- •Тұтас құймалы темірбетоннан үймереттерді тұрғызу технологиясы. Тұтас құйма темірбетонды қолдану арқылы үймереттерді тұрғызу жөніндегі жалпы ережелер
- •Тұтас құйма және құйма-құрамалы үймереттердің құрылыстық-құралымдық шешімдері
- •Үймереттерді тұрғызу қарқыны және бетондаудың интенсивтілігі
- •Үймереттерді тұрғызу қарқынын жеделдету тәсілдері
- •Бетон қоспаларын дайындаудың, жеткізудің, берудің, қабылдаудың және төсеудің ыңғайлы технологиялық үлгісін
- •Материалдық-техникалық ресурстар
- •Қалып элементтерін, тасымалдау машиналарын, механизмдер мен құралдарды жинақтау
- •Техникалық-экономикалық көрсеткіштер
Материалдық-техникалық ресурстар
Тұтас құймалы бетон мен темірбетон жұмыстарының өндірістік процесінде жартылай фабрикаттар ретінде мынадай материалдық ресурстар пайдаланылады: қалып, арматура, бетон қоспасы және механизмдер мен жабдықтардың түрі.
Құрылыс индустриясының, құрылыс материалдары өндірісінің, металлургия, химия, ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары, арматура зауыттары мен шеберханалар, металл құралымдардың зауыттары, бетон шығару зауыттары және басқалары дайын материалдар мен бұйымдарды жеткізіп берушілер болып табылады. Осы кәсіпорындардың дайын өнімдерін қалып, арматуралық біліктерді, торлар мен қаңқаларды, бетон қоспасын құрылыс алаңдарына автокөліктермен жеткізіледі.
Салынып жатқан объектілерді қажетті материалдар және жартылай фабрикаттармен қамтамасыз ету жұмыс қарқынына және технологиялық жалғасымына сәйкес жүргізілуі керек.
Тұтас құймалы үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу технологиясы жұмыстардың өндіру жобасы бойынша айқындалады. Бұл жерде регламентті параметрлері жұмыстардың жалпы көлемі мен ұзақтығы болады. тындырылатын жұмыстардың жобасын жасау кезінде бетон қоспасын төсеудің тәуліктік графигі дайындалады.
Жобаның құрамына тұтас құймалы құралымдарды тұрғызу кезіндегі машиналар мен механизмдерге деген сұраныс, техникалық жарақаттандырылуы, бетондау үлгілерінің графигі қарастырылады. Тұтас құймалы үймереттер мен ғимараттар әдетте мердігерлік негізде жұмыс істейтін мамандандырылған бөлімшелердің күшімен тұрғызылады. Бұл ұйымдардың қармағында қалыптар саймандары, бетон қоспасын жеткізіп, төсейтін механикаландырылған құралдар, басқа да машиналар мен механизмдер болады. Мамандандырылған бөлімшелердің жылжымалы бетон араластырғыш қондырғылары мен арматура станциялары болуы мүмкін.
Мамандандырылған бөлімшелер болмаған жағдайда жұмыстарды орындау құрылысшыларды, арнайы автокөліктердің жүргізушілерін қамтитын, бригадалық мердігер бойынша жұмыс істейтін арнайы бригадаларға тапсырылады.
Қалып элементтерін, тасымалдау машиналарын, механизмдер мен құралдарды жинақтау
Технологиялық жобалау сатысында қалып типінің түрін таңдау және жинақтық көлемін анықтау құрылыстың нақтылы шарттарына және құрылыс ұйымын технологиялық жарақтандыруға сәйкес жүргізіледі. Мұның үстіне таңдау кезінде тұтастай алғанда тұрғызылатын құралымдар мен ғимараттардың ерекшеліктері, аралықтарының мөлшері, құралымның жерден қаншалықты биіктікте орналасқандығы, үй мен ғимараттың тұтас биіктігі, жоспарына және биіктігіне қарай құралымның қайталанатындығы ескеріледі.
Түрлі үлгідегі қалыптарды дайындауға жұмсалатын бірмезгілдік шығындарды салмақтау және орнату мен бөлшектеу құнын, орындалған жұмыстартың тиісті көрсеткіштерін салыстыру, блокты, ірі қалқанды, орамды қалыптарды қолдану тиімді екендігін білдіреді. Ал мұның өзі қол енбегін күрт қысқартады. Есепті экономикалық тиімділік әдетте жөндеуге, бекітуге, бір айналымға деп есептелген элементтерді дайындауға кететін шығындардың айырмасынан құралады.
Қалыптардың белгілі түрін дайындау тиімді деген мәселені шешу барысында, әсіресе мамандандырылған бөлімшелерді технологиялық жағынан жарақтандырған жағдайда, материалдық қаржылар шектеулі болатындықтан, өзіндік құны мен орындалған жұмыстың қаншалықты күшке түсетіндігін салыстырып отыру керек. Жұмыстың өзіндік құны мынадай формуламен айқындалады:
Cж = (Cж Пн/ Пе + Cо.а)/V
мұндағы Cж – қалыпқа кететін жылдық шығындар; орнату мен ажырату шығындарынсыз, тг/м2; Пн, Пе – аталмыш қалыптың айналмалы қарқынының тиісті нақты және есепті көрсеткіштері; Cо.а – орнату мен ажырату құны, тг/м2; V– қалыптап орындалатын жұмыс көлемі, тг/м2.
Қалыптаудың ең аз айналымдылығының есепті мөлшерлі циклы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте
Қалып түрі |
Қалып материалдары |
Болаттан жасалған сүйеніш элементтер |
||
металл |
фанер |
ағаш |
||
Ұсақ қалқанды |
100 |
|
|
200 |
Ірі қалқанды |
|
|
|
|
Көтермелі-ауыстырмалы |
120 |
30 |
20 |
120 |
Көлемді-ауыстырмалы |
200 |
|
|
200 |
Жылжымалы |
300 |
60 |
30 |
600 |
Көлбеу-көшірмелі |
400 |
80 |
40 |
800 |
Технологиялық жобалау сатысында нақтылы жағдайларға арналған қалыптардың түр-түрлілігінің айналымдық қарқынымына формула арқылы анықталуы мүмкін:
ұсақ қалқанды қалып үшін:
Пұқ = 19,17 + 0,23V - (35 + 0,5V)Kt /10000
мұндағы V – құрылыс ұйымының жылдық бетондау жұмысының көлемі, 1000м3; Kt – қысқы кезеңнің қарсы температурасының есебіне қарсы температуралардың ұзақтығын білдіретін температура коэффициенті;
ірі қалқанды қалып үшін:
Пік = 24,16 + 0,26V - (43 + 0,55V)Kt /10000
блокты қалып үшін:
Пбл = 21,23 + 0,36V - (28 + 0,76V)Kt /10000
сырғымалы қалып үшін:
Пс = 106 + 0,99V - (140 + 3,6V)Kt /10000
Қалыптау жұмыстарының еңбек сыйымдылығы мына формуламен анықталады:
Eқ = Eп + (Eд + Eж)/n
мұндағы Eқ – қалыпты құрастыру мен ажыратуға жұмсалатын еңбек шығындарының сомасы, сондай-ақ бір айналымға келетін қалыпты дайындауға және жөндеуге жұмсалатын майда-шүйде шығындар; Eп – қалыпты пайдалану жұмысының еңбек сыйымдылығы (құрастыру, ажырату, тазарту, майлау), адам-күн; Eд – қалыпты дайындаудың еңбек сыйымдылығы, адам-күн; Eж – қалыпты жөндеуге жұмсалатын еңбек сыйымдылығы, адам-күн; n – қалыптың мөлшерлі айналымдығы, цикл (2-кесте).
Қалыпты орнату, арматураны орналастыру, бетон қоспасын жеткізіп төсеуге арналған машиналар мен механизмдер жинағын таңдау, тұтас құймалы бетон және темірбетон үймереттері ғимараттарын және олардың құралымдық элементтерін тұрғызудың бүкіл технологиялық процестерін кешенді механикаландыруға бағындырылуға тиісті. Бетондау қарқынын және барлық жұмыстарды ұйымдастыру бетон қоспасын төсеу арқылы айқындалады. Жетекші машина есепті бетондау қарқынымен анықталады.
Жетекші бетон төсеуші машина өнімділігі жағынан бетондау қарқындылығымен байланыстырылған, мұның үстіне параметрлер, өнімділік және өзге механикаландырылған құралдардың саны мен жетекші машинаның параметрлері өнімділігіне сәйкес іріктелініп алынады.
Машиналар мен механизмдердің жинақтық құрамы қалып, арматура және бетондау жұмыстары мен өндірістік жұмыстардың технологиясы қабылдаған жетекші машинаның пайдалану өнімділігі арқылы айқындалады.
Тұтас құймалы бетон мен темірбетоннан үймереттер мен ғимараттарды тұрғызудың бас құрылыс жоспарын жасау кезінде көтергіш механизмдерді орналастыратын орындар мұқият іріктелінеді. Қалыптың қалқандары мен формалары құрастырылады, арнайы автокөліктерінің кіретін тұстарының үлгісі, бетон жаятын механизмдер мен машиналарды орналастыратын жер дайындалады.
Бетонтөсегіш қабылдау бункері әрекет жасайтын аймақ қауіпті болып саналады. Сондықтан ол маң қоршалуға тиісті. Бөлгіш жебелері бар бетонсорғыш қондырғыларының жұмысы олардың айналым радиусы да қауіпті аймаққа жатады.
Бетон қоспасын бетондалатын құралымдарға беруде кранды пайдаланған жағдайда оның үймереттерге немесе ғимараттарға белгілі бір радиус бойынша байланысы ескеріледі. Бұл ретте кран жұмыс істейтін қауіпті аймақ көрсетіліп, оның шекарасы белгіленуі керек. Өйткені көтерілетін жүк құлауы мүмкін. Сол себепті сақтық шараларын қолданған ұтымды болады.
Өндіріс процестерінің толық көлемінің кестесін жасау үшін орындалуға тиісті жұмыстардың толық тізімі болуы шарт. Жұмыс көлемі мынадай өлшемдегі жұмыс сызбалары арқылы есептеледі: қалыптау құралымдар – шаршы метрмен, қалыптарды ұстап тұратын ағаштар – метрмен, шыбық арматураны орнату – тоннамен, арматуралық қаңқалар – даналап, бетон қоспасын төсеу – текше метрмен алынады. Мұның үстіне тұтас құйма бетон жұмыстарын құрайтын өндірістік процестер арасында бетон төсеу жетекші жұмыс болып саналады.
Өндірістік жұмыстардың мерзімдік жоспарында әрбір процестің тасқынды орындалуы, мамандандырылған звенолардың бір алымнан екіншісіне ауысуының тәртібі, құралымдардың тәртібін ажырату мерзімдері көрініс табады.
Бетон жұмыстары өндірісінің жалпы мерзімі мына формула арқылы анықталуы мүмкін:
мұндағы tм – мамандандырылған звенолардағы жұмысшылардың әрбір алымда болу ұзақтығы, алмасу; tб – бетонның қатқылдануы, алмасу; па – алымдардың жалпы саны; К – тасқынның ырғағы.
Жұмыстың көлеміне және бетондалатын түзілістердің күрделілігіне байланысты әрбір процесс дербес тасқынға бөлінуі мүмкін: қалып құрылғысы – І тасқын; арматураны орнықтыру – ІІ тасқын; бетон қоспасын төсеу – ІІІ тасқын; бетонға күтім жасау – ІV тасқын; қалыпты ажырату – V тасқын.
Жеке тасқындардың саны оларды біріктіру арқылы кемуі мүмкін. Мысалы, қалыпты орнату мен арматураны орналастыруда арматура-қалып блоктарын пайдаланса – І тасқын; бетондау және бетонға күтім жасау – ІІ тасқын; қалыпты ажырату – ІІІ тасқын;ажырамайтын қалыпты қолданғанда оны бөлшектеу жүргізілмейді, ондайда екі жағдайда да тасқынның бұл түрі тыс қалады.
Биік тұтас құймалы ғимараттарды қабаттарға бөлгенде жұмыс тігістерінің құрылғы талаптарын ескеру қажет. Көп қабатты үймереттерді тұрғызған кезде ярус ретінде бағаналар мен жабуларын қоса алғанда қабаттың биіктігі есепке алынады.
Процеске енетін процестердің барлық түріне арналған тасқын ырғағы біркелкі жобаланады:
К = Еі /аі т
мұндағы Еі – алымдағы еңбек сыйымдылығы, адам-алмасу; аі – і – жұмыс түріндегі жұмысшылардың саны, адам; т – жұмыс істейтін звенолардың саны.
Жекелеген жұмыс түрлері бойынша жұмыс істейтін звенолар санының жұмыс көлемі мен белгіленген тасқын ырғағының орындалуын қамтамасыз ету үшін мына формула қолданылады:
т = Еі /аі К
немесе жұмыс түрлері бойынша
тк = Ек /ак К; та = Еа /аа К ; тб = Еб /аб К
мұндағы тк, та, тб – қалыпшылар, арматурашылар, бетоншылар звеноларының тиісінше саны; Ек, Еа, Еб – қалып, арматура, бетон жұмыстарының тиісінше еңбек сыйымдылығы, адам-алмасу; ак, аа, аб – тиісті жұмыс түріндегі звенодағы жұмысшылардың саны, адам;
Әрбір мамандандырылған бригаданың құрамы БМБ немесе ЕПК (еңбек процесінің картасы) түрлі темірбетон құралымдарына арналған жұмыс ауқымына байланысты айқындалады. Егер жұмысшылар сабақтас мамандықтарды, мысалы арматурашы мен бетоншыны игеретін болса, онда еңбекті алымдар тәсілі бойынша ұйымдастыру едәуір жеңілдейді.
Әрбір алымдағы құралымдарды қалыптан ажырату тасқын бойынша және бетон қоспасын төсегеннен кейін кемінде бес күннен бұрын жобаланады. Осы мерзімде 500 маркалы портландцементтен 400 маркалы бетон 25ºC температурада 80% маркасын бойына жинақтайды.
Алайда ауаның онша жоғары емес температуралары жағдайында күзгі немесе көктемгі кезеңдерде, сондай-ақ баяу қатқылданатын цементтерді қолданғанда (шлакопортландцемент, пуццоланды портландцемент) бетон әдеттегі жағдайларда қатқылданатын бетонға бір емес, екі-үш алымдарды бөлуге тура келеді.
Жұмыс сапасын қамтамасыз ету
Тұрғызылатын тұтас құймалы үймереттер мен ғимараттардың қосып алғандағы сапасы қалып орнату, арматуралау және бетондау жұмысарының сапасына байланысты болады. Ал осы жұмыстардың өзі қолданылатын материалдар мен жартылай фабрикаттарға тәуелді.
Қалыптар техналогиялық күш түскенде берік болуы керек, формаларының дұрыстығы мен мөлшерлерінің дәлдігін қамтамасыз ету қажет. Бетондалған құралымдардың бүлдіруінсіз тез құрастырған не бөлшектеген жөн. Арматураны орнықтыру, бетонды төсеп, тығыздау қиындықтар туғызбау қажет.
Қалып әдетте алдын ала салынып жатқан объектіден тысқары жерде дайында және оның элементтер объектігі таңбаланған күйде келіп түседі. Қалып элементтерін өндірістік жұмыстар жобасының нұсқауына сәйкес тасымалдау керек.
Құрылыс алаңына жеткізілетін дайын қалып элементтері байқаудан және аспаптық тексерістен еткізіледі. Қалыптың әрбір элементінің таңбасы болуға тиісті. Одан әрі қалыпты пайдаланған кезде қалып мерзімдік аспаптық алынады, болаттан жасалғандары үшін кемінде 20 айналым және ағаштан жасалғандары үшін кемінде бес айналымнан тексеріліп тұрады.
Қалыптың көлемінің жобадан ауытқуы соған жіберілгеннен онша асып түспеуі керек.
Жиналған, бетондауға әзір етілген қалып, оған тірек болатын құралымдар, сондай-ақ көтергіш жабдықтар акті бойынша қабылдануға тиісті.
Бетонның үсті сапалы болуын артыру үшін қалыптың жақтау беттері, бетонға жалғасатын жері тегіс сүргіленген болуы керек.Жинақталған қалып тығыз болуы және цемент сұйығының ағып кетуіне жол бермеуі керек. Геометриялық форманың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін темірбетон имелер, қалыбы және кружаласы, аралығы 4 м асып түсетін бағаналар құрылыс көтерімінде қойылады.
Арматуралар мен арматуралық бұйымдардың сапасына арнайы құжат – сертификатпен кепілдік беріледі. Онда дайындаушы зауыттың аты, партиясының нөмірі, шығарылу мерзімі, болаттың класы мен таңбасы, оның химиялық құрамы, диаметрі мен механикалық қасиеттері көрсетіледі.
Қалыптағы арматура қаңқалары мен торлары жобаға сәйкес болып, сүйемелдейтін қондырғылардың, шаблондардың, бекіткіштердің, төсеніштердің көмегімен бетондау процесінде жылжып кетпейтіндей етіп бекітіледі. Арматуралық тіреулердің ауытқушылығы жобаға қарағанда диаметр ауқымдылығынан 1/5 артыққа және орнықтырылатын тіреуден ¼ диаметрден артыққа жіберілмейді. Қалыптағы арматура жасырын жұмыстарды білдіретін акті бойынша қабылданып алынады.
Тұтас құймалы бетон құралымдарының сапасы көп жағдайда дайындалған бетон қоспасының ерекшеліктеріне және оның қатқылдану процесіндегі күтіміне байланысты болады.
Төсегеннен кейін бетон қоспасының жоғары сапасын белгілі бір мынадай талаптарды орындаған кезде ғана қамтамасыз етуге болады: температуралық-ылғалды қолайлы режимді ұстап тұру, қатқылданған бетонды соққыдан, жарылудан және басқа да механикалық әсерлерден, температураның күрт өзгеруінен және тез кеуіп, құрғауынан сақтау.
Бетонды жауып, суару бетондағаннан кейін 10-12 сағаттан кешіктірілмей, ал ыстық және желді күндері 2-3 сағаттан кейін басталады. Егер сыртқы температура 15ºC және одан жоғары болса, алғашқы үш күні күндіз кемінде 3 сағаттан кейін және түнде бір рет суарады, ал одан кейінгі күндері бетон 70% жобалық беріктігіне әдетте 7-15 күн жеткенше тәулігіне үш рет суарылады.
Бетонды ерітіндімен тұтас байлауға лайықталмаған бетонның үстін пленка тәріздес құрамамен немесе шағылыстыру қабілетін арттыратын және үстін күн сәулесімен қызуын азайтатын сұйық әк қосылған су-битумды эмульсияменжабу ұсынылады.
5ºC және одан төмен температурада бетонды суармайды. Оған күтім жасау шаралары, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімі, орындалуына бақылау жасау өндірістік жұмыстардың жобасында қарастырылған.
Бетонның беріктігі кемінде 1,5 МПа болғанда ғана бетон үстімен жүріп, оған қалып орнатуға болады.
Бетон сапасына бақылау жасаған кезде оның физикалық-механикалық көрсеткіштерінің сәйкестігі жоба талаптарына сай келетіндігі тексеріледі және ол оны дайын күйіне әзірлеу сатысында жүзеге асырылады. Бетон қоспасын дайындап, төсеу сатысында оның қозғалғыштығы тексеріледі. Ол ауа райының қалыптасқан және толтырғыштардың тұрақты ылғалдылығы жағдайында алмасуда кемінде екі рет қоспаны дайындап, төсейтін жерде жүргізіледі. Ылғалдылығы күрт өзгеретін, қоспаның жаңа құрамын дайындауға көшкен немесе жаңа партиядан құралатын болса, кемінде әрбір екі сағат сайын тексеріп отыру керек.
Бұған қоса құралымдардағы бетон сапасының беріктігін, аязға төзімділігін және бұрғыланған керндерде су өткізгіштігін сынау жолымен анықталады. аған кезде ғана қамтамасыз етуге болады: температуралық-ылғалды қолайлы режимді ұстап тұру, қатқылданған бетонды соққыдан
