Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-тарау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
402 Кб
Скачать
☆

8.2.Сурет. Қозғалтқышты ажыратқанда температураның төмендеуі

8.1. Сурет. Әр түлі жүктеме кезінде қозғалтқыш температурасының жоғарлауы

Тәжірибеде қозғалтқышты таңдау кезінде және олардың қызуға төзімділігін тексеру үшін шығындарды жанама бағалау әдісін қолданады. Бүл үшін қозғалтқыштың қызуға төзімділігін эквивалентті тоқ, эквивалентті момент және эквивалентті қуат әдісімен тексерсе болғаны.

Бұл жағдайда қозғалтқышта бөлініп жатқан жылу тоқ квадратына пропорционалды днп санайды және тоқ мәнінің жылулық жоғалтуларындағы эквивалентті табады, ол номиналды тоқтан төмен болуы тиіс.

, (8.4)

мұндағы I1, I2…In және t1,t2…tn – тоқ мәні және осы тоқтар ағып өтетін, уақыт интервалдарының ұзақтығы; In – қозғалтқыштың номиналь тоғы.

Егер теңсіздігі қанағаттандырылатын болса, онда қозғалтқыш қызып кетпейді, бірақ бұл кезде интервалдар ұзақтығы, әсіресе үлкен жүктемелер кезінде . шартын қанағаттандыруы тиіс.

Кейбір қозғалтқыштарда айналу моменті тоққа пропорционал болады (мысалы, тұрақты тоқ қозғалтқыштарда), онда машинаның жылулық жүктемесін эквивалентті момент әдісімен бағалауға болады:

, (8.5)

Мұндағы М1, М2...Мn және t1,t2…tn – момент мәні және уақыт интервалдарының ұзақтығы; Мn – қозғалтқыштың номиналды моменті.

Егер қозғалтқыштың айналу жиілігі жұмыс кезінде елеусіз өзгеретін болса (асинхронды және синхронды қозғалтқыштар), онда қызу эквивалентті қуат әдісімен бағаланады, өйткені бұл жағдайда ол айналу моментіне пропорционалды болады:

, (8.6)

мұндағы Р1, Р2…Рn және t1,t2…tn – тұтынылатын қуат мәні және сәйкесінше уақыт интервалының ұзақтығы; Pn – номиналды қуат.

8.2. Қозғалтқыш жұмысының жылулық режимдері

Жылыту және суыту жағдайына тәуелді болатын қозғалтқыштың жұмыс жасау кезінде оның жұмысының үш негізгі режимін бөліп көрсетуге болады: жалғастық, қысқа уақыттық және қайталама қысқа уақыттық.

Жалғастық деп – қозғалтқыштың жұмыс уақытында оның жылыту температурасы мүмкін болатын мәнге жетпейтін режимді айтады(8.1 – суреттегі Q3 режимі). Мұндай режим t > (3÷4) . болғанда орындалады.

Қысқа уақыттық деп – қозғалтқыш жұмысының уақытында оның температурасы орнатылған мәнге жетпейтін, ал үзіліс уақытында температура қоршаған орта температурасына дейін төмендейтін режимді айтады.

Мұндай режимдегі температуралық қисық түрі 8.3 – суретте келтірілген. Әдетте қысқа уақыттық жұмыс режимінің қозғалтқыштарына арналған каталогтарда оның қосылуының мүмкін болатын уақыты көрсетіледі.

8.3. Сурет. Қысқа уақытты режим

Егер жалғастық жұмыс режиміне есептелген қозғалтқыш қысқа уақыттық режимде жұмыс жасайтын болса, онда ол жүктемелік моментті номиналдыдан асырып жібереді және үлкен қуатты номиналдыға қарағанда қысқа уақытта тарата алады. Қосылу жағдайының ұзақтығын tВ термиялық қайта жүктемелей коэффициентінің көмегімен анықталады, ол қысқа уақыттық режимде Qп жалғастық режимдегі номиналды жоғалтуларға Qп қатысты алғандағы, қозғалтқыштағы жылытуға кететін жоғалтулардан қанша есе асуға болатынын көрсетеді:

(8.7)

Ендеше

, (8.8)

(8.7) теңдеуін (8.8) теңдеуіне қоя отырып және алынған теңдеуді

қысқартып, мынаны аламыз:

(8.9)

осыдан

Қайталама – қысқа уақыттық деп – қосылу жағдайының уақытында tВ қозғалтқыш температурасы орнатылған мәнге жетпейтін, ал үзіліс уақытында tП қоршаған орта температурасына дейін төмендеп үлгермейтін режимді айтады.

8.4 – суретте қайталама – қысқа уақыттық режим кезіндегі температура өзгерісінің қисығы көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]