- •Маңғыстау гуманитарлық колледжі
- •Кайболдиева н.Ж. Ашық тәрбие сағаты
- •2.1 Ерік туралы жалпы ұғым.
- •2.2 Еріктік амалды талдау.
- •2.3 Еріктің сапалары.
- •Insert стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
- •V.Үйге тапсырма: тақырып бойынша конспект жасау, дайындау, тапсырмаларды талдау.
- •Vі.Бағалау.
- •Өткен тақырыпқа шолу жасау тест жұмысы
Insert стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
Бүгінгі сабақ бойынша қорытынды тест жұмысы.
V.Үйге тапсырма: тақырып бойынша конспект жасау, дайындау, тапсырмаларды талдау.
Vі.Бағалау.
Тест: « Ерікті адамсыз ба? »
Қызықты емес жұмысты соңына дейін аяқтай аласыз ба?
Күш салмай-ақ сіз жұмысты соңына дейін аяқтай аласыз ба?
Жұмыс барысында немесе сабақ кезінде қайшылықты жағдайда өзіңізді ұстай аласыз ба?
Сіздің диетаға отыруыңыз қажет,осы жағдайда тәтті тағамды қабылдай аласыз ба?
Егер қажет болмаса, таңертеңмен ерте тұра аласыз ба?
Егер бір жағдай болған кезде сіз куәгер бола аласыз ба?
Хатқа тез жауап бересің бе?
Егер ұшақпен кезінде, тіс дәрігеріне қаралу керек болса, аз уақытта өз ойыңызды өзгерте аласыз ба?
Дәрігердің қадағалауымен жағымсыз дәріні қабылдай аласыз ба?
Өз сөзіңізде тұра аласыз ба?
Еш қарсылықсыз сіз басқа қалаға іс- сапарға барасыз ба?
Күн тәртібін атаң сақтайсыз ба?
Кітапханаға кітап тапсырмай қалған күнің бар ма?
Сіз теледидардағы қызықты хабарлар үшін маңызды жұмысыңызды қалдыра аласыз ба?
Сіздің көңіліңізге тисе де, қатты-қатты сөздерге қарсыласпай тұра аласыз ба?
Интерпретация:
Жоқ-0 ұпай
Иә-2 ұпай
Білмеймін, анда-санда-1 ұпай
0-12 ұпай: Сіздің ерік күшіңіз төмен.Сіз өзіңізге жеңіл және көңілді, ұнамды жағдай жасайсыз, бірақ бұл ұзаққа бармайды және бұл әр түрлі жағымсыз себептерге себе.
13-21 ұпай: Сіздің ерік күшіңіз орташа.Егер біреумен ренжіскен жағдайда, тезірек достасуға асығасыз.Бірақ бір рет шыққанда осы жағдайды пайдалануға тырысыңыз.Еріксіз жағдайда өзіңізге артық міндет артпаңыз.
20-30 ұпай: Ерік- күшіңізөте жақсы.Сізге сенуге болады және сіз алдап кетпейсіз.Кейбір кезде сіздің тұрақты шешіміңіз бір қорытындыға келе алмайды.
Тест
1.Ерік деген не?
А. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоциялар.
В. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстар.
С. Субъективтік образдардан қайтадан жаңғырып, бейнелеуде көрінетін психикалық процесс.
2.Қозғалыс анализаторын құрайтын жүйке талшықтарын қалай атайды?
А. Пирамидалық жол.
В. Ретикулярлық формация.
С. Рефлекс.
3. Келешекте істейтін істің ойға бекуі?
А. Қалау.
В. Құмарлық.
С. Тілек.
4.Мақсаттың айындығы, оған жеткізетін тиісті жолдардың жасалуы, ойдың бекемдігі не деп аталады?
А. Арман
В. Қалау
С. Мақсат
5. Тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушіліктің тууы психологияда қалай аталады?
А. Мотивтер күресі
В. Гармония
С. Дискомфорт
6. Мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі тоқтамға келу, бәрі қосылып еріктік қимылдың қандай кезеңін қалыптастырады?
А. Соңғы кезеңі.
В. Даярлық кезеңі.
С. Алғашқы кезең.
7. Адамның оқыс қимыл- қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, бос күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті?
А. Тоқтамға келгіштік.
В.Табандылық.
С. Ұстамдылық.
8. Адамның өз қимыл- қозғалыс, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті?
А. Ұстамдылық.
В. Тәртіптілік.
С. Тоқтамға келгіштік.
9. Алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, адамгершілік рухы жоғары аданың ғана қолынан келетін қасиет?
А. Ерлік
В. Ерік
С.Мақсат
10. Адамның небір қиын- қыстау кезеңдерге қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілеттің болуы?
А. Ұстамдылық
В. Ерік
С. Тоқтамғ келгіштік
