Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МетСЭБУ-5каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
262 Кб
Скачать
☆

1.3 Тұтандыруды қбж көмегімен басқару

Қозғалтқыштың күштелуі, иінді білігінің айналыс жиілігі, температурасы және дроссельдік қақпақтың жағдайы туралы берілгендер электронды басқару блогына (ЭББ) беріледі де, онда есте сақтау картасындағы бар берілгендермен салыстырылады (сурет 1) Бұл картада қозғалтқыштың жұмысының әр режиміне тұтандырудың озу бұрышының оптималды мәні келтірілген. ЭББ озу бұрышын және тұйықталу бұрышын анықтап күшейткішке сигнал береді, күшейткіш қажет уақыт сәтінде тұтандыру катушкасының теріс шығуын ауыстырып жалғайды (сурет 2).

Тұтандырудың озу бұрышын басқару үшін басқару блогына қозғалтқыштың иінді білігінің айналыс жиілігінің датчигінен импульс беріледі. Датчиктердің ақпаратын өңдеу иінді біліктің бір айналу уақытында жүзеге асырылады. Басқару блогы әр бағдарламадағы екі жақын нүктелер аралығындағы мәндерді таңдайды да отын беруді және тұтандыруды озу бұрышын басқаратын сигналдар береді. Басқару блогының есте сақтау құрылымында қозғалтқыштың тұрақталған және тұрақталмаған жұмыс режимдері үшін оптималды сипаттамалары орналастырылған.

Отын бүрку мен электроника құралдарының тұтандыруының өзара байланысқан басқарылуы үлкен дәрежеде озу бұрышының басқару бағдарламасын оптималды мәніне жақындату мүмкіндігін туындатады.

а – микропроцессорлық тұтандыру жүйесі;

б – центрдентепкіш- вакуумды автоматты жүйесі

Сурет 1 – Әртүрлі басқару жүйелері үшін тұтандырудың озу бұрышының диаграммалары углов опережения зажигания для различных систем управления

Әдеттегі түйіспелі тұтандыру жүйелерінде ұшқынның туындауы үшін тұтандыру катушкасының орамының орамының жермен жалғастырылуын ауыстырғышты басқару пайдаланылады.

Электронды тұтандыру жүйесі дәл осылай жұмыс орындайды. Әдетте бұл жүйелерде беретін генератор және күшейткіш болады. Генератор қажетті уақыт сәтінде күшейткішке импульс беруді қамтамасыздандырады, ол өз кезегінде біріші орамды жерге қосылуын ажыратады. Беру генераторы ретінде бөлістіргіштің ішінде немесе сермермен қатар орналастырылған тұрақты магнитті индукциялық датчик болуы мүмкін. Одан басқа Холл датчигі қолданылуы мүмкін (сурет 2, 3).

Сурет 2 – Холл генераторлы электронды тұтандыру жүйесінің типтік сұлбасы

Транзисторды ауыстыра қайта жалғау үшін импульс кернеуі өте аз болғандықтан, ол күшейтілуі тиіс. Ол үшін кернеу күшейткіші арналған, сонымен қатар транзисторды ауыстыра қайта жалғайды. Сонымен күшейткіш бірінші орамды қосады (бұл жағдайда магнит полесі өседі), ал содан кейін ажыратады. Бұл жағдайда магни ағыны жоғалады, ал екінші орамда ұшқын туындатуға жеткілікті кернеу пайда болады. Тұтандыру жүйесінің күшейткіші іс жүзінде электронды кілт қызметін атқарады. Кейбір жағдайларда оны электронды коммутатор деп те атайды.

Сурет 3 – Бөлістіргішті тұтандыру жүйесі

Тұтандыру катушкасын қызудан қорғау үшін арнайы сұлба қолданылады, ол тұтандыру жүйесі қосылып, қозғалтқыштың иінді білігі айналмағанда шамамен 1 секунд уақыт өткеннен кейін бірінші орамды ажыратады. Бұдан басқа күшейткіште тұрақты энергияны қолдау үшін ток шектегіші қарастырылған.

Тұтандырудың бұрынрақтағы электронды тұтандыру жүйелерінде (сурет 3) бөлістіргіштің функциясы әдеттегі жүйелердегідей қалды. Озу бұрышын корректирлеу механикалық немесе (және) вакуумдық құрылымдармен жүзеге асырылды. ҚБЖ- ның дамуымен озу бұрышын коррекциялау құрылымы бөлістіргіштен алынып, ҚБЖ- ның өзіне орнатылды. Қазіргі заманғы бөлістіргіштер тұтандырудың екінші тізбегінің (жоғарғывольтті) компоненттерін ғана сақтаған және жоғарғы кернеуді тұтандыру катушкасының екінші орамынан цилиндрлердің жұмыс ретіне сәйкес білтелерге бөлістіруге арналған.

1.4 Тікелей тұтандыру жүйесі (ТТЖ) – бөлістіргіщсіз

Бөлістіргіштен бас тартуға екі себеп болады.

1) Тұтандыру катушкасындағы энергия қоры бөлістіргіштегі және білтедегі саңылаудан өтетіндей, сонымен қатар белгілі уақыт аралығында жеткілікті қуатты ұшқынды қамтамасыздандыратындай болуы тиіс. Бөлістіргіштегі саңылаудан өту үшін 10 кВ- тан кем болмайтындай шама қажет. Бөлістіргішті пайдаланбағанда бұл энергияны үнемдеп және оны пайдалы қолдануға болар еді (сурет 4).

2) Ең жиі кездесетін тұтандыру жүйелерінің ақауларына бөлістіргіштің қақпағы мен ротордың сынуын жатқызуға болады. Бұдан басқа ақаулы бөлістіргіш радиоқабылдағыштарға кедергі келтіреді..

Бөлістіргішті қолданбай тұтандыру білтелерін жұптап жалғағанда тұтандыру катушкасының энергиясын ұшқынның қуаты мен ұзақтығын ұлғайтуға қолдануға мүмкіндік туындайды. Екінші білтедегі ұшқынды қолдау үшін 3кВ- қа жуық шама қажет, бірақ бұл мән бөлістіргіштегі саңылауды өтуге қажетті жоғалтылған энергиядан әлдеқайда кіші.

Бұл жүйе ТТЖ деп аталғанымен әдеттегі тұтандыру жүйелерінің әсеріне ұқсас. ТТЖ- да (немесе зая ұшқынды жүйелерде) тұтандыру катушкасының екі шығуында екі білтеде біруақытта ұшқынның пайда болуын туындатуда қолданады. Бұл жүйені екі поршені бірдей төмен (жоғары) жылжитын қозғалтқыштарда ғана қолдануға болады.

Сондықтан 4- цилиндрлі қозғалтқышта екі жоғарғы вольтті шығулары болатын екі тұтандыру катушкалары қажет, ал 6- цилиндрлі қозғалтқыш үшін – үш тұтандыру катушкасы қажет.

Сурет 4 – Тікелей тұтандыру жүйесінің типтік сұлбасы

Бір цилиндрде ұшқын қысу ырғағының соңында берілуі қоспаны тұтандырады, ал екіншісінде шығару ырғағының соңында берілуі зая жоғалтылады. Әр катушка күшейткіштен(немесе ЭББ- дан) тәуелсіз қоректендіру алады. Бұдан басқа ЭББ мен күшейткіш арасында тұтандыру катушкасын басқаратын жеке тізбектер болады. Іс жүзінде ЭББ мен күшейткіш екі катушканы басқаруға арналған екі тәуелсіз тізбегі болады.

Сурет 5 – Жеке катушкалы тұтандыру жүйесі

1 және 4- ші цилиндрлер үшін озу бұрышын есептеу үшін тірек импульсін беру генераторы береді, ал ЭББ 2 және 3 цилиндрлер үшін тұтандыру сәтін есептеп шығарады.

Сонымен қатар әр цилиндрге жеке катушкалы тұтандыру жүйесі қолданылуы мүмкін (сурет 5), ол бір катушканың жұмысын бір білтемен қамтамасыздандырады.

ЭББ мен күшейткіш арасында тұтандыру катушкасын басқаруға арналған жеке тізбектер болады. Іс жүзінде ЭББ мен күшейткіш арасында тұтандыру катушкасын басқаратын көптеген тәуелсіз тізбектер болады.

1.5 ВАЗ автомобильдерінің тұтандыру жүйесі

Жүйеде тұтандыруды басқару контроллерден берілген электронды сигнал арқылы жүзеге асырылады. Тұтандыруды дәл басқару үшін контроллер келесі иінді біліктің айналыс жиілігі (айналым), қозғалтқыштың жүктелуі (ауаның жаппай шығыны), салқындату сұйығының температурасы, иінді біліктің жағдайы, детонацияның болуы туралы ақпараттарды пайдаланады.

Иінді біліктің жағдайы датчигі (ИБЖД) тірек сигналын тұтандыру модулінде катушканың тізбекті іске кірісуін есептеу үшін нақты контроллерге береді.

1 – аккумулятор батарея;сы 2 – тұтандыруды ажыратқыш; 3 –тұтандыру релесі; 4 – тұтандыру білтесі; 5 – тұтандыру модулі; 6 – ЭББ; 7 – иінді біліктің жағдай датчигі; 8 беру дискісі; А – келістіру құрылымы