Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ера.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311 Кб
Скачать
☆

2. Жұмыс берушінің аттестаттауды өткізуге дайындығы

      10. Өндірістік объектіні аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші тұрақты жұмыс істейтін, құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.       11. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына жетекші не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері кіреді.       12. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:       1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;       2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;       3) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайда өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды немесе зертхананы белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;       4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды өткізу кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;       5) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;       6) өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізу үшін қажетті нормативтік анықтамалық базаны қалыптастырады;       7) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;       8) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықтарды айқындайды;       9) аттестаттау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу мерзімін келіседі;       10) ұйымдардың өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізудің сапасына ұйымдарда ішкі бақылауды жүзеге асырады.       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

3. Аттестаттауды өткізудің тәртібі

      13. Еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орнындағы барлық қауіпті және зиянды өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық) факторлар, оның ішінде еңбек ауырлығы мен қауырттылығы жатады.       Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері және эргономикалық зерттеулер ұжымдық және жеке қорғану құралдары жарамды болған кезде жұмыс жағдайында және өндірістік процестерде орындалуға тиіс. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада және жерасты көмір шахталарында болуына байланысты жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.       Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, еңбек процесінің ауырлығы мен еңбек қауырттылығы көрсеткіштерін айқындау, өндірістегі еңбек гигиенасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіппен және көлемде жүзеге асырылады. Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелері хаттамалармен ресімделеді (осы Қағидаларға 1-қосымша).       Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеген кезде белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет.       Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалауды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың шекті рұқсат етілген концентрацияларына (деңгейіне) сәйкестігіне өлшенген параметрлер сәйкестігі негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді.       14. Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері:       1) өндірістік жабдықтар;       2) құрылғылар мен құрал-саймандар;       3) ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу;       4) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.       15. Өндірістік жабдықтардың, айлабұйымдардың және жабдықтардың зақым келтіру қауіпсіздігін бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жай-күйіне, паспорттық параметрлердың сәйкестігіне және өндірістік процесс технологиясының талаптарына байланысты болады.       Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.       16. Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау Жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамасымен (осы Қағидаларға 2-қосымша) ресімделеді.       17. Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау:       Әр кәсіп қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі анықталады. Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын жұмыс берушінің қаражаты есебінен берудің нормаларымен салыстыру арқылы анықталады.       Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде берілген ЖҚҚ-ның нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталуға тиіс.       ЖҚҚ-ның сапасын және олармен қызметкерлердің қамтамасыз етілуін бағалау Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен (осы Қағидаларға 3-қосымша) ресімделеді. Қызметкерлер еңбек нормалары мен жағдайларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілгенде ғана «қамтамасыз етілді» деген баға қойылады.