Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ №9 каз. диспонс.-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
141 Кб
Скачать
☆

«Астана медициналық университеті» ақ

№1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

№ 9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (7): 11 жасар қыз бала. Жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: майлы тамақтан кейін оң жақ қабырға астында болатын ауру сезімі және әр кезде болатын жүрек айнуы мен іштің кебуіне, іш өтуіне шағымданады. Тексергенде: терісінің сарғаюы жоқ, тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауыру сезімі бар. Кера, Мерфи, Ортнера симптомдары оң. Бауыры бойынша – қыры оң жақ қабырға доғасына жақын орналасқан. УДЗ жүргізілді: өт қапшығы мөлшері бойынша үлкейген, өттің іркілуі. Билирубин 5,0 мкмоль/л, АЛТ 13,59 и/е, АСТ 13,09 и/е. Жалпы қан анализі: лейкоциттер 7,0*109/л , т/1, с/50, э/2, м/6, л/31,ЭТЖ – 5 мм/ч.

№

Кезеңдері:

Іс әрекеттердің реттілігі

1.

Диагнозы

Өтқуықтың дисфункциялық бұзылыстары, гипотоникалық тип бойынша.

2.

Диагнозды негіздеу

Ауру синдромдары негізінде: (майлы тамақтан кейін оң жақ қабырға астында болатын ауру сезімі); диспепсия синдромы (жүрек айну, метеоризм, іш өту); Кера, Мерфи, Ортнера симптомдарының оң болуы; гепатит белгісінің болмауы (сарғаю синдромының болмауы, гепатомегалия, бауыр сынамаларының қалыпта болуы); УДЗ-де өт қапшығы мөлшері бойынша үлкейген, өттің іркілуі.

3

Емдік тактика

Диета – стол №5; күн тәртібі - жалпы; өт қапшығы тонусының қалыпқа келуін реттеу (элутерококк, жень шень, мотилиум); өт айдағыш дәрілермен емдеу (хафитол, холосас, аллохол); панкреатитті ферменттер (креон, мезим форте, панзинорм).

4.

«Д» бақылаудың ұзақтығы

Сонғы тексеруден бастап 3 жыл.

5.

«Д» бақылау кезіндегі тексерудің негізгі түрі

1 жылында: ауруханадан шыққаннан кейінгі 3-4 ай тағайындалған терапияны жалғастыру. Рецидивке қарсы ем жылына 2 рет (ем ұзақтығы болжамалы өршу сатысында аяқталуы тиіс). Элутерококк, жень -шень, мотилиум;хафитол, холосас, аллохол; креон, мезим- форте, панзинорм.

«Астана медициналық университеті» ақ

№1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

№ 9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (8): 2 жас 7 айлық науқас. Шағымдары : тәбеті төмен , тітіркеншілік, әлсіздік, қуырсақта ауырсынуы бар. Екі рет құсқан. Бала жиі ЖРВИ-мен ауырады. Қалпы жағдайы өзгермеген, тері және шырышты қабат бозғылт, көз аймағында көгерулер байқалады. Дене температурасы 38,9С.. Жүрек тондары анық, тынысы пуэрильды. Қарын жұмсақ, ауырсынуы жоқ. Диурез қалпында, тәулігіне 10-12 рет.

ЖҚА – Hb- 126 г/л , ЭТЖ 17 мм.час. Жалпы зәр анализі – белок – 0,66г/л, көру аймағында лейкоцит 12-16

№

Кезеңдері:

Іс әрекеттердің реттілігі

1

Болжам диагноз қойыңыз

жіті пиелонефрит, белсенді кезең, бүйрек қызметі сақталған

2

Диагноз дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет

  1. Нечипоренко зәр анализі

  2. Патологиялық Флораға зәрді себу

  3. Қан анализінің биохимиясы

  4. Урография

3

Ем тағайындаңыз ( препараттарды және олардың мөлшерін атаңыз)

  1. Төсек режим

  2. Сапасы толық тағам және сүйіктердің санын көбею

  3. Уросептиктер (нитрофуран препараттары, налидикс қышқылының препараттары, оксихинолиндер)

  4. Микроциркуляцияны жақсартатын препараттарды тағайындау (курантил, трентал)

4

Диспансерлік бақылау осы науқасқа қажеттілігін атаңыз

Жазылғаннан кейін 3 жыл бойы бақылауда болу керек

5

Вакцинация тәртібін атаңыз

жазылғаннан кейн егу календарь бойынша егулерді жүргізу