- •Өзіндік жұмыс 30 минут.
- •Delphi5.0-инт.Ортасында қосымша құру әдістерін үйрену 50 минут.
- •2. Дайындық жұмысы:
- •2. Delphi негізгі терезесі.
- •Лабораториялық жұмыс №2
- •1. Дайындық жұмысы:
- •5. TCheckBox компоненті
- •6. TSсrollBar компоненті
- •Дайындық жұмысы.
- •Лабораториялық жұмыс №3 Ерекше жағдайларды өңдеу (исключительных ситуаций).
- •Қорғалған блок механизмі.
- •2.3. Тапсырма:
- •Лабораториялық жұмыс №4
- •1. Программа компиляциясы, жинақталуы және орындалуы
- •1. Программа орындалуын басқаруға Run менюінің мына командалары қолданылады:
- •Дайындық жұмысы.
- •Қосымша компиляциясы және жөндеу.
- •Ұсынылатын уақыт 60 минут Тапсырма:
- •Лабораториялық жұмыс №5 Delphi проектысының құрамы. Проекттер менеджері. Проект параметрлерін белгілеу.
- •1. Проект құрамы. Проект параметрлерін анықтау. Проект менеджері.
- •Дайындық жұмысы.
- •Проект құрамы.
- •Проект менеджері.
- •Лабораториялық жұмыс№6
- •Лабораториялық жұмыс№7 Форманың бас менюі. Көмекші меню. Стандартты диалогтар.
- •Лабораториялық жұмыс №8 Windows –интерфейсінің визуальді компоненттеріне мысалдар.
Лабораториялық жұмыс №5 Delphi проектысының құрамы. Проекттер менеджері. Проект параметрлерін белгілеу.
Ұзақтығы: 80 минут.
Пән: Информатика және программалау.
Бағыты: Оқу жоспарына сәйкес ”Информатика„ мамандығының студенттеріне арналған.
Мақсаты: Delphi проектісінің құрамымен танысу және проекттарды басқаруды үйрену.
Оқыту нәтижесі: Сабақты меңгергеннен кейін қолданушы:
Delphi проекті қандай негізгі файлдардан тұратын білуі керек;
Проектке модулді қосуды \ жоюды меңгеруі керек;
Проект параметрлерін анықтап белгілеуі керек;
Delphi репозиторының құрамын және мәнін білуі керек;
Қолданылатын программа:
Delphi 5. 0 – интегралдық ортасы.
Сабақ жоспары:
І. Проект құрамы. Проект менеджері. Проект параметрлерін анықтау.
40 минут
ІІ. Өзіндік жұмыс.
1. Проект құрамы. Проект параметрлерін анықтау. Проект менеджері.
Delphi – де біз қосымшамен, яғни файлдар тобы – проектпен жұмыс жасаймыз. Бұл файлдар – Delphi ортасында құрылған файлдар, модуль тексттерінің файлдары, форма және проект файлдары.
Негізгі менюдің сәйкес опцияларын пайдалана отырып проектті басқаруға болады. Проектті басқаруға арнайы программа – проекттер менеджері арналған. Проекттер менеджерінде проектке енетін файлдарды қосу және жою мүмкіндіктері бар және басқа да операцияларды орындауға болады.
Дайындық жұмысы.
Өз катологыңызды Lab 5 катологын құрыңыз.
Проект құрамы.
2.1. Delphi терезесін жабыңыз. Өзіңіз құрған Lab 2 катологын ашыңыз. Бұл каталогта сіз құрған проекттің файлдары бар. Осы файлдармен танысайық:
*.dpr – проект файлы
*. pas – программалық модуль файлы
*. dfm - форма файлы
*. dcu- компилицияланған программалық модуль файлы
*. res- ресурстар файлы
*. cfg- проект настройкаларының компилияцияланған файлы
*. dof – проект настройкасының текстік файлы
*. ≈ dpr, *. ≈ pas, *. ≈ dfm – проекттің, модульдің резервттік көшірмелерінің файлы
*. exe- қосымшаның орындалатын файлы
Delphi – ге қайта оралыңыз.
2.2. Проект файлы.
2.2.1. Проект программасының мазмұнын көру үшін. Негізгі менюдің Project\ View Source опцияларына сырт еткізіңіз. Программаны мазмұнымен танысыңыз.
2.2.2. Контекстік менюды шақырыңыз және Close Page опциясын таңдаңыз. Проект файлы Delphi – де толығымен құрылады және редакцияланбайды.
2.3. Программалық модуль файлы.
Проектке енгізілген әр формаға жеке модуль құрылады. Бұл файлда қосымшаны құру кезінде жазылған кодтар, интерфейсттік элементтердің оқиғаларын өңдеушілер кодтар, қосымша кодтар және т.б. сақталады. Проектке формаға тәуелсіз модулдерді қосуға болады. Программалық модульдың кодын мұқият қараңыз және әр жолдың мағынасын анықтаңыз.
2.4. Форма файлы.
Форма файлында форма туралы информация сақталады.Бұл файл бинарлық және орындалатын файлға компилияция кезінде қосылады.
2.4.1. Форма файлының мазмұнын қараңыз. Ол үшін мына командаларды орындаңыз. File\ Open және файл типі – dfm таңдаңыз. Форма файлының кез – келгенін ашыңыз.
Форма файлы дегеніміз – формаға қолданылған компоненттердің қасиеттерінің тізімі, қолданылуына сәйкес қасиеттер өзгертілген.
2.4.2. Контекстік менюді шақырыңыз және\ Close Page опцияларын таңдаңыз.
2.5. Проекттер тобы.
Delphi – де бірнеше проекттерді бір топқа біріктіруге болады. Проекттер тобы файлының bpg және топқа енетін проекттердің сипаттамасы мен жүйелік информациялы тексттік файлдан тұрады. Шындығында проект дегеніміз бір ғана элементтен тұратын проекттер тобы. Бұған проект менеджерін ашып көз жеткізуіңізге болады: жаңа құрылған проект тізімінде бірінші болып Project Group 1 (келісім бойынша) тұр.
