Xcs платалары
Элементтің синхронизациясы және кросс-коннекторлар айналу режиміндегі XCS платаларымен іске асырылады. Яғни екі платалары да бір режимде жұмыс істеп, бірдей әрекеттерді орындайды. Егер бір плата істен шықса, онда автоматты түрде барлық жүктемені өзімен бірге алып кетеді. Платаның жалпы жұмысы 3.2 суретте көрсетілген. Көрсетілген блок схемадан кросс-коннекторлар платасы 128 STM-1 арнасын өңдеуге, яғни 32 STM-1 –ді түрлендіру арқылы локальді станция шығаруға болады. 2.2 сурет. Кросс-коммутатордың блок-схемасының жұмыс істеуі SCC платалары SCC платасы (System Control and Communication Unit) – басқару жүйесімен қосушы және бақылаушы плата. Бұл плата ақпараттармен алмасу, яғни желілік элемент басқару орталығынан қабылдап және таратып отырады, сонымен қатар бұл плата кіріс сигналдарды қабылдап, басқару орталығы мен басқару панелінде дұрыстайды. SCC платасының құрылымдық және функционалдық сұлбасы 3.3 және 3.4 суреттерде келтірілген. SCC платасы барлық мультиплексор платаларынан сигналдарды қабылдайды. DCC (data communication channel) жүйесімен басқару байты MS және RS секция жүйесінде есептелінеді. Процессормен байттарды талдап болғаннан соң сигналдар PMCU платасындағы сәйкес интерфейстерге беріледі: NM – жүйемен басқару, басқару орталығына T2000 транспорттық желісімен беріледі;
F&f – қолданушы арнасы;.
Alarm – ішкі сигнализацияға шығу;
OAM – телефонды қызметтік байланысқа қосу.
2.3 сурет – SCС жұмысының құрылымдық сұлбасы. Сурет 2.4 – SCC платаларының жұмыс істеуінің функциональды сұлбасы.
Bpiu қоректендіру блогы
OptiX Metro 3100 мультиплексорының корпусының барлық элементтері BPIU блогынан қоректендіріледі, яғни кіріс кернеуінен минус 48В-та жұмыс істейді. Қоректендіру блоктары әртүрлі қоректендіру көздерінен 1+1 режимінде жұмыс істейді. Егер бір корек көзі істен шыққан жағдайда екіншісі арқылы қоректене береді. BPIU қоректендіру блогымен бақылау немесе басқарудың сұлбасы 3.5 суретте көрсетілген. 2.5 сурет. BPIU платасының жұмыс істеу сұлбасы Авариялар төрт диапазон бойынша бақыланады:
Кернеу 38,4В жоғары, ал 42В кіші болғанда бірінші диапазон;
Кернеу 38,4В кіші болғанда екінші диапазон;
Кернеу 60В жоғары, 72В кіші болғанда үшінші диапазон;
Кернеу 72В жоғары болғанда төртінші диапазон.
Pmcu платасы
PMCU платасы мультиплексордың жоғары қатарындағы 13 слотқа орналастырылып, қоректендіруді, температураны бақылап, SCC сигналдары қабылдап сигнализация панеліне жібереді және қызмет көрсетіліп отырған персоналға өзіне ішкі сигнализацияны орнатуына мүмкіндік береді.
Pdh платалары
Е1 арнасын таратуды іске асыратын платалар сериясынан жобаның іске асуы үшін PD1 платасына бірнеше себептер бойынша тоқтала өтеміз: біріншіден басқа PDH платаларымен салыстырғанда бұл плата 32 – Е1 арна саны аз, екіншіден көптеген станцияларда соның ішінде шығарылатындарында үлкен ағын саны қажет етілмейді. Е1 интерфейсінің платасының функционалды модулі 2.6 суретте көрсетілген. 2.6 сурет. Е1 интерфейсінің функционалды модулі Бұл суретте тізбектелген процестердің қатары қарастырылған. PPI – физикалық интерфейсі, LPA – бейімделудің төменгі деңгейі, LPT – аяқталудың төменгі деңгейі, HPA – бейімделудің жоғары деңгейі. Физикалық деңгейде біз C-12 деңгейлі контейнерін аламыз. Төмен деңгейлерінде VC-12 дейін байттар қосылады. Ал жоғары деңгейде виртуальді контейнердің TU-12 трибутарлы блокқа VC-4 виртуальді контейнерін тізбектей жіберу арқылы түрленеді. PDH платаларының барлық Metro 3100 жүйесімен өзара әрекеттілігінің сұлбасы 2.7 суретте көрсетілген. 2.7 сурет – Жалпы жүйе бойынша PD1, PQ1, PM1 платаларының өзара әрекеттілігі Ең алдымен HDB3 сызықтық сигналды кодтау/декодтау іске асырылады. Әрі қарай Е1 сигналын VC-4-ке сигналды қайта жіберу арқылы XSC блок матрицасында ерекшелеу/қосу әрекеті іске асырылады. Бұл процесте синхронизация блогымен қосу мүмкіншілігі бар, егер Е1 ағыны синхронизация көзі ретінде алынса. Сонымен қатар SCC платасының жұмыс мүмкіншілігі жайлы сұрастырылады. 2.8 суретте бұл процестерде қандай авариялар бақыланатыны көрсетілген.
