- •Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған оқу - әдістемелік жиынтығы
- •Силлабус
- •1. Мейірбике ісі кафедрасы туралы мәліметтер:
- •2.Бағдарлама.
- •Пәннің мазмұны.
- •Дәрістік сабақтың тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
- •Соөж тақырыптық жоспары
- •Сөж тақырыптық жоспары
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Оқу және оқыту әдістері
- •Білімді бағалай тәсілдері:
- •Білім бағалау критериялары және ережелері
- •Рейтииг балдарын бақылау түрлері бойынша талдау
- •Білімін бағалау (сөж)
- •Оқушылардың білімін бағалау критериялары
- •Студент білімін бағалау кестесі.
- •Дәрістер жинағы
- •1 Кредит
- •Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік жоспары
- •1 Кредит
- •Студенттердің оқытушылармен бірге арналған өзіндік жұмыстарының әдістемелік кеңестері
- •1 Кредит
- •Кредит № 2
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік кеңестер
- •1 Кредит
- •2 Кредит
- •Бақылау әдістемелік құралдар
- •Модуль №1 «Остеология» тақырыбы бойынша тест сұрақтары: дұрыс бір жауапты таңдаңыз:
- •Бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз:
- •Бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз:
- •Модуль №2 «Спланхнология» тақырыбы бойынша тест сұрақтары: бір дұрыс жауабын таңдаңыз:
- •Бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз:
- •Модуль 3 «Орталық жүйке жүйесі және сезім ағзалары » тақырыбы бойынша тест сұрақтары: Дұрыс бір жауапты таңдаңыз:
- •Бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз:
- •«Шеткі нерв жүйесі және жүрек–қантамыр жүйесі» тақырыптары бойынша тест сұрақтары: Бір дұрыс жауабын таңдаңыз:
- •Бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз:
- •Пәннің оқу- әдістемелік картасы
2.Бағдарлама.
Кіріспе
Бұл бағдарлама «Мейіргер ісі» мамандығына арналған. Анатомия пәнін білу медициналық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер үшін міндетті болып табылады.
Анатомия теориялық және практикалық медицинаның негізі, адам денесінің пішіні мен құрылысын нақты білу, дені сау адамның организмінде болып жатқан процесстерді тусінуге мүмкіндік береді және науқасқа дұрыс медициналық көмек көрсетуге жетелейді.
Анатомия - адамның пішінін, құрылысын, пайда болуын, дамуын зерттейтін ғылым. Анатомия денедегі ағзалар мен бөліктердің жасқа, жынысқа байланысты және жеке ерекшеліктерін ескере отырып олардың пішіндерін, құрылымын, топографиялық қатынастарын жүйелі түрде қарастырады. Анатомия медициналық білімнің негізін қалайтын пән.
Пәннің мақсаты: адам ағзаларының жасқа, жынысқа байланысты және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, құрылысы мен функциясын, анатомия-топографиялық қатынасын зерттеу, алған білімдерін клиникалық кафедраларда қолдануға үйрету.
Пәннің міндеттері:
клиникалық ойлау қабілетін дамыту үшін ағзалар мен жүйелердің құрылымы туралы негізгі білімін қалыптастыру;
жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету және мейіргер ісі машықтарын меңгеру үшін ағзалардың орналасқан жері мен проекциясын анықтай білуге үйрету;
адам ағзаларына, мәйітке және биологиялық материалдарға ұқыптылықпен және құрметпен қарауға үйрету;
организмнің қоршаған ортамен өзара байланысы туралы білімін қалыптастыру.
Білім берудің түпкілікті нәтижелері :
Студент білу керек:
анатомиялық препараттармен және оқу құралдарымен жұмыс істеудің негізгі әдістерін;
қаңқа сүйектерінің айырмашылықтарын;
сүйек қосылыстарының түрлерін, жіктелуін, буындардың биомеханикасын;
бұлшықеттердің анатомиясын, жіктелуін, функцияларын;
асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамыр және несеп-жыныс жүйелерінің анатомиясын, олардың құрылымы жағынан ерекшеліктерін;
ми мен жұлынның құрылымын;
сезім мүшелерінің анатомиясын;
жұлын және ми нервтерінің түзілуін және олардың функциясын, иннервация жасайтын аумақтарын;
қан және лимфа жүйелерінің анатомиясын;
эндокриндік бездерінің құрылысын, функцияларын;
бас, мойын, дене, қол-аяқ терілерінің құрылысы жағынан ерекшеліктерін;
Студент істей алу керек:
бас, дене және қол-аяқ сүйектерінің айырмашылықтарын айыра білуді;
анатомиялық препараттарда сүйек қосылыстарына қатысатын элементтерді таба білуді;
мәйітте бас, дене, қол-аяқ бұлшықеттерін көрсете білуді;
мәйітте бас, мойын, кеуде, қүрсақ қуысы жэне жамбас астауының ағзаларын көрсете білуді;
жұлын мен ми бөлімдерін көрсетуді;
жұлын мен бассүйек - ми жүйкелерін көрсетуді;
бас, мойын, кеуде, құрсақ қуысы және жамбас астауы мен қол-аяқтың ірі қан тамырларын мәйітте көрсете білуді;
ғылыми, оқытушылық және анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істей алу;
тәжірибелік жүмыстарда алынған ақпараттарды талдай білуді, организмнің немесе оның бір жүйесіне сипаттама беру үшін олардың мэнін анықтауды.
Дағдылануы керек:
қаңқаның құрылысын еркін айта алу, әрбір сүйектегі кез-келген анатомиялық құрылымды өздігінен таба алу, өзінен немесе курстасынан практикалық маңызы бар сүйектердің шығыңқы жерлерін сипап таба білу, сонымен қатар рентген суреттерін түсіндіре алу;
спланхнология, орталық нерв жүйесі, сезім ағзалары тарауларын өткенде студент ылғалды препараттардан, рентген суреттерден ағзалардың құрам бөліктерін таба білуі керек;
тіндерді, байламдарды, буын қапшықтарын, бұлшықеттерді, тамырлар мен нервтерді қабат бойынша жіктеу.
Пререквизиттер: мектептегі биология курсы, адам анатомиясы мен физиологиясы
Постреквюиттер: жалпы патология негіздері, микробиология, мейіргер ісі негіздері, денсаулықты бағалау, бағыт бойынша мейіргер ісі.
