Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ердос отчет 4 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258 Кб
Скачать
☆

«Саят» туристік компаниясына жалпы сипаттама

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 маусымында бекіткен «Туристік қызметті дамыту туралы» заңында туристік қызметке - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі деген анықтама берілген. Ол қызмет көрсетулер, яғни туристің саяхаты кезінде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер). Міне, осындай қызмет түрлерімен танысу, білу және мол тәжірибе жинақтау мақсатында университетіміздің туризм кафедрасы студенттерді өндірістік практикаға жіберуді жоспарлаған болатын. Бұл жоспар бойынша бізге төменде көрсетілген еліміздің көрікті жерлеріне бару мен өндіріс, қызмет көрсету орындары ұсынылды. Олар:

  • Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, туризм индустриясы комитеті /Астана қаласы/;

  • Астана қаласында орналасқан президенттік «Rixos» қонақ үйі;

  • Астана қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан «Атамекен» мемориалды кешені;

  • «Нұртау» туристік ойын-сауық орталығы /Көкшетау қаласы/

  • Еліміздің кез келген қаласындағы өндіріс, қызмет көрсету орындары;

Жоғарыда аталған ұсыныстардың ішінен біреуін ғана таңдау маған қиынға түсті. Ойлана келе мен еліміздің кез келген қаласындағы туризм саласымен байланысы бар қызмет көрсету орындарынан өтуге шешім қабылдадым. Сөйтіп мен өзім Астана қаласынан өтуді жөн көрдім.

Бұл практикамыздың мерзімі 3 аптаға жуық уақытты қамтиды. Қаңтар айының 19- нан бастап менің өндірістік практикам басталды. Алдын ала келісілген келісімшарт негізінде практикамды Астана қаласындағы ЖШС « Саят» туристік компаниясынан өттім. « Саят » туристік компаниясы « Еуразия » сауда орталығының жанында орналасқан екен. Мені компаниямның топ менеджері Бакирова Алия Ғазизқызы қарсы алды. Мені өзінің көмекшісі, яғни «Менеджердің көмекшісі» деген жұмысқа тағайындады. Маған жеке жұмыс столы берілді. Ол сәт мен үшін өте қызықты болды. Себебі өзіңді белгілі бір фирманың қызметкері ретінде сезінеді екенсің. Бірінші күні жұмыс тәртібімен таныстым. Жұмыс тәртібі бойынша жұмыстан кешікпеу керек, таңғы 9:00- 19:00 жұмыс уақыты, 13:00-14:00 аралығы үзіліс, түскі ас. Менің міндетім жұмысқа дәл уақытында келіп, телефондарға жауап беру, келген туристерге демалуға лайықты жерлермен ақпараттандыру, берілген тапсырмаларды тыңғылықты орындау, басқа туристік компаниялармен хабарласып, оларға қажетті құжаттарды жіберіп отыру болды.

Практикамның әрбір күні жаңа бір жаңалыққа толы болды. Себебі бұрын тек қағаз жүзінде оқығанымды, жинаған білімдерімді практикада сынап көруіме мүмкіндік туды.

Келесі күні «Саят » туристік компаниясының қалай құрылғаны, неге «Саят » деп аталғаны жайлы мәлімет алдым. ЖШС «Саят » туристік компаниясы 1993 жылы Астана қаласында негізі қаланған. Астана қаласы, Д.А.Қонаев көш. 12/2 үй, РНН600900605349 туристік қызметті дамыту жөнінде мемлекеттік лицензия берілген. №82 бұйрығы негізінде лицензия беруші Астана қаласының экономиканы басқару және бюджетті жоспарлау мекемесі. Лицензияның күшінің ерекше шарты әрекет ету күші шектеусіз.

Компанияның «Саят» деген атауы парсы тілінен аударғанда «саяхатты ұнатыңдар» деген мағынаны білдіреді. Аты айтып тұрғандай-ақ компания клиенттерін барынша саяхаттауды ұнатуға, саяхаттың адам денсаулығы үшін зор екендігіне, сапалы қызмет түрлерін ұсына алатындығына зор сеніммен айта алады. Құрылғанына 21 жыл болды , компанияның көрсеткіші жаман емес. Компанияның ішінде бүкіл дүние жүзілік карта, әр елден әкелінген кәдесыйлар, құжаттар орналасқан. Бірінші күні-ақ мен менеджерге тән өзіңді қалай ұстау керек, қоңырауларға нақты жауап беру, клиентті өзіңе тарта білу, оның ойын оқи білу, сияқты қасиеттерді көрсетуге тырыстым, Міне, осылай бірінші күнім өтті.

Бұл туристік команияның стратегиялық мақсаты ішкі және сыртқы туризмді дамыту, халықаралық байланыста жоғары деңгейден көріну. Сондай-ақ маркетинг стратегиясын таңдау бірнеше факторлар санымен анықталады. Ол факторлар: техникалық, ұйымдық, экономикалық, сонымен қатар тарихи, мәдени және тағы басқа аспектілер болып табылады.