Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОЭ лабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Иодид иондарының реакциялары

1. Күміс нитратының ерітіндісінің әсері

Иодид иондары күміс иондарымен сары түсті Agl тұнбасын түзеді:

I- + Ag+ ↔ Agl↓.

2. Қорғасын тұзының ерітіндісінің әсері

Йодид иондары қорғасын иондарымен сары түсті РЫ2 тұнбасын түзіп, суда қыздырғанда ериді:

2I- + Рb2+ ↔ Pbl2↓.

3 Тотықтырғыштардың әсері (фармакопеялық реакция)

Тотықтырғыштардың әсерінен иодид иондары бос иодқа дейін тотығып, иод хлороформдық қабатты қызыл-күлгін түске бояйды:

С12 +2е ↔ 2СI-

2I- -2е ↔ I2

1

1

С12 + 2I- → 2С1- + I2

Хлорсутекті қосқанда қызыл-күлгін түс жойылып кетеді:

I2 + 6H2O -10e ↔ 2IO3- + 12H+

Cl2 +2e ↔ 2Сl-

1

5

I2 + 6Н2О + 5С12 → 2IO3 + 12Н+ + 10С1-

NO2- және Fe3+- иондары I- иондарын бос иодқа дейін тотықтырады:

NO2 + 2H++1e ↔ NO↑ + H2O

2I- -2e ↔ I-

2

1

2NO2- + 4H+ + 2I- → 2NO↑ +2H2O

Fe3+ +1e ↔ Fe2+

2I- -2e ↔ I-

2

1

2Fe3+ + 2I- → 2Fe2+ + I2

Сульфид-ионының реакциялары

1. Күміс нитраты ерітіндісінің әсері

Сульфид иондары күміс ионымен қара Ag2S тұнбасын түзеді:

S2- + 2Ag+ ↔ Ag2S↓.

2. Қышқылдардың әсері

Қышқыл сульфиттерге әсер еткенде күкіртсутек түзіледі, оны иісі бойынша немесе қорғасын тұзына салынған сүзгі қағаздың қараюы арқылы анықтайды:

S2- + 2Н+ ↔ H2S↑,

H2S + Pb2+ ↔ PbS↓ + 2H+.

3.Натрий нитропруссидінің әсері Na2[Fe(CN)5NO]

Сульфид-иондары натрий нитропруссидімен рН>7 қызыл күлгін комплексті қосылыс түзеді:

S2- + [Fe(CN)5NO]2- ↔ [Fe(CN)5NOS]4-.

4. Кадмий тұздары ерітіндісінің әсері

Сульфид-иондары кадмий иондарымен сары түсті CdS тұнбасын түзеді.:

Cd2+ + S2- ↔ CdS↓.

III аналитикалық топтың аниондарының реакциялары Нитрат иондарының реакциялары

1. Темір (II) тұздарының әсері

Нитрат иондары Fe2+ иондарымен концентрленген күкірт қышқылының қатысында қоңыр түсті сақина [Fe(NO)]SO4 түзеді:

Fe2+ +e ↔ Fe3+

NO3- + 4H+ -3e → NO↑ + 2H2O

3Fe2+ + NO3- + 4H+ → 3Fe3+ + NO↑ + 2H2O

SO42- + Fe2+ + NO → [Fe(NO)]SO4.

2. Дифениламин ерітіндісінің әсері ( фармакопеялық реакция )

Нитрат иондары дифениламинді тотықтырады да, көк түсті қосылыс түзеді:

Тотықтырғыштар (NO2-, СrО42-, МnО4-) NO3- -иондарын бұл реакциямен анықтауға кедергі жасайды.

Нитрит иондарының реакциялары

1. Қышқылдардың әсері ( фармакопеялық реакция )

Нитрит иондары күшті қышқылдармен тұрақсыз азотты қышқылын түзеді. Ол азот (II) және (IV) оксидтеріне және суға ыдырайды:

2NO2- + 2Н+ ↔ 2HNO2,

2HNO2 → NO2↑ + NO↑ + H2O.

2. Калий иодидінің әсері

Нитрит иондары минералды қышқылдар мен хлороформда иодид иондарын бос иодқа дейін тотықтырады да, хлороформ қабаты тұзы күлгін-қызыл түске боялады:

NO2- + 2Н+ +e ↔ NO↑ + Н2О

2I- -2e ↔ I2

2

1

2NO2- + 4Н+ + 2I- → 2NO↑ + 2Н2О + I2

3. Антипирин ерітіндісінің әсері ( фармакопейлық реакция )

Нитрит иондары антипиринмен қышқыл ортада реакцияласып, жасыл түсті нитрозоантипирин түзеді:

4. Калий перманганатының әсері

Нитрит иондары қышқыл ортада калий перманганаты түссіздендіреді:

+5е + МnО4- + 8Н+ ↔ Мn2+ + 4Н2О

-2е + NO2- + Н2О ↔ NO3- + 2Н+

2

5

2МnО4- + 6Н+ + 5NO2 → 2Мn2+ + ЗН2О + 5NO3-

5. Аммоний хлоридінің әсері

Нитрит иондары кристалдық аммоний хлоридімен әрекеттесіп, қыздырған кезде N2↑ газын түзеді:

2NO2- + 8Н++6е ↔ N2↑ + 4H2O

2NH4+-6е ↔ N2↑ + 8Н+

1

1

NH4+ + NO2- → N2↑ + 2Н2О

Бұл реакцияны нитрит иондарын нитрат иондарынан бөліп алу үшін қолданылады.