Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ гинекология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111 Кб
Скачать
☆

«Астана Медицина Университеті» ақ

Акушерия және гинекология кафедрасы.

5 Курс Жалпы медицина

Станция: ОҚКЕ Жанұяны жоспарлау бойынша сұрақтарға кеңес берудің коммуникативті дағдылары

№

Бағалау дағдысындағы критерий

Балл бойынша баға

1

Науқаспен сәлемдесу

Науқаспен сыпайы түрде сәлемдесу

Отыруын өтіну

Науқасқа өзін таныстыру

Науқастың атын және жасын сұрау

Қандай мақсатта келгенін сұрау

2

Науқастың өмірінен қысқа анамнез жинау

Репродуктивті мақсатын анықтау

Технологияны пайдалана отырып науқастан жүктілік пен босануларының санын, тірі балааларының санын, олардың жастарын сұрау керек. Анамнезінде операция немесе жарақаттардың, ЖЖБА болған-болмағандғын анықтау.

Науқастан оның репродуктивті мақсатын сұрау: әлі қанша бала болуын қалайды, жүктілік арасында үзілісті қалай ма, келесі босануын қашанға жоспарлайды, контрацепцияның қандай түрін пайдаланған.

Ұсыныстар: науқаспен сөйлесу барысында мынадай қалыпты таңдау керек: науқасқа басын бұрып, денесін босаң ұстап, еркін отыру. Ашық сұрақтар қолданып, науқастың сөзін бөлмей мұқият тыңдау. Сөйлеу ырғағын сәл бәсеңдетіп, аздап үзінді жасап, сыпайы түрде әңгімені маңызды тақырыпқа ауыстыру керек.

3

Науқасқа отбасын жоспарлаудың әдістерін ұсынды(Мүшеқап)

Мүшеқап туралы айту: Мүшеқап- тығыз латекстен жасалған ұзармалы қапшық тәрізді, еркектің жыныс мүшесіне эрекция кезінде киілетін зат. Бұл тек қана жүктіліктен сақтап қана қоймай, жыныс жолымен берілетін инфекциялардан қорғайтын жалғыз әдіс. Сперманың қынапқа кіруіне механикалық қарсылық көрсетеді. Оның тиімділігі қолданған адамға байланысты.Емізулі әйелге де тиімді.

4

Осы тәсілді дұрыс қолдануды үйрету.

Науқасты үйрету: мүшеқапты тек дәріханадан сатып алған жөн. Мүшеқап

тек бір ақ рет қолдануға жарайды, пайдаланылғаннан соң тастау керек. Мүшеқап қабын тіспен немесе қайшымен ашуға болмайды, себебі зақым келтіруі мүмкін. Жылы және ылғалды жерде сақтауға болмайды, бұл латекстің құрамын бұзуы мүмкін. Егер жыныстық қатынаста мүшеқап жыртылып кеткен жағдайда, әйел тез арада гинеколог кеңесін алып мүмкін болатын контроцепция қолдану керектігін шешу.

5

Кемшіліктерін айту.

Әдістің кемшіліктерін айту: әр жыныстық қатынаста жаңа мүшеқап керек, бұл қаржыны көп жұмсауды қажет етеді. Жыныстық қатынаста кейбір сезімді азайтып, сонымен қатар бүтіндігінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

6

Науқастан инструкцияны қайталауын өтіну

Ақпаратты дұрыс меңгеру мақсатында науқастан нұсқауларды қайталауын сұрау.

7

Науқастың әдіс туралы түсінбеген сұрақтары бар ма, егер бер болса жауап береміз.

Науқастан сұрақтарын немесе күмәндерін сұрау, бар болса жауап беру.

8

Науқаспен сыпайы түрде қоштасу

Науқаспен сыпайы түрде қоштасып, кез келген уақытта,сізге келе алатынын айту.