Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lek № Интернетте акпаратты коргау.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆
    1. Bluetooth жүйелеріндегі қауіпсіздік

Bluetooth жүйесінің істегі радиусы 802.11 желілерінің радиусына қарағанда біршама қысқа болып келеді, сондықтан бұзушы, ғимарат алдында қойып кеткен машинасының ішіндегі ноутбук арқылы, шабуыл жасай алмайды, алайда, бұл жерде де қауіпсіздік туралы сұрақ маңызды болып келеді. Мысалы, Алисаның компьютері Bluetooth стандартындағы өткізгіштігі жоқ пернетақтамен жабдықталған делік. Егер қорғаныш жүйесін орнатпаса, он-да көрші офисте отырған Труди ешқандай қиындықсыз Алисаның почта арқылы алған мағ-лұматын оқи алады. Әрі қарай біз осы схеманың негізгі ерекшеліктерін қарастырамыз.

Bluetooth-дің қорғаныш жүйесі үш режимде жұмыс істей алады, ол толық әрекетсіздік-тен басталып мәліметтерді жаппай шифрлеумен аяқталып және бүтіндік бақылауын қамта-масыз етеді. 802.11 жағдайындағыдай егер қорғаныш жүйесі сөндірулі тұрса, онда ешқандай қауіпсіздік туралы айтудың керегі жоқ . Қолданушылардың көбі қорғаныш жүйесін қатты күрсіл болмайынша қоспайды. Оған ауылшаруашылық мысалын айтуға болады: ат қораның есігін тек ат жоғалғаннан кейін ғана жабады.

Bluetooth қауіпсіздікті бірнеше деңгейде қамтамасыз етеді. Физикалық деңгейде жиі-ліктің секірмелі ауысулары қолданылады, бірақ микрожүйеде пайда болатын қандайда бір құрылғы болмасын, жиіліктің секіру тізбегін білу керек, сірә, бұл тізбек жасырын емес. Ақ-параттың нағыз қорғанышы, қайтадан келіп бағындырылған құрылғы, бағыттаушы құрыл-ғымен байланысу үшін канал сұрауға тырысқан кезде, байқала бастайды. Екі құрылғы да алдын ала орнатылған жабық кілтті қолданады деп жобаланады. Кейбір жағдайларда ол құ-рылғылардың екеуінде де тігіледі (мысалы, бірге сатылатын гарнитурда және ұялы теле-фонда). Ал басқа жағдайларда құрылғыларды біреуінде кілт тігілген (мысалы, гарнитурда), ал кездесетін құрылғыда (мысалы, ұялы телефонда) қолданушы кілтті өзі ондық сан ретінде қолмен енгізу керек. Осындай типтегі жалпы кілттер қандай құлыпты болсын аша ала-тын аспап деп аталады (отмычка).

Канал орнатар алдында бағынатын және басқаратын құрылғылар, оларда қандай құлып-ты болсын аша алатын аспап бар ма екенін анықтау керек. Егер жауап қанағаттанарлықтай болса, онда олар канал қандай болатындығына келісу керек: шифрленген және бүтіндік ба-қылауы бар, әлде тек шифрленген және тек әлде бүтіндік бақылауы бар. Содан кейін 128-разрядті сеанс кілті таңдалады, ондағы кейбір биттер көпшілік қолды болуы мүмкін. Мұндай босаңдық , әр түрлі мемлекеттер үкіметі арқылы және экспортқа тыйым салатын және кілттерді қолдануға , бұл кілттердің ұзындығы оған қарағанда үлкен, ал ол үкіметті бұзуы мүмкін, шектеулі жүйелер мақсатына сәйкес жасалған.

Шифрлеу Е0 ағымдық шифрды қолдану арқылы орындалады, ал бүтіндік бақылауы—SAFER+ -ті қолдану арқылы орындалады. Мынау да, анау да симметриялық кілттері бар дәстүрлік блоктік шифрлерді білдіреді. SAFER+ -ті AES- те қолдануға тырысты , алайда, осы ойдан тез бас бұрды, үйткені, ол басқаларына қарағанда өте баяу жұмыс жасайды. Bluetooth-да жұмыс істеу AES шифрі таңдалғанша дейін бітірілді; кері жағдайда, мүмкін, Rijndael алгоритмі қолданылатын еді.

Ағымдық кілтті қолдану шифрация процесі 8.12- суретте көрсетілген. Мұнда, ашық текст 2 модуль арқылы ағымдық кілтпен қосылатындығы көрініп тұр. Нәтижесінде шифр-ленген текст алынады. Өкінішке орай, Е0 алгоритмі RC4 сияқты әлсіз. Кітаптың жазылу моментінде ол әлі бұзылмағанына қарамастан, оның А5/1 шифріне ұқсастығы барлық GSM- трафик қауіпсіздігінің құлауына себеп тигізуі, көңілсіз ойларды алып келеді.

Bluetooth қауіпсіздігінің тағы да бңр проблемасы, ол жүйе қолданушыларды емес, тек құрылғыларды идентифицирлеуінде. Ал ол мынаны білдіреді: bluetooth құрылғысын ұрла-ған ұрлықшы құрбан болушының финанстық және т.б. счетына кіре алады. Соған қарамас-тан, Bluetooth қауіпсіздігінің жүйесі жоғары деңгейде жабдықталған, әсіресе егер PIN- код енгізілсе.

    1. WAP 2.0 қауіпсіздігі

WAP құрушыларының форумы ,WAP 1.0 стандарты үшін ойластырылған стандартты емес протоколдарының стекінен сабақтарды алғанын мойындау керек. Бірінші нұсқаға қара-ғанда WAP 2.0 барлық деңгейде стандартты протоколдармен сипатталады. Ол қауіпсіздік сұрақтарына да қатысты. IP- ді тірек етіп, ол Ipsec-тің ,желі деңгейінде барлық мүмкіндік-терін қолдайды. ТСР байланысты транспорттық деңгейі TLS IETF стандартымен қорғауға болады. Ал көп жоғары деңгейде RFC 2617 идентификациясы қолданылады. Қолданбалы деңгейдің кітапханасы бақылау бүтіндігін және жалған ақпаратты табуды қамтамасыз етеді. Соңғы нәтижеде WAP 2.0 белгілі стандарттарда негізделгеннен қорғаныш қызметтері : құ-пиялылық , идентификация, жалған ақпаратты табу сияқтылар 802.11 мен Bluetooth-ге қара-ғанда анағұрлым жақсы жұмыс жасайды.

  1. - Бөлім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]