Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan_Respublikasy_Bilim_zh_1241_n...docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71 Кб
Скачать
☆

Лидердің атқаратын функциялары.

Лидердың атқаратын функциялары ол басшылық ететін топтың ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

Лидер администратор ретінде. Бұл функция іскерлік саясаттың негізгі бағыттарын анықтау мен жұмыстын атқарылуын бақылаумен анықталады. Осы функциясының негізі – топ мүшелеріне атқарылушы жұмысты жүктеу.

Лидер жобалаушы ретінде. Бұл функция шеңберінде лидер топ мақсатқа жету үшін керекті әдіс-тәсілдерді анықтайды. Бұл функция қарапайым қадамдарды анықтаудан бастап ұзақ уақытты жоспарларды құрастырумен аяқталады. Көптеген жағдайда лидер жоспарлардың жалғыз сақшысы болады.

Лидер политик ретінде мақсаттарды бекітіп мінез-құлықтың негізгі сызығын орнату керек. Топтық мақсаттар мен оларға жету жолдары 3 ке бөлінеді:

  • жоғарыдан берген бұйрықтар;

  • топтын үкімдері;

  • лидердің бұйрықтары.

Лидер эксперт ретінде – топ мүшелері лидерге маман, эксперт ретінде жүгінеді.

Лидер сыртқы ортада топтың өкілі ретінде – лидер топтың атынан шығады, топтық сана, құндылықтардың және т.б. қасиеттерді көрсетеді. Лидер топтан шыққан ақпаратты және топқа арналған ақпаратты тасымалдайды.

Лидер топ ішіндегі қарым-қатынасты реттеуші ретінде – топ мүшелері арасындағы жанжалдарды болдырмау немесе дауларды шешу болып анықталады. Демек лидер жеке қалауына байланысты топ мүшелерінің қарым қатынасын реттей алады.

Лидер мадақтаушы және марапаттаушы ретінде. Осы фунция лидер және топ мүшелерінің жеке құндылықтарымен тығыз байланысты, лидер өнегелі болып, топ мүшелері оған үқсауға тырысады.

Лидер жеке жауапкершілікті жоққа шығарушы фактор ретінде. Топ мүшелерінің далдығына сәйкес лидер жауапкершілікті өз мойнына алады, істі менің атымнан атқара беріндер деп айтуы мүмкін.

Лидер дүниетанымның өткізгіші ретінде. Көптеген жағдайларда лидер топтық құндылықтар мен нормалардың бастауы ретінде танылады. Лидер топ жататын қоғамның идеологиясын білдіреді.[1],[11]

Лидерлік пен басшылық стильдері

20ғғ 30жылдары Курт Левин басқарудың 3стилін бөліп көрсеткен:

  • авторитарлық (директивті);

  • демократиялық (коллегиалды);

  • либералды (салғырттық).

Лидерліктің стильдері – лидердің топ мүшелеріне әсер ету үшін қолданатын әдіс-тәсілдер жиынтығы.

Авторитарлы стиль басқарудың қатаң болуы, инициативаның алдын алу, қабылданатын шешемідердің біртарапты болуымен сипатталады. Басшы қабылдаған шешімнің сапасы оның қолындағы ақпарат мөлшеріне және лидер оны қалай түсінетіндігіне байланысты. Алайды авторитарлық лидердің қолдында толық ақпарат болмауы мүмкін, себебі басшы мен әлеуметтік топ арасындағы дистанция үлкен болады, және қоластындағы адамдар басшымен сырласпайды, оған өз мәселелерін айтпай, ақпаратты жасыруы мүмкіін. Басқарудың авторитарлық түрі әлеуметтік топ ішінде микротоптардың пайда болуын жеделдетеді. Шешімдер топ мүшелеріне нақты, қысқа формада жеткізіледі, лидер атқарылатын іс жайлы ешқашан толық ақпарат бермейді, осы әрекеттер топ ішіндегі фрустрациялары туғызуы мүмкін.

Басқарудың демократиялық түрі шешімдердің ұжым ішінде талқылануымен, инициативаның қолдаумен, топ лидері және мүшелері арасында беленді ақпарат алмасумен, шешімдерді жалпы жиналыста қабылдаумен ерекшеленеді.Шешімдер баяу қабылданады, сондықтан басшы шыдамды, толерантты, мінезі икемді болуы керек. Осы стиль топ ішінде қолайлы климаттың пайда болуына әсер етеді. Топ мүшелерінің орындалатын жұмыс нәтижелерімен және топ ішіндегі алатын орнымен қанағаттанушылығы мол болады, бірақ та басшыда топты бақылауға қатысты қиындықтар туындауы мүмкін.

Салғырттық стильге лидердің басшылықтан бас тартып, басшылықты топтың басқа мүшелеріне беру. Басқарудың осы түрінде топ мүшелерінің жауапкершілігі өседі, топ өздігінен алдына мақсат қойып, өмірлік бағыттарын анықтайды.

Ең жағымды вариант – басқарудың 3 стилінің тиімді ұштасуы. Басқару стилін өзгертудің негізгі факторлары – шешім шығарудың шұғылдылығына, мақсаттың құпиялылығы, топтың мөлшері, басшының тұлғалық қасиеттері, қоластындағылардың ақыл-ой мүмкіндіктері немесе профессионалдылық деңгейі. [3], [1], [11]