- •Реферат
- •Мсак-ты жетілдіру:
- •Мамандандырылған медициналық көмекті дамыту
- •Стратегиялық жоспарлаудың, басқарудың, қаржыландырудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын енгізу:
- •Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру:
- •Медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі:
- •Қолданылған әдебиеттер:
Медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі:
Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін диагностикалық, емдік, оңалту жəне профилактикалық қызметтерді ұйымдастыру мен көрсетудің қазіргі заманғы технологиялары енгізіледі, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі (нақты ауруларда немесе патологиялық жағдайларда) дəлелдеу медицинасының қағидаттарына сəйкес расталады. 69 Медициналық ұйымның деңгейінде сапаны басқару жүйесі жетілдіріледі жəне клиникалық практиканың сапасын арттыру мен медициналық технологияларды бағалау (стандарттау, дəлелдеу медицинасының қағидаттарын енгізу негізінде) жүйесін енгізу, сервисті дамыту жəне бағдарланған технологиялар-пациент бойынша жұмыс жалғасатын болады. Медициналық көмек сапасының сыртқы аудиті жетілдіріледі. Қазіргі заманғы сапаны басқару технологияларын енгізудің қисынды жалғасы денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу жалғастырылады. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу ұлттық стандарттар негізінде, ал кейіннен халықаралық стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ медициналық көмек сапасының халықаралық жəне ұлттық стандарттарын сақтауды қамтамасыз ететін жəне пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілер жетілдірілетін болады.
Медициналық қызметтің сапасын жəне қауіпсіздігін басқару тетіктерін жетілдіру: денсаулық сақтаудың ұлттық стандарттарын əзірлеу жəне енгізу; көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын басқарудың аурухана ішіндегі, сапаны үздіксіз жақсарту қағидаттарына негізделген, жүйесін (CQI) енгізу; клиникалық нұсқауларды, диагностикалау мен емдеу хаттамаларын жетілдіру, оларды қолдану тиімділігінің мониторингі жүйесін енгізу; халықаралық қағидаттарға негізделген медициналық ұйымдарын ұлттық аккредиттеуді дамыту; халыққа денсаулық сақтау ұйымы қызметінің тиімділігі туралы ақпарат беру жүйесін əзірлеу жəне енгізу; пациенттер мен қоғамдастықтың əлеуетін арттыру жəне жалпы денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту процесіне қатысуын көтермелеу; денсаулық сақтау ұйымы қызметін ішкі жəне сыртқы аудит нəтижелері негізінде рейтингілік бағалау жүйесін əзірлеу; аккредиттелген тəуелсіз сарапшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.
Медициналық этика, деонтология жəне пациенттер құқықтарын қорғау институтын дамыту: барлық деңгейде халықаралық этика қағидаттарын енгізу жəне этика комитеттерін құру; медицина қызметкерлері мен пациенттер құқығын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; дəрігер қателіктерін олардың жіктегішімен жəне пациенттердің денсаулығына зиян келтірудің ауырлық деңгейімен дербестендіру (анықтау) жүйесін құру жəне енгізу; 70 пациенттердің құқықтарын регламенттейтін ақпаратқа қол жеткізуді арттыру; ТММКК шеңберіндегі қызметтер тізбесін қосқанда отандық медицина ұсынатын əртүрлі ауруларды емдеудің, профилактиканың тиімді əдістері жəне мүмкіндіктер туралы халықты ақпараттандыру.
Қолданылған әдебиеттер:
Голухов В.Н. Оценка экономической эффективности здравоохранения: Экономика здравоохранения 2000; (1):36-40.
Григорьев К.И., Пилюгин В.В. Организация здравоохранения в России. Аналитический обзор. Москва: Медицина и здравоохранение; 2005. 35 с.
Лебедев А.А., Гончарова М.В., Серебрянский О.Ю., Лебедев Н.А. Инновации в управлении медицинскими организациями. Москва: Литтера; 2010. 172 с.
Линденбратен А.Л. Современные очерки об общественном здоровье и здравоохранении. Москва: Медицина; 2005. 84 с.
Лисицын Ю.П., Акопян А.С. Панорама охраны здоровья, реструктуризация медицинской помощи и нерешенные вопросы приватизации в здравоохранении. Москва: Медицина; 2008. 287 с.
