- •І бөлім. Кісі өлтірудің түсінігі және сипаттамасы.
- •Кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы
- •Б)Осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (қк 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы)
- •В) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен немесе кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру.( қк 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы)
- •Г) жүкті екендігі кінәліге белгілі әйелді өлтіру (қк – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «г» тармағы)
- •Д) Аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру. (қк – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «д» тармағы)
- •Е) Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (қк – тің 96-бабы 2-бөлігінің «е»тармағы)
- •Ж) Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлтіру.(қк 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағы)
- •З) Пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру (қк 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы)
- •И) Бұзақылық ниетпен адам өлтіру (қк 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағы)
- •Л) Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру. (қк 96-бабы екінші бөлігінің «л» тармағы)
- •М) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру.(қк 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағы)
- •Н) Бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру (қк 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы)
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- •Нормативтік құқықтық актілер:
Қорытынды
Мен осы бітіру жұмысымды жазу барысында адам өлтірудің ауырлататын жағдайларын зерттеп, тәжірбиеде кездесетін адам өлтіру қылмыстарының қалай сараланатынын анықтадым. Бұл өте қатігез қылмыс болғанымен, өмірде, біздің қазіргі заманымызда орын алуда.
Қазақстан Республикамыздың бұл қылмысты, әсіресе ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіргені үшін неғұрлым қатаң санкция белгілесе де, менім ойымша ол жеткілікті емес, менімен келісетін адамдар аз емес. Осыған орай шығарылған заңдар, бұл қылмысқа орай ауырлататын жағдайда адам өлтіру әрекетін дұрыс саралау үшін қаулылар қабылданып, студенттерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне адам өлтіру, жалпы адамзатқа қарсы қылмыстарды дұрыс түсініп, саралауға, заңи тұрғыдан бағалауға үйрететін әдебиеттер көптеп шыққанымен оның ішінде біздің отандастырымыз шығарған әдебиеттер санаулы ғана, әлі де кемшіліктер бар. Мен жеке өзім ҚР ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінде көрсетілген ауырлататын жағдайларға қоса, кінәлінің өзінің ата – анасын өлтірген қылмыс пен, жасөспірімдерді (мысал ретінде жас шегін көрсете отырып 5 жасқа дейін) балаларды өлтіру қылмыстарын жатқызатын едім. Себебі ата – анасын өлтіру бұл құлаққа сыйымсыз, адамгершіліктен жат, аморальдық әрекет. Көптеген шет мемлекеттерде (Болгария, Румыния, Франция және т.б.) мұндай қылмыс түрі қылмыстық кодкстерінде жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде енгізілген. Тіптен ғалым Н.С. Таганцевтің ерте замандағы елдердің қасақана адам өлтіру жайында зерттеген еңбектерінен бұл қылмыс Египет, Үндістан, Қытай, Рим, Иудей елдерінің заңнамаларында ең ауыр қылмыс деп танылғанын білуге болады1. Ата – анасын өлтірген адам, басқа адамды өмірінен айыру қолынан оңай келеді, бұл қоғамға қауіпті адам екендігін айқын көрсетеді. Сондай – ақ кішкентай балаларды, оларды періште деп те атауға болады, бұл адам өлтіру мүлдем кешірімсіз әрекет деп санаймын. Әрине бұл адам өлтіруде де әлі көптеген жағдайларды, кінәлінің ниетін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын анықтау қажет дегенмен де мен осы екі жағдайды қосатын едім. Жұмысты жаза келе көптеген ауылатылған жағдайда адам өлтіруге қатысты қылмыстық істермен, сот істерімен таныстым. Әсіресе осы қылмыс түрін саралау қиынға соғатынына көзім жетті. Мұнда ең бастысы әділеттілік қағидасын басшылыққа алып, сот алдында екі жақтан да таразыда адам өмірі тұрғанын ұмытпау керек.
Қылмысқа квалификация жасауды құқық қорғау органдарының қызметінде аса жауаптылықпен қарайтын жұмыс ретінде бағалау керек, әсіресе осы өмірге қарсы қылмыстардың ішінде қасақана адам өлтіру. Өйткені қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қылмыстық заңның баптарын дұрыс қолданбағанда, адамның іс - әрекеттері басқа қылмыс ретінде бағаланып, жауаптылық дұрыс белгіленбейді және мұның салдары жаза тағайындау кезінде байқалып қылмыскер өзі жасағаннан жеңіл немесе ауыр қылмыс үшін жауаптылыққа тартылған болып шығады.
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыруды мақсат тұтады. Құықтық мемлекет қашанда қоғамдағы елеулі деп танылатын қоғамдық қатынастарды заң жүзінде реттеумен айналысып ғана қоймай, ол сонымен бірге құқықтық қатынас субъектілерінің міндеттері мен құқықтарын белгілеп, заң нормаларын дұрыс, әрі тиімді қолдану жолдарын арттыруы қажет және олардың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етуі керек. Құқықтық мемлекеттің мұндай қағидалары әсіресе қылмыс жасады деген себеппен жауаптылыққа тартылған адамдарға қатысты ерекше мағынаға ие болады. Өйткені Қазақстан Республикасыда әлемдік өркениеттердің қатарына қосылу және адамгершілік қағидаға басымдық беру үшін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және оны қамтамасыз етуді мақсат етеді. Мұндай қағиданың сақталмауы ауыр салдарға соқтыратын және адамның тағдырына әсер ете алатын болмыс, қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданбау болып табылады.
