- •I. Sdh синхронды сандық иерархиясы
- •1.1. Sdh желісінің құрамы
- •1.2. Sdh жүйесін талдау
- •Sdh құрылу алғышарттары
- •II. Sdh мультиплексирлеу ерекшеліктері
- •Мультиплексор және демультиплексор
- •3.5 Функциональное описание
- •3.5.1 Синхронный линейный терминал slt4
- •Sdh мультиплексирлеудің рdh жүйесінен негізгі ерекшеліктері
Sdh құрылу алғышарттары
Қазіргі кездегі SDH желілі жабдығы жанұясы SL 1, SL 4 және SL 16 түйіндерінен тұрады. SL 1 желілі жабдығының хабар тарату аймағы ретінде көпмодалы және бірмодалы талшықты қолданса, ал SL 4 және SL 16 желілі жабдығы үшін бірмодалы талшықты қолданады.
SL 16 SDH желілі жабдығы иілгіш модалы жүйе және жергілікті, зоналық және магистральды желілерінде түрлі қолдануларда пайдаланылады.
SL жабдығы құрамына келесі өнімдер кіреді:
- SLT 16 аяқталған желілі жабдық;
- SLR 16 желілі регенератор;
- желілі жабдықты орналастыратын таған;
- басқару жүйесінің SMSW программалық қамтамасыздандырылуы.
Қызмет көрсету персоналымен жабдықтарды басқару және эксплуатация кезінде сатылымда бар кәдімгі терминалдар (дербес компьютер немесе жұммысшы станциялар) қолданылуы мүмкін.
SL 16 SDH желілі жабдығы синхронды цифрлы иерархия сигналдарымен қатар плезиохронды циифрлы иерархияның сигналдарын таратады.
Синхронды цифрлы иерархияның негізгі мінездемелері G.707-G.709 МСЭ-Т Кепілдемесінде анықталған. Қазіргі уақытта иерархияның келесі деңгейлері бар:
STM-1 155520 кбит/с
STM-4 622080 кбит/с
STM-16 2488320 кбит/с
STM-64 9953 Мбит/с
STM-синхронды транспортты модуль
Цифрлы сигналдардың негізгі структурасы өзіне октеттерді (байт, әр қайсысында 8 биттен) қосады. Циклдың периоды иерархияның барлық деңгейлеріне бірдей және 125 мкс-қа тең, циклдың ұзындығы байтта иерархия деңгейі жоғарлаған сайын өседі.
Цикл тақырыптан (цикл привязка сигналынан және қызмет көрсету хабарламасынан тұрады) пайдалы жүктемені орналастыру мекенінен және пайдалы жүктеменің өзінен тұрады. Егер синхронды желі үлестіргіш желі болып табылмаса, трактта кідірістің болуы желінің кіріс сигналының жиілігі ғана (бірақ фазасы емес) синхрондалған деген мағына береді. Олай болса, сигналдарды мультиплексорлаған кезде фаза/кідіріс подстройкасын құру керек. Плезиохронды жүйелерде бұл теңестіру процессі арқылы жүзеге асырылады. Алайда PDH жүйесінде тек қана оң теңестірулерді пайдаланса, ал, SDH жүйесінде оң және теріс теңестірулерді қолданады.
Секция тақырыптары регенерация секция тақырыбы (RSOH) және мультиплексорлау секция тақырыбы (MSOH) болып бөлінеді. RSOH 1-3 жолдарында, ал MSOH 5-9 STM-1 цикл тақырыбы жолдарында орналасқан.
RSOH сигналдары барлық регенераторлар мен мультиплексорларда тиімді. Бұл нүктелерде хабар ендірілуі немесе жойылуы мүмкін.
MSOH хабары мультиплексорлау секциясындағы аяққы мультиплексорларда қосылуы мүмкін. MSOH хабары регенераторлар арқылы өзгерусіз беріледі және SLR регенераторларында оқылуы мүмкін.
SL 16 синхронды желілі жабдығында секция тақырып каналдарын қолдану.
SOH секционды тақырып байттарын қолданатын арна, тақырып арналары деп аталады.
Синхронды желілі жабдықта STM-16 желілі сигналдарының STM-1 сигналының тақырып байттары қосымша арналарды өңдейтін интерфейс блоктарына және қызмет көрсету арналарына түседі.Қызметтік телефон байланысы арнасы блогы (DTE) және 1 F1 (ZR 11) арнасындағы Z F1 (STM 16) сигнал тақырыбына рұқсат берсе, ал F2 (OPF 2) тақырып өңдеу блогы-F2 (STM-1) компонентті сигналдар тақырыбына рұқсат береді. F1 желілі жағында қажет өткізгіштік қабілет STM-1 сигналының бір тақырыбымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан, желілі жақтан STM-1 сигналының тек бір тақырыбы қолданылады. F2 құраушы ағындар жағынан STM-1 барлық төрт сигнал тақырыбын қолдануға болады.
DTE және ZК 11 платаларының интерфейсі STM-1 бірінші сигналының тақырып шинасына қосылу; OPF 2 платасын қолдану жұмыстық терминалдан STM-1 сигналының он алтысынан төртеуіне рұқсатты қамтамасыз етеді.
Тақырып арналарының өткізгіштік қабілеті 64*n кбит/с-қа тең және тақырып байттарының көлемінен тәуелді, олар сәйкес арнаға сәйкестендірілген.
SL 16 желілі жабдығының таратушы ортасы ретінде оптикалық талшық
пайдаланылады. Оптикалық талшық G.652-G.653 МСЭ-Т Кепілдемесіне сәйкес келуі керек. Талшық дисперсиясы, G.652 Кепілдемесіне сәйкес 1300 нм диапазонына оңтайландырылған, ал G.653 Кеплдемесіне сәйкес талшық дисперсиясы 1150 нм диапазонына оңтайландырылған. Сонда да, G.652 Кепілдемесіне сәйкестелген талшықтар, екі диапазонда да қолданылуы мүмкін. SL 16 желілі жабдығының түйіндері 1300 нм диапазоны және 1550 нм диапазонында оптикалық платалардан құралған.
Суретте SL 16 желілі жабдығы базасы негізінде құрылған трактысының структурасы көрсетілген.
G.957 МСЭ-Т Кепілдемесіне сәйкес STM-16 сигналдарын тарату үшін NRZ (нольге қайта келмеу) желілі кодасы қолданылады.
Желілік регенераторда кіріс оптикалық сигнал электрлікке түрленеді, күшейеді, қайта өндіріледі және қайтадан оптикалық сигналға түрленеді.
Желілік регенератор қызметтік байланыс арнасына және де регенерация секциясындағы мәліметтерді тарату қосымша арналарына рұқсатты қамтамасыз етеді.
1300 нм диапазонында регенерация секциясындағы оптикалық кабельдің рұқсат етілген өшулігі 25 дб, ал 1550 нм диапазонында 27,5 дб шамасында.
Екі ақырғы пункттар арасында SL 16 регенераторының 48 орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл кездегі фазалық дірілдің қосылған үлкендігі рұқсат етілген мәнінен аспайды.
Үлкен ұзындықтағы таратушы тракттар регенерациялық секциялардың каскадты қосылуы арқылы ұйымдастырылуы мүмкін, олардың аяғында желілі аяққы құрылғылар қосылған.
AUX Қосымша каналдар
F1 F интерфейсі: 2488,320 Мбит/с, NRZ, СЦИ
F2 F2 интерфейсі: электрлік 155 Мбит/с СЦИ, немесе 140 Мбит/с ПЦИ
F(OT) Жұмысшы терминал интерфейсі
Qx, QDE Жүйені басқару жүйесінің интерфейсі (TMN)
SRL 16 СЦИ кодадағы желілі регенератор
SLT 16 СЦИ желілі терминал
T3 Синхронизация кірісі, (T3 шығысы- дайындық кезеңінде)
