- •Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешен
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы
- •3.Силлабус Оқытушы жөнінде мәліметтер
- •Пән сипаттамасы
- •2. Пән мазмұны
- •Дәрістемелік сабақтардың тақырыптары мен оның мазмұны
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және олардың мазмұны
- •Студенттің жеке өзіндік жұмысы және соөж-ң мазмұны
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •2.Оқу жұмыс бағдарламасы Оқытушы жөнінде мәліметтер
- •Пән сипаттамасы
- •Пән мазмұны
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •6. Дәрістемелік материалдар
- •7. Машықтану сабақтарының жоспары
- •8. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Саясат және процедура.
- •9. Соөж бен сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзінді жұмысы(соөж) мен студенттердің өзіндік жұмысының (сөж) орындауға берілген тапсырмалар Студенттің №1тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •Студенттің №2 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •Студенттің №3 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •Студенттің №4 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •Студенттің №5 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •Студенттің №6 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •10.Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •11 Аралық және қорытынды бақылауға арналған
6. Дәрістемелік материалдар
1- тақырып. Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық, және қаржылық қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалауына иүмкіндік береді.
Заңды тұлғалар (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқасы) ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сәйкес жасайды және есепті кезеңдегі қаржы есептемесінің құрамында тапсырады.
Ақша қаражаты - кассада және банктердегі шоттарда тұрған қолма-қол бар ақша.
Ақша қаражатының қозғалысы - ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы.
Операциялық қызмет - ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.
Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.
Қаржы қызметі - меншікті капитал мен займ қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын ұйымның қызметі.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі мәліметтер болуы тиіс. Ұйым қызметін түр-түрі бойынша жіктеу пайдаланушыларды ұйым қызметі түрлерінің оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы
Заңды тұлғаның операциялық қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы мыналарды пайдалана отырып ашылады:
а) тікелей әдіс, ол бойынша ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі;
немесе
б) жанама әдіс, ол бойынша таза табыс немесе залал ағымдағы активтер мен міндеттемелердің, ақшадан тыс операциялардың өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық және қаржы қызметінің нәтижесі болып табылатын табыстар мен залалдарға орай түзетіледі.
Инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын ақша қаражатының қозғалысы
Ақша қаражатының қозғалысы, келесі екі парада көрсетілгеніндей, нетто-негізде ашып көрсетіле алатын белгілі бір жағдайлардан басқа кезде, ұйым инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын жалпы ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлерін жеке-жеке ашып көресетеді.
Ақша қаражатының қозғалысы үйымның қызметінен гөрі клиенттердің қызметін көрсеткен жағдайда клиенттердің атынан ақша түсімдері мен төлемдері нетто-негізде ашып көрсетілуі мүмкін, мысалы:
а) инвсетициялық ұйымдар өз клиенттерінің тапсыруы бойынша ұстап отырған қорлар;
б) меншік иегерлері атынан алынып, соларға берілетін жалдауақы төлемдері.
Нетто-негізде сондай-ақ тез қайтып оралатын, ірі сомаларды қамтитын және өтеу мерзімдері қысқа көздер бойынша ақша түсімдері мен төлемдері ашып көрсетілуі мүмкін, мысалы;
а) инвестицияларды сатып алу және алу;
б) қайтару мерзімі үш айдан аспайтын өзге де қысқа мерзімді займдар.
Қолма-қол ақша қаражаттарын және ақша эквиваленттерін басқару және бақылау.
2- тақырып. Қорлар есебі
Капитал – бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалатын үлес.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылудан түскен сомаға тең жарғылық қоры құрылтай қүжаттарында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың мөлшері, бір акцияның тұрақты құны, жай және артықшылықты акциялардың ара қатынасы, «Алтын акцияның» болуы акционерлер жиналысында белгіленеді және тиісті мемлекетгік органдарда тіркеледі.
Егер бүрын жарияланған көлемін қатысушылар толығымен төлемеген болса, жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім тіркеуге қабылданбауға тиісті. Жарғылық капиталды азайту туралы шешімге несие берушілер наразылық білдіре алады. Жарғылық капиталға салымдарды төлеу үшін ақша қаражаттары, интеллектуалдық меншікті қоса алғанда материалдық емес активтер, «Ноу-хау», негізгі құралдар, жер иелену құқығы және басқа активтер қабылданады.
Жарғылық қор өткізілген акциялардың тұрақты құны бойынша бағаланады. Сатып-өткізілген акциялар құнының олардың тұрақты құнынан артуы /құрылтай және эмиссиялық табыс / жеке көрсетіледі және акцияларды, олардың түрақты қүнынан төмен бағаға /акция курсы арзандаған кезде/ сатқан жағдайда пайда болатын айырмашылықтың өтеміне пайдаланылады.
«Капитал мен резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Берілген бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 – «Шығарылған капитал»,
5100 – «Эмиссиялық кіріс»,
5200 – «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»,
5300 – «Резервтер»,
5400 – «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)».
5000 «Шығарылған капитал» кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5010 – «Жарияланған капитал», мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады;
2. Төленбеген капиталдын есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5020 «Төленбеген капитал» шоты арналған. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
5020 – «Төленбеген капитал», онда ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.
3. Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капитал дегеніміз акционерлік қоғам өз акцияларын олардың тұрақты бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сома /эмиссиялық табыс/.
5100 «Эмиссиялық кіріс» бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5110 – «Эмиссиялық кіріс», онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс ескеріледі.
5200 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» бөлімшесі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5210 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» шоттарының тобын қамтиды, онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі шаруашылық жүргізуші серіктестіктің резервтік капиталы құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге тиісті. Осы құжаттарда есеп беріліп отырған жылда түскен табысты бөлу тәртібі белгіленеді.
ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заң күші бар Жарлығына сәйкес ААҚ жарғылық капиталдың 10% -нен кем емес мөлшерде өзінің резервтік капиталын құруға міндетті. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі жарғы мен белгіленеді. Өндіріс көлемінің өсуіне, құнсыздануға басқа да жағдайларға байланысты жарғылық капитал ұлғайған кезде резервтік капиталда соған сәйкес ұлғаюға тиісті.
Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударымдар жасау арқылы жасалады.
5300 «Резервтер» бөлімшесі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі, және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5310 – «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв», онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5330 – «Шетелдік валютаның қайта есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айрамлар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;
5340 – «Басқа да резервтер» онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.
4. Есепті жылдың табысының есебі есеп берілетін жылда пайда болғпн бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянның сомасының нақтылығы және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған 5410 шотта жүргізіледі.
Есеп берілетін жылдың соңында 5410 шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады.
5400 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)» бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған шығынды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5410 - «Есептік жылдың пайдасы (шығыны)», онда есептік жылдың пайдасы немесе шығыны көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
5420 - «Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (шығынды) түзету», онда есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (шығынды) түзету жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5430 - «Өткен жылдардағы пайда (шығын)», онда өткен жылдардағы пайда (шығын) көрсетіледі.
3- тақырып. Негізгі құралдар есебі
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес /әлеуметтік/ салада да ұзақ уақыт бойы /бір жылдан астам/ қызмет етеді.
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар /ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар /машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, ғимараттар, құрылыстар/ дегеніміз мөлшері мен техникалық деңгейіне кәсіпорынның техникалық жарақтандырылуы тікелей байланысты болатын өндірістік құралдар. Негізгі өндірістік құралдардың пайдаланылуын сипаттайтын жинақтаушы экономикалық көрсеткіш негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнім болып табылатын қор қайтарымы.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық /ғимараттар, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б/ қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иеленуге (тиесілігіне) қарай негізгі құралдар жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субьектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалга алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай түрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 2411-ші «Жер», 2412-ші «Үйлер мен ғимараттар», 2414-ші «Көлік құралдары», шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдарды жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған /тоқтатылып қойған/ және қорда түрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп түрғанға пайдаланудағы құрал-жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал-жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылған қордағы объектілер жатады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар /үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар/ жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға /ғимараттардан басқа/ күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындарды /жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б./ жатады.
Әр субьектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге /топтарға/ бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдық /соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық /күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар жөне жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға /ғимараттарсыз/ шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі қорлар.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалаудың қабылданған біртұтас принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшаға шағып бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын айқындап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны, ағымды, баланстық құны, сатып-өткізу құны, жойылу құны, тозу және қалдық құны болады.
4 - тақырып. Материалдық емес активтер есебі
Материалдык емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады (есепкетіркеледі). Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға жөне бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардын бағасы да халық үшін қолайлы болады.
Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі, мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.
Сондықтан көптеген материалдық емес активтердің құнын, әдетте, екі жақтың келісімі бойынша анықтайды.
Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастыпқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар бірлестігінің күшімен; айырбастау аркылы немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.
Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және т.б.
Егер де материалдық емес активтер бартерлік (айырбас) негізде алынса, онда олардың, бағасы нарықтық құн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны бойынша анықталады. Егер материалдык емес активтің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезендік шығысқа жатқызыдады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны мемлекеттің есебінен тегін (немесе номиналды атаулы, немесе мемлекеттің субсидиясының есебінен) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материаддық емес активтерінің тап осы түрінің құны бойынша танылады.
Егер де Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығының қажеттілігін камтамасыз ету үшін, мысалы, шегірткеге қарсы куресетін препаратқа "АВВА" кәсіпорынның лицензиондық келісімін тегін алды делік, бұндай жағдайда аталған лицензиондық келісімнің белсенді нарығы болмайды.
Материалдык емес активтердін түсуі мен шығарылуы "Материалдык емес активтерді қабылдау-беру актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметгері көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді. Материалдық емес активтерді баскд кәсіпорынға бергенде (сату, тегін беру) акт екі дана етіп жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.
Актінің толтырылған үлгісі 103 б. келтіріліп отыр.
Материалдық емес активтердің нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу 10 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Осы шоттардын дебеті бойынша — материалдық емес активтердің келіп түскен айдың басы мен аяғындағы калдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша — материалдық • емес активтердің есептен шығарылғандары көрсетіледі. 10-шы бөлімшеге темендегі шоттар кіреді: 101 "Лицензиялық келісімдер", 102 "Бағдарламалық жабдықтау", 103 "Патенттер", 104 "Ұйымдастыру шығындары", 105 "Гудвилл", 106 "Материалдық емес басқа да активтер".
10 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің шоттарын талдамалық есепке алу "Материалдық емес активтердің мүліктік есеп карточкасында" жүргізіледі. Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алу үшін қолданылады. Материалдык емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. Карточка "Материалдық емес активтерді алу-беру актісінің", техникалық және басқа құжаттардың, кәсіпорынның материалдық емес активтердің объектісін алғанын растайтын қүжаттардың негізінде толтырылады. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға (ұйымға) берген кезде, оның есептен шыққаны туралы белгі соғу үшін негізі "Материалдық емес активтерді алу-беру актісі" болып табылады.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны субъектінің өз күшінен де жасалуы мүмкін, ол кезде оның құны нақты тікелей шығынымен де және үстеме шығысымен де танылады. Осы шығындарды есепке алу үшін, 10 "Материалдық емес активтер" шоттарының бөлімшесіне, жеке "Материалдык емес активтерді жасау шығындары" деп аталатын ішкі (субшоты) ашылуы мүмкін.
Осы аталған субшотқа мынадай шығындар енеді:
материалдык емес активтерді жасауға қатысқан еңбеккерлердің еңбек ақысы;
заң бойынша белгіленген еңбек ақыдан жасалатын аударымдар;
материалдық емес активтерді жасау кезінде тұтынатын материалдар мен атқарылатын қызметтер;
несие үшін төленетін пайыздар (марапаттаулар);
басқа да шығындар;
-үстеме шығындар.
Материалдық емес активтерді жасауға кеткен барлық шығындар өзінің анықтамасы мен тұжырымдамасына сәйкес келген кезден бастап, 10 "Материалдық емес активтердің" бөлімше шоттарының және "Материалдық емес активтерін жасауға кеткен шығындар" субшотының дебеті бойынша есепке алынады.
Ал сәйкес кезеңге дейінгі орын алған барлық шығындарға 821 шоты дебеттеліп, 10 "Материалдық емес активтерінің" бөлімше шоттары және "Материалдық емес активтерін жасауға кеткен шығындар" субшоты кредиттеледі.
Субъектінің күшімен жасалған материалдық емес активтерді өз арналымы бойынша қолдануда қолданса, онда олардың дайындық кезеңінен бастап, жасалған шығындарды 10 "Материаддык емес активтерінің" бөлімше шоттарының, "Материалдық емес активтерін жасауға кеткен шығындар" субшотының кредитінен 10 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің тиесілі шоттарының дебетіне есептен шығарылады
5- тақырып. Активтердің құнсыздануы
Субъектінің өзі жасаған тауар белгілері материалдық емес актив ретінде танылмайды, өйткені олардың накты құнын анықтау мұмкін бола бермейді. Компанияның жасаған жарнама шығындарынан тауар белгісіне тиесілісін анықтау мүмкін емес, бірақ ол субъектінің атағын шығаруға қолайлы жағдай туғызады және нарық жағдайында тауардың қозғалысын арттырады. Сондықтан бұндай жарнамаға кеткен шығындар есептік кезеңнің шығыстарына жатқызылады және материалдық емес активтердің алынатын құнына енгізілмейді.
Демек, мына шығындар жұмсалғанымен материалдық емес активтерге жатпайды, олар тек кезендік шығыстар болып танылады:
зерттеуге кеткен шығындар;
өндірістік немесе жаңа цехтардың ашылуына дейінгі кеткен шығындар (егер бұл шығындар негізгі кұралдын бастапқы құнына қосылмаса);
кәсіпорынды ашуға, заңды құжаттарын (жарлық, құрылтай келісім шарттарын, мөрін, штампын тб.) әзірлеуге кеткен шығындар;
мамандарды оқытуға кеткен шығындар;
жарнамаға кеткен шығындар;
жетілдіруге, көшуге, қайта кұруға кеткен шығындар;
субъектінің жасаған: тауар белгілеріне, фирма атауларына т.б. шығындар;
белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыру үшін мемлекет берген лицензияға кеткен шығындар (оның әрекет ету мерзімі бір жылдан аспаса);
-патенттерге кеткен шығындар (оның әрекет ету мерзімі бір жылдан аспаса). Алғашқыда, материалдық емес активтерді алу ретінде танылған шығыстары, біршама уақыт өткеннен кейін оның құнының бір бөлігі болып саналмайды. Бірақ бұндай шығындарды нақты бір материалдық емес активтерге жатқызу қиын, әдетге, олардың экономикалық олжа әкелетінін анықтау оңай емес.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
Материалдық емес активтер құнына сәйкес қағидасы бойынша активтің әрекет ететін мерзім бойына жүйелі түрде есептен шығарылып отырылуы тиіс. Біз жоғарыда атап өткеніміздей, материалдық емес активтердін есебінде экономикалық қызмет ету мерзімін белгілеу жеткілікті түрде күрделі болып саналады және материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңін анықтау барысында келесі факторларды ескерген жөн:
заңды, реттеуші, келісімді жағдайларын ескеріп, олардың максималды қызмет ету мерзімімен шектелуі мүмкін;
жаңарту немесе ұзарту жағдайлары келсе, онда оның топшыланған қызмет ету мерзімі өзгеруі мүмкін;
тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар оның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін;
келешектегі бәсекелестіктердің және басқа да субъектілердің әрекеті (іс-қимылы) материаддық емес активтердін бүгінгі белсенділік қабілетгілігін шектеуі мүмкін;
- материалдық емес активтердін кейбір түрлерінің кызмет ету мерзімі сол активтердің құрамдас бөлшектері болуы мүмкін.
Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін субъектінің өзі дербес белгілей алады, егер де заңдармен басқаша жағдайы қарастырылмаса (патент, авторлық қүқық) немесе келісім-шартпен (лицензиондық келісім). Материалдық емес активтердің мерзімін дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оның пайдалы пайдалану мерзімін 10 жыл деңгейінде белгілейді, бірақ ол шаруашылық жүргізуші субъектінін қызмет ету мерзімінен аспауы керек.
Материалдық емес активтерді есептеу үшін әртүрлі әдістер пайдаланылады: бірқалыпты (түзу сызықты), қалдық құнын азайтатын және кумулятивтік. Әдісті таңдау активтен күтілетін экономикалық олжаның тұтыну моделіне байланысты болып келеді.
Материалдық емес активтердің арналымы бойынша пайдалануға дайындық кезеңінен бастап амортизациясын есептейді.
Амортизациялық сомасы әдетте, шығыс ретінде танылады, егер де ол басқа да активтердің құнына қосылмаса. Амортизацияны есептеу әдісін таңдау бір есептік кезеңнен екіншісіне жүйелі түрде ауысып отырады, егер де активтерден алынатын олжаның тұтыну моделі айтарлықтай өзгермесе. Материалдық емес активтердің жою кұны өте сирек кездеседі, олардан алынатын олжа тек қызмет ету мерзімінің соңындд анықталады. Сондықтан материалдық емес активтердің жою құны, әдетте нольге тең болады.
Материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есепке алуға 11 "Материалдық емес активтердін амортизациясы" деп аталатын бөлімшесінің шоттары арналған:
Бұл шоттар пассивті, ретгеуші, контрактивті болып келеді, олардың кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның (тозудың) қалдығы, ағымдағы айда есептелінген амортизациясы және есеп берілген айдың соңындағы амортизацияның қалдығы көрсетіледі, ал дебеті бойынша - материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есептен шығарылған (төмендетілген) сомасы көрсетіледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапкы құнынан және тиімді пайдаланудың болжамды мерзіміне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелініп отырады.
Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің барлык түрлерінің пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген) есептер бойынша анықталуы тиіс.
Материалдық емес активтерді түгелдеу және есеп беруде олардың мәнін ашу Материалдық емес активтерді мүліктік түгелдеу. Материалдық емес активтерді мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның меншік құқығы бар материалдық емес активтердің нақты бары мен жоғын; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуін, материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерін тексереді. Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер объектідерінін егжей-тегжейлі сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялау нормасы, пайдаланылатын объектінің кұрылымы және басқа мәліметтері көрсетіледі. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты .барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттары да, тексеріледі. Бұл құжаттарға материалдык емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын . растайтын құжатгары жатады. Материалдық активтерді сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай-ақ кәсіпорынның мүліктік құқын қуаттайтын құжаттар жатады.
Есеп беруде материалдық емес активтердің мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруінде материалдық емес активтерінің есебі үшін кабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда: , амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсілі; пайдалы қызмет ету мерзімі , немесе пайдаланатын амортизациялық нормасы; жалпы баланстық құн және есептік кезеннің басы мен аяғына жинақталған амортизацияның сомасы; - кәсіпорынның өзі жасаған материалдық емес активтердің баланстық құны және т.б. көрсетіледі.
Сондай-ақ қаржылық есеп беруде: материалдық емес активтердің түрі, баланстық құны, материалдық емес активтердің амортизацияланбай қалған кезені; иелік ету күкығы шектелген материалдық емес активтердің баланстық кұны; міндеттемесі бойынша кепілдік ретінде берілген активтердің жалпы баланстык кұны; материалдық емес активтер бойынша алынған міндеттемелердің сомасы да ашып көрсетіледі.
Қаржылық есеп беруде есептік кезендегі шығыс деп танылған шығындар сомасы да ашылуы тиіс: бағдарламалык жабдықтау (қамтамасыз ету) шығындары; компаниянын жарнама шығындары; субъектіні күру кезіндегі жұмсалған, шығындар; материалдық емес активтерді алумен, күшейтумен, жинақтаумен, қолдаумен және басқа да шығындар сомасымен байланысты шығындар сомасы көрсетіледі.
Субъект одан баска да материалдық емес активтерді есептік бағалау өзгерістерінің нәтижесі және сипатын, олардың материалдық салдарын ашу керек.
6- тақырып. Ұйымның міндеттемелер есебі
Міндеттемелер жайлы түсінік
Көсіпорындар мен үйымдар өзінің шаруашылық қыз-меті барысында меншікті капиталымен қатар басқа қа-тыстырылған (тартылған) капиталды да қолданады. Бүл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез кслген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материаддар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында мін-детті болса, саудамен айналысатын үйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші үйым-ның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті ендіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жүмыс істейтін жүмысшылары мен қызмет-керлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюд-жетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдывда міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі танда қаржының же-тіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жүмысын жандан-дырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс кө-бейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабы-лып, аукционға салынып, сатылып жатқан үйымдар көп-теп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бух-галтерлік есептегі сң негізгі, яғни қай саладағы болмасын косіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сезсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Алдағы кезең кірістерінің есебі
Кәсіпорынын есепті айда алған, бірақ бұдан кейінгі есепті кезендерге жататын табыстары болашақ кезендерінің табыстары болып есептелінеді. Сабақтас есепті кезендер мен осы кезеңдердің ара жігін ашу оңай емес, бірақ олардың арасын (кезендерін) шектеу керек (шартты болса), өйткені онсыз салық салуға да, қаржылық есеп беруге де болмайды.
Алдағы кезеңдердің табыстарын есептеу үшін есебі "Алдағы кезеңнің табыстары" шоты пайдаланады.
Есепті айға жататын, ертеректе алыған табыстартізімі "Көлік мекемелерінің жүктері және жолаушыларды тасымалдау қызметінен түскен табыс", 705 "Жалға беруден түскен табыс", 706 "Байланыс мекемесінің қызметінен түскен табыс", 724 "Акциялар бойынша дивиденттер және проценттер түріндегі табыстар", 727 "Негізгі емес қыземттен түскен басқа да табыстар" және осы табыстарға жататын басқа шоттардың кредитінде көрініс табады.
Қажет болған жағдайда 611 шотында мыналар ескерілуі мүмкін: өткен жылдары түгендеудің нәтижесінде кем шыккан немесе жоғалған мүліктерден түсетін қарыздар. Осындай жетіспеушіліктің нәтижесінде орын алған сомаға 333 "Жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардын қарыздары" шоты дебеттеледі де, 611-шоты кредиттеледі. Өткен жылдар ішінде анықталған, кем шығудың орнын толтыру үші н түскен төлемдеріне 441,451,431 және баска да шоттары дебетгеледі де, 333-шоты кредиттеледі. Сонымен бір мезгілде сол сомаға 611 шоты дебеттеліп, 727 шоты кредиттеледі; кінәлі адамдардан өндіріп алынуға тиісті және жетіспейтін құндылықтар бойынша баланстық құнының арасындағы айырмашылық алынады. Айырмашылықтардың сомасына 333 "Жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың қарыздары" шоты дебеттеледі және 611-шоты кредиттеледі.
Жетіспейтін құндылықтар бойынша берешектерінің етелуіне қарай 441,451, 431,681 және басқада шоттар дебеттеледі, 333-шоты кредиттеледі. Берешектерді өтеуге түскен сомалар сонымен бір мезгілде, 611-шотының дебеті 727 "Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыстар" - шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
611-шот бойынша аналитикалық есеп алдағы кезендерден түсетін табыс түрлері бойынша жүргізіледі.
Жабдықтаушылармен және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғакты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартқа отырады.
Демек, кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 671 "Жабдыктаушылар және мердігерлермен есеп айырысу" шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 671-шоттың кредиті бойынша жабдыктаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша - есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.
Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бүл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот-фактураларды алдымен "Келіп түскен жүктер есебі журналына" тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне карай журналда кіріс күжатгары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалкы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журнаддың деректерін 671 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ак жол үстіндегі материалдык құндылықтардың сомасы бакыланады. Журналға жабдыктау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдык құндылықтардыңтүсуіне карай жазып отырады. "Ескерту" багасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцепттелген шот-фактурасы ғана жазылады1. Есеп журналы бойынша тіркеу нөмірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдыктаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді (журнал теменде келтіріліп отыр).
Бірінші кезенде журналға акцептелген шот-фактура және басқа да есеп айырысу құжатгары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бүл ретге тіркеу немірі мен төлем-тапсырмаларының (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушынын атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан сон жабдықтаушынын, шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.
Екінші кезеңде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс кұжаттары (кіріс ордерлері, тауарлі-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар кабылдду туралы актілері) негізінде жазылады. Журналда осы кұжаттардын нөмірлері келіп түскен кұндылыктардың есептік немесе келісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша альшған қүны және тауарлы-материалдык құндылыктар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоггар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.
Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем-тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылыктардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 671-шоттың кредитінен 334-шоттың дебетіне есептен шығарады. Егер материалдық кұндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін, яғни төлем құжаттарын акцептеуге дейін анықтайтын болса, онда оның сомасына тиісті есеп-айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады.
7- тақырып. Кірістер мен шығыcтар есебі
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол №5 БЕС-на сәйкес стандартқа сай есептелінеді. Табыс сондай-ақ тауарлы-материалдық запастарды сатқаннан қызмет көрсеткеннен көсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан (проценттерден), роялтиден және дивидентгерден алынуы мүмкін.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардыңсатылу құны тараптар аясында жасалған келісім-шартта (контрактіде) анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатьш жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатыл алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, ал аламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. Тауарды сатканнаи түскен табыс келесі жағдайды сактаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және кандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, Бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.
Субъект барынша дәлдік денгейде табысын анықтай алады, ол мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді
Мәміленің сипатына карап оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:
белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;
белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;
- орындалған жұмысты талдау.
Аралық негізде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар, табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мумкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.
Негізгі қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі. Негізгі қыізметтерден түскен табыстардын, есебі 70-бөлімшесінің "Негізгі қызметтен түскен табыстар" шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады:
"Дайын өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудап түскен табыс" шоты. Бұл шотта өнімді сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетілген қызметтерден түсетін табыстар көрсетіледі. Аталған шотгы өнімді, жұмыстардыжәне қызметтерді жасайтын материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындар пайдаланады. Есепті кезең бойы 701-шоттың кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.
Шығыс жайлы түсінік
Бұл тарау 8 тармақтан және жалпы саны 18 синтетикалық счеттар тізімінен тұрады. Шығындар тарауындағы «Сатылған өнімдердің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» тармағындағы счетта (бұның саны 1) — Сатылған өнімдердің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының есебі жүргізіледі.
«Өнімдерді және көрсетілген қызметтерді сатудың шығындары» тармағындағы счетта (мұның саны 1) — Дайындалған өнімдерді және көрсетілген қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындардың есебі жүргізіледі.
«Әкімшілік шығындары» тармағындағы счетта (бұның саны 1) — өндрістік процеске жатпайтын әкімшілік, басқару және шаруашылықтық шығындардың есебі жүргізіледі.
«Қаржыландырудың шығындары» тармағындағы счеттарда (бұлардың саны 4) — Қаржылық міндеттемелер жөніндегі шығындар (мысалға алынған займдар бойынша пайыздар төлеу шығындары) бойынша сыйақылар төлеу, жалға алынған қаржылық активтер (негізгі құралдар) шығынын төлеу, қаржылық активтер немесе міндеттемелердің әділетті құнының өзгеріске түсуінің шығындары және осы тармақта көрсетілмеген, басқалай қаржыландыру шығындарының есебі жүргізіледі.
«Басқалай шығындар» тармағындағы счеттарда (бұлардың саны 7) — Негізгі құралдарды, сатылған негізгі құралдардың бастапқы құнын, материалды емес активтерді, қаржылық активтерді, негізгі құралдарды қайта монтаждау т.с.с. жұмсалған шығындарды есептен шығарудың сомалары, активтердің құнсыздануының шығындары, курстық бағам айырымдарының шығындары, резервтер құру және сенімсіз талаптарды есептен шығаруға байланысты шығындар, биологиялық активтердің әділетті құнының өзгеруіне байланысты шығындар және осы тармақта қаралмаған басқалай шығындар есебі жүргізіледі.
«Қызметі тоқтағандыққа байланысты шығындар» тармағындағы счетта қызметі тоқтағандыққа байланысты сатылған активтер және міндеттемелер құнын есептеу, қайта есептеу операцияларына байланысты шығындар есебі жүргізіледі.
«Үлестік қатысу әдісімен есептегендегі ұйымдардың шеккен зияндағы үлесі» тармағындағы счеттарда (бұлардың саны 2) — Үлестік қатысу әдісімен есептегендегі қауымдастырылған ұйымдардың шеккен зияндығы үлесіне байланысты шығындар, осындай әдіспен есептегенденгі бірлескен ұйымдардың шеккен зияндағы үлесіне байланысты шығындар есебі жүргізіледі.
«Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» тармағындағы счетта салықтың осы түріне тән жұмсалған шығындардың есебі жүргізіледі.
8- тақырып. Капитал мен резервтер есебі
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметгі бастауды қамтамасыз ету үшін жанадан құрылған кәсіпорыннын, жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және баска да мүліктердің немесе мүліктік құкықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылык капитал жаңадан құрылған занды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, катысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақ ша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметгің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың кұнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік кұжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жаткызуына болмайды.
Жарғылык капитал — "жарғы" деген сөзден алынған — ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымнын атқаратын кызметінің тәртібі, немесе актив кұндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық корға салынған активтердін жалған және номиналдык құны.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан. аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы косатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап койған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.
Резервтік капитал — акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану кұрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 55-ші "Резервтік капитал" бөлімшесінін мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 551-ші "Заңдармен белгіленген резервтік капитал" және 552-ші "Басқа да резервтік капитал".
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың кұжаттарында (жарғысыңда, құрылтайшылардың шарттарыңда) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 561 шоты дебеттеледі де, 551 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 551-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:
9- тақырып. Қаржылық есептілікті ұсыну
Есептiк кезең бiткен соң шаруашылық жүргiзушi субъект қаржылық есеп берудi жасайды. Шаруашылық жүргiзушi субъекттiң құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншiлес немесе тауелдi cepiктecтіктepi бар болса, өзiнiң қаржылық есеп беруiмен қоса, консолидалынған (консолидацияланган) есеп берудi жасайды, яғни бiрнеше заңды тұлғаның есеп беруiн бiрiктipедi.
Заңды тұлға (коммандалық және толық cepiктестік, жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша cepіктестік, акционерлiк қоғам) егер де басқа (негiзгi) заңды тұлғаның өзiнiң жарлық қорына салған салымдарының басым көпшiлiгiн иеленсе және қабылданатын шешiмдердiң басым белiгiн анықтау мүмкiндiгiне ие болса, онда олар еншiлес cepiктестік ретiнде танылады.
Заңды тұлға (коммандылық және толық cepiктестік, жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша cepiтестік, акционерлiк қоғам) егер де басқа (қатысушы, артықшылығы бар) заңды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретiн акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесi бар болса, тәуелдi cepіктестік ретiнде танылады.
Негiзгi және еншiлес заңды тұлғалардың консолидацняланған есеп беруi. Заңды тұлға басқа кәсiпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін; егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектiге бақылау жасау мүмкiндiгiн алады. Инвестор бақылауды белгiлейтiн болса, онда ол кәсiпорын негiзгi заңды тұлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсiпорынды еншiлес кәсiпорын деп атайды. Негiзгi кәсiпорында және барлық еншiлес кәсiпорында бiрiгiп,
бiрiккен занды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәлiметi бойынша консолидацияланған есеп беруiн жасайды.
Қаржылық есеп берудi пайдаланушылар олардың топтасқан бөлiгiн емес, тұтас бөлiгiн бiлуге мүдделi болып келедi. Бұндай қажеттiлiк консолидацияланған есеп беруге к;ойылатын талапты күшейтедi.
Консолидацияланған есеп берудiң құрамына: консолидацияланған бухгалтерлiк балансы, консолидацияланған қаржылық-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есеп беру, консолидацияланған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруi жене түсініктемe жазбасы кiредi.
27 ХЕҚС сәйкес "Консолидацияланған есеп беру жене еншiлес cepiктестігі инвестицияның есебi" негiзгi заңды тұлға жергiлiктi және шетелдегi еншiлес заң тұлғaлардың консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруi енгiзiлeдi, тек мыналарды қоспағaнда: егер де еншiлес cepiктестік жақын арада caтyғa арналса және оларды бақылау уақытша сипатта болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзiмдi шектеулi жағдайда әрекетенiп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген сeрiктестiктердiң мәлiметi консолидалынғaн қаржылық есеп беруге қосылмайды.
Негiзгi кәсiпорын өз кезегiнде, еншiлес кәсiпорында болуы мүмкін, онда ондай кәсiпорындар консолидацияланған қаржылық есеп бермеуi мүмкін, егер де оны негiзгi кәсiпорын талап етпесе.
Негiзгi заңды тұлға және оның еншiлес заңды тұлғасы қаржылық есеп берудi келесi жолмен консолидациялайды (яғни, бiрiктiредi):
- есеп берудi өзара сәйкестендiредi (есеп беру қосымша өңделедi, жiктемесi өзгеpтiледi, түзетулер енгiзiледi);
- активтер, мiндеттемелер, меншiк капиталы, табысы, шығысы туралы мәлiметтердiң әрқайсысы жолы мен бабы бойынша қосылaды;
- кейбiр баптар бойынша қайталауға жол берiлмейдi және кейбiр баптар жойытуы мүмкін.
Бiрнеше заңды түлғалардың есеп беруiнен бiр ғанa қаржылық есеп берудi жасау үшiн iшкi есеп, бағалы қағаздар, меншiк капиталдар және Т.б. мәлiметтердiң негiзiнде тиicтi түзетулер жасалынады.
Түзету жазбалары консолидацияланған қаржылық есеп берудiң дайындау барысы оның жұмысшы кестесiнде жасалынады және ол негiзгi кәсiпорынның бухгалтерлiк есебiнде де, еншiлес заңды тұлғада да көрсетiлмейдi.
Топтық есеп беру жасау кезiнде еншiлес заңды түлғаның бухгалтерлiк балансында бөлек көрсетiледi, яғни еншiлес занды тұлғаның нақты таза активiмен алмастырылады. Баланста әрбiр еншiлес cepiктестігі және негiзгi заңды тұлғаның үлесi бойынша меншiк капиталы қалыптастырылады. Бұл жерде меншiк капиталында негiзгi заңды тұлғаның үлесiнен oған енген (кірген) еншiлес серiктестiктердiң үлесi көп немесе аз болуы мүмкін.
10- тақырып. Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілі (ҚЕХС -27)
Бiрлескен кәсiпoрын - eкi немесе одан да көп тараптар экономикалық қызметi, оған бiрiгiп бақылау жүргiзу шартымен жүзеге асыру бойынша келiciм шарттық келiсiм.
Бақылау - пайда алу мақсатындағы экономикалық қызметтiң қаржылық және операциялық саясаттарын басқарудың мүмкіндігі.
Бiрлескен бақылау – келiсiм шарттық келісіммен экономикалық қызметке бақылауды бөлiп жүргiзу.
Елеулi ықпал - бұл кәсiпорынның экономикалық қызметiнiң қаржылық және операциялық саясаттары бойынша шешiмдердi қабылдауға қатысуды мүмкiндiгi, алайда мұндай саясатты бақыламайды және бiрлесiп бақылаудың да қажетi жоқ.
Бiрлескен қызметтiң қатысушысы – кәсiпорынға бiрiгiп бақылау жүргiзудi жүзеге асыратын бipлескен кәсiпорындағы тарап.
Бiрлескен кәсіпорындағы инвестор – кәсiпорынға бiрлесiп бақылау жүргiзуге қатыспайтын бiрлескен кәсiпорындағы тарап.
Үйлесiмдi шоғырланым (Пропорциональная консолидация) есеп пен есеп берудiң әдiсi. Ол бойынша бiрлесiп бақыланатын субъектiнiң активтерiне, мiндеттемелерiне, кipicтepi мен шығыстарына қатысушылардың үлесi бiрлескен қызметке қатысушының қаржы есептемесiндегi ұқcac баптарымен жолма-жол(посрочно) бiрiгедi немесе оның қаржы есептемесiндегi жекелеген жолдарымен берiледi.
Үлестiк қатысy әдiсi - есеп пен есеп берудiң әдiсi. Ол бойынша бiрлесiп бақыланатын субъектiдегi үлес алғашқыда бастапқы құн бойынша ескерiледi, содан соң бiрлесiп бақыланатын субъектiнiң таза активтерiндегі сатып алудан кейін болатын қатысу үлесiнiң өзгерiсiне түзетiледi. Пайда мен залал туралы есеп беру бiрлесiп бақыланатын субъектiнiң операцияларындағы бiрлескен қызметкe қатысушылардың үлесiн көрceтeді.
2.Бiрлесiп бақыланатын қызмет (операцuялар)
Бiрлесiп бақыланатын операциялардың формасында ұйымдастырылатын бiрлескен қызметтiң қатысушысы өзiнiң жеке қаржы есептемесi мен шоғырландырылған қаржы есептемесiнде мыналарды тануы керек:
Бақыланатын активтер мен қолдағы мiндеттемелер;
Өтелген шығыстар және бiрлескен қызметпен байланысты тауарларды немесе қызметтi өткiзудiң нәтижесiнде алатын табыстағы өзiнiң үлесi.
Мынаны айта кету керек, жеке қаржы есептеменi жасау барысында бiрлескен қызметтiң қатысушысы өзi бақылайтын активтер мен мiндеттемелердi, бiрлескен қызметтiң нәтижесiндегi өтелген шығыстар мен табыстар үлесiн мойындайды (таниды). Сондықтан да шоғырландырылған есеп берудi жасау барысында түзету мен бiрiктiру бойынша басқа да операциялар қажет болмайдБiрлесiп бақыланатьн активтер.
Бiрлесiп бақыланатын активтер формасында ұйымдaстырылатын бiрлескен қызметтiң қатысушысы өзiнiң жеке қаржы есептемесінде мыналарды тануы керек:
Бiрлесiп бақыланатын активтердегi өз үлесiн;
Қолдағы кез келген мiндеттемелердi;
Бiрлескен кәсiпорынға қатысты қолдағы мiндеттемелердегi өз үлесiн;
Өткiзуден түскен табысты немесе бiрлескен кәсiпорынға өтеген шығыстардағы өзiнiң үлесiмен бiрге бiрлескен кәсiпорын өнiмдерiндегi өз үлесiн пайдалану;
Бiрлескен кәсiпорындағы өзiнiң үлесiне қатысты өтелген шығыстарды.
11- тақырып. Валюталық бағамдар өзгерісінің есебі. Шетелдік қызмет. (ҚЕХС-21)
Әрбiр егемендi мемлекетте заңды төлем туралы ретiнде сол елдiң ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi жағдайы төлеушi немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бiр валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады. 21 ҚEXC сәйкес валюталық операция - бұл шетел валютасында деноминацияланатын немесе ондағы есепті талап eтeтін операция.
Осындай айырбастарды жүргiзу үшiн валюталық нарық қызмет етедi, яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесiнде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау немесе сату жүзеге асырудың ресми орталықтары.
Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ici нысанында» ерте заманда және орта ғасырларда пайда болып, бiрақ қазiргi түciнiктeгi валюталық нарық XIX ғасырда қалыптасты. Олар келесiдей негiзгi ерекшелiктермен сипатталады:
байланыстық электронды құралын кеңiнен қолдану және олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруашылық қызметті интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру күшейедi;
операциялар барлық елдер түпкiрiнде тәулiк iшiнде үздiксiз жасалынады;
валюталық операциялар техникасы сәйкестендiрiлген, есеп айырысулар банктiң корреспонденттiк есепшоты арқылы жүргізіледі;
валюталық және несиелiк тәуекелдi сақтандыру мақсатында валюталық операциялардың кең көлемде дамуы;
алып-сатарлық және төрелiк операциялар коммерциялық мәмiлемен байланысты валюталық операциялардан бiршамa асып түседi;
олардың қатысушыларының саны бiрден өсті және олардың құрамына банктер мен ұлт аралық корпорациялардан (ҰАК) басқа заңды және жеке тұлғалар да жатады;
тұрақты экономикалық жағдайларға тәуелсiз өздерiнiң биржалық тауарларына байланысты тенденциясы бар валюталық бағамның тұрақсыздығы.
Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесiлердi қамтиды:
халықаралық есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асырылуы;
валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру;
әлемдік валюталық несиелік және қаржылық нарықтардың өзара байланысы;
банк, кәсiпорын, мемлекеттiң валюталық резервтерінің әр тараптандырылуы (диверсификациясы);
валюталық бағамды реттеу;
қатысушылардың валюталық бағам айырмасы peтіндe алатын алып-сатарлық пайдасы;
экономиканы мемлекеттiк реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу.
Институционалдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық бұл банктердiң, брокерлiк фирмалардың, корпорациялардың, әcipece ұлт аралық корпорациялардың (ҰАТ) жиынтығы. Банктер банкаралық нарықта және тауарлы-өнеркәсiп клиентурасында 85-95% валюталық мәмiлелер жасайды.
Валюталық қатынастың субъектiлерiне Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғалары жатады.
Валюталық реттеулердiң объектiлерi валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар болып табылады. Оларға: шетел валютасы және бағалы қағаздар (акция, облигация, төлем құжаттары, қарыздық мiндеттеме, қымбат металдар ) жатады.
Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар eкi түрге бөлiнедi: ағымдағы валюталық операциялар, олардың құрамына елден валюта аудару және керiсiнше валюта қабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржылық несиелер және т.б. капитал қозғалысымен байланысты операциялар жатады.
Шетел валютасында банктiк операциялар жүргiзуге лицензияларды Ұлттық банк шексiз мерзiмге бередi және атаулы болып табылады, яғни үшiншi тұлғаларға берiлмейдi. Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетiлген жағдайда және келесiлерге сәйкес жүргiзуге құқы бар:
шетел валютасындағы қаражаттарды заңды және жеке тұлғалардың шотына және салымынa орналастыруғa және қабылдауға;
банктер мен ұйымдарға шетел валютасында несие және қарыздарды тарту және ұсыну;
занды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу жане сатуды жүзеге асыру;
валюталарды сатып-алу сатуды жүргізу;
шетел мемлекеттерiнiң банктерiмен корреспонденттiк қатнастарды белгiлеу;
өз клиенттерiне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;
шетел валютасында саудалық және саудалық емес операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
халықаралық банктiк тәжiрибеге сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыру.
Валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық берiлген банктер уәкiлеттi деп аталады. Валюта нарығында банктiң рөлiн анықтайтын негiзгi фактор банктiң көлемi, оның репутациясы, бөлiмшелермен филиалдардың шетелдiк желiсiнiң даму деңгейi, жасалатын халықаралық банктiк есеп айырысудың көлемi болып табылады. Сондай-ақ банк және оның валюта саясаты орналасқан орындарда кезең сайын енгiзiлетiн валюталық шектеулер, телекстiк және телефондық байланыс жағдайы маңызды рөл атқарады.
2000 жылдың cәyipiнен бастап ұлттық банк теңгенiң epкін қалқымалы бағамын белгiледi. Ол ұлттық банк қатысуынсыз валюталық нарықта сұраныс және ұсыныс негізнде ұлттық валюта бағамын құрылуын болжайды. Бұндай жағдайда валюталық реттеудiң маңызы кенеттен өседi, негiзгi мiндеттерi келесiлер болып табылады:
Қазақстан Республикасының аумағында жүргiзiлетiн валюталық операциялардың жүргiзiлу тәртiбi мен қағидаларын анықтайтын нормативтiк актiлердi шығару, валюталық операциялар субъектiнiң құқықтары мен мiндеттерi, валюталық заңдылықтарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк;
валюта заңдылықтарының орындалуын бақылау (валюталық бақылау);
валюталық нарық, жүргізілген валюталық операциялар көлемін және құрлымының жағдайын талдау.
Валюталық реттеу мәселелерiн шешу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi келесi негiзгi әдiстердi қолданады:
валюталық операциялар объектiлерi мен субъектiлерiн, валюталық операциялар субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, жiктелуiн, валюталық құндылықтармен айналысу тәртiбiн белгiлеудi анықтайтын валюталық операцияларды жүргiзу тәртiбiн белгiлеу;
сипатына, субъектiсiне, объектiсiне, көлемiне байланысты белгiлi валюталық операцияларды жүргiзуге шектеу енгiзу;
шетел валютасын пайдаланатын қызметтерді лицензиялау;
валюталық операцияларды тіркеу;
валюталық операциялар туралы есептемені жинау және талдау;
валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау;
валюталық реттеу мәселелерi бойынша халықаралық байланыс. (Қазақстан 1992 жылдың ортасынан бастап халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мүшесi болып табылады, ал 1996 жылдың 16 шiлдесiнен бастап ХВҚ келiсiм баптарының VІІІ бабына ендi, онда мемлекеттердiң өздерiнiң валюталарының айырбасталымдылығы қамтамасыз ету мiндеттерi қарастырылған, яғни ағымдағы валюталық операциялар бойынша шектеулер енгiзбеу).
Валюталық реттеудiң негiзiн құраушы жүйе валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғаларының валюталық операция жүргізу кезінде заңдылықтарды сақтауын қамтамасыз ету.
Валюталық бақылаудың негiзгi бағыттары:
заңдылықтарға сәйкес жүргiзiлетiн валюталық операциялардың сәйкестiгiн анықтау және оларды жүзеге асыру үшiн қажеттi лицензиялар мен куәлiктердiң болуы;
шетел валютасындағы төлемдердiң шарт жағдайына сәйкестігін тексеру;
валюталық операциялар бойынша есеп жүргiзу және есеп берудiң толықтығы және объективтiгiн тексеру.
Валюталық қатынастарды реттеу кезiнде негiзгi рөлдi арнайы валюталық заңдылықтар атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негiзгi органы республиканың заңдылықтарына сәйкес валюталық реттеудiң қызметтерiн атқаратын Ұлттық банк болып табылады. Yкімет және бaсқa да мемлекеттiк органдар валюталық реттеудiң заңдылықтарына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде жүргiзедi. Валюталық реттеу бойынша негiзгi нормативтiк актiлер 1998 жылдың 24 желтоқсанында «Валюталық реттеу туралы» заңға толықтырулар мен қосымшалар енгiзiлген заң болып табылады. Ол Қазақстан аумағында жүргiзiлетiн валюталық операциялардың принциптерi мен тәpтiбiн валюталық операция субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, валюталық заңдылықтар бұзылуының жауапкершiлiгiн анықтайды. Валюталық бақылау агенттерi ретiнде валюталық операцияларды жүргізу кезінде валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау мiндетi жүктелген уәкiлеттi банктер мен бaнктік емес қаржылық мекемелер болып табылады.
12- тақырып. Табысқа салынатын салық (ҚЕХС-12)
Табыс салығы бойынша ағымдағы шығыстар салық заңының ережесiне сәйкес салық есебiнiң ережесi бойынша анықталатын салық салынатын табыстың сомасына қарай есептеледi.
Ал, табыс cалығы бойынша мерзiмi ұзартылған шығыстар құндарының өтелуі немесе орны толтырылуы келешекте салықтың салдарға әкеп соқтыратын активтер мен мiндеттемелердiң баланстық баптарының шамасына қарай анықталады. Алайда, сыртқы пайдаланушыға ағымдағы eceптiк кезеңде аяқталған барлық операциялардың келешектегi салықтың салдары туралы ақпарат маңызды, өйткенi келешекте актив құндарының орнын толтыру немесе мiндеттемелердi өтеу шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы нәтижелерiне өз әсеpiн тигiзедi және осыған орай табыс салығы бойынша шығыстарға да әсер етпек.
Кipicтep мен шығыстар (пайда мен залал) туралы eceп беруде танылған операциялардың салықтың салдары табыс салығының ағымдағы шығыстар бабы бойынша кipicтep мен шығыстар (пайда мен залал) туралы есеп беруде көpiнic табyы керек. Бухгалтерлiк баланста тiкелей танылған операцияларды салықтық салдары мерзiмi ұзартылған салық талабының немесе мерзiмi ұзартылған салық мiндеттемесiнiң бабы бойынша бухгалтерлiк баланста тiкелей көрініс табуы қажет.
Осыған орай, стандарт қаржы есептемесiнде операциялар мен оқиғалардың танылуы мен көpiнic табуы бойынша талаптарды ғана анықтап қоймай, сонымен бiрге осы операциялар мен оқиғалардың салықтық салдарын да анықтап бередi. Есеп беруде операциялар мен оқиғалардың салықтық салдары қандай жолмен және қандай формада танылып, көpiнic табуы қажет дейтiн сұрақ туады.
Егер операциялар мен оқиғалар кipicтep мен шығыстар (пайда мен запал) туралы есеп беруде танылып, бейнеленетiн болса, онда осы операциялардың салықтық салдары да табыс салығы бойынша шығыстар формасында кipicтep мен шығыстаp туралы есеп беруде танылуы қажет.
Егер операциялар мен оқиғалар бухгалтерлiк баланста танылып, көpiнic табатын болса, онда олардың салықтық салдары да бухгалтерлiк баланста танылып, көрiнic табуы қажет. Бiрақ қандай формада?
Мерзiмi ұзартылған салық активтерi мен мерзiмi ұзартылған салық мiндеттемелерiнiң формасында болуы тиiс. Стандартқа салық активтерi мен салық мiндеттемелерi, активтердiң салық базасы және мiндеттемелердiң салық базасы деген ұғымдар енгiзiлген.
Қандай мақсатпен енгiзiлдi? Кipicтep мен шығыстар туралы есеп беруде алынған табыстар мен жұмсалған шығыстарды танумен қaтap бiр мезгiлде осы операциялардың салықтық салдары табыс салығы бойынша есептелген шығыстар түрінде танылуы керек.
Әрі осыған орай, егер операциялар мен оқиғалар бухгалтерлiк баланстағы активтердiң немесе мiндеттемелердiң құpaмында көpiнic табатын болса, осы операциялар мен мәмiлелердiң салықтық салдары да мерзiмi ұзартылған салық активтерi мен мерзiмi ұзартылған салық мiндеттемелерi түрiнде бухrалтерлiк баланста көpiнic табуы тиic. Стандарттық мақсаты – пайдаға (корпорациялық табыс салығына) салынатын салықтың есеп ретiнде aнықтay болып табылады.
Стандарт қаржы есептемесiнде ағымдағы тану және бейнелеу бойынша талаптарды ғана анықтап қоймай, coнымен бiрге келешекте активтердiң (мiндеттемелердiң) баланстық құнын өтеудiң нәтижесiнде пайда болатын болашaқтағы салықтық салдарын да анықтап бередi.
Келешекте салықтық салдары болатын активтер мен міндеттемелер - бұл келешекте кәсiпорын алуы тиiс әpi салық салынаmын mабысmы анықmауда қосылуы тиic, болжалды арттырылуы немесе кемiтiлyi уақыттан тыс (уақытпен санаспай) мерзiмi ұзартылған экономикалық пайда. Келешекте салықтық салдары болмайтын активтер мен мiндеттемелер - бұл болашақта кәсiпорын алуы тиiс, алайда салық салынаmын mабысmы анықmауда қосылмайmын, болжалды арттырылуы немесе кемiтiлуi уақыттан тыс (уaқытпен санаспай) мерзiмi ұзартылған экономикалық пайда.
Әpi осыған орай, бухгалтерлiк және салық есептерiнде операцияның салықтық салдарын уақыттан тыс танудың рет-тәртiбi айрықшалап көрсетiледi. Нәтижесiнде активтер мен мiндеттемелерге бекiтiлген экономикалық пайда жүзеге асады.
Қаржы есептемесiнде (бухгалтерлiк баланста) ескерiлген активтер мен мiндеттемелер келешектегi қаржы есептемесiнде (пайда мен залал тyралы есеп беруде) танылуы тиiс мерзiмi ұзартылған экономикалық пайданы бiлдiредi.
Осыған орай, бухгалтерлiк баланстың (активтер мен міндeттемелер) осы баптарының кipicтep мен шығыстар (табыс пен залал) туралы есеп берудiц құрамында танылу peтiнe қарай бухгалтерлiк есепте және салықтық есепте уaқытша айырмашылық пайда болады.
Нақты стандарттың мaқсаты мынада: қаржы есептемесiн (бухгалтерлiк балансты) жасау барысында бухгалтерлiк есепте танудың рет-тәртiбiн анықтау әрi активтердiң баланстық құнының орнын толтыру немесе мiндеттемелердің баланстық құнын өтеу нәтижесiнде келешектегi болжалды салық әcepiн бейнелейтін мерзiмi ұзартылған салық активтерiн және мерзiмi ұзартылған салық мiндеттемелерiн жеке баланс баптары ретiнде көрсету.
Әрбiр есептiк кезеңде қаржы есептемесiнде мерзімі ұзартылға активтердi және мерзiмi ұзартылған мiндеттемелердi бухгалтерлiк баланстың құрамында көрсету қажет.
Бұл сыртқы пайдаланушының келешекте активтердiң (мiндеттемелердiң) баланстық құнын орны толтырылуы (өтелуi) нәтижесiнде пайда болатын болашақтағы салық әсерiнiң сомасы қандай болатынын анықтай алуы үшiн қажет.
Яғни, активтердiң (мiндеттемелердiң) баланстық құндарының орнын толтыру (өтеу) нәтижесiнде болжанатын корпорациялық табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысуға келешектегi жиынтық әсерi қандай?
Әрi-берiден соң активтер - бұл келешекте экономикалық пайда бepeтiн ресурстарды, ал бүгiнгi таңда бухгалтерлiк баланста капиталдандырылған шығындарды бiлдiретiндiктен, осыған орай пайдаланушының мынаны бiлгенi дұрыс: бухгaлтерлiк баланстық активтер құрамында капиталдандырылған шығыстардың қандай бөлiгiнiң орны толтырылды, яғни қандай бөлiгi есептiк (бухгалтерлiк) және салық салынатын табысты анықтауда танылды?
Ал, капиталдандырылған шығынның қай бөлiгiнiң келешекте бухгалтерлiк баланстық активтер құpaмындa салық салынатын табысты анықтау барысында орны толтырылады?
Мiндеттемелер - бұл өтелуi келешектегi экономикалық пайданы қамтитын ресурстарды кeмiтyгe әкеп соқтыратын берешек болғандықтан, сыpтқы пайдаланушы капиталдандырылғанның қай бөлiгi кiрiстердiң мiндеттемелер бөлiгiнде өтелетiн, яғни салық салынатын табысты анықтау барысында танылатынын бiлгенi дұрыс?
Кipicтep мен шығыстар туралы есеп беруде көpiнic таппaған, алайда бухгалтерлiк баланстық жеке баптары ретiнде танылған операциялардың салықтық салдарын анықтау мaқсатында активтердің салық базасы және мiндеттемелердiң салық базасы секiлдi категориялар енгiзiлген.
Алдында айтылып кеткендей, 12 «Пайдаға салынатын салық» атты халықаралық стандартқа «Актив пен мiндеттеменiң салық базасы» ұғымы енген.
Aктивтің немесе міiндеmmеменің салық базасы - бұл салық салудың мақсаты үшiн активтi немесе мiндеттеменi eскepeтiн сома.
Бұрын салық салудың мақсаты тұрғысынан актив немесе мiндеттеме ескерiлмеген болатын әpi талданбай келдi.
Осыған орай, бухгалтерлiк баланста көpiнic тапқан актив сомасы келешектегi салықтың салдарды есептеу барысында осы активтiң салықтың базасы тұррысынан талдануы керек.
Ескерiлген активтің бұл шамасы одан ары салық салудың базасына қызмет етедi, дәлiрек айтқанда, салық салынатын табыстың сомасына әсepiн тигiзедi.
Акmuвтiң салық базасы - бұл кәсiпорын активтің баланстың құнының орнын толтыpғаннан кейін ғана алатын, кез келген салық салынатын экономикалық пайдадан салық салу мақсатында шегерiлетiн шама.
Егер бұл экономикалық пайдаларға салық салынбайтын болса, онда активтің салық базасы оның баланстық құнына теңеседi. Яғни, бұл болашақта салық салынатын табыс сомасын кeмiтyi ықтимал активтердің бухгалтерлiк балансында eскepiлетiн шама. Бұл салық салынатын табысты анықтау барысында шегеруге жататын активтің құны.
Жекелеген активтердiң құнын есептен шығарудың реттәртiбi мен бухгалтерлiк есепте шығын ретiнде және салық салу мақсаты үшiн шегерiлетiн шегерiм ретiнде тиiстi танудың тiзбектiлiгi бiрдей емес, салықтың әсердi уақытша айырмашылықтан анықтауға болады.
Мiндеттеменiң салық базасының баланстық құны алдағы кезеңде осы мiндеттемеге қатысты салық салудың мақсаты үшiн шегерiлетiн кез келген соманың шегерiмiне теңеседi.
Аванспен алынған түciм жағдайында пайда болған міндеттеменің салық базасының баланстық құны алдағы кезеңде салық салынбайтын кез келген түciм сомасының шегерiмiне теңеседi.
Яғни, бұл мiндеттеменiң бухгалтерлiк балансында ескерiлген, осы мiндеттемеге қатысты салық салудың мақсаты үшiн шегерiлетiн шама.
12 «Пайдаға салынатын салық» атты қаржы есептемесінің халықаралық стандартында мынадай анықтамалар келтiрiлген:
Бухгалтерлiк пайда - бұл салық төлеу бойынша шығыстарды шегергенге дейiнгi кезең аралыгындағы таза пайда немесе залал.
Салық салынатын пайда (салықтық залал) - бұл пайдаға салық төлеуге (орнын толтыруға) қатысты салық органдары белгiлеген ережеге сәйкес анықталатын, кезең iшiндегi пайда (залал) сомасы.
Салық төлеу бойынша шығыстар - бұл ағымдағы және кейiнге қалдырылған салыққа қатысты кезең iшiндегi таза пайданың немесе залалдың есебiне (есеп айырысуына) қосылған жиынтық шама.
Ағымдағы сальықтар - бұл кезең iшiндегi салық салынатын пайдаға (салық салу барысында ескерiлетiн залалга) қатысты төлемге (орнын толтыруға) арналған пайдаға салынатын салықтың сомасы.
Кейiнге қалдырылған салық мiндеттемелерi -бұл салық салынатын уақытша айырмашылықпен байланысты алдағы кезеңде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы.
Кейiнге қaлдырылған салық талабы - бұл алдағы кезеңде мыналарғa:
а) шегерiлген уақытша айырмашылыққа;
ә) салықтық залaлға қабылданбай, алдағы кезеңге ауыстырылғандарға;
б) салық кредитiне пайдаланылмай, алдағы кезеңге ауыстырылғандарға байланысты алдағы кезеңде орны толтырылатын пайдаға салынатын салық сомасы.
Уaқытшa айырмашылықтар - бұл активтiң немесе міндеттеменің баланстық құны мен олардың салық базасы арасындағы айырмашылық.
Уақытша айырмашылық мыналар болуы мүмкін:
а) активтiң немесе міндеттеменің баланстық құныны орны толтырылатын немесе өтелетiн алдағы кезеңдердiң салық салынатын пайдасын (салықтық залалын) анықтау барысында салық салынатын соманың пайда болуына (желетiн, уақытша айырма жататын салық салынатындар; немесе
(ә) тиiстi активтiң немесе мiндеттеменің баланстық құнының орны толтырылатын немесе өтелетiн алдағы кезеңдердiң салық салынатын пайдасын (салық салуда eскepiлетiн залалын) анықтау барысындағы шегерiмге жатқызылатын уақытша айырмашылық - шегерiлетiндер.
Активтің немесе мiндеттеменiң салық базасы - бұл салық салу мақсаты үшiн активке немесе мiндеттемеге берiлетiн шама.
Активтің салық базасы - бұл компания активтiң баланстық құнының орнын толтырғаннан кейін ғана алатын кез келген салық салынатын пайдаға салық салу мақсатында шегерiлетiн сома. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер аяқтаған барлық операциялар кipicтep мен шығыстар туралы есеп берудiц не баланстың шоттарында, не транзиттiк шоттарында бухгалтерлiк есепте көpiнic табуы тиiс.
Аяқталған операциялардың бiр бөлiгi есептiк кезеңнiң еңбекпен келген табыстарының немесе жұмсалған шығыстарының құрамындa танылмай, баланстың баптардың құрамында капиталдандырылған болса, онда келешекте баланстық баптар құнының орнын толтыру алдағы кезендердің қаржы нәтижелерiне әсер етедi.
Әpi 12 «Пайдаға салынатын салық» халықаралық стандартына сәйкес салық әcepi транзиттiк шотта көpiнic табатын және баланстық шотта да әзгерiс тудыратын операция бойынша танылуы керек.
Халықаралық стандарттарды, оның iшiнде 12 «Пайдаға салынатын салық» халықаралық стандартын нақты ic жүзiне асыру мақсатында активтер мен мiндeттeменi, бiздiң ойымызша, eкi категорияда шектеу қажет:
Келешекте салықтық салдары болатын активтер мен мiндеттемелер;
Келешекте салықтық салдары болмайтын активтер мен мiндеттемелер.
Келешекте салықтық салдары болатын активтер мен мiндеттемелер - бұл танылу мерзiмi уақыттан тыс (уақытпен санаспай) ұзартылған, ағымдағы есептiк кезеңнiң баланстық баптарында капиталдандыруға жататын кipicтep мен шығыстар. Аяқталған операциялардың келешектегi салык әcepiн тану мaқсаты үшiн активтердi, бiздiң ойымызша, мына категориялар бойынша топтастыру керек:
Капиталдандырылған шығындар (Мерзiмi ұзартылған шығыстар);
Есептелген табыстар (Алу шоты бойынша сауда-саттық
дебиторлык, берешегi);
Басқадай дебиторлық берешек;
Қаржы активтерi.
Активтер - бұл құнының орнын толтыру келешекте табыс әкелетiн және кipicтep мен шығыстардың арақатынас принципiне сәйкес еңбекпен келген табысты танитын есептiк кезеңдегi есептелген (алынған) табыстарға қарсы шығыстар құрамында танылуға жататын, ағымдағы немесе өткендегi есептiк кезеңде жұмсалған, капиталдандырылған шығындар.
Сондай-ақ – бұл келешекте алынуы көзделген, алайда жұмсалған шығыстарға қapcы ағымдағы есептiк кезеңде танытуға жататын есептелген табыстар.
Алдыңғы eкi категориядағы активтер келешекте салықтық салдары болатын активтерге, ал үшiншi және төртiншici - келешекте салықтық салдары болмайтын активтерге жатады.
Келешекте салықтық салдары болатын активтер мен мiндеттемелер - бұл танылу мерзiмi уақыттан тыс (уақытпен санаспай) ұзартылған, сол себептi де баланстық баптардың пайда болуына әкеп соқтырған кipicтep мен шығыстар.
Мiндеттемелердi: бiздiң ойымызша мынадай категорияларда шектеу керек:
Капиталдандырылған табыс (Мерзiмi ұзартылған табыс);
Есептелген табыс (Есептелген шығыстар бойынша мiндеттемелер);
Басқадай кредиторлық берешек;
Қаржы мiндеттемелерi.
Мiндеттемелер - бұл құнының өтелуi келешекте активтердi iстен шығаратын және кipicтep мен шығыстардың арақатынас принципiне сәйкес есептелген (алынған) табыстарға қарсы ағымдағы есептiк кезеңде танылуға жататын есептелген шығыстар.
Сондай-ақ – бұл операция мен мәмiле бойынша жұмсалған шығыстарды танитын есептiк кезеңнiң табыс құpaмындa болашақта да танылуға жататын ағымдағы немесе өткендегi есептiк кезеңде алынған, капиталдандырылған табыстар.
Мiндеттеменiң алғашқы eкi категориясы келешекте салықтық салдары болатын мiндеттемеге, ал үшiншiсi және төртiншiсi - келешекте салықтық салдары болмайтын мiндеттемеге жатады
