Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2002.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610 Кб
Скачать
☆

Қазақ әдебиеті

1. «Алтын сақа» ертегісінде жанынан қорыққан байдың жалмауызға бермек болған нәрсесін атаңыз.

A) Алтын сақасын.

B) Жалғыз баласын.

C) Жылқысын.

D) Дүниесін.

E) Жанын.

2. ’’Шөк!’’ деп қандай малға айтылатынын анықтаңыз.

A) Жылқыға.

B) Сиырға.

C) Түйеге.

D) Қойға.

E) Ешкіге.

3. Махамбеттің "Мұнар күн" өлеңі кімге арналғанын табыңыз.

A) Жәңгір ханға.

B) Баймағамбет сұлтанға.

C) Бекмахамбетке.

D) Исатайға.

E) Зұлхарнайынға.

4. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.

A) 1865 ж. Қостанайда.

B) 1863 ж. Ырғызда.

C) 1866 ж. Омбыда.

D) 1865 ж. Орынборда.

E) 1864 ж. Торғайда.

5. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.

A) «Жасымда ғылым бар деп...»

B) «Қалың елім, қазағым...»

C) «Интернатта оқып жүр».

D) «Әсемпаз болма әрнеге».

E) «Ғылым таппай мақтанба».

6. «Сен ғылымға» өлеңінің авторын белгілеңіз.

A) Мұхтар Шаханов.

B) Олжас Сүлейменов.

C) Міржақып Дулатов.

D) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

E) Мұқағали Мақатаев.

7. ’’Еркі желдің еркінде,

Ел емес едім, ебелек...

Көшерді жел, қонарды

Сай білді, жүрдім дөңгелеп’’- деген шумақ І.Жансүгіровтің қай шығармасынан алынғанын анықтаңыз.

A) ’’Жетісу суреттері’’.

B) ’’Ұлы күн’’.

C) ’’Октябрь екпіні’’.

D) ’’Ұштасқан үш тілек’’.

E) ’’Гималай’’.

8. Найман-Ана аңызындағы (Ш.Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз.

A) Сарыөзекте.

B) Ыстықкөлде.

C) Таразда.

D) Ош оймағында.

E) Шекер ауылында.

9. Б.Момышұлының шығармасын табыңыз.

A) «Адам тағдыры».

B) «Қаһарлы күндер».

C) «Тірілер мен өлілер».

D) «Қарға тамған қаны».

E) «Жонарқа».

10. Өте ертеде пайда болған көне жырды белгілеңіз.

A) «Ер Тарғын».

B) «Қамбар батыр».

C) «Арқалық батыр».

D) «Алпамыс батыр».

E) «Қобыланды».

11. ’’Балталы, Бағаналы ел, аман бол!

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол! ’’

Қоштасу өлең қай жырдан алынғанын белгілеңіз.

A) ’’Айман - Шолпан’’.

B) ’’Қозы Көрпеш - Баян сұлу’’.

C) ’’Күлше қыз’’.

D) ’’Қыз Жібек’’.

E) ’’Еңлік - Кебек’’.

12. ’’Ер Шобан’’  кімнің шығармасы екенін анықтаңыз.

A) Жиембет.

B) Доспамбет.

C) Асан қайғы.

D) Шалкиіз.

E) Қазтуған.

13. Дулат Бабатайұлы өмір сүрген жылдарды атаңыз.

A) 1865-1890 жж.

B) 1720-1781 жж.

C) 1804-1847 жж.

D) 1802-1871 жж.

E) Белгісіз.

14. «Үш қиян», « Өлім», « Әттең бір қапы дүние-ай» өлеңдерінің авторын табыңыз.

A) Шортанбай Қанайұлы.

B) Абай Құнанбаев.

C) Мұрат Мөңкеұлы.

D) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

E) Әбубәкір Шоқанұлы.

15. С.Торайғыровтың балалық шағы өткен мекенді белгілеңіз.

A) Баянауыл.

B) Жетісу.

C) Омбы.

D) Сырымбет.

E) Алтай.

16. Еңбек жолын Сілеті-Бұғылы деген жерде бастаған С.Сейфуллиннің алғашқы қызметін көрсетіңіз.

A) Мұғалім.

B) Ауылнай.

C) Хатшы.

D) Шахтер.

E) Жалшы.

17. С.Мұқанов 1943-51 ж. аралығында қандай қызмет атқарғанын табыңыз.

A) ’’Еңбекші қазақ’’ газетінде істеді.

B) Ұстаздық қызметте болды.

C) Жоғары Кеңестің депутаты.

D) Рабфакта оқыды.

E) Жазушылар Одағының төрағасы.

18. Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” драмасына автордың өзі енгізген әдеби бейнені табыңыз.

A) Сердәлі.

B) Қозы.

C) Қодар.

D) Қарабай.

E) Жантық.

19. Эпостық жанрды табыңыз.

A) Жұмбақ.

B) Мақал.

C) Терме.

D) Ән.

E) Тарихи жыр.

20. «Руна жазуы» деген ұғым қай халықтың сөзі екенін табыңыз.

A) Түрік сөзі.

B) Скандинавия халықтарының сөзі.

C) Ағылшын сөзі.

D) Орыс сөзі.

E) Үнді елінің сөзі.

21. ’’Құдатғу білігте’’ әділдіктің бейнесі ретінде кім алынғанын анықтаңыз.

A) Ұғділміш.

B) Күнтуды.

C) Айтолды.

D) Қорқыт.

E) Одгүрміш.

22. Қазтуған:

’’Азамат ердің баласы,

Жабыққанын білдірмес.

Жамандар мазақ қылар деп’’- деген өлең шумағында қандай мәселені айтқанын анықтаңыз.

A) Ерлік, елдік.

B) Табиғат.

C) Туған жер.

D) Адамгершілік.

E) Достық.

23. Бұқардың әкесінің атын табыңыз.

A) Қалқаман.

B) Сүйініш.

C) Айтқожа.

D) Өтеміс.

E) Бабатай.

24. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайға: «Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер,» - деп айтқан адамды атаңыз.

A) Айғыз.

B) Зере.

C) Ызғұтты.

D) Ұлжан.

E) Күнке.

25. Т.Әбдіковтің әңгімесін табыңыз.

A) Әпке.

B) Қаздар қайтып барады.

C) Қонақтар.

D) Жусан иісі.

E) Қозыкүрең.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]