- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И. СӘтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік
- •050510 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін
- •Алматы 2012
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •1.3. Пән пререквизиттері
- •1.4. Пән постреквизиттері
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Анықтамалық әдебиеттер
- •Интернет-көздері
- •Http://www.Ek-lit.Agava.Ru (кітапхана)
- •Http://www.Unіve.Kz (кітапхана)
- •Http://www.Eup.Ru (кітапхана)
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі.
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1. Тақырып Аймақ мемлекеттік басқару объектісі ретінде Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы
- •3 Тақырып. Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері
- •4 Тақырып. Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы және олардың дамуындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері.
- •5 Тақырып. Индустриялық-инновациялық стратегияның аймақтарда жүзеге асу барысы
- •Аймақтық мәселелер және бюджетаралық қатынастар.
- •Аймақтық басқарудың (менеджменттің) тиімділігін арттыру жолдары
- •6.Семинар, практика, зертханалық және студиялық сабақтардың жоспарлары
- •1 Тақырып. Аймақ мемлекеттік басқару объектісі ретінде.
- •2 Тақырып. Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы
- •3 Тақырып. Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері
- •Тақырып. Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы және олардың дамуындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері.
- •Тақырып Индустриялық-инновациялық стратегияның аймақтарда жүзеге асу барысы
- •Тақырып Аймақтық мәселелер және бюджетаралық қатынастар
- •Тақырып. Аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару
- •Тақырып. Бюджетаралық қатынастарды реформалау
- •Тақырып. Аймақтық басқарудың (менеджменттің) тиімділігін арттыру жолдары.
- •Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары.
- •8.Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруға арналған материалдар: соөж-на арналған тапсырмалар;
- •9. Білім алушылардың білімін (пәндік біліктілігінің қалыптасу деңгейін) мониторингілеуге және бақылауға арналған материалдар:
- •1 Аралық бақылау сұрақтары:
- •Аралық бақылау сұрақтары:
- •14. Оқу әдебиеттері және/немесе электрондық тасуыштардағы материалдар
- •Интернет-көздері
- •Http://www.Ek-lit.Agava.Ru (кітапхана)
- •Http://www.Unіve.Kz (кітапхана)
- •Http://www.Eup.Ru (кітапхана)
2 Тақырып. Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақаралық саралауды (дифференциация) тым “күшейтіп” жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті (1-кесте). Ал АҚШ- та ең “алдыңғы” және ең “ артта қалған” штаттарының арасындағы айырмашылық- небәрі 1,8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғандай, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі- Атырау облысына, ал ең төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2003 жылғы деректер бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылық 12 есе болған.
Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім, мың тенге
Облыстар |
Жылдары: |
||||
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
|
Қазақстан Республикасы |
121,5 |
157,8 |
168,4 |
172,3 |
266,9 |
Ақмола |
87,1 |
94,7 |
95,8 |
98,1 |
157,6 |
Ақтөбе |
124,2 |
162,5 |
185,4 |
200,1 |
285,9 |
Алматы |
58,5 |
72,0 |
74,6 |
85,7 |
120,8 |
Атырау |
288,6 |
518,7 |
698,2 |
701,5 |
1099,4 |
Шығыс Қазақстан |
125,6 |
143,3 |
152,4 |
164,8 |
196,7 |
Жамбыл |
44,0 |
50,2 |
56,4 |
60,0 |
91,2 |
Батыс Қазақстан |
115,9 |
203,4 |
240,0 |
258,9 |
323,0 |
Қарағанды |
150,8 |
197,2 |
201,4 |
202,5 |
272,2 |
Қызылорда |
122,6 |
144,1 |
145,6 |
158,3 |
217,1 |
Қостанай |
58,8 |
93,4 |
100,7 |
103,4 |
189,5 |
Маңғыстау |
247,4 |
432,1 |
458,3 |
504,3 |
566,5 |
Павлодар |
136,7 |
175,2 |
198,3 |
203,4 |
289,9 |
Солтүстік Қазақстан |
55,1 |
61,1 |
67,5 |
71,3 |
147,8 |
Оңтүстік Қазақстан |
55,1 |
61,1 |
67,5 |
71,4 |
110,3 |
Астана қаласы |
243,3 |
254,0 |
259,4 |
302,5 |
510,6 |
Алматы қаласы |
283,1 |
329,9 |
331,2 |
367,1 |
625,7 |
Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарма- қайшылықтардың өсуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік- экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аумақтық әлеуметтік- экономикалық теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты болғанмен де, оларды “жұмсарту” қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтау ұмтылған бір де бір мемлекет аумқтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік- экономикалық даму қарқыны тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
1. шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;2. индустриялық дамыған;3. агроөнеркәсіптік;4. дағдарыстық.
Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми- өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық- әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
1. минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларыннегізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
2. отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру;
3. ауылдық аумақтарының дамуындағы “жинақталған” күрделі проблемаларды (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б. ) шешу.
Екінші топқа ауыр идустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми- өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстарымен өзін- өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
1. шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
2. жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер щығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал – жабдықтар мен машиналар, электороника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту;
3. нарықтық инфрақұрылыды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ- ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықытң жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс оорындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік- экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
1. ауыл шауашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;
2. ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын жәнеэкспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
3. тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық- техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлуеметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа - қысылшаң (экстремальный) табиғи - климаттық, әлеуметтік – экономикалық және техника- технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтық салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан “арылу” үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
1. экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
2. осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінденақты шаралар қабылдау;
3. қоршаған табиғи ортасы адамадардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
4. шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану
