Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус каз 2014 - 15 уч. год.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
791 Кб
Скачать
☆

II. Тәжірибелік сабақтың жазбаша бақылауын бағалау критериі:

Тәжірибелік сабақтың жазбаша бақылауына сабақта алған білім деңгейін анықтауға арналған билеті кіреді

Бақылау билеттеріне 2 рецепт - 50%, алгоритм - 25% және фармакологиялық сиппатамасы бойынша препаратты анықтау - 25%, жалпы 100% бағаланады.

Тәжірибелік сабақтың қорытынды бағасы – бұл тәжірибелік сабақтың ауызша және жазбаша бақылауынан шығатын орта баға.

III. Рубежді бақылау:

ЖМ 2 курс студенттері үшін рубежді бақылау кафедрада тест түрінде өтеді.

Рубежді бақылау тапсырмаларына 20 – тест сұрақтары, 3 препаратқа рецепт жазу, жіктелу және алгоритм кіреді.

Рубежді бақылау нәтижелерін бағалау критерилері:

Бақылаудың жалпы бағасы 100%, оның ішінде тест тапсырмалары – 30%, рецепт жазу – 30%, жіктелу -30%. алгоритм – 10% құрайды.

Қорытынды баға – орта арифметикалық баға.

Ескерту: тәжірибелік сабақ тақырыбы бойынша хаттама болмаса жалпы баллдан 10% алынады, егер студент қанағаттанарлықсыз баға алса немесе 50%-дан төмен алса бір аптаның ішінде ауызша тапсыруға мүмкіндік береді.

Білімді бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесі

оқушылардың бағасын дәстүрлі шкалаға ауыстыру

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

«қанағаттанарлық емес»

Пән бойынша рейтинг төмендегі формула бойынша есептеледі:

ЖРБ=(АББ Х + РББ Y + CӨЖ Z)

Х+У+Z =1,0

(Х=0,3; У=0,5; Z=0,2)

ЖРБ– жіберу рейтингі бағасы. Бұл тәжірибелік сабақтын баллдық орташа соммасынан шығатын орташа мәнді орта баға, рубежді бақылау және СӨЖ-дің баллының орташа сомасымен.

АББ – тәжірибелік сабаққа қойылатын орташа баға (ағымдағы бақылау бағасы).

РББ – рубежді бақылау бағасы

СӨЖ – СӨЖ орташа бағасы.

Жіберу рейтингі студенттің қорытынды бағасының 50 баллын құрайды. Өту бағасы 50-ден төмен болса қорытынды баға саналмайды. Семестрде алған бағасы 50 және одан көп болса емтиханға жіберілді деп саналады. Пән бойынша қорытынды бағаға жіберілу ретинг бағасын және қорытынды баға кіреді. Қорытынды бағаны есептеу кезінде әр бәр компоненттің салмақтық үлесі есептелінеді: жіберу рейтингі 60%-ды құрайды, қорытынды бақылау бағасы -40%-ды құрайды.

Жеке рейтинг баллын санау әдісі

ЖР= (Р1 Х 0,3 + Р2 Х 0,5 + Р3 Х 0,2)*

ЖР –студенттін жеке рейтингі

Р1 - ағымды бақылаудын орташа бағасы

Р2 - аралық бақылаудын орташа бағасы

Р3 - СӨЖ орташа бағасы

ҚБ – емтихан бағасы

* - әрбір себепсіз қатыспаған сабақпен дәріс үшін жалпы рейтингтен 1% кемітіледі. (ОӘК шешімі хаттама №1 28.08.2013ж.)

Студенттің пән бойынша (ҚБ) академиялық рейтингі студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бойынша бағасы он нәтижелі болса ғана саналады. Бағаны (ҚБ) емтихан алушы келесі формула бойынша санайды:

ҚБ = ЖРБ*0,6 + ҚББ*0,4

2 кезең қорытынды бақылауды өткізу кезінде 1 және 2 кезеңге арналған емтихан бағалары ведомостын сәйкесінше кестесіне байланысты жеке қойылады және келесі формула бойынша (ҚБ) есептеледі:

ҚБ = ЖРБ*0,6 + ( ҚББ1 + ҚББ2 )/ 2*0,4

Пәндер бойынша ҚБ есептеу қорытынды бақылаудың әр бір кезеңі бойынша он нәтижелі баға алған кезінде саналады. Аттестация кезеңдерінің бірінде қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болып баға шықса қорытынды баға саналмайды.