Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жоар шапыншылыы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Кб
Скачать
☆

Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы

1635 жылы Батыр коңтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында еді. 1640 жылы жоңғарлар «Далалық жарғы» деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың бірлігі нығайды, әскери күш-қуаты арта түсті. Соғыс жағдайы кезінде жоңғарлардың әрбір рулық бөлімшесі өте қысқа мерзімнің ішінде жауынгерлік бірлік тобына айналып шыға келді. Жоңғар хандығы жауынгерлерінің жалпы саны 100 мыңға дейін жететін қуатты атты әскер шығара алатын еді. Олардың 60 мың жауынгері бар тұрақты әскері болды. Жоңғария өзімен көрші мемлекеттердің жерін тартып алуды көксеген, барынша әскерилендірілген мемлекетке айналды. Жоңғарлықтардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде Тибет ламалары елеулі рөл атқарды. Жоңғарларда әскери іс-қимылдар жасаудың ерекше тактикасы қалыптасқан болатын. Олар ашық кең далада соғысуға машықтанған еді. Оқ-дәріні селитра мен күкірттен өздері қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға және басқа қару-жарақ түрлерін жасау да келетін. XVII ғасырдың аяқ жағына қарай жонғарларда білтелі мылтық пайда болды. Жоңғарлар тіпті зеңбірек жасауды да үйреніп алды. Зеңбірек құюды оларға тұтқын болып қолға түскен швед Иоган Густав Ренат үйретті. Жоңғарларда шекаралас жатқан мемлекеттердің аумағында жүріп, қүпия ақпараттар жинаумен айналысатын жансыздардың — тыңшылардың кең жүйесі құрылды. Жоңғария тұғындары да қазақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халық еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Халқының саны 1 миллионға жуықтайтын. Жоңғарлар аз ғана уақыттың ішінде Алтайда тұратын көптеген ұсақ Ұлыстарды бағындырып алған еді. Олар алым-салық төлеп тұрды, әскер қатарын толык- тырып отырды. Жоңғарияның өзімен көрші мемлекеттерге күшті қауіп төндіргені соншалық, XVIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті Қытайдың сыртқы саяси кызметі негізінен осы мемлекетке қарсы күрес жүргізіп, оны әлсіретуге бағытталды.

Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері

Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үіиіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.