз
* эндемиялық зоб
1400. Әлсіздік, ұйқышылдық, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, терінің құрғауы, тұрақты
іш қату – симптомдары қалқанша безінің келесі патологиясына тән:
* диффузды токсикалық зоб
* аутоиммунды тиреоидит
* түйінді токсикалық зоб
* гипотиреоз
* эндемиялық зоб
1401. Терісі ісінген, құрғақ, бас сүйегінің «пергаменттілігі», үнемі аузының ашық болуы,
гипорефлексия – симптомдары қалқанша безінің келесі патологиясына тән:
* диффузды токсикалық зоб
* аутоиммунды тиреоидит
* түйінді токсикалық зоб
* жаңа туылған нәрестенің гипотиреозы
* эндемиялық зоб
1402. Қалқанша безінің патологиясы бар жүкті әйелдерге хирургиялық ем келесі ауруларда
көрсетіледі:
* диффузды токсикалық зоб
* аутоиммунды тиреоидит
* түйінді токсикалық зоб
* гипотиреоз
* эндемиялық зоб
1403. Диффузды токсикалық зобы және түйінді зобы бар жүкті әйелдерге хирургиялық
емді жүктіліктің келесі мерзімдерінде жасаған жөн болып табылады (апта):
* 5-11
* 12-14
* 17-22
* 23-28
* 29-32
1404. Қалқанша безінің патологиясы бар жүкті әйелдердің хирургиялық емінің
көрсеткіштерінің бірі болып табылады:
* диффузды токсикалық зобтың орташа дәрежесі
* аутоиммунды тиреоидит
* түйінді токсикалық зоб
* гипотиреоз
* эндемиялық зоб
1405. Жүктілікті ары қарай жалғастыру қалқанша безінің келесі патологиясында қарсы
көрсеткіш болып табылады:
* диффузды токсикалық зобтың жеңіл дәрежесі
* диффузды токсикалық зобтың орташа дәрежесі
* диффузды токсикалық зобтың ауыр дәрежесі
* аутоиммунды тиреоидит
* эндемиялық зоб
1406. Жүкті әйелде қант диабетінің жеңіл дәрежесінде глюкозаның деңгейі сәйкес келеді
(ммоль/л):
* 7,7
* 7,8
* 7,9
* 8,0
* 8,1
1407. Жүкті әйелде қант диабетінің орташа дәрежесінде глюкозаның деңгейі сәйкес келеді
(ммоль/л):
* 7,7
* 11,9
* 12,0
* 12,9
* 13,0
1408. Жүкті әйелде қант диабетінің ауыр дәрежесінде глюкозаның деңгейі сәйкес келеді
(ммоль/л):
* 7,7
* 12,7
* 13,7
* 14,7
* 15,7
1409. Қант диабеті бар босанушы әйелдерде босанудың 2- кезеңінде жиі кездесетін
асқынулар болып табылады:
* иықтарының дистоциясы
* қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі
* қарқынды босану әрекеті
* плацентаның жатуы
* жатыр мойнының дистоциясы
1410. Анамнезінде қант диабеті бар жүкті әйелде жүктіліктің 8-9
аптасында қанның биохимиялық анализінде глюкоза деңгейі 6,6 ммоль/л, глюкозурия
байқалады. Бұл клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес келеді:
* диабет алды
* гестациялық диабет
* қант диабетінің жеңіл дәрежесі
* қант диабетінің орташа дәрежесі
* қант диабетінің ауыр дәрежесі
1411. Госпитализация кезінде қант диабеті бар жүкті әйелде жүктіліктің 25-26 аптасында
жағдайының ауырлығы, есінің анық болмауы, аузынан ацетон иісінің шығуы байқалады.
Бұл клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес келеді:
* гипергликемилық комаға
* жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігіне
* бүйректік комаға
* Эклампсияға
* Гипогликемиялық комаға
1412. Қант диабеті бар жүкті әйелдерде кездесетін асқынуларының бірі болып табылады:
* гипотония
* анемия
* преэклампсия
* нәресте дамуының кідіруі
* азсулық
1413. Қант диабеті бар жүкті әйелде жүктіліктің 28-29 аптасында 20 Б инсулин
инъекциясын қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң жағдайының нашарлауы, әлсіздік,
басының айналуы, тахикардия, аяқ қолдарының дірілдеуі байқалады. Объективті: ашу
кенеген, беті гиперемияланған, АҚҚ 110/70 мм.с.**, Ps 100 рет минутына, терісі ылғал.
Бұл клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес келеді:
* преэклампсияға
* гипергликемиялық комаға
* гипогликемиялық комаға
* эклампсияға
* бүйректік комаға
1414. Қант диабеті бар жүкті әйелдерде жүктілікті ары қарай жалғастыру үшін 1-
триместрде қарап тексеру қажет:
* әйелдер кеңесінде
* емханада
* жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде
* эндокринологиялық бөлімшеде
* күндізгі стационарда
1415. Тиреотоксикозы бар жүкті әйелдерде кездесетін асқыну болып табылады:
* мерзімінен асып босану
* гипотония
* анемия
* жүктілікті көтере алмаушылық
* көпсулық, азсулық
