Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emtikhan_zhauaptary_1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
792 Кб
Скачать
☆

14 Сурак – фото

Хаттама. Бір компьютерден берілген ақпаратты екінші компьютер түсінуі үшін хаттамалар пайдаланылады.

Хаттама - деректер таратудың бірегей ережелері. Коммуникация үрдісі болуы үшін желілік адаптерлер, телефон номерлері, және байланыс бағдарламалары арқылы анықталатын, компьютердің адресі болуы керек. Деректерді тұтас ағынмен тарату оларды жоғалтуға немесе қатеге ұсындыруы мүмкін. Сондықтан да, деректер ұзындығы қатаң анықталған ақпарат қаттамаларына (бөліктеріне) бөлінеді. Әрбір қаттама оның басы мен аяғының танымалдық белгілерімен жөнелтіледі. Тарату хаттамаларында қаттаманың басы мен аяғын тану механизмдері бар, деректер тасқынын басқарады, оларды таратып, кезекке тұрғызады. Мәселелерге байланысты хаттамалар әртүрлі болып келеді, деректерді тарату, түзету және қателерін жөндеу және т.б.

NetBEUL – NetBIOS-тың кеңейтiлген интерфейсi. Басында NetBIOS және NetBEUL тығыз байланыста болған және бiр хаттама ретiнде қаралған. Содан ЖЕЖ-нiң шығарушылары сеанстық деңгейдегi хаттамалардан NetBIOS-ты бөлiп шығарды, ол басқа маршруттық транспорттық хаттамалардың қатарында қолданылмайды.

NetBIOS (Network Basic Input/OuputSystem-енгiзудiң/шығарудың желiлiк қорылар жүйесi) - бұл желiлерде қолданбалы интерфейс ретiнде ЖЕЖ-мен бiрге сеанстық деңгейде қолданылатын IВМ интерфейсi. NetBEUL - транспорттық деңгейдегi шағын және тез тиiмдi хаттама. Бiрiншi желiлiк Microsoft MS – NET 80-жылдардың ортасында пайда болды.

Х25 - коммутация пакетерi бар желiлерге арналған хатаммалар жиынтығы. Алғашқыда оны өшiрiлген мэйнфрейма терминалдарын байланыстыратын коммутация қызметiне қолданды.

ХNS (Xerox Network System) Ethernet желiсiне арнап Xerox фирмасы жасаған. Ол 80-жылдардың басында кең таралған, бiрақ ТРС/IР хаттамасы шыққанда артқа шегiне бастады. ХNS – үлкен және баяу хаттама, ол кең таралған трафигiн ұлғайтатын хабарландыруларда қолданылады.

IPX/SPX NWLink (Internetwork Packet Exchange/Sequuenced Packet Exchange) - Novell желiсiнде қоланылатын хаттамалардың стегi. NetBEUL сияқты, ол шағын және жылдам хаттама. Бiрақ NetBEUL-ге қарағанда ол маршруттықты қолдайды. IPX/SPX ХNS -тiң мұрасы. NWLink - Microsoft фирмасының IPX/SPX өткiзуi.Бұл транспорттық хаттама.

АРРС (Advanced Program-to- Program Communication) бұл - IBM фирмалардың транспорттық хаттамалары, System Network Architecture (SNA) бөлiгi. Ол әртүрлi компьютерлерде жұмыс iстеушiлерге қосымшылардағы мәлiметтерді айырбауға көмектеседi.

Apple Talk - АррIе Computer фирмасы хаттамаларының жеке стегi. Ол желiлiк ортада компьютерге файл мен принтердi бiрiгiп қолдануға көмектеседi.

OSI хатаммалар жиынтығы – бұл әрбiр хаттама жоғарғы деңгейдегi OSI моделiне сәйкес келетiн толық хаттамалар стегi. Яғни, олар маршруттық және транспорттық хаттамалар жиынтығы немесе IEEE Project 802 сеанстық хаттамалар жиынтығы болуы мүмкiн.

DEСnet - бұл Digatat Eguipment Conporation фирмасының жеке хаттамалар стегi. Бұл Digatat Net - аппараттар мен бағдарламалардың өндiрiстiк архитектураға өткiзу жиынтығы. DESnet-ті TCP/ІP және OSI хаттамасы ретiнде қолдануға болады.. Бұл хаттама маршруттық хаттамаға жатады.

15-Сурак Желілік технологиялардағы хаттама ақпарат беруде қатысатын әртүрлі жүйелер үшін (бағдарламалар, шлюздер, мәліметтер пакеттері және басқалар) бірдей қолданылатын ережелердің реттелмеген жинағы ретінде анықталады. Хаттамалардың арқасында осы жүйелердің өзара әрекеті алдын ала бекітілген сценарий бойынша жүреді.

Мәліметтер пакетінің желісі бойынша әртүрлі жүйелі кезеңдерге қозғалуына қарай оның басқа желілік элементтермен өзара әрекеттесуін әртүрлі деңгейдегі хаттамалар жан-жақты зерттейді. Осы типті желі шегінде әртүрлі элементтердің табысты өзара әрекеттесуі үшін қолданылатын осындай хаттамалардың толық жиынтығын топ немесе стек деп атайды. Интернет көп деңгейлі құрылымы бар TCP/Ip хаттамалар тобымен жұмыс істейді. TCP/IP - Transmission Control Protocol/Интернет Protocol ретінде оқылады (Мәліметтерді беруді басқару хаттамасы / Интернет хаттамасы).

TCP/IP хаттамаларының стегінде төрт деңгей бар (10.1-суретті қараңыз).

10.1-сурет. TCP/IP стегі

IV деңгейі Ethernet, Token Ring, SLIP, PPP және басқалары ретінде физикалық және арналық деңгейлі стандартты хаттамалар негізінде жұмыс істейтін желіге қолжетімді деңгейге сәйкес келеді. Осы деңгейлі хаттамалар желідегі мәліметтерді аппаратты құралдар деңгейінде пакеттік беруі үшін жауап береді.

III деңгейі мәліметтер пакетін бір желіден екіншісіне беру кезінде желіаралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бұл кезде ІР хаттамасы жұмыс істейді.

II деңгей негізгі болып табылады және ТСР берілістерін басқару хаттамасының базасында жұмыс істейді. Бұл хаттама әртүрлі машиналарда орналасқан қолданбалы бағдарламалар арасындағы хабарламаларды олардың арасындағы виртуалды қосылыстардың жасалу есебінен сенімді беру үшін қажет.

I деңгей– қолданбалы. TCP/IP стек бұрынна бар және ол өзіне хаттамалардың және қолданбалы деңгейдің сервистерінің (GopherSpace дүниежүзілік кеңістік ресурстарына қолжетімділік үшін FTP файлдарын беру хаттамасы, Telnet хаттама, Gopher хаттамасы, дүниежүзілік ғаламтордағы және басқалардағы алыстатылған гипер мәтінді мәліметтер базаларына қолжетімділік үшін ең белгілі HTTP хаттамасы) көпшілігін енгізеді.

16-Сурак – фото

Телефондық нөмерленуімен салыстырғанда IP адрес желілерінде адрестеу латын алфавитті қолдануымен ғана шектеледі. Интернет желісінде "нөмерлеу" термині ретінде "адрестеу" термині қолданылады. Бекітілген және мобильдік телефондық байланыс желілерінде нөмірлеу жоспарлары құрылу кезінде келесі шектеулер пайда болған: Біріншіден, бұрында бекітілген шешімдер жаңа нөмерлеу жоспарының (ыңғайлы) Мүмкіндіктеріне әсер ететін.Екіншіден, телефон байланысқан терминалдары және коммутация жабдықтау ыңғайлы нөмерлеу жоспарын енгізуге мүмкіндік бермейді.

Жіберуші мен қабылдаушы адрестерін жазу үшін екі өріс бөлінген – бір өріс жіберушінің адресін жазу үшін, ал екіншісі – қабылдаушының адресі үшін. Бір өріс ұзындығ 4 байт немесе 32 бит тең.

Толық IP-адрес желі адресі (желі идентификатор сетиы, пеtid) мен хост адресінен (хост идентификаторы, hostid) құрылады. IP –адрес нүктелермен бөлінген екілік немесе ондық форматымен белгіленеді. Төменде қарастырылатын мыcалында IP-адрес ондық форматында көрсетілеген: адрестің бірінші бөлігі (екі байт) желілік адресін ұсынады, екіншісі (келесі екі байт) – хост адресі. Мысалы, 136.104.53.11 адресінде 136.104.0.0 (пеtid) желілік адресі болып табылады, ал 0.0.53.11 (hostid) осы желі ішіндегі хост адресі.

Бұл мысал үшін IP –адрес екілік форматында келесі түрде көрсетіледі:

10001000 01101000 00110101 00001011

Сонымен қатар, адресті оналтылық жүйесінде де ұсынуға болады.

Интернеттің адрестік кеңістігі желілік адрестері мен хост адрестеріне тағайындалатын бит санына байланысты адрестер класстарына А, В, С, D және Е бөлінеді. Желілердің класстар бойынша бөлінуі желілік адрестің бірінші биттерімен анықталады.

А классында желілік адрестің бірінші биті «0» тең. А классындағы желілерге 27 - 2 = 126 «үлкен» желілер адрестері берілді; хост идентификаторы 24 битпен белгіленеді, яғни хосттар саны [224 - 2] тең. Бұл есептердегі «2» алғаны барлық биттер ноль мен бірге тең болған адрестері резервте сақталады. А классындағы желілер үшін адрестер IBM (9.0.0.0), ARPANET (10.0.0.0) және AT&T (12.0.0.0.) ұйымдарына берілді.

В классында бірінші екі биттер «10» тең. В классындағы адрестері 14 бит тең, бұл желілер «орташа» деп аталады ([214- 2] адрестер саны). Хосттар адрестері үшін 16 бит қолданылады (адрестер саны [216- 2]).

С классында бірінші үш биттер «110» тең. С классының желілер адрестері 21 битпен ал хосттар 8 битпен анықталады, яғни хосттар саны 254 тең.

D классы адрестің бірінші байтымен «1110» белгіленеді. Желілік адрестің қалған 4 биттері хосттарға берілген 14 адрестерге сәйкес. D классы селективті хабарландыру режимінде соңғы құрылғыларға дейін датаграммалар жеткізілуін қамтиды (multicasting, мультикастинг). Дәстүрлі хабарландыру режимінде таратушы ақпаратты барлық қабылдаушыларға жібереді, ал селективті хабарландыру кезінде тек ғана белгілі тұтынушыларға беріледі.

Соңғы жылдары тағы бір класс - Класс Е енгізілді, ол желілік адрестің бірінші бес бит арқылы «11110» белгіленеді. Бұл класс болашақтағы қолданысқа резервте сақталады.

А классында 16,8 миллион хосттардан тұратын 126 ірі желі құруға болады. Бұл классына үлкен территориларда орналасқан желілер жатады. С классында 2 миллионнан астам желі (әрқайсысына 254 хосттар кіреді) құрылады, бұл локальді желілер размеріне сәйкес.

Бірінші үш класстарындағы адрестер саны 4 миллиардтан астам. 2002 жылы тұтынушылар саны 110 миллионға тең болған, 2003 жылы - 200 миллион, 2010 жылы - 1,2 миллиард. Интернет желісі құрылуының бастапқы кезеңінде ұйымдарға А және В классындағы хосттар адрестері максималды болып берілетін. Көбінесе бқл ұйымдар берілген адрестік кеңістігін пайдаланбайтын, яғни бұл тиімсіз қолдануына алып келетін.

XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап желі маскасы концепциясы қолдана бастады. Маска ондық немесе екілік түрде ұсынылады. Екілік түрде көрсетілген маскадағы бірліктерден құрылған разрядтар топтары IP –адрестегі желі нөміріне сәйкес болады. Желі адресін анықтау үшін IP –адресі мен желі маскасына разрядтық конъюнкция операциясын орындау керек (логикалық И). Мысалы:

IP -адрес: 11000000 10101000 00000001 00000010(192.168.1.2)

«И»

Желі маскасы: 11111111 11111111 11111111 00000000 (255.255.225.0)

Желі адресі: 11000000 1010100000000001 00000000(192.168.1.0)

Стандартты желілердің маскаларының мәндері келсі түрде ұсынылады:

1) Класс А - 11111111 00000000 00000000 00000000 (255.0.0.0);

2) Класс В - 11111111 11111111 00000000 00000000 (255.255.0.0);

3) Класс С - 11111111 11111111 11111111 00000000 (255.255.255.0).

Маскаларды қолданған кезінде желілерді класстарға бөліп шығармайды. Интернет желілерінде тұтынушылардың ыңғайлылығы үшін хосттардың түсінікті атаулары қолданылады, мысалы, info@mail.ru. Атаулар және адрестері уникалды болып табылады (желілік адрестері глобальді уникалды, ал хосттар адрестері желі ішінде уникалды болады).

Адрестерді цифрлық түрде ұсынады, әріптік түрдегі адрестер тұтынушылар үшін түсінікті. Сонымен қатар, хосттар атауларының ұзындықтары ауыспалы болуы мүмкін. Хосттар атаулары пакеттердің тақырыптарында жазылады. Атаулар ұзындықтары үлкен болғаны желілік ресурстарының тиімсіз қолдануына алып келеді, өйткені, атаулардың дешифрлеу процессін іске асыратын маршрутизаторлар құрылғысы күрделі болады.

IP-адрестерді тағайындау.

Интернет желілеріндегі глобальді адрестерді тіркейтін ұйымы IANA (Internet Assigned Numbers Authority) болып табылады.

Региондарда желілік адрестерді Regional Internet Registries, RIR ұйымдар тағайындайды.

2008 жылы келесі региондар үшін 5 RIR бекітілген: Солтүстік Америка; Еуропа, Таяу Шығыс және Орта Азия; Азия және Тынық мұхит аймағы; Латын Америка және Кариб аймағы; Африка. Сонымен қатар жеке меншік желілер үшін келесі адрестер тағайындалған:

Класс А- 10.0.0.0

Класс В - 172.16.0.0- 172.31.0.0 диапазонындағы 16 желі.

Класс С - 192.168.0.0- 192.168.255.0 диапазонындағы 256 желілер.

IETF комитеті 1998 ж. бастап адрестеу жүйесін жаңарту сұрақтарымен де айналысады. IPv6 протоколы бойынша адрес ұзындығы 128 битке тең. Адрестердің жалпы саны 1038 болады.

17-Сурак

TCP (Transmission Control Protocol) протоколы. ІР желілеріндегі тасымалдаулардың сенімділігін арттыру үшін, 1974 жылы көліктік деңгей протоколы TCP өңделіп шықты, ол датаграммалардардың кепілдендірілген жеткізілуін қамтамасыз етеді. TCP протоколы жалғануға бағытталған болып табылады. TCP пакетін сондай-ақ сегмент деп те атайды.

12.4 суретінде әрқайсысы 4 байт болатын, бес жолдан құралған TCP протоколы тақырыбының құрылымы көрсетілген. Тақырыпқа опция үшін тағы да бір жол қосылуы мүмкін. Егер ІР протоколы жіберуші мен алушының адрестерімен жұмыс істейтін болса, онда TCP протоколы соңғы хосттардағы қандай қосымша типі осы жалғануда қолданылатыны туралы теңестіретін порттармен жалғануларды орнатады.

TCP протоколының тақырыбы жіберуші мен өабылдаушы порттарының нөмірлер өрісінен (әр бір өрісте 2 байттан) басталады. ІР адресі ТСР портының нөмірімен бірге хосттың соңғы нүктесі деп аталады. ТСР жіберуші портының, ІР жіберуші адресінің, ТСР белгіленген портының және ІР қабылдаушы адресінің комбинациясы бірегей ТСР жалғануын анықтайды, ол сокет деп аталады.

«Реттік нөмір» өрісі, 4 байт, жіберілетін ТСР сегментінде қолданылатын, байтарды нөмірлеуге арналған, алғашқы реттік нөмірден пакеттің жылжып кетуін анықтайды. Реттік нөмір келген сегменттерді реттеп, жинақтау үшін, қабылдаушы хостта қолданылады. Осы шартта жоғалып кеткен сегменттер қабылдаушы жақтан болатын талаптар бойынша қайнар көзден қайталанады.

«Тақырып ұзындығы» өрісі, 4 бит, ТСР тақырыбының толық ұзындығын анықтайды.

«Резерв» өрісі, қазіргі уақытта қолданылмайды, нөлге теңесу керек.

«Жалаулар» өрісі, 6 бит, 6 жеке жалауды анықтайды. «1» мәніне ие болатын әр бір жалау белгілі бір процедураны анықтайды (келесі пакеттің нөмірінің дұрыс екендігін растайтауға арналған ақпараттың маңыздылығын, қабылдағышқа ақпараттың жылдам жіберілуін, байланыстың үзілуін, жаңа жалғауды орнату кезіндегі және жіберу шетіндегі таратуға арналған мәліметтердің болмауы кезіндегі синхронизация).

«Терезе көлемі» өрісі, 2 байт, расталудың жіберілуі алдындағы қабылдағыштың буферінде қабылдануы немесе жинақталуы мүмкін болатын байттар санын береді.

«Бақылау суммасы» өрісі, 2 байт, IPv4 протоколындағы «Тақырыптың бақылау суммасы» өрісінің функцияларына ұқсас функцияларды орындайды.

«Маңызды ақпаратты нұсқаушы» өрісі, 2 байт, жоғары басымдылықты мәліметтерден тұратын сегменттің соңғы байтының нөмірін нұсқайды.

«Опциялар» өрісі, желінің бақылау функциялары мен мониторингін енгізуге мүмкіндік жасайды.

«Толтырғыш» өрісі, «Опциялар» жолын 32 битті толық ұзындыққа толықтыру үшін қолданылады.

Жоғарыа айтып өткендей, ТСР протоколы желілінің екі соңғы нүктелері немесе хосттары арасында жалғауды орнатады. ТСР протоколының негізгі функциялары болып, жалғауды теңестіру, қай порт (немесе бағдарлама) қолданылатыны туралы келісім (мысалы, файлдарды жөнелту немесе электронда пошта үшін), сегментерді жіберуді басқару және кез–келген екі соңғы нүктелер арасындағы байланыс сеансын аяқтау табылады. ТСР протоколының сегменттері әр түрлі типтегі хабарларды тасымалдайды – пайдалы жүктемені, ТСР жалғауларын орнату/аяқтау сұраныстарын, растауды және т.б.

UDP (User Datagram Protocol) протоколы Интернет желілеріндегі көліктік протоколдың басқа мысалы болып табылады. ТСР протоколды секілді, UDP протоколы да датаграммалардың жеткізілуін қамтамасыз етеді, алайда, соңғы нүктелер арасында жалғауды орнатпайтын режимде жұмыс істейді.

Тақырып пен мәліметтер өрісінен құралған UDP протоколының пакеті UDP датаграммасы деп аталады. UDP протоколы датаграммалардың сенімді жеткізілуін қамтамасыз етпейді, өйткені оның қызметіне мәліметтердің берілуі мен қабылданудың расталуын басқару кірмейді. Датаграмма тақырыбы жіберуші мен қабылдаушы порттарынан, UDP датаграммасы ұзындығының өрісінен және бақылау суммасы өрісінен тұрады. Айта кететін жағдай, UDP протоколының жоғарыда аталып өткен қасиеттері, бұл протоколдың сенімді жеткізудің жоғарғы талаптарын қоятын мәліметтерді тарату үшін қолдануға рұқсат етпейді. Басқа жағынан қарар болсақ, тақырыптың аз ғана көлемі, шамалы үстеме шығындары (мысалы, ТСР протоколымен салыстырғанда) оның сенімді локальді желілерде пайдаланылатын мүмкіндігін анықтады. Соңғы бірнеше жылдарда UDP протоколы Интернет желілері арқылы сөздерді жіберe кезінде кеңінен қолданыс тапты.

DHCP - бұл қолданбалы деңгейдiң желілік қызметі және хаттамасы. TCP/IP желілік администраторларға IP - бекiтiлген мекенжайларды иемдену талап етпейтiн клиент машиналары тағы басқалар жұмыс станциясы, столға қоятын компьютерлердiң мекенжайлары, серверлер олар IP-шi топтармен үлестiрiлу және басқаруларды жүзеге асыру үшiн сайып келгенде күйiне келтiруге мүмкiндiк береді. Ұйымдар өсуіне және администраторлық ету талап ететiн компьютерлердiң саны үлкеюіне байланысты DHCP хаттамасы өте қажетті құралға айналуда.

DHCP хаттамалары арқылы жұмыс стансасы желіге кіргенін басқа компьютерлерге хабарлайды. Кеңтарату дестелері ірі желілерді коллизия санын өсіруі мүмкін. Сондықтан кеңтарату дестелеріне шектеу қою үшін кеңтарату домендерін немесе виртуалды ЛВС (Virtual LAN, VLAN) ұйымдастыру қажет.

18-Сурак

Компьютерлік желілердің ОЖ-лері көбінесе автоном компьютер ОЖ-сіне ұқсас. Ол да пайдаланушылар мен программистерге ыңғайлы жұмыс орындау мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін бір-біріне байланған программалар жиыны болып, оларға қайдайда бір виртуал есептеу жүйесін ұсынады және желіде орындалатын көп процесстер арасында ресурстарды тиімді бөлуді жүзеге асырады.

Компьютерлік желі – ол коммуникациялық жүйемен байланған және желі пайдаланушыларына осы жиын ресурстарынан пайдалануға мүмкіндік жасайтын компьютер жиыны. Желіні түрлі типтегі компьютерлер құрастыруы мүмкін. Олар кішкене микропроцессорлер, жұмыс станциялары, мини-компьютерлер, дербес компьютерлер немесе суперкомпьютерлер болуы мүмкін. Компьютерлік желі пайдаланушыға өзінің компьютерімен автоном режимінде істеуге мүмкіндік жасайды және бұған желідегі басқа компьютерлер аппараттық ресурстарына және ақпараттарыны жетуді қосады.

Желі жұмысын ұйымдастырғанда операциялық жүйе интерфейс ролін атқарады. Мысалы, желідегі компьютерлердің МАС - және ІР - ұқсас сандық адрестерінің орнына компьютерлік желі ОЖ-сі есте сақтауға оңай болған символдық атаулармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Желілік операциялық жүйелер  Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.  Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.  Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:  ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;  желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;  ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;  ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;  ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.  Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша классификациялауға болады. Оларды ауқымды (глобальный), аймақтық (региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады. 

19-Сурак

DNS-сервер— тиiстi хаттама бойынша сұрау салулар DNSқа жауаптары үшiн қолайлы қосымша. DNS сонымен бiрге - сервермен қосымша iске қосылған хост деп атай алады.

DNSтың атқарылатын функциялары бойынша - серверлер нақты сервердiң кескiнiне байланысты бiрнеше түрлерге жата алады топ-топтарға жiктеледi;

  • авторитативный DNS - сервер - аймақты ар жағында қандай болмасын сәйкес келетiн сервер.

    • Ұста немесе (BINDтiң терминологиясында) алғашқы сервер - өзгерiстердiң енгiзуiне осы аймақта құқыққа ие болған сервер. Аймақтар үшiн әдетте сервер бiр-ақ ұстада болады. Microsoft DNSтiң жағдайында - ұстаның Active Directoryмен сервер және оның кiрiгуi - серверлер емес, (өзгерiстердiң репликациясы өйткенi DNS құралдар емес iске асады - сервер, Active Directoryнiң құралдарымен, серверлердiң тең құқықтылығы және мәлiметтердiң өзектiлiгi арқасында не қамтамасыз етiледi) бiрнеше бола алады.

    • Слейв немесе екiншi сервер, өзгерiстердiң ұста өзгерiстерi туралы хабар үйрететiн рұқсатсыз енгiзу құқығы осы аймақта - сервер. Ұстаға қарағанда - олар сервер шексiз сан бола алады. Дәл осылай Слейв (және қолданушы ұста және слейв, айырмашылық айырып тани алмайды аймақтың күйге келтiруiндегi өзгерiстерiнiң конфигурирования/внесениясы тек қана кезеңде көрiнiп қалады) сервермен авторитативным болып табылады.

  • Кэш жасайтын DNSтар - сервер - клиенттердiң сұрау салулары қызмет көрсететiн сервер (рекурсия сұрау салуы алады, серверлерге авторитативнымға рекурсивтi емес сұрау салулары көмегiмен оны орындайды немесе DNS - жоғарғы серверге рекурсия сұрау салуын алып бередi)

  • Жергiлiктi DNSтер - сервер; DNSтың қызмет көрсетуi үшiн қолданылады - жергiлiктi машина атқарушы клиенттер. Бұл DNS кэш жасайтын сервердiң бiр түрлерi iс жүзiнде жергiлiктi қосымшалардың қызмет көрсетуi үшiн кескiнделген.

  • Қайта бағыттайтын DNS - сервер; рекурсия сұрау салуларын түрде жоғарғы кэш жасайтын серверге алған рекурсия сұрау салу қайта бағыттайтын сервер (forwarder, iшкi DNSтер ағылшынша - сервер). Кэш жасайтын DNSқа жүктемесiнiң төмендетуi үшiн көбiнесе қолданылады - сервер.

  • Түбiрлiк DNSтерi - сервер - түбiрлiк аймағына авторитативным болатын сервер. Жиi қолданылатын түбiрлiк серверлерiнiң жинағы 13 даналардың әлемiнде, олардың домен аттары root-servers.netтың аймақтарында болады және a.root-servers.net, m.root-servers.netтың b.root-servers.netтар деп аталады, m.root-servers.net. Нақтылы кескiндерде болуы мүмкiн жергiлiктi түбiрлiк серверлерiнiң күйге келтiруiн ахуал жергiлiктi жүйедi.

  • Есепке алатын DNSтар - сервер. Қолданушыларданғы динамикалық жаңарту қабылдаушы сервер. DHCPмен жиi сәйкес келедi - сервермен. Microsoft DNSтерге - серверi доменiнiң контроллерiнде жұмыс iстегенде серверi DNS - есепке алатын сервердiң тәртiбiнде ат және IP компьютердiң сәйкестiгi туралы мәлiметтiң доменнiң компьютерлерiнен қабылдай және доменнiң осы аймақтары ол сәйкес жаңарта жұмыс iстейдi.

  • DNSBL - (мекенжайлар және аттардың қара тiзiмдерi бар серверi) сервер. үстiрт, мұндай сервер DNSтың иерархиясына кiрмейдi, дегенмен жұмыс, DNSтың несi үшiн тетiк және хаттама сол қолданады - сервер.

21-Сурак

1.Интернет тарихы компьютерлік құрылғылар жұмыс жасай бастаған уақыттан басталады (1950-1960 жылдар аралығы). 1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access).[11] 1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.[12] 1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық трафигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды. Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.[13] 1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.[14] 1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.[15] Қазіргі кезде Интернет желісіне тек қана компьютерлік желілерден бөлек, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.[16] 2.Интернетте жақсы жұмыс істеу үшін, оның құрылысын білу онша қажет болмайды. Бірақ интернет жұмысы және пайдаланылатын терминдер туралы біршама білу керек. Бұл жағдай интернетті тезірек меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез-келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді. Ақпараттық сервер дегеніміз — қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар, т.б. мәліметтер сақталады. Торапқа қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын адрес (ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде

22-Сурак

Провайдер – ағылшын тілінен алынған, жеткізуші деген мағына береді. Провайдер деп – бұл ұйым мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания. Біздің қаламызда немесе аймағымызда қандай провайдер жұмыс істейтінін прессалардағы жарнамалардан білуге болады. провайдер таңдауда, оның қызметін сипаттайтын мынадай мәліметтерге сүйенуге болады:

—Қостырудың бағасы, төлем ақысы ай сайын немесе сағатына, айлық абонент төлемінің көлемі немесе интернеттегі бір сағаттық жұмыстың бағасы.

—Басқа арналарға қосатын өткізуші тәсілі, бірінші кезекте шетел провайдерлерімен, әлемдік қорларға қатынауды қамтамасыз етеді. Арнаға жүктеудің деңгейі. Өткізу тәсілі жоғары болса, жүктеу деңгейі төмен болады да, байланыс сапалы шығады.

—Провайдердің шеттетіл222ген қосылудың серверіне қостыратын телефон желісінің ТАС сапасы.

—Провайдер модемдерінің жүктемелерінің өлшемі немесе шеттетілген қосылу серверінің модеміне жедел түрде байланыс жасау жолы.

—Қостыру кезіндегі әртүрлі уақыттағы жеңілдік тарифтерінің болуы.

—Қолданушыларға техникалық көмектің деңгейі, консультация алу, білім беруді ұйымдастыру және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]