Нәрестенің біріншілік патронажы
Перзентханадан шыққаннан соң алғашқы күндері жүргізіледі; Егер алғашқы нәресте немесе шала туылған нәресте болса патронажды алғашқы күні жасаған дұрыс.
( егер нәрестенің дені сау болса алғашқы үш күн ішінде);
Ананы сұрау, босануға дейінгі патронаж және баланың ф-113-у картасы арқылы әлеуметтік, генеалогиялық және биологиялық анамнез жинау;
Нәрестені тамақтандыру бойынша сұрақтар және мәселелер;
Нәрестені объективті тексеру;
Диагноз бойынша қорытынды жасау, денсаулық тобы және қауіп қатер тобы;
Алғашқы айдағы диспансеризация жоспары;
Тамақтандыру, күн режимі, күтім жайлы ұсыныстар;
Гипогалактия, витамин және минералдар жеткіліксіздігінің алдын алу, емізуші ананың тамақтануы;
Кәсіби этика, ішкі мәдениет принциптерін максимальды қадағалау;
Нәрестені бақылау:
Учаскелік дәрігердің 14-шы және 21-й ші күндері патронажы, көрсеткіштер бойынша - 10, 14, 21-ші күндер;і
Аптасына 2- реттен кем емесмейірбикеніңпатронажы;
Нәрестеніңалғашқыайындабалағамедициналықкөмекті педиатр жәнебалаларемханасыныңмаманы тек үйде көрсетеді;
1 айлығында емханада комиссиялық тексеру ( балалар хирургы, травматолог-ортопед, офтальмолог, педиатр, зав. педиатр, аудиологиялық скрининг, жамбас – сан буыны УДЗ);
Антропометриялық көрсеткіштерге негізделген физикалық дамуын, жүйке дамуын бағалау, денсаулық тобын анықтау, қауіп тобын анықтау;
Өмірінің алғашқы жылындағы диспансерлік бақылау жоспары.
Нәрестелердің қатер топтары:
Перзентханада неонотолог анықтайды, ф-113-ужазылады, нәрестелік кезең бойынша сақталады, ерте жастағы балалар қауіп тобына көшіріледі.
топ – ОЖЖ патологиясы даму қаупі
топ – жатырішілік инфицирлену қаупі
топ – трофикалық бұзылыстар және эндокринопатиялар
топ – ағзалар мен жүйелердің туа біткен ақаулары даму қаупі
топ – әлеуметтік қауіп
Дені сау нәресте - практикалық дені сау анадан туылған, апгар шкаласы бойынша 8 - 10 балл, дене массасы 3 тен 4,5 кг-ға дейін, салмақ-бой коэффициенті 60-80, адаптация периоды қалыпты өткен,табиғи тамақтандырылатын, 5-6 күні перзентханадан шығарылған нәресте.
Жаңа туған дені сау нәрестенің мінездемесі - қатты жарыққа тынышсызданады, жарыққа бұрылады, қатты дыбысқа шошынады (қоңырау, шапалақ), көз алмасы қатты дыбыс шыққан жылжиды, тежелу қозғыштықтан басым, ояту кезінде – айқай және жылау белгісі, аштықта - айқайлайды, анасы алып, кеудесіне басқанда айқайын қояды, ұйқысы тыныш, аш және былғанған кезде оянады, киімін ауыстырып және қарны тойғанда тез ұйықтап кетеді, көздері - аздаған қисық көздік, Грефе көзі легкое сходящееся косоглазие, шартсыз рефлекстері – симметриялы.
Нәрестені 10 –шы күнде:
Қозғалған затты көру аумағында ұстайды;
Қатты дыбысқа көзін жыпылықтатады;
18- 20 күндері:
Қозғалыссыз затта көру аумағында ұстайды (адамның жүзін);
Жылап немесе айқайлаған бала қатты дыбысқа тоқтайды;
Нәрестенің жалпы жағдайын бағалау негізделеді:
Денебітімі, құрылымы;
Дизэмбриогенезстигмаларыныңболуы;
Кіндік шеңберінің орналасуы;
Алақан және табан терісі қатпарлары;
Теріасты май қабаты айқындығы;
Ісінулердің болуы;
Сүйектер тығыздығы, «сыртылдау» симптомы, кеуде торы пішіні;
Тынысалутипі;
Бырлық жүйелердің пальпация, перкуссия және аускультация нәтижелері;
Кіндік жарасы жағдайы:
Кіндік жарасының қалыпты эпитализациясы орташа 7 күні аяқталады.
Кіндіктен бөлінділердің болуы мен қабынулық өзгерістердің болуын бақылау.
Есте сақтау керек – 10 күннен кейін де кіндік жарасынан бөлінділердің болуы диагноз қою және емдік шаралар жасау қажеттілі болып табылады!
Көзден бөлінділердің болуы тек қана іріңді бөлінділердің болуы емес, жасырын қабыну белгілеріне мәнберу керек:
Бұлыңғыр жас, көз бұрышындағы жастың тұруы;
Ұйқыдантұрғандакірпіктердіңжабысуы;
Өзгерістер (конъюнктиваның қызаруы) и т.д.
