Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сағыз Боран А..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76 Кб
Скачать
☆

2.2.Сағыздың құрамында не бар?

Академик Тодора Дичевтің пікірінше, көптеген сағыздар тіс пен қызыл иекті қорғаудың орнына, керісінше ауыз қуысын, тіс пен иекті кариес, парадонтоз сияқты ауруларға ұшыратын компоненттерге бай екен.

Біз көпшілікке кеңінен танымал болған әйгілі сағыздардың (Orbit, Dirol, Stimorol) құрамдарына талдау жасай келе, олардың құрамы мынадай заттардан тұратынын байқадық: тәтті дәмдеуіштер, резиналық негіз, табиғи тектес хош иістендіргіштер, Е 422 тұрақтандырғышы, Е 414 қоюландырғышы, Е 322 эмульгаторы, Е 171 бояғышы, Е 903 жылтыратқышы, Е 320 антиоксиданты.

Сағыздың құрамындағы заттар туралы білесіз бе?

Сағыздардың құрамындағы заттардың денсаулыққа қаншалықты әсері бар екенін білмек болып “Санитарлық ережелер мен нормалар жиынтығы” анықтамалығынан осы заттар туралы мәліметтерді қарастырдық. Сондағы білгеніміз: Е 422 тұрақтандырғышы деген – глицирин екен. Глицирин қанға араласқан кезде күшті токсиндік қасиетке ие болады да, қанның гемолиз, гемоглобинур сияқты күрделі ауруларын туғызады және бүйрек инфаркының болуына себеп болады екен.

Е 322 эмульгаторы деген- лецитин. Лецитинді соядан алады және ол жұмыртқаның сарысында көп болады. Бұл біздің ағзамызды фосформен қамтамасыз ететін және май алмасуды реттеп отыратын аса қажетті зат. Бірақ ағзада лецитин көбейіп кетсе, сілекей көп бөлінеді де, бұл асқазан жұмысының бұзылуына апарып соғады.

Е 320 Антиоксидант- бұл бутилгидрооксианизол. Құрамында антиоксиданты көп қолданса, қанда холестерин көбейіп кетеді екен.

Е 330 қышқылы – бұл лимон қышқылы. Лимон қышқылын ұзақ уақыт өлшемсіз қолданған жағдайда қанның едауір күрделі аурулары пайда болады.

Табиғи тектес хош иістендіргіштер сағызда да бар. Оларды дайындау үшін жеміс – жидектер, гүлдер мен жапырақтар сияқты табиғи шикізаттар пайдаланылады. Мұндай хош иістендіргіштер дәмі жағынан да сапасының жоғарылығы жағынан да ерекшеленеді, сол себепті олардың адам денсаулығына тигізер кері әсері мүлде жоқ десе де болады.

Қорытынды: Сағыздың құрамындағы заттарды өлшеммен дұрыс пайдаланса, олардың денсаулық үшін еш зияны болмайды.

Жұмыстың практикалық кезеңі

Біз сауалнамадағы оқушылардың пікірінен кейін сағыздың денсаулыққа әсері жөнінде медицина не дейді, яғни дәрігерлер қандай пікірде екенін білу үшін ақ халатты жандармен әңгімелестік. Сол кісілердің әңгімесінен кейін мен мынадай ой түйіндер жасадым:

2.3. Сағыздың пайдалы қасиеттері

Тіс дәрігерлерінің айтуы бойынша, тамақ қабылдағаннан соң бір-бір жарым сағаттан кейін шайналған сағыз асқазан сөлінің бөлінуін жеделдетіп, ас қорытуға көмектеседі.

Сағыз тістердің ас шайнайтын қабатын тазалайды. Сағыз шайнау ауыз қуысы тазалығын реттеу үшін және қызыл иектің жағдайын жақсарту үшін де қажет.

Сағыздың құрамындағы жылтыратқыш заттар тісте тас пайда болуының алдын алады және ауыз қуысында микробтардың дамуына жол бермейді.

Сондай – ақ, сағыз шайнаған кезде балалардың жақ сүйектері беки түседі, ал үлкендерде сілекей бездерінің жұмысы жақсарады.

Сағыз ауыз қуысындағы жағымсыз иістерді жояды, сондықтан оны көбіне шылым шегетін адамдар көп шайнайды екен.