- •1.Вирустардың жалпы түсінігі
- •1.1.Компьютерлік вирустар классификациясы
- •Компьютерлік вирустар классификациясы
- •1.2.Бүлінген және вирус жұққан файлдар
- •Бірден орындалатын файлдар
- •Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы.
- •3.Құрылғылар драйверлері
- •Өздігінен өрбитін вирустар.
- •2.Вирустар және олардың түрлілігі
- •2.1.Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі
- •5. "Көрінбейтін" және өздігінен өрбитін вирустар
- •"Көрінбейтін" вирустар
- •2.2.Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері
2.2.Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері
Компьютерлік вирустар "таза" компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады.Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.
Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файлдар құрамына енсе де іске кіріспей, біраз уақыт тым-тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты "инкубациялық мезгіл" деп атайды. Бұл мезгіл аралығында олар екпінді күйде файлдар арасына таратылып, зақым келтіруді белгілі бір уақыт мөлшері өткен соң немесе ол өзін-өзі белгіленген мөлшерде көбейтіп болған соң ғана бастайды.
Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:
— информацияны қорғаудың жалпы шаралары — дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;
— профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;
— вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізгі екі түрі белгілі.
1. Информацияның көшірмесін алып отыру — файлдарды және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.
2.Керекті информацияңызды басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою — ол информацияны рұқсатсыз (санкциясыз) көшіріп алуды, яғни программамен дұрыс жұмыс істемейтіндерден және қателігі бар программалардан қашық жүруді және мәліметтерді өзгертуді, вирустар енгізуді болдырмауды қамтамасыз етеді.
Жалпы информацияны сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастау керек.
Мұндай программаларды бірнеше түрлерге бөлуге болады: детекторлар, докторлар (фаг-программалар), ревизорлар (файлдардағы және дискінің жүйелік аумақтарындағы өзгерістерді бақылайтын программалар), доктор-ревизорлар, сүзгі-программалар (вирустан сақтайтын резиденттік программалар) және вакциналар (иммунизаторлар).
Вирустардың әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізгі топқа бөлуге болады:
— файл мәліметтерінің бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;
— программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар;
— вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.
Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирус-тық (вирусқа қарсы) программалар деп аталады.
Детектор-программалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.
Фагтар немесе доктор- программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус программасының тәнін жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін файлдарды «емдеуге» кіріседі. Фагтардың ішінде полифагтар, яғни вирустардың көп мөлшерін жоятын д октор-программалары ерекше. Ең кең т аралған полифагтар Aidstest жасаушысы – д. Лозинский, Scan, Norton AntiVirus және Doctor Web жасаушысы – И. Данилов программалары болып табылады.
Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен
салыстырып о тырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің
экравизор- программасы кең таралған бұл программаны барлық оқу орындарындағы компьютерлерге орнату ұсынылған. Ол тек вирустардың активтілігін ғана емес, кейбір оқушылардың зиянды әрекеттерін де (оқытушылардың тиісуіне болмайтын файлдар мен қапшықтардыжылжытуын, өшіруін, жазуын) бақылауға мүмкіндік береді.
Фильтр-программалар немесе «күзетшілер» - ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады.Қандай да бір программа осындай әрекеттерді орындамақшы болғанда, «күезтші» хабарлама жібереді, ал пайдаланушы тиісті операцияны орындауға рұқсат береді немесе тыйым салады. Файлдардағы мәліметтердің белгілі бір сипаттамаларын есте сақтайтын антивирустік программалардың негізгі жұмысы — сол файлдардың жаңа сипаттамаларын бұрын белгіленіп жазылып қойылған мәндермен салыстырады. Егер файл ішіне вирус енсе, онда олар бір-біріне сай келмейді де, программа ол туралы экранға ескертпе хабар шығарады. Осы тәсілмен бұрын белгісіз жаңадан шыққан вирус түрін де анықтауға болады. Бірақ бұрын белгіленіп жазылып қойылған сипаттамаларды вирустан мұқият сақтау қажет. Ал кейде сол сипаттамалардың өзгеруі вирустың әсерінен емес, тексергеннен кейін өзіңіздің өзгертуіңізден де болуы ықтимал. Оның үстіне, сіз тексеру сипаттамаларын жазу кезінде компьютерде вирус жоқ екеніне сенімді күйде болуыңыз қажет, әйтпесе бұл тәсіл дұрыс нәтиже бере алмайды.
Сондай-ақ, бұл программалардың тағы бір кемшілігіне тексеруге көп уақыттың кетуі мен бақылау сипаттамаларының файл көлемін шектен тыс үлкейтетінін жатқызуға болады. Оған қоса, ол мәліметтерді көшіру немесе аттарын өзгерту қажет болса, тағы да сипаттамаларын өзгертіп жазу керектігі түсінікті шығар.Вирусты көбеймей тұрып, оның өмірінің ең алғашқы сатысында табуға мүмкіндік береді, бірақ олар файлдар мен дисктерді «емдемейді», сондықтан вирустарды жою үшін фагтарды қолдану қажет болады. Вирустардан қорғайтын программалық құралдардан басқа винчестердің белгілі бөлімдерін сенімді қорғауды қамтамасызданатын тағы арнайы қосымша құрылғылар болады. Мұндай құрылғыға Ю. Фомин жасаған Sheriff платасы мысал болып табылады.
Детектор-программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.
Доктор-программалар немесе "фагтар" вирус жұққан программалар мен дискілерді "вирус" әсерін алып тастау, яғни "жұлып алу" арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді.
Ревизор-програмалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.
Доктор-ревизорлар — доктор-программа мен ревизорлар арасынаан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде "емдеп" бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.
Сүзгі программалар — компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.
Вакцина-программалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысына етпей, оларды вирус "жұққан" сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес. 20
Ең көп тараған антивирус - Д.Лозинскийдің Aidstest: программасы. Ол әрбір жаңадан шыққан вирустан хабардар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап, үнемі өзгертіліп отырады.Бұл программаны пайдаланып компьютерді вирустардан сақтау үшін жиі-жиі дискілерді (мысалы, с:) мынадай командамен тексеріп отыру керек: аіdstest с:
Ал егер компьютерде вирус бар деген күмән болса, онда оны мына командамен емдеу қажет:
аіdstest с:/f
Тек программалық файлдарды ғана емес, қалған мәліметтерді де түгел тексеру үшін мына команда орындалады:
аіdstest с:/f/g
Бұдан басқа И.Даниловтың қуатты полифаг-антивирустар тобына жататын Doctor Web программасы да жиі қолданылып жүр, оның бұрынғы нұсқаларын іске қосу үшін web c: /f жолын пайдалану қажет немесе соңғы шыққан нұсқаларын drweb командалық жолы арқылы программалық ортаға кіріп, меню жүйесі бар терезеде қандай дискілерді, қалай тексеретінімізді енгізіп, оның бар мүмкіндігін (Ғ1 пернесі - көмекші мәлімет ала отырып) толық қолдана аламыз.
Вирустардың жаңа түрлері күнбе-күн пайда болып жатыр, сондықтан антивирустық программалардың да тексеру-емдеу қабілеттері жоғары соңғы шыққандарын қолданған дұрыс болатыны түсінікті шығар.
Компьютерге вирус енгенін сезсеңіз, мына ережелерді мұқият орындаған абзал:
1. Алдымен аспай-саспай, ойланып іске кіріскен жөн екенін ұмытпаңыз.
2. Дегенмен, бір әрекет бірден орындалуы керек - вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компьютерді бірден өшіру қажет.
3.Егер компьютерге "жұққан" вирус түрін емдей алатын детектор-программаларыңыз болса, дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосыңыз.
4.Біртіңдеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу қажет.
5.Егер дискідегі барлық файлдарыңыздың архивтік көшірмелері болса, онда дискіні қайта форматтап, мәліметтеріңізді бұрынғы қалпына келтіруге тырысыңыз.
Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:
1.Информацияны әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау.
2.Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.
3.Вирустан "емдеу аспаптарын" дайындап қою.
