- •Монополия жағдайында өнім өндірудің оптималды көлемі.
- •8.1 Сурет.
- •8.2 Сурет.
- •Бағаның құрылуындағы «саусақ» ережесі.
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •9.2 Сурет.
- •9.2 Олигополиялық нарықтағы тепе-теңдік
- •9.3 Олигополияның сандық үлгүлері Курно үлгісі
- •9.1 Сурет.
- •9.3 Сурет. Штакелберг үлгісі
- •9.4 Олигополияның бағалық үлгілері Бертран үлгісі
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Бағаның құрылуындағы «саусақ» ережесі.
Баға мен сатылым көлемі максималдау шатрына тәуелді. Ал максималдау шарты:
Керекті баға мен сатылым көлемін қалай анықтау керек? Ол үшін шекті табыс формуласын мына түрде бейнелейміз:
Өндірілетін
өнімнің қосымша бірлігін шығаратын
болсақ, одан алатын табыс баға
Р
болғанда
тең.
Бірақ, сұраныс қисығы теріс иіледі.
Сондықтан, қосымша өндірілген өнім
тең болғанда бағаның шағын өзгерісіне
алып келеді. Оның нәтижесінде жалпы
сатылымнан түсетін табыс қысқарады
(яғни, табыстың өзгерісі
көбейтіндісіне тең болады). Сонымен,
Сұраныстың икемділігін мына формуламен есептейміз:
Яғни,
Сондықтан,
Фирманың мақсаты максималды пайда алу, яғни біз шекті табысты шекті шығынға теңестірсек болады:
Реттеп, мына түрге келтіреміз:
Бұл формуланы «саусақ» ережесі деп атайды.
- пайыздық
түрде көрсетілген бағаның шекті
шығындардан артықшылығы.
Сол сияқты, бұл теңдікті бағаны шекті шығынға үстеме арқылы есептеу түрінде көрсетуге болады:
Мысал
Егер сұраныс икемділігі 4 тең болса, ал шекті шығындар тауар бірлігіне 9 ақша бірлігін құраса нарықтағы баға қандай болуы керек?
ақша
бірлігі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қандай фирма тұтынудан артқан өнімді өзіне алады?
Максималды пайда алуды көздеген фирма жетілген бәсекелестік шартына көшкенде не істеуі керек?
Мемлекеттік саясаттың шараларының қайсысы монополист-фирманың сатылымын өсіруге әсерін тигізе алмайды?
Сатылым мөлшері өскен сайын монополияның шекті табысы қалай өзгереді?
Қалада түнде жұмыс істейтін дүкен ашылды. Бұл монополияның қай түрі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Мамыров Н. Қ. Есенғалиева Қ.С. Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика. Алматы: Экономика, 2000 ж
Пиндайк Р.,Рубинфельд Д. Микроэкономика. М., Экономика, Дело, 1992 г.;
Мухамедиев Б. М. Микроэкономика. Уч. Пособие. Алматы: Қазақ Университеті, 2001 г.
Нуриев Р. М. Микроэкономика. М.: Высшая школа, 1996 г
9-тақырып Олигополия жағдайындағы фирманың әрекеті
Мақсаты:Олигополия жағдайындағы фирмалардың әрекетімен танысып, оған тән қасиеттерді, ерекшеліктерін меңгеру.
Лекцияның сұрақтары:
Олигополияның мәні, себептері және нысандары. Олигополияның шешім қабылдауы.
Суизи моделі. Сынақ олигополиялық сұраныс қисығы. Сандық олигополияның Курно, Чемберлин, Штакельберг үлгілері.
Олигополияның Бертран және Эджуорт бойынша бағалық үлгілері.
Лекцияның мазмұны:
Олигополия дегеніміз бір тауарды сатуда бірнеше сатушысы бар нарықтық құрылым. Жаңа сатушының бұл нарыққа кіруі қиын немесе мүмкін емес десек те болады.
Олигополиялық нарықта екіден он фирмаға дейін болады. Осы нарықта өндірілетін өнімнің басым бөлігін қамтитын фирмалар сол тауадың бағасын орната алады. Олигополиялық нарыққа кіретін фирмалар олар немесе осы нарықтағы басқа фирма тауар бірлігінің бағасын немесе сатылым мөлшерін өзгертетін болса, салдары нарықтағы барлық фирмалардың пайдасына әсерін тигізетінін біледі. Сондықтан, басқа фирмалар оған қарсы әрекет жүргізеді. Осы әрекет олигополиялық нарықтағы тепе-теңдікке әсерін тигізеді.
Көп жағдайларда олигополиялық нарықтың монополиялық нарық сияқты қорғаулары бар.
Олигополиялық нарықтардың қасиеттері: бүкіл нарықтарды бірнеше фирма тауармен қамтамасыз етеді; жоқ дегенде бірнеше фирма олигополиялық салада нарықтың басым бөлігіне ие болады; нарықтағы фирмалар бір-біне тәуелді екенін біледі.
Сонымен, олигополия дегеніміз төмендегі ерекшеліктері бар нарықтық құрылым:
сату үлесі бар, бір бірімен бәсекелес фирмалар жиынтығы;
сатушы өзінің тауарының бағасына әсерін тигізе алады;
өзінің әрекетін басқалардың көзқарасын есере отырып орындайды;
нарыққа кіру және одан шығу шарттары анықталған;
тұтынушы осы нарықтың бағасына бас иеді.
Егер олигополияға екі сатушы кіретін болса, оны дуополия деп атайды.
Мысалы, белгілі класқа кіретін көлік нарығы.
