Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҰҢҒЫЛАРДЫ ЦЕМЕНТТЕУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5 Цементтеу технологиясы

Ұңғыларды цементтеу үшін қоспалауыш машина, сорапты цементтеу агрегаттары, тез жалғанатын құбырлар жүйесі, цементтеу басы, монифольд блогы, əр түрлі цемент ерітінділерін араластыруға арналған ортақ ыдыс сияқты арнайы техникалар қолданылады. Бұл аталған техника уақытысында цементтелетін ұңғы басына жеткізіліп, ұңғы сағасымен байланыстырылады. Ұңғы сағасымен тез байланыстыру үшін арнайы манифольд блогы қолданылады. Цементтеу басы, ұңғыға түсірілген шегендеу тізбегінің басына

бұралып жалғанады. Тампонаж ерітінділерінің рецептурасы, цементтеу жұмыстары басталмастан бірнеше күн бұрын жасалып, қажетті тампонаж материалдары ұңғы басына жеткізіліп, цемент қоспалауыш машиналарға тиеледі.

Цементтеу қондырғыларын байланыстыру схемасының бір түрі төменде келтірілген (9-сурет). Алдын ала цементтеуге қажетті су көлемі цемент қоспалауыш машиналарымен (4, 22) қосылған цементтеу агрегаттарының (3 жəне 23) ыдысына жəне қосымша ыдысқа (1) толтырылады. Осы суларға қажетті химиялық реагенттер, агрегаттар (2, 3, 23) сораптары арқылы араластырылады. Агрегаттар (6, 7, 10, 18) өлшеуіш ыдыстары басып айдау сұйығымен, ал 9-агрегат ыдысы буферлік сұйықпен толтырылады.

Цементтеу алдында цементтеу басына (11) цементтеу тығындары орналастырылады. Содан кейін 9-агрегат сорабы арқылы тізбек ішіне буферлік сұйық айдалады да, ондағы кран жабылады. Цементтеу процесін үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде тампонаж ерітіндісінің барлық көлемі қоспалауыш машиналар (4, 22) жəне агрегаттар (3, 23) сорабы арқылы дайындалады. Қоспалауыш машина бункерден жəне бункердің түбіне жалғанған гидроваккумды қоспалауыш құрылғыдан тұрады. Екінші кезеңде тампонаж ерітіндісі ортақ ыдыстан (19) агрегаттар (6, 7, 18) поршенді сораптармен, манифольд (14) блогының қысым коллекторы (12) жəне цементтеу басының (11) ортаңғы бұрмасы арқылы тізбек ішіне айдалады.

Үшінші кезең 10-агрегат сорабымен басып айдау сұйығын цементтеу басының жоғарғы бұрмасы арқылы айдаудан басталады. Осы кезде агрегаттар (6, 7, 18) сораптары арқылы ұңғы сағасымен байланыстырушы құбыр жолы жуылып тазартылады. Содан кейін осы агрегаттар арқылы басып айдау сұйығы айдалады. Бұл агрегаттар ыдысына басып айдау сұйығы бұрғы сорабымен (15) қабылдау қалбырынан алынып, манифольд блогының тарату коллекторы (13) арқылы беріледі. Басып айдау сұйығының соңғы бөлігі бір агрегат арқылы 5 минуттай уақытта жайлап айдалады.

Басып айдау сұйығын айдап болғаннан кейін, цементтеу басындағы барлық крандар жабылады. Цементтеу барысында тампонаж ерітіндісінің тығыздығы екі жақты қадағаланады. Бір жағынан ортақ ыдыстағы (19), əр қоспалауыш машина ыдыстарындағы (21) ерітінді тығыздығы ареометр арқылы тексерілсе, екіншіден датчиктері қысым коллекторына орналастырылған СКЦ 17 станциясы арқылы қадағаланады. Сонымен қатар бұл станция айдалатын сұйық көлемін де (секундтық көлемін) тіркей алады.

9-сурет. Ұңғыларды цементтеу кезінде цементтеу

Қондырғыларын ұңғы сағасымен байланыстыру схемасы