- •I вариант
- •I вариант
- •II вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант.
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •II вариант
- •Клиникалық жағдай №1
- •Клиникалық жағдай №2
- •Клиникалық жағдай №3
- •Клиникалық есеп №5
- •Клиникалық есеп №6
- •Клиникалық есеп № 7
1 Вариант
1. Күл қоздырғышы:
А. парамиксовирус
Б. Леффлер таяқшасы
В. Борде-Жангу таяқшасы
Г. хламидия
Д. Кох таяқшасы
2. Ауыз жұтқыншақ күлінің жергілікті түріне тән:
А. қабықша тек бадамша бездерінде
Б. қабықша бадамшада және доғашықтарда
В. дене қызуы суфбебрильді
Г. тамағындағы аздаған ауру сезімі
Д. әлсіз улану белгілері
3. Күлдік қабықшаға бәрі тән, біреунен басқасы:
А. бадамшадан қиын сылынады
Б. қабықшаны алғанда қанамайды
В. қиын сылынады
Г. қабықшаны алғанда қанайды
Д. шпательдер арасында езілмейді
4. Ауыз жұтқыншақ күлінің жергілікті түрімен ауырған науқастын жасалуы тиіс ем:
А. 100 мың АЕ КҚС қолдану
Б. КҚС-сыз емдеуге болады
В. 20 мың АЕ 1 реттік дозасын қолдану
Г. АДС-ті қолдану
Д. 60 мың АЕ КҚС қолдану
5. Жұқпалы мононуклеоздың негізгі берілу жолы:
А. ауалы-тамшылы
Б. су арқылы
В. тұрмыстық-қатынастық
Г. тағам арқылы
Д. гематогенді
6. Жұқпалы мононуклеозда антибиотиктер:
А. этиотропті емде тағайындалады
Б. тағайындалмайды
В. бактериальді асқынулар кезінде тағайындалады
Г. асқынулардын алдын-алу ушін тағайындалады
Д. вирусті инфекция кезінде тағайындалады
7. Күлдін инкубациялық кезеңі:
А. Бірнеше сағаттан- екі тәулікке дейін
Б. 21-30 күн
В. 2-10 тәулік
Г. 10-14 тәулік
Д. 14-21 күн
8. Науқас Энтеровирусті инфекциямен айналасына қауіпті:
А. 1-3 күн
Б. алғашқы 2 - сирек аурудын 4-ші аптасында
В. бірнеше сағат
Г. 10-45 күн
Д. Ауруынын бірінші күнінен - 2-ші айына дейін
9. Герпестік баспанын емінде қандай вирусқа қарсы препараттар тиімді болып саналады:
А. ацикловир
Б. виферон
В. арбидол
Г. тамифлю
Д. циклоферон
10. Листериозбен ауыратын науқаста анықталады:
А. қызба, бас бұлшық еттеріндегі ауыру сезімі, баспа, полиадения, гепатомегалия
Б. жөтел, мұрын бітелуі, қабықшалы конъюнктивит, полиадения
В. қызба, құсу, жөтел, сулы сұйық нәжіс
Г. құсу, тырыспа, сандырақтау
Д. айқын улану белгілері, жөтел, мұрын бітелуі, кезеңдік бөртпелер
Бастапқы бақылау: «Баспа синдромымен өтетін аурулар».
2 Вариант
1. Күл қоздырғышы:
А. ЛБ gravis түрі
Б. ЛБ интермедиус
В. ЛБ митис түрі
Г. ЛБ кез келген түрі токсигенді
2. Күлдің токсигенді түрінде ауруының бірінші тәулігінің соңында бадамшада болатын жабындыға бәрі тән, біреуінен басқасы:
А. нәзік, өрмекші тәрізді
Б. тығыз фибринозды
В. шпательдер арасында езілмейді
Г. шпательмен алынбайды
Д. кір-сұр түсті
3. Ауыз-жұтқыншақ күлінің жергілікті түрін берілгендердін барлығымен салыстырады, біреунен басқасы:
А. лакунарлы баспа
Б. фолликулярлы баспа
В. некротикалық баспа
В. некротикалық баспа
Г. Симановский - Венсан баспасы
Д. паротитпен
4. Жұқпалы мононуклеоз кезінде лимфа түйіндерінің ұлғаюына барлығы жатады, біреуінен басқасы:
А. әлсіз ауыру сезімі
Б. бір-бірімен қосылмаған
В. мойын клетчаткасының ісінуінсіз
Г. іріндеу
Д. іріндеусіз
5. Жұқпалы мононуклеоз кезінде перифериялық қанда төменде берілгендердін барлығынын көлемі жоғарлайды, біреунен басқасы:
А. эозинофилдер
Б. әлсіз лейкоцитоз
В. лимфоциттер
Г. моноциттер
Д. атипті мононуклеарлардын
6. Жұқпалы мононуклеоз кезінде қатынаста болқандарға карантин:
А. 20 күнге
Б. 10 күнге
В. 14 күнге
Г. берілмейді
Д. 3 күнге
7. Герпестік баспа шақырылады:
А. қарапайым герпес вирусымен
Б. Коксаки А және Коксаки Б вирусымен
В. Эпштейн-Барр вирусымен
Г. гепаднавирусымен
Д. цитомегаловирусымен
8. Энтеровирусті инфекция кезіндегі ауыз-жұтқыншақтағы өзгеріс:
А. болмайды
Б. некротиқалық баспа
В. лакунарлы баспа
Г. герпестік баспа
Д. фолликулярлық баспа
9. 10-жасар балаға клиниқалық белгілеріне байланысты «Жұқпалы мононуклеоз» диагнозы қойылды. Перифериялық қанда қандай өзгерістер болады:
А. лейкоцитоз, нейтрофилез солға жылжыған
Б. лейкопения, нейтропения, анэозинофилия
В. әлсіз лейкоцитоз, лимфоцитоз, моноцитоз
Г. анемия, лейкопения, тромбоцитопения
Д) эозинофилия
10. Листерия қоздырғышын бөлу мақсатымен мына берілген заттардың барлығынан бактериологиялық себу жүргізіледі, біреунен басқасы:
А. қан
Б. нәжіс
В) зәр
Г. аңқа мен мұрыннан жағынды
Д. қақырық
Қорытынды бақылау: «Баспа синдромымен өтетін аурулар»
1. Катя 3жаста, ауруының 2-ші күнінен бастап дене қызуы 38,50С , әлсіздік, мазасыздық, тамағындағы ауыру сезімі байқалған. Аңқасында әлсіз гиперемия, бадамша бездерінде тығыздалған сұрлы қабықша, шпательмен қиын алынады, алу кезінде қанайды.Сәйкес келетін болжама диагнозы:
А. лакунарлы баспа
Б. фолликулярлы баспа
В. некротикалық баспа
Г. ауыз-жұтқыншақ күлі, жергілікті түрі
Д. ауыз-жұтқыншақ күлі, токсикалық түрі
2. Арсен 7 жаста, аурының 4-ші күні. Дене қызуы 39,0оС. Тамағындағы жұтыну кезіндегі ауыры сезімі, мойын клетчаткасының бұғанадан төмен деңгейде ісінуі. Аңқада айқын гиперемия, жұмсақ тіндерінің ісінуі, доғашық пен тілшеде кір-сұр түсті жабындының «+ұлпа» түрінде болуы. Сәйкес келетін болжама диагнозы:
А. Ауыз-жұтқыншақ күлі, жергілікті түрі
Б. Ауыз-жұтқыншақ күлі, токсикалық 3 дәрежесі
В. Флегмонозды баспа
Г. Жұқпалы мононуклеоз
Д. Некротикалық баспа
3. Серік 7 жаста, ауырғанына 9 күн. Жағдайы ауыр, бозарған, енжар. Ісінген аңқа, доғашықта сұр түсті тығызданған жабындының қалдықтары «+ұлпа» түрінде. Жүрек тондары кереңденген, АҚҚ төмендеген. Бауыры +2см. Іштегі ауыру сезімі. Мойын клетчаткасы бұғанадан төмен деңгейде ісінген. Сәйкес келетін болжама диагнозы:
А. Ауыз-жұтқыншақ күлі,токсикалық 1 дәрежесі
Б. Ауыз-жұтқыншақ күлі,токсикалық 3 дәрежесі
В. Ауыз-жұтқыншақ күлі,токсикалық 3 дәрежесі +ЖІИ
Г. Ауыз-жұтқыншақ күлі,токсикалық 3 дәрежесі +ИТШ
Д. Ауыз-жұтқыншақ күлі,токсикалық 3 дәрежесі +ВГ
4. Ауырының 6-шы күні баланың дене қызуы 38,5-39,00С. Тері жамылғысының бозаруы, мұрнымен тыныстың қиындауы, барлық топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталады, әсіресе мойын. Гепатолиенальді синдром. Аңқасы қызарған, таза. Сәйкес келетін болжама диагнозы:
А. Жұқпалы мононуклеоз
Б. Аденовирусты инфекция
В. Вируты гепатит
Г. СПИД
Д. Энтеровирусты инфекция
5. Алишер 2 жаста, 3 күн ауырған. Тоқтаусыз құсу, дене қызуы 38,00С, ауыз-жұтқыншақта айқын гиперемия, бүршіктенген, бадамшаларында майда везикулалар анықталады. Менингеальді белгілер теріс. Нәжісі сұйық. Ауруының 4-ші күні 36,50С дене қызуында бүкіл денесінде дақты-папулезді бөртпелер пайда болған, жағдайы жақсарған. Сәйкес келетін болжама диагнозы:
А. ЖІИ+аллергиялық бөртпе
Б. Энтеровирусты инфекция, асқазан-ішектік түрі+герпестік баспа+экзантема
В. Грипп+герпестік баспа
Г. ЖІИ+герпестік инфекция
Д. Герпестік инфекция
6. Қуаныш 5 жаста. «ЭВИ» диагнозы қойылған.. Отбасында тағы да 2 жастағы бала бар.
ЭВИ ошағында жүргізілетін алдын-алу шаралары (2 жауап).
А. сульфаниламид препараттарын тағайындау
Б. контактіде болғандарға 10 күн бойына интерферон 5 тамшыдан 4-6 рет күніне
В. вакцинация
Г. иммуноглобулинді енгізу
Д. антибиотиктерді тағайындау
7. Бір жақты конъюктивиттің қызбамен өтуі бар балада зақымданған қабақтан гранулема табылған. Сәйкес келетін болжама диагнозы:
А. аденовирусты инфекция
Б. листериоз
В. иерсиниоз
Г. туляремия
Д. туберкулез
8. Қарлығаш 4 жаста. Ауыз-жұтқыншақ күлімен ауырған. Қыз баратын балабақшада жүргізілетін карантиндік шараларға жатпайтынын көрсетіңіз:
А. жұқпалы ауруханаға жатқызу
Б. СЭС-ке жедел хабарлау
В. 7 күн бойы қатынаста болғандарды қарау
Г. 7 күн бойы қатынаста болған тек егілмеген балаларды қарау
Д. қатынаста болғандардан ЛБ-на аңқадан жағынды алу
9. Ғалия 3 жаста. 4 күн ауырған. Қарау кезінде дене қызуы 37,2Со, бозарған, енжар. Мойын клетчаткаларының ісінуі 2-ші мойын қатпарына дейін. Ауыз-жұтқыншақтың жұмсақ тіндері ісінген, бадамшалары кір-сұр түсті жабындымен жабылған. Бала аллергоздың дамуына байланысты егілмеген. Қабылдау бөлімшесінде бірінші ретте енгізілетін препарат:
А. пенициллин, ровамицин
Б. АКДС
В. КҚС
Г. АКС
Д. АК анатоксин
10. Қанат 10 жаста. Бірнеше күн бұрын «Лакунарлы баспа» диагнозы қойылған. Қарау кезінде аңқада жабынды жоқ, бірақ бактериологиялық зерттеуде күл коринебактериясы токсигенді түрі бөлінген. Сәйкес келетін болжама диагнозы:
А. лакунарлы баспа+ЛБ тасымалдаушысы
Б. ауыз-жұтқыншақ күлі, субтоксикалық түрі
В. ЛБ тасымалдаушысы
Г. ауыз-жұтқыншақ күлі, жергілікті түрі
Д. лакунарлы баспа+ауыз-жұтқыншақ күлі
Бастапқы бақылау жауаптары:
«Баспа синдромымен жүретін аурулар»
Вариант 1 Вариант ІІ
1 – Б 1 – Г
2 – А 2 – А
3 – Б 3 – Д
4 – В 4 – Г
5 – А 5 – А
6 – В 6 – Г
7 – В 7 – Б
8 – Б 8 – Г
9 – А 9 – В
10 – А 10 – Д
Қорытынды бақылау жауаптары:
«Баспа синдромымен жүретін аурулар»
1 – Г 6 – Б
2 – Б 7 – Б
3 – Б 8 – Г
4 – А 9 – В
5 – Б 10 – Г
Бастапқы бақылау Бөртпе синдромымен өтетін аурулар (қызылша, қызамық, жәншау, желшешек, менингококцемия).
