Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2004.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
633 Кб
Скачать
☆

Дүние жүзі тарихы

1. Ежелгі Афина қаласындағы биік төбеге орналасқан «жоғарғы қала».

A) Акрополь.

B) Лувр.

C) Траян форумы.

D) Август кесенесі.

E) Эрехтейон.

2. Б.з.д. V ғасырдағы Римдегі плебейлердің мүддесін қорғаушылар:

A) Абыздар.

B) Ақсақалдар.

C) Халық трибундары.

D) Консулдар.

E) Сенаторлар.

3. XIV ғасырдағы Қытайдағы “қызыл орамалдылар” көтерілісі қарсы бағытталды:

A) Қытай феодалдарына.

B) Императорға.

C) Монғолдарға.

D) Түріктерге.

E) Маньчжурларға.

4. 1237 ж. соңында Руське 140 мыңдық моңғол әскерін бастап келген хан:

A) Шағатай.

B) Шыңғыс хан.

C) Батый.

D) Үгедей.

E) Жошы.

5. Еуропалықтардың Африкадан Америкаға әкелген “жанды тауары”:

A) Қойлар.

B) Пілдер.

C) Иттер.

D) Құлдар.

E) Сиырлар.

6. АҚШ-тың бірінші президенті:

A) Линкольн.

B) Франклин.

C) Вашингтон.

D) Гамильтон.

E) Джефферсон.

7. Англияда аграрлық төңкеріс басталған кез:

A) ХVІ ғ.

B) ХІХ ғ.

C) ХVІІІ ғ.

D) ХVІІ ғ.

E) ХХ ғ.

8. « Горацийлер анты » суретінің авторы:

A) Луи Давид

B) Оноре Домье

C) Гюстав Курбе

D) Эжен Делакруа

E) Франсуа Милле

9. XІX ғ. ІІ жартысындағы орыстың ірі суретшісі, ’’Волгадағы бурлактар’’ картинасының авторы.

A) Репин.

B) Перов.

C) Суриков.

D) Васнецов.

E) Крамской.

10. XI ғасырда Византия Болгарияны толығымен қанша жылға бағындырды?

A) 300 жылға.

B) 100 жылға.

C) 200 жылға.

D) 150 жылға.

E) 400 жылға.

11. Венеция республикасын басқарғандар:

A) Король

B) Көпестер

C) Епископтар

D) Абаттар

E) Герцог

12. Антикалық жазушылардан гуманистердің ерекшелігі, адамды ...

A) дінге терең сенуші түрінде бейнеледі.

B) құдай қолындағы соқыр ойыншық түрінде бейнеледі.

C) сауатты және мәдениетті түрінде бейнеледі.

D) дөрекі және ақылсыз ғып бейнеледі.

E) өзінің тағдырының қожасы ретінде бейнеледі.

13. «Біріккен одақтың»Сунь Ятсен жасаған «Үш халықтық принципі»:

A) Жапониямен одақ, аграрлық мәселені шешу, шаруа бұқарасына сүйену.

B) Ұлтшылдық, халық өкіметі, халық игілігі

C) Ірі капиталды шектеу, аграрлық мәселені шешу, кәсіпорындарды национализациялау.

D) Азия елдерімен одақ, ірі буржуазияға сүйену, аграрлық мәселені шешу.

E) Кеңес Одағымен одақ, аграрлық мәселені шешу, кәсіпорындарды национализациялау.

14. Индустриялы қоғамның белгілерінің бірі:

A) Дамыған нарықтық экономика.

B) Қатал иерархияға негізделген әлеуметтік құрылыс.

C) Дін үстемдігі.

D) Натуралды шаруашылық.

E) Жеке тұлғаның ролі маңызды емес.

15. Берлинды қоршауға алған жыл:

A) 1945 жылы 2 мамырында.

B) 1945 жылы 7 сәуірінде.

C) 1945 жылы 1 сәуірінде.

D) 1945 жылы 10 сәуірінде.

E) 1945 жылы 24 сәуір.

16. ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі 1950-53 ж.ж. дүние жүзіне аса қауіп төндірген халықаралық соғыс қақтығысы:

A) Фолькленд үшін соғыс.

B) Кариб дағдарысы.

C) Араб-Израиль соғысы.

D) Вьетнамдағы АҚШ агрессиясы.

E) Кореядағы соғыс.

17. Еуропалық экономикалық қоғамдастық құрылған жыл:

A) 1956 ж.

B) 1955 ж.

C) 1957 ж.

D) 1954 ж.

E) 1958 ж.

18. 1985-1991 жж. КСРО басшылығы жүргізген мемлекеттік іс-шаралар жүйесінің атауы:

A) Жаңа экономикалық саясат.

B) Саяси репрессия.

C) Жетіжылдық жоспар.

D) Әскери коммунизм саясаты.

E) Қайта құру.

19. Оқымысты-микробиолог Р.Кох ашқан ауру:

A) Оба ауруы.

B) Туберкулез.

C) Мерез.

D) Сібір жарасы.

E) Дифтерия.

20. Ежелгі Ассирияның қуаты арта түскен кезеңі:

A) Б.з.д. VІ ғ.

B) Б.з.д. VІІІ ғ.

C) Б.з.д. Х ғ.

D) Б.з.д. ХV ғ.

E) Б.з.д. ІІІ ғ.

21. 1889ж. Стамбулда құрылған «Бірлік және прогресс » қоғамының мақсаты:

A) Сауданы дамыту

B) Султан билігін сақтап қалу

C) Білім жүйесіне өзгерістер еңгізу

D) Империяны тарату

E) Конституциялық мемлекет құру.

22. 1870 жылы 4 қыркүйектегі Франциядағы революцияның нәтижесін көрсетіңіз:

A) Екінші империя билігі күшейді.

B) Пруссиямен бейбіт келісімшарт орнатылды.

C) Пролетарлық күштер билікке келді.

D) Франция республика болып жарияланды.

E) Елде социалистік революция болды.

23. 1901 ж. Жапонияда құрылған бірінші социалистік ұйымды басқарған қайраткер.

A) Пак Джон Хи.

B) Сунь Ятсен.

C) Юань Шикай.

D) Сен Катаяма

E) Хо Ши Мин.

24. XX ғасырдың 90-жылдардағы демократиялық процестер барысында Болгарияда билікке келген саясаткер:

A) Л.Валенса.

B) П.Стоянов.

C) Ж.Желев.

D) Т.Живков.

E) В.Гавел.

25. 1982 жылы Фолкленд (Мальвин) аралдары үшін болған әскери жанжал елдер арасында болды:

A) Чили мен Бразилия арасында.

B) АҚШ пен Мексика арасында.

C) Қытай мен Вьетнам арасында.

D) Ұлыбритания мен Аргентина арасында.

E) Жапония мен КСРО арасында.

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]