Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26-мектеп.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру жұмыстары

Оқу жоспарының вариативті (жылжымалы) бөлігі мектеп және оқушы компонеттерін ескерді. Жалпы орта білім мазмұнының вариативті бөлігі оқушылар дамуының жеке тұлғалық сипатын қамтамасыз етеді, олардың өзіндік ерекшеліктерін, оқушылармен олардың ата-аналарының білімдік сұраныстарын ескеруге мүмкіндік береді. 2013-2014 оқу жылында 10-11 сынып оқушылары бағдарлы оқуды жүзеге асыру бойынша екі бағытта білім алды.

  1. Жаратылыстану–математикалық бағытының математика бағдары бойынша

11ә сыныбы оқытылды. Бұл сыныпта мына төмендегі қолданбалы курстар жүргізілді:

1. Интегралдау есептеулері

2. Математикалық есептерді шешу практикумы

3. Физика пәнінен практикалық есептер шығару

4. Биоэкология

10 ә сыныбында:

1. Мәтінді есептерді шешудің ерекшеліктері

2. Сызықтық алгебра және аналитикалық алгебра элементтері

3. Биоэкология

4. Физика пәнінен практикалық есептер шығару

2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыты, қазақ тілі мен әдебиеті бағдары бойынша

10 а сыныбында:

1. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

2. Қазақстан құқығы

3. Синтаксис руского языка

4. Сөз өнері

11 а сыныбында:

1. Практикалық қазақ тілі

2. Абайтану тарихы

3. Қазақстан құқығы

4. Тарихи тұлғалар

Аталған қоданбалы курстарды тәжірибелі, жоғары және бірінші біліктілік санаты бар ұстаздар жүргізді. Қолданбалы курсты жүргізетін мұғалімдердің авторлық бағдарламалары бар, мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілген, ғалымдардың пікірі жазылып, күнделікті сабақ жоспарлары жасалған. Пән мұғалімдері қолданбалы курстардың өткізілу сапасын жақсарту үшін жаңа технологияларды, ақпараттық-коммуникациялық технологияны, электронды оқулықтарды жүйелі қолданып, оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен портфолиоларын, жұмыс дәптерлерін толықтырып отырды.

Дарынды оқушылармен жұмыс. Мектеп бойынша дарынды оқушылар анықталды, барлығы 188 оқушы, олардың тізімі дарындылық бейімі бойынша жасалған. Мектеп әкімшілігі дарынды оқушылармен жұмысты үнемі бақылауда ұстап отырады. Мәселен, 2013 жылғы қараша айында пед.кеңесте «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы педагогикалық диагностика», «Дарынды оқушыларды тәрбиелеу жолдары» тақырыбында баяндамалар жасалынса, 2013-2014 оқу жылы ішінде «Дарынды оқушылардың дарындылығын анықтау», «Дарындылықты дамыту тәсілдері» тақырыбында семинар-тренингтер жоспарланып өткізілді. Мектепте дарынды оқушылармен атқарылатын жұмыстар «Дарын» орталығы (жетекшісі Анарбекова Ж. математика пәнінің мұғалімі) басшылығымен жүзеге асады. «Дарын» орталығы оқушылардың ғылыми қоғамын, спорт және өнер саласындағы дарынды оқушылармен жұмысты үйлестіреді.

2001 жылы құрылған «Болашақ» оқушылардың ғылыми қоғамы нәтижелі жұмыс істеп келеді. «Болашақ» ғылыми қоғамының жоспары, Жарғысы бекітілген, ғылыми жетекшісі Балахметова С.М. 2013-2014 оқу жылында ғылыми қоғамның 8 мүшесі қалалық, облыстық, ғылыми жоба жарысының жеңімпазы болса, биылғы оқу жылында қатысқан 6 оқушының 5-і жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда қалалық ғылыми жоба жарысында 9а сынып оқушылары Тұрсыналиева Е., Тоқтасын А. ІІІ орынды, 9ә сынып оқушысы Әлімкұл А. ІІІ орынды жеңіп алды.

2013-2014 оқу жылында бастауыш және орта буын оқушыларын ғылыми шығармашылық жұмысқа тарту мақсатында 3-8 сынып арасында «Жас ғалым» кіші ғылыми академиясы құрылған. 2014 жылдың мамыр айында «Ізденген–жетер мұратқа» тақырыбында кіші ғылыми академиясының мектепшілік ғылыми жоба жарысы өткен. Онда 42 оқушы ғылыми жобасын қорғап шықты. Қалалық ғылыми жоба жарысында 2 оқушы жүлделі Іорынға ие болды, олар 3ә сынып оқушысы Cалқанова Н. облыстық жарыста ІІІ орын, 4ә сынып оқушысы Амангельды Ә. облыстық жарыста ІІІ орын және 7ә сынып оқушысы Мұхтар Алтынай облыстық ғылыми жоба жарысында ІІІ орынды женіп алды.

Пән әдістемелік бірлестіктері жоғарыда көрсетілген ЖОО және колледждермен келісім шартқа отырған. Педагогикалық іс-тәжірибеден өту үшін білімгерлер мектеп ұстаздарымен бірлесіп шығармашылық жұмыстар жүргізуде. ТарМУ және ТарМПИ ғалымдары «Болашақ» оқушылар ғылыми қоғамының мүшелеріне ғылыми жетекшілік етеді. Химия, биология пәні бойынша жоғары сынып оқушыларды ЖОО-ның зертханасы жұмысымен танысты.

Қорытынды

Практикадан өту барысында сабақ жоспарындағы 7 тақырып бойынша күнделікті сабақ және 1 ашық сабағын өткіздім.

Сабақтарды өткізу кезінде мен мынадай сабақ типтерін меңгердім және қолдандым: жаңа білім беру, аралас сабақ, білімді бекіту сабағы.

Соңғы өтілген сабақтарым сәтті шықты, өйткені тәжірибе жинақтай келе мен көп нәрселерді үйрендім, оқушылармен тіл табысып, олардың алдында өзімді еркін ұстауға дағдыландым және әр оқушының психологиясын зерттеп үйрендім. Ал қиыншылық туғызған сабақ ол – алғашқы сабақ. Өйткені алғашқыда ешқандай тәжірибе болмағандықтан, өзімді еркін ұстауға, сыныптың атмосферасына үйрене алмадым.

Әр сабақты өту барысында мен көрнекі құралдар мен оқытудың техникалық құралдарын пайдаланып отырдым. Яғни, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, сабақтың тақырыбына байланысты презентациялар мен видеолар көрсеттім, биология кабинетіндегі сабақтың тақырыбына сай келетін барлық көрнекі құралдарды пайдалануға тырыстым.

Мектептегі озық тәжірибелі мұғалімдерден үлгі ала отырып өз бетімше жұмыс жасап үйрендім. Әр түрлі пән мұғалімдерінің сабағына қатысып, олардың сабақ беру тактикаларын бақылап, өзіме қажетті тұстарын үйреніп отырдым.

Практиканың соңғы аптасын тәжірибе жинақтай келе ашық сабақ өткіздім. Ашық сабағымның тақырыбы «ҚР-ң экологиялық апатты аймақтары».

11

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]