Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ғылыми жоба_Тасқымбаева Жадыра_8d.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16 Мб
Скачать
☆

4. Алжирде азап шеккен аналар

«Құрт-қымбат тас»

«АЛЖИР» тұтқыны Гертруда Платайстың фотосуретінің көшірмесі. Фотосурет саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражайында сақталған.

«Отанын сатқандар» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің» бұрынғы тұтқындарының бірі - Гертруд Платайс. Ол 1990 жылы Германиядан Қазақстанға келіп-кеткен сапарында «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлеріне жергілікті қазақтарды алғаш қалай көргенін, олардың тұтқын әйелдерге қалай қарағанын айтып беріпті. Бірде тұтқын әйелдер Жалаңашкөлден қамыс будаларын арқалап келе жатады. Жолда қарттар мен балалар кездесіпті. Балалар үлкендердің айтуымен әйелдерге қарай тас лақтыра бастайды. Қарауылдар "Сендерді Мәскеуде ғана емес, ауылда да жек көретінін байқадыңдар ма!" деп қарқылдап тұрып күледі.

Тұтқын әйелдер «бұлардың балаларға берген тәрбиесі осы ма» деп налиды. Бір әйел әлгі тастардың біріне сүрініп құлайды. Құлаған кезде дәл алдында жатқан тастан сүт пен ірімшіктің исін сезіп қалады. Шетінен бір тістеп көрсе, дәмі тіл үйіреді екен. Сөйтіп тастардың барлығын теріп алып, баракқа алып келеді. Барактағы тұтқын қазақ әйелдер оның тас емес, кептірілген құрт екенін түсіндіріпті. Гертруд Платайстың бұл әңгімесі «Құрт – қымбат тас» («Курт – драгоценный камень»)  деген өлеңге арқау болды. Өлеңнің авторы – Ақмола облысы Новоишимка селосында тұратын тарих пәнінің мұғалімі Раиса Голубева.

Плисецкая- Алжир тұтқыны. Ақмола лагерінде әйгілі орыс балеринасы Майя Плисецкаяның анасы Рахиль Плисецкая да қамауда отырды. Ол сегіз жылға сотталған еді. Бастапқыда  Бутырка түрмесіне қамалып, «халық жауының» әйелі ретінде үкім шығарылған соң сегіз айлық ұлы Азариймен бірге Ақмола лагеріне айдалған. 

Рахиль Плисецкаяның (сол жақта) қызы Мая (оң жақта), ұлы Азарий (ортада) және бауыры Александрмен (жоғарыда) бірге түскен фотосуретінің көшірмесі. Фотосурет саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражайында сақталған. Рахиль Плисецкая «АЛЖИР» лагерінде ұзақ отырмады. Туған-туыстарының ізденістерінің арқасында оны Шымкенттегі еркін қонысқа ауыстырып жіберді. Рахиль Плисецкаямен бірге болған тағы бір тұтқын Брайн Лурьенің ұлы Михаил Зельцер 2002 жылы Алматыда «Жеті жарғы» баспасынан шыққан «Қасіретті тағдыр іздері» («Страницы трагических судеб») деп аталатын кітапта лагерь өмірін біршама толығырақ баяндайды: «Бұл лагерьге кім келмеді – әртіс те, ғалым да, инженер де, мұғалім де осында. Қалдық салынған бөшке артылған аттарды әуелгі кезде бастарына шляпа киіп жүрген әйелдер айдайтын. Кейін бұл шляпалар күнге оңып, түрменің қарабайыр киіміне айналып шыға келді». Харьковтен келген бұрынғы «АЛЖИР» тұтқыны Мария Даниленко да «қамауда отырғандардың 90 пайызы жоғары білімді адамдар еді» деп жазады осы кітаптағы естелігінде.

- «АЛЖИР» мұражайында Мария Даниленконың оның қызғылт-сары жаздық көйлегі, шляпасы мен туфлиі сақтаулы тұр. Соған қарағанда ол лагерьге осы киіммен келген сияқты, - дейді мұражай қызметкерлері. Күйеуі «тракторист»

«Лагерьде өзінің не үшін отырғанын да білмейтін әйелдер бар еді, – деп жазады Михаил Зельцер «Қайғылы тағдыр іздері» («Страницы трагических судеб») деп аталатын кітабында. – Барактағы көрші әйелдердің бірі шешесіне өзінің еш жазықсыз қамалғанын айтып шағымданушы еді. «Тергеуші: «Сенің күйеуің тракторист» деп айқайлады, ал ол ешқашан тракторист болған емес, бригадир еді», – дейтін. Байғұс әйел «троцкист» деген сөзді ешқашан естімеген ғой, «троцкист» дегенді «тракторист» деп түсініпті».

АЛЖИР-де тамаша мектеп болды дейді Михаил Зельцер. «Мұғалімдермен дәл осындай бейресми нағыз достық қарым-қатынасты басқа еш жерден ешуақытта көрген емен. Бірнеше жылдан кейін Ленинградқа оралғанымда кәдімгі мектепке көпке дейін үйрене алмай жүрдім» деп жазады. Ол жерде Зинаида Гинзбург деген мұғалім неміс тілі мен әдебиетінен сабақ берген екен. «Бірде маған Зинаида Наумовна Белинскийдің пікірін айтып бер деді. Қандай мәселе бойынша екені есімде жоқ. Кітапхана поселкеде бір-ақ жерде – ВОХР-да (военизированная охрана - әскерилендірілген күзет) ғана бар. Содан мен кітапханаға жауапты адам - ВОХР-дың саяси жетекшісіне барып, Белинскийдің бар, жоғын сұрадым. Саяси тәрбиеші «Дивизион құрамында ондай адам жоқ» деп паңдана жауап берді», – деп жазады Михаил Зельцер.

Қазақ қыздары арасынан тұңғыш адам дәрігері мамандығы бойынша жоғары білім алып шыққан Мағрипа Қазыбекова мен Дәмеш Ермекова-Жүргенова. Мағрипа Қазыбекованың жан жары Смағұл Қазыбеков Ұлытау өңірінен алғаш жоғары білім алған қазақтардың бірі. Әуелі Омбыда орта білім алып, кейіннен Москвадағы Тимирязов атындағы ауылшаруашылығы академиясын бітірген. Америкада іссапарда болып, тәжірибе жинақтаған ғалым, азамат Алашорда көсемдерімен бір көзқараста, достық қатынаста болған. Мағжан Жұмабаевтың досы. Мағжан оған өлең де арнаған. Мағрипа Орынбор өңірінің қызы, Смағұлмен Ташкент университетінің медицина факультетінің студенті кезінде қосылған. Ері «халық жауы» атанып жазықсыз ұсталып, атылып кеткен соң, Мағрипа атақты 58-баптың 17-тармағы бойынша 1938 жылы 8 жылға бас бостандығынан айырылып, Алжир-ге жазасын өтеуге жіберілген. Басқа әйелдермен бірге жазасы біткенге дейін лагерьде ауыр еңбектің, қорлық пен қайғы-қасіреттің азабын басынан өткерген. Соғыс аяқталған соң ғана Мағрипа Балқаштағы 37-әскери тұтқындар лагеріне мамандығы бойынша жұмысқа ауыстырылып жағдайы ептеп болса да жеңілдеген. 1957 жыл толық аяқталғаннан кейін барып, тура 20 жылға созылған қуғын-сүргін саябыр тапты. Дербес зейнетке шыққанға дейін Балқаш қаласындағы медицина мекемелерінде абыройлы еңбек етті. Білікті дәрігердің ұзақ жылдар бойғы адал еңбегі ескеріліп, Мағрипа Мырзағұлқызы Қазыбекова Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. Алайда темір тордың арғы жағында өткен жастық шақтың азапты жылдары салған жан жарасын орден де, басқа да толтыра алмайтындығы белгілі ғой. Дәмеш апайдың тағдыры да осыған ұқсас. Олар университетте Мағрипа Қазыбековамен қатар оқыған.

Дәмеш Ермекова – Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, білім беру халық комиссары Темірбек Жүргеновтің зайыбы, Алашорда көсемдерінің бірі Әлімхан Ермековтің немере қарындасы.  1938 – 1942 жылдар арасында Алжир-де отырған. Осы тұста Дәмеш апайдың қуғын-сүргін жылдары жайлы естелігінен үзінді келтіре кеткеннің артықтығы болмас.

Апай былай депті: «Халық жауының әйелі деп пәтерден қуды. 58-статьяның 17-тармағынан 8 жылға кесіп, соттап жіберді. Түрме толған әйелдер. Тіпті кейбіреулерін емшектегі балаларымен алып кеткен. Бәрімізді қайғының қара бұлты басып, зар еңірейміз келіп. Көз жасымыз көл болды. Кімді кінәлаймыз? Бала-шағасынан, туыстарынан айырылған аналардың зарын өз құлағыммен естідім. Ақыры этапқа алынып, Ақмоладан бір-ақ шықтық. Барған жерімізді 26-нүкте дейді екен. Ұлы Отан соғысы басталысымен «Соғысқа алыңыз» деп жүзден аса арыз жаздым. Мамандығым – дәрігер. Мына лагерьде жүргеннен гөрі қан майданға араласып, әскерлерге қолдан келген көмегімді көрсеткім келеді. Амал не, жазған өтініштерімнің біріне жауап ала алмадым. Үш жылдан астам Ақмолада болдым, содан соң мені Нижний Тагиль қаласының маңындағы лагерьге ауыстырды». Тұтқыннан босағаннан кейін Дәмеш Ермекова-Жүргенова әуелі Қарағандыда, толық ақталғаннан соң, Алматыда медицина кадрларын даярлауға орасан зор еңбек сіңірді. Оған «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы берілді. Аруақтары риза болсын, орайы келіп отырғанда, Алжир тозағынан өткен асыл қыздарымыздың бір тобының есімдерін шамамыз жеткенше атап өтейік: Рәзия Мендешева, Мағдат Тәшитова, Шәкітай Тәтімова, Мариям Тоғжанова, Рәбиғаханым Асфандиярва, Мариям Есқараева, Майнұр Сармолдаева, Айша Қабылова, Баршын Кәлменова, Шаһзада Баймағанбетова, Айыш Құлымбетова, Бибіжамал Сырғабекова, Хадиша Мусина, Мәдина Оразова, Лиза Сәдуақасова, Мағрипа Рүстемова, Зүпнін Нұрмақова, Фатима Диваева, Мағрипа Досжанова, Мариям Есенгелдина, Жанбике Шанина, Сұлухан Бағзыбаева, Сақыпжамал Назарова, Әрипа Атауылова, Зағрипа Тыналина, Уазипа Күленова, Самал Тәкежанова, Шүкіре Сүлейменова...Алжир-де көп ұлттың әйелдері отырды. «Басқа түссе, баспақшыл» дегендей бірігіп барақ салды, мал бағып, қамыс орды, жер өңдеп бау-бақша тікті. Бір нүктеде енесі, шешесі, келіні, қызы қатар отырғандар да болды. Каторганың төбе құйқаңды шымырлатар тірлігін бірге көрді. Асыл аналардың есімдері тарихта ешқашан да өшпей ұрпақтар санасында мәңгі сақталуға тиіс. 

Сондай-ақ «Алжирде» Мәдина Айсарина, Кира Нұрмағамбетова, Мәрия Есқараева, Мәриям Тоғжанова, Елизавета Сәдуақасова, Мәриям Дәулетова, Мағрипа Досжанова, Фатима Диваева, Арипа Атағұлова, Мая Бағысбаева және басқалары отырды. Жазықсыз айыпталған аналардың саны, өкінішке орай, әлі толық емес. Зерттеушілердің алдындағы осы бір қасиетті борыш әлі де болса орындалмай келеді.

Ақмола түрмесіндегі сотталған әйелдердің қылмыстық істерінің басым көпшілігі 1 парақтан ғана тұрады. Сол бір парақтың өзінде де толық мәлімет жазылмай, тек қана: № 1092 іс: Байғанатова Татий, 1932 жылы ҚК-н 166-72 бағыттарымен сотталған. Жасы 45-те. Партияда жоқ. Кедей. Колхозда жұмыс жасайды. Байғанатов Мақсұтпен бірге ат ұрлаған. Ол кісінің арғы қарайғы тағдыры беймәлім. Себебі басқа мәлімет жоқ. Қылмыстық істердің кейбірінде жазаға тартылған әйелдердің бармақтарының ізі басылып, түр-сипатына (шашының түсі, бойының ұзындығы және т.б.) қысқаша анықтама берілген. Сонымен қатар өзге аймақтардан арнайы жер аударылған әйелдер де қудалауға көп ұшыраған. Қазақстанға жер аударылып, өзге аймақтардан сотталып келген өзге ұлт өкілдеріне «шетелдік шпион» ретінде қарау үрдіске айналған. «Алжирліктердің» кейбіреулері ғана осы тозақтан аман шықты, көпшілігінің мән-жайынан еш дерек жоқ («Түркістан», 2010, 3 маусым). «Алжирде» 1937-1946 жылдарға дейін жылына 8 мың, кей жылдары 17 мың адамға дейін көбіне әйелдер мен балалар тоғытылған. Ақмола, Қарағанды өңірінде осындай қуғын-сүргінге ұшырағандардың 27 абақтысы 1953 жылға дейін жұмыс істеген.

Зағипа Тінәлина – отызыншы жылдарда орта арнаулы білім алған, көзі ашық, көкірегі ояу бойжеткеннің жеке өмірі сәттілікпен басталып, қазақтың алғашқы журналистерінің бірі Абат Әлібаевпен тұрмыс құрады. Жарасымды өмір кешіп жатқан жас отбасына алғашқы қасірет 1937 жылдың мамыр айының 30-ы күні келді. «Қазақстан» баспасы директорының орынбасары қызметін атқарып жүрген Абат Әлібаев 32 жасында ойда-жоқта қамауға алынады да, 1938 жылы атылып кетті. Өлкелік партия комитетінде жауапты қызмет істеп жүрген Зағипа енді «халық жауының әйелі» атанды. 1938 жылдың тамыз айында «Казахстанская правда» газетінде Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Левон Мирзоянды қаралаған материал басылып, оның ішінде Зағипа Тінәлина да қара тізімге ілінді. Қазақстанға Голощекиннің аштық нәубетінен кейін жылылық пен ізгілік ала келіп, Мырзажан атанған Мирзоянмен қызметтес болғандар да осылайша сенімсіздер қатарына қосылды. Зағипа партия қатарынан да, қызметінен де шығарылды. Ақыры, 1938 жылы 10 сәуірде халық жауларының әйелдерімен бірге «Алжирге» кете барды.

1937 жылы 10 шілдеде Әзиза Рысқұлованы Мәскеудегі үйінен қамауға алып, әйгілі Бутырка түрмесіне қамайды. Бұл кезде Әзиза Ридасына аяғы ауыр еді. Тағдыр Риданы түрмеде ауыздандырды. Әзизаның анасы Арифаны да қамауға алды. Ақыр соңы екеуі 1938 жылы «Алжирде» кездесті. «Түрменің қызы» атанған Рида әжесімен Ақмолада табысты. Арифа апай лагерьден шығуға 5-6 күн қалғанда қайтыс болды. Әзиза Рысқұлова «Алжирде» 8 жыл отыр­ды. Әзиза Рысқұлова – Тұрар Рысқұловтың әйелі. Мұндағылардың бәрі біледі оның кім екенін. Көзді жұмып, көңіл кірбіңін еңбекпен ашайын деп лагерь бастығына барып, өзінің жоғары білімді мал маманы екендігін тәптіштеп түсіндіреді де, №1 Долинка кеңшарына малдәрігерлік жұмысқа баруға арыз жазды. Бағатын 2 мың ірі қара мен 5 саулықты санап алып, мал баға алатын қазақ әйелдерін іздестіре бастайды. Биағаның үйіндегі жеңгей (Бейімбет Майлиннің әйелі) Гүлжамал білек түріп «мал бағуға мен барамын» деп өзі сұранды. Сұлтанбек Қожановтың әйелі Гүлжиянды та­уып алып, алдына 500 саулық салып береді. Мәриям Есенгелдина мен Зағипа Тінәлина бұзау-торпақ бағатын болды. Дәмеш Жүргенова болса, жоғары білімді дәрігер. Алматы медицина институтында оқытушы болған. Мал бағуға ыңғайы жоқ еді. Сәтін салғанда, Ленинградтан Беляев деген шәкірті «Алжирге» келе қалып, Дәмеш апайын танып, дәрігерлікке тағайындатып қайтады.

Ең бір қиыны, Әзиза Ұзақбай Құлымбетовтің әйелі Айша Құлымбетованы лагерь бастықтарынан өз қарамағына алуға қанша рет барып, өтініп сұрағанымен, еш нәтиже шықпады. Лагерь бастықтары Айша Құлымбетованы ең ауыр жұмыстарға салды.

Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы Ораз Дәулетовтің әйелі Мәриям Дәулетова да 700 саулықты қарамағына алды. Сонымен, 1940 жылдан бас­тап Әзиза Рысқұлова бастаған қазақ әйелдері «Алжирде» де, №28 әйелдер лагеріндегі басқа жұмыстардан босап, мал бағатын болып шықты («Қазақ әдебиеті», 1994, 3 маусым).

Бақылаушылар мен бастықтар тұтқын әйелдерге мейлінше қатал қарады. Мысалы, бірде лагерьдегі ерекше бөлім бастығы Мишин Гүлжамал Майлинаны балағаттап сөккен. Сонда жазушының әйелі оған қолындағы айырын ала ұмтылған: «Сенің мұндай қорлығыңды естігенде, сені де, өзімді де өлтіремін. Күйеуімді құрттыңдар, бес баланы жетім қалдырдыңдар, енді маған мұндай өмірдің керегі де жоқ!» – дейді. Тағы бірде наурыз айының қара суығында бір бұзау өліп қалады. Сол үшін лагерь бастықтарының бірі үш әйелді атып тастап: «Енді бір бұзау өлетін болса, алтауыңды да атып тастаймын!» – деп қорқытады. «Қайсібір күзетшілер шамадан тыс қатыгез болатын», – деп еске алған Мәриям Есенгелдина. 1939 жылы құлағы ауырлау еститін Кира Нұрмағанбетова өз барағынан шығып, аулаға бет алады. Ол күзетшінің ескертуін естімей қалған, алайда күзетші оны екі сөзге келместен атып тастады, сақшы еш жазасыз қала берді («Шалқар», 1998, 2 қаңтар).

Жұмағат Қожахметов 1921-22 жылдары Семей қалалық атқару комитетінің төрағасы, соңынан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі, 1936 жылдан Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 1937 жылы 19 тамызда Ж.Қожахметов үш НКВД әскерінің алдына түсіп, беймезгіл уақыт білінбейтін жерге «сапарға» кете барады. Ал Гүлбарам Қожахметова болса «халық жауы» Жұмағат Қожахметовтің әйелі ретінде «Алжирге» 8 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмысты болады. «Алжир» лагері 1937 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеп, 1954 жылы шілде айын­да жабылды. Бостандыққа шыққаннан кейін де оларға астаналық ірі қалаларда тұруға тыйым салынды. Олар осы қалалардан 101 шақырым қашықтықта орналасуға тиіс болды. Мұнда оларды ешкім жұмысқа алмады. Лагерьдегі азаптан кейін адам құсап өмір сүруге мүмкіндік туғызылмады. Олардың біразы толық бостандықты көре алмай кетті.

2003 жылы Мәскеудегі халықаралық «Мемориал» қоғамы «Узницы «Алжира». Список женщин-заключенных Акмолинского и других отделений КарЛАГа» деген 34 баспа табақ көлемде кітап шығарды. Онда 5380 әйел-тұтқындардың тізімі берілген. Осы тізімнің ішіндегі қазақ әйелдерінің аты-жөні:

1. Абдулахатова Кульше Исмагуловна, род. в 1908 г., аул Умтулек, Таловского района Западно-Казахстанской обл., Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 25.11.1942. 2. Абланова Минесафа, род. в 1910 г, г.Семипалатинск, Приговорена к 3 годам итл. Освобождена 14.04.1941. 3. Алдабергенова Албусина, род. в 1931г., Сузаковский р-н, ЮКО, Приговорена к 3 годам итл. Убыла из Карлага 04.10.1939. 4. Аленова Жавгар Ибрагимовна, род. в 1901 г., Чингирлауский р-н ЗКО., Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 19.11.1945. 5.Алиханова – Исингельдина Мариям Камбаровна, род. в 1914., г.Усть-Каменогорск. Приговорена к 3 годам итл. Освобождена 18.03.1941. 6. Алтыбаева Балакыз, род. в 1941 г., 9-й ауыл Сузакского р-на ЮКО. Приговорена к 3 годам итл. Освобождена 28.02.1941. 7. Алтынбаева Галя Ахметовна, род. в 1906 г., г.Семипалатинск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 11.11.1945. 8. Альманиязова Казима, род. в 1912., г. Тургай, Кустанайской обл. Приговерена к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945. 9. Аршигоева Биби-Гайча Юсуповна, род. в1907 г., г. Уральск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 25.11.1945. 10. Асфандиярова Рабиля Сералиевна, род. в 1893 г., г. Самарканд. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 05.05.1943. 11. Ахмедова Кульжан, род. в 1914 г. г. Туркестан, Юко, Приговорена к 3 годам итл. Убыла из Карлага 04.10.1939 в Соликамбумстрой. 12. Багизбаева Сулухан, род. в 1905 г., г. Чимкент. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 25.11.1942. 13. Байбулатова Даметкен, род. в 1919 г. аул Жанаталап ВКО. Приговорена к 5 годам итл. Убыла из КАРЛАГа 04.10.1939. в Соликамбумстрой. 14. Байдавлетова Бигадыша, род. в 1891 г. Актюбинск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 15.04.1946. 15. Байгаскина Хусния, род. в 1901 г. ауыл Джаныбек, Ленинского р-на СКО, Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 07.07.1943.

16. Баймагамбетова Шахзада Нысангалиев­на, род. 1905, Буртинский р-н, Оренбургской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 18.11.1945. 17. Байтураева Кульхан, род. в 1917 г., г. Казалинск, ЮКО, Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 09.04.1943. 18. Баяубаева Багила, род. в 1906 г., 9-й с/совет Баянаульского р-на, Павлодарской обл. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 29.01.1943. 19. Бегежанова Зубарзата, род. в 1900 г., г. Актюбинск. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 01.12.1942. 20. Биркембаева Маржан, род.в 1901 г., г. Иргыз, Актюбинской области. Приговорена к 8 годам итл. Умерла 09.08.1944. 21. Бабаева Ханай, род. в 1914 г., г. Чимкент приговорена к 5 годам итл. Убыла 04.10.1939 г. в Соликамбумстрой. 22. Гайсина Гайнижамал, род. в 1906 г., г. Кокпектинск ВКО, Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 05.05.1943. 23. Даукенова Менталь, род. в 1910 г. ауыл №12 Карабалыкский р-н Кустанайской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 26.11.1945. 24. Джантасова Утеш, род. в 1908 г., ауыл №12, Казалинского р-на. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945. 25. Джарасова Бибихадиша, род. в 1909 г., г. Темир Актюбинской обл. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945. 26. Джолдаспаева Халима Кадыровна, род. в 1904 г. г. Кокчетав. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 19.02.1945. 27. Ерубаева Зейнеп, род. в 1907 г. Чийлийский р-н ЮКО. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 13.05.1943. 28. Жакупова Самига, род. в 1913 г. Уланский р-н ВКО: Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 20.05.1943. 29. Жургенова – Ермекова Дамеша Амирхановна, род. в 1905 г., г. Каркаралинск ВКО. Приговорена к 8 годам итл. Убыла 05.07.1941 г. в Печорлаг. 30. Имамбекова Айтжан Нурушкеевна, род. в 1894 г. г. Семипалатинск. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 03.05.1943. 31. Иманова Канаш, род. в 1901 г. Темирский р-н Актюбинской обл. Приговорена к 5 годам итл. Умерла 16.10.1941. 32. Кабулова Айша Курманбековна, род. в 1907 г. г. Туркестан. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 05.05.43. 33. Казбекова Магрифа Мурзагулована, род. в 1903 г. ауыл №3 Актюбинского уезда. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 02.03.1943. 34. Кальменева Баршын Жакеевна, род. в 1902 г., г. Тамыр в Казахстане. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 25.06.1943. 35. Карлыбаева Рзакия, род. в 1901 г., Аламесский р-н Кзыл-Ординской обл. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 19.03.1943. 36. Каспакбаева Кулянда, род. в 1908 г., п. Баянауыл Карагандинской обл. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 16.04.1946. 37. Қожахметова Гульбайрам, род. в 1912 г., ауыл №15 Кустанайского р-на, Кустанайской области. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 21.12.1942. 38. Кулумбетова Айша, род. в 1898 г., г. Иргиз, Актюбинской обл. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 20.04.1946. 39. Курмашева Рабига Сисеновна, род. в 1900 г., г. Новочеркасский р-н, Актюбинской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945. 40. Мажкеева Джамиля Габбасовна, род. в 1912 г., г. Урда КазССР. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 22.10.1945.

41. Майжалова – Куленова Уазипа Майжаловна, род. в 1911 г., Уланский р-н Семипалатинской обл., Приговорена к 8 годам итл, Освобождена 18.03.1946 42. Майлина Гульжамал, род. в 1900 г., г. Карабалык, КазССР. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 05.05.1943. 43. Макашева Зери Жумабаевна, род. в 1909 г., Новороссийский р-н Актюбинской области. Приговорена к 8 годам итл, Освобождена 09.12.1945. 44. Макина Инеш, род. в 1913 г., г. Туркестан, КазССР. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 01.03.1946. 45. Макулбекова Багила, род. в 1912 г., к-з «Караузекскиий» ВКО. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 11.05.1943. 46. Малдыбаева Сапа Нуршановна, род. в 1906 г., г. Туркестан, КазССР. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 22.07.1946. 47. Мамырова Фариза Агаповна, род. в 1913 г., г Семипалатинск. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 29.08.1942. 48. Манаева Шарифа, род. 1894 г., г. Уральск. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 05.05.1943. 49. Мендешева Разия, род. в 1887 г., г. Урда, КазССР. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 21.05.1943. 50. Менешева Алима Абдуллаевна, род. в 1898 г. ауыл Камете Джаныбекского района. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 24.04.1943. 51. Мусина Хадиша, род. в 1903 г. в г. Семипалатинске. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 25.03.1946. 52. Мухамеджанова Рахима, род. в 1906 г., 11-й ауыл Аксуатского р-на ВКО. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 19.03.1945. 53. Назарова Сахиб-Жамал, род. в 1908, ауыл №10 Акмолинского р-на Карагандинской обл. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 10.04.1946. 54. Назарова – Имамбаева Булюм, род., в 1906 г., г. Петропавловск. Приг-на к 3 годам итл. Умерла 1.07.1940 55. Ниязова Мабина Ибрагимовна, род. в 1895 г. Тенгизский р-н ЗКО. Приг-на к 8 годам итл. Убыла 15.07.1938 в Среднеазиатский итл. 56. Нуралина Шафига Рахимжановна, род. в 1915 г. с. Баян, Павлодарской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 18.03.1946. 57. Нурмакова Зуфнун Ибраевна, род. в 1904 г. в г. Семипалатинске. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 20.07.1945. 58. Оралбаева Жамал, род. в 1900 г. в г. Семипалатинске. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 10.05.1943. 59. Османова Фатима, род. в 1906 г., г. Кзыл-Орда. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 17.10.1945 60. Рустемова Магрифа Мухамеджановна, род. в 1906 г., г. Казалинск ЮКО. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 16.04.1943. 61. Рыскулова – Исенгулова Азиза Тубековна, родилась в 1911 г., г. Джаркент, КазССР. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 09.04.1946. 62. Рыскулова – Исенгулова Арифа Айтауловна, род.1887 г. (мать Азизы Тубековны, теща Турара Рыскулова). Как ЧСИР и по обвинению в контрреволюционных преступлениях в 1938 до 1945. Умерла в лагере в 1945. 63. Сагдагалиева Зоя Абдурахмановна, род. в 1914 г., д. Гайсан Мартукского района Актюбинской области. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 08.12.1942. 64. Садыкбекова Сулукуль, род. в 1911 г., ст. Арыс Ташкентской ж.д. Приг-на к 5 годам итл. Убыла 04.10.1939 в Соликамбумстрой. 65. Сарсембаева Фатима, род. в 1905 г., Таласский р-н ЮКО. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 19.03.1943. 66. Сарымулдаева Майнур, род. в 1904 г., г. Алма-Ата. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 13.10.1944. 67. Смагулова Марфуга Капчукуровна, род. в 1911 г., г. Кокпекти, Семипалатинской области. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945. 68. Сыргабекова Бибижамал Курмангалиев­на, род. в 1905 г. в г. Петропавловск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 27.03.1946. 69. Такежанова Сакан, род. в 1910 г. г. Акмолинск. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 29.12.1945. 70. Такенова Хатира, род. в 1909 г. к-з Алгабас Акбулакского р-на Оренбургской обл. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945.

71. Татимова Тактай, род. 1908 г., г. Каркаралинск ВКО. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 05.05.1943. 72. Таштитова Сагадат, род. в 1914 г., г. Акмолинск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 10.04.1946. 73. Тналина Загфи, род. в 1911 г., Каншлинский сельсовет Вишневского района Карагандинской области. Приговорена к 3 годам итл. Освобождена 15.12.1942. 74. Толебаева – Джунуспаева Хадиша, род. в 1894 г., Талдыкурганский район, Алма-Атинской обл. Приговорена 8 годам. итл. Освобождена 21.02.1943. 75. Уразова Мадина Аубакировна, род. в 1908 г., 10-ауыл Мендыгаринского района Кустанайской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 08.05.1946. 76. Усербаева Зейлипа, род. в 1899 г., к-з Джазылбек, Каратальский р-н, Алма-Атинской области. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 06.05.1943. 77. Ходжанова Гулянджан Муайтисовна, род. в 1901 г., г. Кзыл-Орда. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 06.10.1945. 78. Хусниярова Жамал, род. в 1901 г., ауыл Жана-Су, Убаганского р-на Кустанайской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 27.11.1945. 79. Шаймухамбетова Назари Купинеев­на, род. в 1907 г., аул (наименование не указано) Адамского р-на Оренбургской области. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 15.12.1942. 80. Шамгунова Алия, род. в 1906 г., г. Алма-Ата. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 09.08.1943. 81. Шанина Жанбике, род. в 1900., ауыл Кархалан, ЗКО. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 20.10.1943. 82. Юсупова Чулпана Шаяхметовна, род. в 1907 г., г. Уральск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 15.04.1946.

  • саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың өмірде тартқан тауқыметтеріне көңіл бөлдім. Соларды негізге ала отырып қанағатшыл болуды үйрендім. «АЛЖИР» лагері туралы көптеген қосымша мәліметтермен таныстым. Мұрағат деректерімен жұмыс жасай отыра, Атырау облысынан да Алжирде азап шеккен аналарымыз болғандығын анықтадым. Олар:

  • Мурзакельдиева Суйген – 1888 г.р., ур. Жилокосинского р-на Гурьевской области, қазақ

  • Имангалиева Канзиба – 1905 г.р, ур. Айбасовского аулсовета Новобогатинского р-на Гурьевской области, қазақ.