Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
520 Кб
Скачать
☆

Сурет 5.1. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштың схемасы

Қозғалмайтын роторда екі өрісте бір n1 жиілікте айналады. Әр өріс ротор орамасына теңдей ЭДС береді, олар қысқатұйық роторда токты индукторлейді. Бұл магиттік ағынды токтардың әрекеттесуінен екі бірдей бірақ қарама-қарсы бағытталған айналатын MI және МII момент пайда болады (5.2), олардың айырмашылықтарынан бірфазалы қозғалтқыштың нәтижелеуші айналу моменті шығады M= MI–МII.. Нәтижелеуші іскеқосу моменті s = 1 болғанда нольге тең, сол себептен ротор айналуға келмейді. Іскеқосу бірфазалы қозғалтқыштардың негізгі жетіспеушігілі – іскеқосу моментінің болмауы. Егер роторды қандай да бір бағытта айналыратын болсақ, онда бір айналу моменті екінші бір айналу моментін басқара алады және қарапайым үшфазалы асинхронды қозғалтқыштардағы сияқты қозғалтқыш ендейді.

Қозғалтқыштың ендеуіне байланысты s сырғанау азаяды да, ал момент (мысалы MI) белгілі бір шекке дейін өсе түседі (MI қисығы бірінші квадранта сурет. 5.2). Осы себептен бірфазалы асинхронды қозғалтқыш үшфазалы сияқты жұмыс істейді.

5.2. Сурет. M = f(s) бірфазалы қозғалтқышының сипаттамсы

Ротордың тура өріске сырғанау қатыстығы тең, ал осы өріс берген ротордың ток жиілігі f2np = sf. Кері айналатын магниттік өріс электромагниттік тежеуіш режимін тудырады, мұнда роторда жоғары жиілікті ЭДС беріледі, соның нәтижесінде ротордың индуктивті кедергісі өсе түседі, ал МII моменті азаяды (МII қисығы 5.2 суреттің төртінші квадрантында). Кері өріске қатысты ротордың сырғанауы,

ал ток жиілігі

Роторды кері айналдырғанда да сол процесс жүреді, тек қарсы бағытта жүреді. Сондықтан, мұндай асинхронды қозғалтқыш роторының айналу бағыты роторды айналдыруға алып келген басқарумен анықталады.

Бір фазалы қозғалтқыштың магниттендіру тогы үшфазалыдан көп. Бұл cosφ төмендеуіне алып келеді. Бір фазалы қозғалтқышты үш фазалымен салыстырғанда оның ПӘК η және асқын жүктеуге қабілеттілігі λт төмен болады. Сол себептен бірфазалы қозғалтқыштың іске қосу, жұмысшы және басқарушы сипаттамалары үш фазалымен салыстырған мүлдем төмен. Бірфазалы қозғалтқыштарды іске қосу үшін статордың 900 бұрышында қоздыру орамасына қойылған көмекші орама арқылы іске асады.

Бұл екі ораманы токпен қоректендендіргенде Т/4 фаза бойында айналушы магниттік өріс пайда болады. Мұндай ығысу іскеқосу орамасына (ІО) сыйымдылық қосқанда ғана орындалады (конденсаторлы іске қосу). Жұмыс кезінде іске қосу орамасы ажыратылады (сурет 5.3). Яғни іске қосылғанда қозғалтқыш екі фазады істесе, ал орташа айналу жиілігінде бірфазалы болады.

5.3. Сурет. Іске қосқыш орамасы бар бір фазалы асинхронды қозғалқыш сұлбасы

Айналдырушы магниттік өрісті алу шарты тек белгіл бір сыйымдылықты қозғалтқышқа қосуда орындалады. Бұл сыйымдылық, конденсатор габариттері үшін (мысалы, 50-200 Вт қозғалтқыштар үшін 20-30мкф сыйымдылық қажет), бірфазалы қозғалтқыштарды пайдалануды шектейді.

Қазіргі кезде іскеқосу орамасы бар, жоғары белсенді және аз индуктивті кедергілері бар бірфазалық қозғалтқыштарды пайдаланылады. Орамалардағы кедергілер айырмашылықтарын фазадағы МДС ығысуы қамтамасыз етеді, ол іске қосу моментін тудырады Мп = (1÷1,5) Мн. Қуаты 15 тен 600 Вт-қа дейін жететін бір фазалық қозғалтықташ кеңінен таралған.

Асинхронды конденсаторлы қозғалтқыштарды қысқатұйық роторлармен орындалады. Статор ойықтарында екі А және Б орамалары қойылады (сурет. 5.4). Конденса­торлы қозғалтқыш бір фазалы қозғалтыққыш желісі арқылы қоректенсе де, ол екі фазалы болып саналады. А және Б орамаларында МДС FA және FB тең болған жағдайда ғана және бір уақыт аралығында МДС 90 ° ығысқанда дөңгелек өріс болады, яғни

или ,

бұдан

(5.1)

мұндағы / =k – статордың орамаларының трансформациялау коэфициенті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]