Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акпараттык жуйе отчет.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

5.Active Directory -де ldap-пен жұмыс

LDAP ( Lightweight Directory Access Protocol — каталогқа рұқсат берудің жеңілдетілген хаттамасы) — каталогтар қызметіне рұқсат алудың қолданбалы деңгейдегі хаттамасы. LDAP – TCP/IP хаттамасын қолданатын және жазбалар- ды аутентификация (bind), іздеу (search), салыстыру (compare), қосу, өзгерту немесе өшіру қызметін атқаратын салыстырмалы түрде қарапайым хаттама.

LDAP каталогындағы кез келген жазба бір немесе бірнеше атрибуттан тұрады және олар қайталанбауы керек, яғни бірегей аты болу қажет. Бірегей ат бір немесе бірнеше салыстырмалы бірегей аттан тұра алады. Доменнің бір деңгейінде салыстырмалы бірегей аттарі бірдей екі жазба бола алмайды. Жаз- ба – object class, жазба класының сипаттамасында анықталған атрибуттардан ғана тұра алады. Мұндай схеманы ағаш түрінде елестетіп көруге болады.

LDAP клиенттеріне почталық клиенттерінің адрес кітабын және сервері DNS, SMTP, Samba, UTS сияқты желілік қызметтердің back-end-терін жатқызуға болады.

1.Пуск батырмасынан орындау пунктін таңдаңыз да, mmc.exe теріп, ОК басыңыз.

2.Файл мәзірінен “Жабдықты қосу немесе өшіру” командасын таңдаңыз.

3.“Қосу немесе өшіру” диалогты терезесінде “Топтық саясатты басқару ре- дакторы” басып, және “Қосу” батырмасын басыңыз.

4.“Топтық саясат объектісін таңдау” диалогты терезесінен “Шолу” батыр- масын басыңыз.

5.“Топтық саясат объектісін таңдау” ⇒ “Үнсіз келісім бойынша домен сая- саты” ⇒ “домендер, бөлім және топтық саясаттың байланысты объектілері” ⇒ “ОК”

6.“Дайын” батырмасын басыңыз.

7.ОК батырмасын басыңыз.Бүгін біз сіздермен LDAP серверінің қолтаңба талаптарын орнатуды қарастырамыз.

8.“Келісім бойынша домен контроллері саясаты” және “Компьютер, саясат конфигурациясы, Windows конфигурациясы, қауіпсіздік параметрі, Жергілікті саясат” түйіндерін ашып, Қауіпсіздік параметрлерін таңдаңыз.

9.Домен контроллеріне тышқанның оң жақ батырмасын басып, “LDAP- серверінің қолтаңба талаптары”-нан “Қасиеттері” функциясын басыңыз.

10.Домен контроллерінде “LDAP-серверінің сандық қолтаңбасы талап- тары” диалогтық терезесінен “Саясаттың келесі параметрін анықтау, сандық қолтаңба талап етіледі” пунктін таңдап, “ОК” басыңыз

11.Параметрлер өзгергендігін растау үшін диалогты терезеде “Иә” басыңыз.

Қорытынды

Мен,Бекмұратов Бауыржан «Ақпараттық жүйелерді басқару» пәнінен «Active Directory бағдарламасының мәні және баптау жолы» тақырыбына есеп бердім.Active Directory-ді орнатуды,күйге келтіруді және де оны басқаруды уйрендім.Active Directory-дің бөлімдерімен және қолданушыларының жұмысын зерттедім.Топтық саясытымен және LDAP-пен жұмысын талқыладым.

Active Directory объектілерін басқару сәйкес мастерлердің көмегімен жүзеге асады. Active Directory-дің ішкі құрылымы әлдеқайда күрделірек. Active Directory- де объектілерді басқару мастер, сценарий немесе графикалық қабаттың көмегімен жүзеге асады. Бұл тарауда біз сіздермен Active Directory объектілері жөнінде түсінік алып, толығырақ қарастырып өтеміз.

Кәсіпорынға Active Direcotory каталогтар қызметін енгізер алдында бөлімшенің құрылымын (Organization Unit) алдын ала түсініп алған жөн. Жақсы құрылған бөлімше құрылымы Active Directory қызмет жұмысын жеңілдетеді. Бөлімде компьютерлер, қолданушылар, топтар және де басқа ресурстар болуы мүмкін. Кәсіпорынның масштабына байланысты филиалдардың географиялық орналасуына байланысты құрылымдануы мүмкін. Əр бөлімде Active Directory-дың бөлігін басқаратын басқарушы болуы тиіс. Бірақ, өте күрделі құрылым басқаруды қиындатады.

Кәсіпорындарда компьютерлер саны көбейген сайын олардың басқару мен қадағалау және оның бағасы жөніндегі мәселе өзекті мәселеге айнал- ды. Компьютерлерді жеке-жеке күйге келтіру, әрине, өте көп уақыт алады. Сонымен қатар, компьютерлер саны артқан сайын стандарттар мен күйге келтіру, жөндеу, қадағалау қиындай береді. Топтық саясат (Group Policy) - Active Directory доменіндегі компьютерлерді орталықтанған басқару және қадағалаудың комплексті құрылғысы болып табылады.

LDAP каталогындағы кез келген жазба бір немесе бірнеше атрибуттан тұрады және олар қайталанбауы керек, яғни бірегей аты болу қажет. Бірегей ат бір немесе бірнеше салыстырмалы бірегей аттан тұра алады. Доменнің бір деңгейінде салыстырмалы бірегей аттарі бірдей екі жазба бола алмайды. Жаз- ба – object class, жазба класының сипаттамасында анықталған атрибуттардан ғана тұра алады. Мұндай схеманы ағаш түрінде елестетіп көруге болады

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Microsoft Windows Server 2008 R2 Administration Instant Reference Matthew Hester, Chris Henley

2.Mastering Windows Server 2008 Networking Foundations Mark Minasi, Rhonda Layfi eld , John Paul Mueller

3.Group Policy: Fundamentals, Security, and the Managed Desktop Jeremy Moskowitz

4.Windows Server 2008 R2 Unleashed Rand Morimoto, Michael Noel, Omar Droubi, Ross Mistry, Chris Amaris

5.Microsoft Windows Server 2008 R2. Полное руководство, Вильямс Рэнд Моримото, Майкл Ноэл, Омар Драуби, Росс Мистри, Крис Амарис