Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Студенттерге аралық бақылауға.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
492 Кб
Скачать
☆

Тереидік магмальщ тау жыныстары

Терендік магмалық тау жыныстарының негізгілері — граниттер, сиениттер, диориттер, габброидтер.

Граниттер — өте көп тараған; магмалык қышкьіл жыныстар (8і02 мөлшері 65%-тен жоғары) тобына жатады; күрамында кварц көп (25-30 %), натрийлі-калийлі дала шпаттары - 55-65%, слюдалар - 5-10%. Қүрамының негізі натрийлі-калийлі дала шпаттары болғандыктан олар-дыңтүсі көбінесе сүр, көгілдір-сұр, күңгірт-кызыл келеді; кристалда-ры түйірлі, орташа тығыздығы - 2,6-2,7 т/м3, беріктігі жоғары (сығуға беріктігі - 120-250 МПа). Созуға беріктігі, баска да материалдардыкі сиякты, аз - сығуға беріктігінің 1/30-1/40 бөлшегіндей. Граниттерді массивтен (таудан, бөліп шығару әсерінен денесінде пайда болатын жүқа, шаш тәрізді жіңішке жарықтар (сызаттар) олардың, сығуға беріктігіне айтарлықтай зиян тигізбесе де, созуға беріктігін өте төмеңцетеді. Граниттердің қүрамында кварц көбейген сайын, ал слю­далар азайған сайын олардың күрылыстык касиеттері жақсарады.

Граниттердің беріктігі жогары, кеуектілігі (1,5%-дан көпемес және . су сіңіргіштігі (0,5% шамасында) аз болғандықтан олардың аязға және үйкеліске төзімділігі үлкен. Граниттер жаксы өнделінеді; жонылады, ажарланылады. Олар көпшілік пайдаланылатын және гидротехника-лык гимараттардың сырт жағын (фасадын) өндеу үшін қолданылады.

30

Сиениттер физика-механикалық қасиеттері бойынша (3.1-кестедегі граниттерге жақын олардың қүрамыңца кварц аз, түсі күңгірттеу.

Диориттер күрамының 75% - дала шпаттары, беріктігі жоғары, түтқырлығы үлкен, жол бетіне төселетін материал ретінде қодданылады.

Габбро негізінде дала шпаттары және темірлі-магнийлі силикат-тардан құралған, күңгірт түсті, беріктігі жоғары, жолға төсеу жөне жарыкдіақ тастар өндіру үшін пайдаланылады.

Диориттер мен габброның физика-механикалык қасиеттері де 3.1-кестеде көрсетілген.

Лабрадорит - габбро жыныстарының көбінесе Лабрадор* мине-раддарынан күралған, көп түрініц бірі. Лабрадорит көбінесе ірі түйірлі, қара-сүр немесе қара болып келеді. Жарықтербелісінін өтуі минерал-дың әр бағытында түрліше болғандыктан, лабрадориттің түстері құлпы-рып, күбылмалы (иризациялы) болып көрінеді. Ол ескерткіштерді, үй қабырғаларын мәнерлеуге пайдаланылады. Лабрадоритті күраушы пла-гиоклаздардың (лабрадордың) түйірлері неғүрлым ірі болса. оның көр-кемдік қасиеті жоғары болады. Лабрадорит сирек кездеседі. Украин-дағы Волынь және Черкассы облыстарында, Орал тауында ұшырайды. Шетелдерде лабрадориттің ірі кен орындары Канадада, АҚШ-та т.б. елдерде бар.

Жоғарыда көрсетілген граниттерден баска терендік магмалык жы­ныстар және осы топқа кіретін басқа да жыныстар аз таралғандыктан күрылыста сирек кодданылады.

Төгілме магмальщ тау жыныстары

Магманың жер бетінде не соған жакын жерде қатаюынан пайда болған бүл жыныстардың күрылымы аморфты (шыны тәрізді), жасьь рын кристаллы немесе порфирлі. Бүл жыныстардыңтығызтүріне пор-фирлер, диабаз, базальт т.б. жатады.

Порфирлер: кварцті порфир- граниттің аналогі және кварцсіз (дала Шпатты) порфир — сиениттің аналогі. Бүлардың касиеттері терендік ж і.іі п.істардікіне жақын. Бірақта негізгі құрылымының әр жерінде дала шиатгарының ірі түйірлері орналасуынан олардың үйкеліске кедергісі іомен, желге мүжілуі оңайырақ.

*Лабродор — дала шпаттары ішіндегі плагиоклаздар тобына жататын мине-ріЛ. Альбит (30-50% пен анориттің (50-70%) изоморфты қосылысынан тұрады.

31

Д иабаз — габброның аналогі: оныңтүсі күңгірт — сұр не жасыл қара, сығуға беріктілігі жоғары — 300-400 МПа, тұтқырлығы үлкен; ол үйке-ліске шыдамды, кеспе тастар түрінде жолға төселеді; одан өндірілген жарықшақ (шағыл) тастар негізінде жасалынған бетондардың аязға төзімділігі және беріктігі жоғары болады.

Базальт — өте көп тараған жыныс; бұл да габброның аналогі; оның түсі күңгірт, құрылымы шыны тәрізді немесе жасырын кристалды, орташа тығыздығы — (2,9-3,3 т/м3) шыны тығыздығына жақын, сығуға беріктігі — 500 МПа-га дейін. Қаттылығы және морттылығы үлкен болғандықтан оны мұкият өндеу қиын. Сондыктан ол тұрпайы өндел-ген кеспе тас немесе плиткалар түрінде жолға және өзен теңіз жағала-рына төсеу үшін пайдаланылады. Қүрамында кварц жоқ болуына бай-ланысты одан өндірілген жарықшақ тастар отқа төзімді бетон бүйым-дарын жасау үшін қолданылады. Оны базальт талшыкты минералды мақга алу үшін және қүйма тас бүйымдарын өндіру үшін пайдаланы­лады. Балқыған базальттан жасалған бүйымдардын сығуға беріктік шегі — 300 МПа-ға дейін жетеді.

Төгілме магмалық тау жыныстарының кеуекті түріне жанар таудан шыккан пемза, вулкандық күл және туфтар, туфты лавалар, т.б. жатады.

Пемза — лава ауада тез суынуынан және одан газдардың қарқын-ды (ду) щығуынан пайда болған, кеуектілігі көлемінің 80%-на дейін. Шыны құрылымды, жеңіл материал. Оның саңылаулары ірі, жабык (қатынассыз), сондыктан су сіңіргіштігі кеуектілігінен аз, аязға төзімді, жылу өткізгіштігі томен, түсі ақ немесе сұр, каттылығы — 6, орташа тығыздығы — 0,3-0,9 т/м3; ол жеңіл бетондардын (пемзабетонның) тол-тырғыштары ретінде және кейбір материаддарды тегістеу үшін колда-нылатын түрпілі (катты) қүрал (зат) ретінде пайдаланылады.

Вулкандық күл — жанартаудан атылып шыкқан лаваның ең кіші мөлшері 0,1-2 мм, бөлшектері.

Вулкандық туфтар — тығыздалынған, байланыстырғыш зат пен цементтелген вулкандық күл, пемза; бүлардың қүрылымы кеуекті. Бүлардың бірі — трасстар, мысалы Карадаг трасы.

Туфты лавалар — лава мен туфтан қүралған тау жыныстары. Олар-дың бірі Армениядағы Ленинакан қаласы жанындағы кен орны — Артик туфы. Оның затының тығыздығы — 2,6 т/м3, ал орташа, яғни жынысының саңылауларымен қоса, тығыздығы — 750-1400 кг/м3; осыған сәйкесінше кеуектілігі — 70-46 %. Артик туфының жылу-

32

өткізгіштігі кәдімгі кірпіштікінен томен, сондықтан одан істелінетін сыртқы кабырғаның қалындығын жұка етіп жасауға болады.

Туфтардың және туфты лавалардың беріктілігі кәдімгі кірпіштің беріктілігіндей, яғни — 5-15 (кейде 30-ға дейін) МПа. Олар кесілген тас түрінде тұрған үйлердің қабырғасын қалау, бөлмеаралык кабырға күру, отқа төзімді жабындар жасау үшін және жеңіл бетондардын толтырғышы ретінде қолданылады. т

Осы айтылған магмалық тау жыныстарының кеуекті түрінің бәрі де, қүрамында активтік кремнезем болғандыктан, ізбес және цемент-терге гидравликалык немесе активті минералды қосымша (қоспа) ретінде де пайдаланылады.