- •1.Жабық болмелер ауасының химиялық құрамының гигиеналық маңызы.
- •2. Азық түлітерді стандартау ж/е сертификаттау
- •26 Билет
- •2.Т амақтануды зертханалық зертеу әдістері.Зертханалық сараптамаға тағамдардан сынама алу әдісі.Тағамдардың энергетикалық құндылығын ж/е тағамдардан құрамындағы ақуыз май с дәруменін анықтау әдісі
- •27 Билет
- •3. Өндірістік улар, олардың жіктелуі. Әсер етуінің жалпы заңдылықтары . Қауіптілігі мен токсикалық бағалау гигиеналық нормалау қағыдалары
- •1. Инфрақызыл радиацияның бтологиялық әсері. Инфрақызыл радиация қарқындылығын зерттеу әдістері. Оны анқтайтын құралдардың жұмыс істеу және құрылымның қағидалары.
- •2. Нан ,жұмыртқа,шұжық,балық,еттің санитарлық сараптамасы.
- •2 Концеентраттардың ,консервілердің ,сүттің сапасын бағалау.
- •1.Көрінетің жарықтың ағзаға әсері . Бөлмелердегі табиғи жарықтану мен күн сәулесі
- •30 Билет
26 Билет
1.Жабық болмелердің ауасының химялық ластануы. ластауыш көздері ж/е таралу жолдары,эпидемиологиялық қауптылыгы .ауаның бактериялық ластануы. жабық болмелердің ауасын мен атм-қ ауаны санытарлық-химиялық ж/е санытарлық бактериологиялық зертеу әдісі
Қазіргі кездегі адам тәуліктің көп бөлігін (20-22 сағатқа дейін) таза ауада емес,ауаны ластайтын химиялық,физикалық және биологиялық заттардың талай көздері бар,қолданылуы әр түрлі,жабық бөлмелерде өткізеді.Химиялық ластаушы заттардың көздері сыртта да,бөлме ішінде де болуы мүмкін.Сыртқы елеулі көздерінің бірі –атмосфералық ауа болып табылады, бөлме ауасының тазалығы,оның ластану деңгейіне тікелей байланысты.Ластаушы заттардың ішкі көздеріне өмір сүру үрдістерінің нәтижесінде уытты заттар бөліп шығаратын адамның өзі;құрылыста,бөлмелердің ішін өндеу,едендерді жабу,жиһаз жасау,киім тігу үшін қолданылатын материалдар;газ плиталары,үйді жылытатын құралдар,темекі түтіні т.б. жатады
Ауаның химиялық ластануы:Азот,күкірт,көміртек тотықтары,күйе,шаң.Темекі түтіні (стирол,бензол,ксилол,акролеин,фенол)
Жабық бөлмелердің ауасы үнемі биологиялық ластануға ұшырайды.Ластаушы көзі негізінен,науқас адамдардың,бацилло-тасымалдаушылардың тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары,үй жануарлары,құстар (көгершін,тотықұс) б.т. Олар түшкіргенде,жөтелгенде,сөйлескенде ауаға құрамында микроорганиздер бар сұйықтықтың өте кішкентай тамшылары бөлінеді.
2.Т амақтануды зертханалық зертеу әдістері.Зертханалық сараптамаға тағамдардан сынама алу әдісі.Тағамдардың энергетикалық құндылығын ж/е тағамдардан құрамындағы ақуыз май с дәруменін анықтау әдісі
Азықтардың тамақтық құндылығын бағалау кезінде тамақтық және биологиялық құндылығы түсінігн бөліп көрсетеді.Тамақтық құндылығы тағамдық азықтардың пайдалы қасиеттерінің барлығын толығымен көрсетеді:энергиялық құндылығын,барлық негізгі тамақтық заттардың мөлшері мен сапасын,дәмділік сапасын,қорытылуын,сіңуін және жалықтыруын(шығып қалуын). Тағамдық азықтардың тамақтық құндылығын бағалауда олардың қорытылуының,сіңімділігінің ,жалықтыратындығының маңызы үлкен.
Ақуыз-ақуыздар міндетті түрде ағзаға түсіп отыруы қажет және тамақтанудың алмастырылмайтын құрам бөлігі болып табылады,себебі солар ғана ағзаның өсуін,дамуын және жасушалар мен тіндердің регенерациясын,антиденелердің,ДНҚ,РНҚ,ферменттердің,гормондардың,еттердің жиырыллуына қатысатын ақуыздардың,глобиннің, жасуша және жасушадан тыс сұйықтардың ақуыздарын т.б. синтезделуі үшін қажетті құрылыс материалдармен қамтамасыз етіледі.
Майлар.Жануар текті және өсімдік азықтарымен ағзаға түсетін тағамдық майлардың құрамына,негізінен,нейтралды майлар,сондай ақ фосфолипидтер мен стериндер кіреді.Ағзаға сырттан түскен майлардан ішектің қабырғасында қайта синтезделуі нәтижесінде ағзаның майына ұқсас май түзіледі.
С дәрумені.Аскорбин қышқылының ағзадағы биологиялық ролі,негізінен,тотығу-тотықсыздандыру әсерімен байланысты.Күшті тотықсыздандырғыш бола тұра және қайтымды тотығып және жеңіл тотықсызданып,аскорбин қышқылы және оның тотыққан түрі-дегидроаскорбин қышқылы,жасуша ішілік тотықтыратын тотықсыздандыратын жүйе ретінде қызмет атқарады.
3.Кәсіптік уланулар ж/е оның алдын алу шаралары. ондіріс орындарындағы ауаның құрамындағы газ тәрізді заттарды зертеу әдісі. Әмбебеп газанализаторы арқылы жылдам анализдеу
1. Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады,шикізат өнімдері,аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында,тау-кен,машина жасау,мұнай,жеңіл өнеркәсіпте т.б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау барысында,белгілі бір химиялық өңдеуден химиялық заттар бөлінеді.Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Экотоксикология - өндірістік уларды зерттейтін пән болып табылады.Ол өндірістік улардың ағзаға әсер етуін, қауіптілігі мен зияндылық деңгейін, гигиеналық тазалық сақтау нормативтерін шараларын ұйымдастырып нұсқау беріп отырады.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.
Негізгі өнеркәсіптік улардан кәсіби уланулар және олардың алдын алу.
Қорғасын.Өндіріс жағдайында адам ағзасына негізгі түсетін жолы ингаляциялық болып табылады,бұл кезде ауадағы қорғасынның булары және аэрозольдері тыныс алған ауамен бірге жұтылады.Ауыз арқылы түсу жолының маңызы аздау,өйткені ол негізінен түкірікпен шаңды қоса жұтқанда,лас қолмен ас қабылдағанда және темекі шеккенде ғана болуы мүмкін.Дегенмен де,қорғасынның суда ерімейтін қосылыстары қышқыл асқазан сөлінде жақсы ериді және қанға тез сіңіп уланудың дамуын жылдамдататынын естен шығармаған жөн.
Қорғасын ағзадан көбінесе бүйрекпен және ішек арқылы шығарылады.Аз мөлшерде,бірақ тұрақты түрде сілекеймен,ана сүтімен,және басқа да бөлінділермен шығарылады.Қорғасынмен оның қосылыстарына айқын қорға жиналу қабілеті тән.Сүйектер,бауыр,бүйрек қорғасынның негізгі жиналатын мүшелері болып табылады,онда қорғасын ұзақ жылдар бойы болады.Жиналған қорғасын әлсін әлсін қанға түсіп,уланудың қайталануын тудыруы мүмкін.Қорғасын сондай ақ көп мөлшерде тісте және шашта жиналады.Қорғасынның бала жолдасы арқылы ену қабілеті үлкен қауіп тудырады.
